Егер сізге бір көркем шығарманың кейіпкерімен жүздесу мүмкіндігі берілсе, кіммен тілдесер едіңіз? 👇
❤10
Кітапсүйер pinned «Егер сізге бір көркем шығарманың кейіпкерімен жүздесу мүмкіндігі берілсе, кіммен тілдесер едіңіз? 👇»
Дауа_Бақыт_Беделханұлы_Ауылдан_Алматыға_кеше_келген
<unknown>
Сөзі: Бақыт Беделханұлы
Оқыған: Есенқұл Жақыпбек
Оқыған: Есенқұл Жақыпбек
❤18👍1
Басқа күндерден бүгінгі Арафа күні несімен ерекшеленеді?
Бұл күнге байланысты айтылатын әз пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафа (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) хадистері өте көп. Солардың үшеуін қысқаша атап өтсек:
« Мұсылманның Арафа күні ұстаған оразасы үшін, өткен жылғы және осы жылғы (екі жылдық) кіші күнәларын кешіруді Алладан үміт етемін »
« Дұғалардың ең жақсысы Арафа күні жасалғаны»
« Бұл күні көптеген адам тозақтан шығарылады »

❤23👍5💯1
“Қиянат жасаудың мың түрi бар, ал қиянат жасамаудың түрi бiреу-ақ, ол – тек қиянат жасамау”
Сондықтан қолыңнан келсе, жасайтыныңды iзгiлiкке жаса. Ал зұлымдық сенiң әлпештеуiңдi қажет те қылмайды.
• Төлен Әбдік
🪷 Парасат майданы

🔥25👍9❤6🥴1
Қайырлы таң, құрметті оқырман! Әлем мұсылмандарының қасиетті құрбан айт мерекесі құтты болсын. Алла баршамыздың дұға тілегімізді, шалған құрбандығымызды қабыл етсін 🤲
❤40👍6🎉2
🪷 Адам адамның есінде мәңгі қалу үшін, үлкен ерліктің керегі жоқ шығар. Мәңгілікке татитын бір әрекет жетіп жатыр.
*Шерхан Мұртаза
*Шерхан Мұртаза
❤37🥴3👍2
Ал Түнғатар нағыз ұстаз. Қалыпқа сыймайды ол. Өзінше жол тапқысы келеді, қателессем де, өз жолыммен қателесейін деп ойлайды, өзгелер сонысын кешірмейді.
Адамдар гүлдер тәрізді, өсімдіктер тәрізді мың-мың түрлі болғаны жақсы емес пе? "Маған ұқсамағанның бәрі — мансұқ" деген түсінік қайдан шыққан? Бірдей киініп, бірдей жүріп, бірдей ойланатын адамдар... Ылғи шөп, ылғи сабан... Бұл жігіттің жазығы — басқаларға ұқсамайтыны".
Әкім Тарази

❤17👍5🔥1🤯1🕊1
Қазақ: «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі жоқ жер қадірсіз, ұяты жоқ қыз қадірсіз, жігері жоқ жігіт қадірсіз» дейді. Тұрақсыз болуы да адамның жігерсіздігінен, табансыздығынан. Сондықтан адам ең алдымен табандылықты арман етуі керек. Сонда сенің махаббатыңды да еш дүлей күш жеңе алмайды. Арамдық та, зұлымдық та. Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады.
Сіз махаббат дейсіз, ал ол махаббат маған ерлі-байлы адамның бірін-бірі түсінуінде, жар төсегін таза сақтап, мезгілінде жатып, мезгілінде тұрып, күніне үш рет тату-тәтті асын ішуінде... Қалған уақыты, арманы, тілегі бәрі де алдарына қойылған мақсаттарына жұмсалуы керек. Ерлі-зайыпты адамның бірі бастауы керек, бірі қостауы керек. Міне, бұл жағынан маған Базаргүлден артық әйел жоқ. Ол менің жұбайым да, ойлаған мақсатыма жету үшін серігім де бола алады. Егер бола алмайтынын білсем, мен оған үйленбес едім.
* Ілияс Есенберлин
* Ғашықтар

❤30👍7🔥1🥴1
Кеше ақылды едім, әлемді өзгерткім келді,
Бүгін дана болдым, өзімді өзгерткім келді.
© Жалаладдин Руми

❤46👍7🔥3