🪷 Адам адамның есінде мәңгі қалу үшін, үлкен ерліктің керегі жоқ шығар. Мәңгілікке татитын бір әрекет жетіп жатыр.
*Шерхан Мұртаза
*Шерхан Мұртаза
❤37🥴3👍2
Ал Түнғатар нағыз ұстаз. Қалыпқа сыймайды ол. Өзінше жол тапқысы келеді, қателессем де, өз жолыммен қателесейін деп ойлайды, өзгелер сонысын кешірмейді.
Адамдар гүлдер тәрізді, өсімдіктер тәрізді мың-мың түрлі болғаны жақсы емес пе? "Маған ұқсамағанның бәрі — мансұқ" деген түсінік қайдан шыққан? Бірдей киініп, бірдей жүріп, бірдей ойланатын адамдар... Ылғи шөп, ылғи сабан... Бұл жігіттің жазығы — басқаларға ұқсамайтыны".
Әкім Тарази

❤17👍5🔥1🤯1🕊1
Қазақ: «Балығы жоқ көл қадірсіз, шөбі жоқ жер қадірсіз, ұяты жоқ қыз қадірсіз, жігері жоқ жігіт қадірсіз» дейді. Тұрақсыз болуы да адамның жігерсіздігінен, табансыздығынан. Сондықтан адам ең алдымен табандылықты арман етуі керек. Сонда сенің махаббатыңды да еш дүлей күш жеңе алмайды. Арамдық та, зұлымдық та. Қыз ұятын сақтаса, жігіт бір мінезділігін сақтауы махаббаттың тазалығына керек қасиет. Сөйтсең ғана махаббат та адал сақталады.
Сіз махаббат дейсіз, ал ол махаббат маған ерлі-байлы адамның бірін-бірі түсінуінде, жар төсегін таза сақтап, мезгілінде жатып, мезгілінде тұрып, күніне үш рет тату-тәтті асын ішуінде... Қалған уақыты, арманы, тілегі бәрі де алдарына қойылған мақсаттарына жұмсалуы керек. Ерлі-зайыпты адамның бірі бастауы керек, бірі қостауы керек. Міне, бұл жағынан маған Базаргүлден артық әйел жоқ. Ол менің жұбайым да, ойлаған мақсатыма жету үшін серігім де бола алады. Егер бола алмайтынын білсем, мен оған үйленбес едім.
* Ілияс Есенберлин
* Ғашықтар

❤30👍7🔥1🥴1
Кеше ақылды едім, әлемді өзгерткім келді,
Бүгін дана болдым, өзімді өзгерткім келді.
© Жалаладдин Руми
Бүгін дана болдым, өзімді өзгерткім келді.
© Жалаладдин Руми
❤46👍7🔥3
"Адамның қадіріне жету - адамды өмірлік өкініштен сақтайтын басты қасиет. Өмірде сені жанымен жақсы көретін және себепсіз іздейтін жандарды бағала! Хабарын біл, іздеп бар! Адамдар тез алыстайды, бірақ тез жақындамайды. Бүгін іздемеген, я көңіл бөлмеген адамыңды ертең бұл әлемнен таппай да қалуың мүмкін..."
"Сыйластық - уақыт өте пісіп жетілетін сезім. Таныс адамның бəрі сыйлас бола алмайды. Уақытпен жақындап, уақытпен құрметің артып, уақытпен ол жанды қабылдайсың. Сыйластық жүрекке орныққан сəттен ол сенің тамыры бір туысыңа айналады"
"Адам - бақ пен сордың арасында сандалған жынды көбелек. Оның сезімі, ықыласы, жүрегі - өзіне ғана керек! Сүйдің - күйдің! Ұнаттың - ол үшін емес, өзің үшін!.. Адамдар бұл күнде " сені бекер сүйдім" деуге құмар болып барады. Сүй деп, сені ол жан қыстады ма? Жоқ! Кеудеңнің қалауы сол болды. Адам біреуден бірдеңе күтпесе ғана бақытты"
© Медине Гүлгүн (Әзірбайжан ақыны)

❤24🔥3🕊2👍1
🌧 Табиғат тазарып тұру үшін жаңбыр керек дейді, ал адам тазарып тұру үшін не керек?
👍16❤7
Қайырлы күн, көкірегі сезімділер!
Бүгінгі демалыс күніңіз көңілді өтсін. Кейде адам күнделікті күйбең тірліктен шаршайды. Атақты ақын жазушылардың өміріне назар салсақ әр қайсысының да негізгі ісінен бөлек, бос уақытында айналысатын өз хоббиі болыпты.
Мысалы: Лев Толстой хоккей тепкенді, велосипед айдағанды, Мұхтар Әуезов футбол ойнағанды, Фариза Оңғарсынова домбыра тартқанды, Қабдеш, Сафуандар бильярдтан турнир жасап ойнауды әдетке айналдырыпты.Осылайша көңіл көтеріп,бой жазыпты.
Айтпақшы, осы бильярд сөзін қазақ тілінде қалай атар едіңіз?
Және сіздің хоббиіңіз не?

❤14🕊4👍1
Білесің бе, менде де болды сенім,
Мендік жүрек жыр емес жол түсетін.
Адамдарды жанымдай жақсы көрем,
Білмей жатып сыртымнан тон пішетін.
Эвридпен жарықтық тең жүреміз,
Сіз жайлы емес, айтпағым ренжімеңіз.
Ештеңе өзгермейді бұдан былай,
Мейлі мені аяңыз, елжіреңіз.
Күмән ғана сыйлай ма, елдегі ізгі ой,
Қиял көкте болғанмен жердеміз ғой.
Қателігін басқаның қайталаймыз,
Бәріне себеп бірақ, пендеміз ғой.
Қимаймын жауларыма атарымды оқ,
Сырттан естіп жататын атағым көп.
Күншілдер осы менен не тілейді,
Шынымды айтсам ешкімде шатағым жоқ.
(Авторын таппадым)
Мендік жүрек жыр емес жол түсетін.
Адамдарды жанымдай жақсы көрем,
Білмей жатып сыртымнан тон пішетін.
Эвридпен жарықтық тең жүреміз,
Сіз жайлы емес, айтпағым ренжімеңіз.
Ештеңе өзгермейді бұдан былай,
Мейлі мені аяңыз, елжіреңіз.
Күмән ғана сыйлай ма, елдегі ізгі ой,
Қиял көкте болғанмен жердеміз ғой.
Қателігін басқаның қайталаймыз,
Бәріне себеп бірақ, пендеміз ғой.
Қимаймын жауларыма атарымды оқ,
Сырттан естіп жататын атағым көп.
Күншілдер осы менен не тілейді,
Шынымды айтсам ешкімде шатағым жоқ.
(Авторын таппадым)
❤21👍7🔥4🥴4💯4