Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Сіз үшін қазақ тіліндегі ең сүйкімді сөз қандай? )
🥰3
Адамның жанары тілден миллион есе бай, миллион есе терең. Тек соны көре білетін көңілде көз, сезе білетін кеудеде жүрек болуы керек.

🌸 Д.Исабеков
❤56👍7🥰2🥱2🤣2❤‍🔥1
Әдебиет жанры деген өте кең көлемді ұғым, қысқаша тізмдеріне тоқтала кетсек, былай қылып топтастыруға болады:

1.Формасына байланысты:

новелла
ода
мақала
повесть
пьеса, драмалық
әңгіме
роман
эпопея
жыр
эссе

2. Мазмұнына байланысты

лирика
комедия
фарс
пародия
трагедия
драма

3. Тегіне байланысты

эпикалық
лирикалық
драмалық

Негізінен былай топтастыруды үш түрлі критерилермен бөліп классификациялайды, бұл үшеуінің бір біріне еш қатысы жоқ, мысалы, "трагедиялық драмалық роман" деп айтсақ үшеуі үші түрлі яғни мазмұнына, формасы, тегіне байланысты үшеуіне де жатады..


Ал сізге қандай жанрдағы кітаптар ұнайды? )
❤18👍6🔥1
Дүние шексіз-шетсіз кең, бірақ сол кең дүниеде шын мәнінде қымбатты тек өмір, тіршілік...

Сіз ең қымбат дүние жиһазы бар үйге бір шумақ гүл қойсаңыз, бөлме қандай құлпырып кететінін байқағаныңыз бар ма? Неге олай? Бар болғаны гүлдердің жаны бар, олар біздің айналамыздағы өмірді еске салады... Ал жан-жағыңызға қараңызшы. Өзіңіз тұрған осынау дала қандай сұлу...

Ілияс Есенберлин
❤27👍8😍3
ӨМІР МЕН ӘДІЛДІК

Өмір деген үлкен той. Адам өкінішін той үстінде емес, той өткен соң айтады. Өкініш кімді болса да қайғы-азапқа апарып соғады. Ал ондай жанды күйзелтер өмір, қараңғы үйде сықсиған білте шам тәрізді, тек еміс-еміс сәулесі бар, жарқыраған жарығы жоқ. Мұндай күйге ұшыраған кісінің тек арманы ғана жолын көрсетер нұрлы шырағы.

Бірақ арман қанша қусаң да жеткізбейтін бір қиял, түнгі от тәрізді, жақындаған сайын алыстай береді.

Демек, өмір кейде сырын білмес тентек жылқы секілді, теуіп жібермес үшін қай жағынан келеріңді білмейсің.

Аспанда жұлдыз, жерде құндыз көп, бірақ кайсы оның қолға жеңіл түсіп жатыр? Ия, жақсылық істеу қиын, жамандық оңай. Әркімнің-ақ қолынан келеді. Дүние неге бұлай жаратылған? Ал адам баласы дүниеге бір-біріне тек жақсылық істеу үшін ғана келеді емес пе? Неге адал жолынан таяды?

Кей кісілер өмір қызығына аш қасқырдай қомағай, бүлдіргіш жаратылатыны несі? Өмірді неге аямайды, неге мәпелеп құрметтемейді? Бұл шіркін бірақ рет беріледі ғой. Ал түлкі тәрізді
өзгелерді алдап-арбап, үнемі рахатта өткісі келетіндер де көп. Бұлар тіпті адалдықтың не екенін де білмейді.

Ілияс Есенберлин
👍21❤10💔4
❤25👍10💯2
Күні кеше, әйгілі Шерхан Мұртазаның жалғыз ұлы Батылжан Шерханұлы қайтыс болды.

Айта кетейік, Қазақстанның халық жазушысы Шерхан Мұртазаның бір ұл, бір қызы бар еді. Ұлы - Батылжан Шерханұлы, қызы - Алма Шерханқызы.
⠀
"Ағам Батылжан­ Шерханұлы журналистика факультетін қызыл дипломмен тамамдаған. Баспада жұмыс істеп, Бақытжан Момышұлы екеуі әкемнің "Қызыл жебесін" аударды. Кейіннен ағам жеке кәсіппен айналысып кетті. Әкем бізге өз шығармаларын оқуға үгіттемейтін.
⠀
Әкем жұмыс бөлмесінде жазу жазып отырғанда үйге қонақ келіп қалса, анамыз "Тссс, жай жүріңіздер, ақырын сөйлеңіздер" деп жүретін. Ондайда әкем "Емін-еркін отыра беріңіздер" деп жымиюшы­ еді. Барлық ақын-жазушылар сияқты үй шаруасына икемсіз болды. Бірақ бала тәрбиесіне қатты көңіл бөлетін. Ағамды спортқа берді. Оны хоккейге өзі апарып, өзі алып келетін.", - деп жазған Алма Шерханқызы естеліктерінде.
❤19💔10😢7👍3
– Балапан, – деді Тұрардың басын мүйізгек алақанымен сыйпап. – Қанаты қатаймаған балапаным, қара дауылға қарсы ұша алармысың сен? Ығы жоқ, селдір бұтаның басында жалғыз қалдың-ау, сен! Атасына нәлет! Күңей-күйрек болма, бірақ.

Өлмейсің! Сұп-суық сұрғылт күлдің арасында сөнбей жатқан бір түйір шоқтай болып, қалың қара бұлттың арасынан жылт етіп, анда-санда күн де көрінер. Жүдеме! Жарлының жан серігі – жасымау. Жасыма!


Шерхан Мұртаза
❤22👍8💔4
Жан дүниеңді ретке келтір

1. Жан дүниеңді ретке келтір. Өмір су секілді, ыстығының да, суығының да пайдасы бар.

2. Жан дүниеңді ретке келтір. Бай емеспін деп ренжіме. Есесіне қарақшыдан, ұры-қарыдан алаңсызсың.

3. Жан дүниеңді ретке келтір. Мансапты емеспін деп ренжіме. Есесіне басқалардың ренішін арқаламайсың.

4. Жан дүниеңді ретке келтір. Марапатқа іңкәр болма. Қатар тұрған ағаштың біреуіне орден іліп қойса, екіншісінен тез өсіп кетпейді... Жаратылыстың сабағын оқи жүр.

5. Жан дүниеңді ретке келтір. Жердегі ретсіз заттарға шалынып құлағандай, жан дүниеңдегі ретсіздікке де шалынып құлайсың.

Мұратхан ШОҚАН
❤27👍6🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Кітап бетін ашпай жүрсек, тіл байлығымыз осындай болып қалады достар )
🤣20😢14🥴6
Адамзат тек махаббатпен күнелтпек. Өз-өзіңді сүю – өлімнің бастауы, Құдай мен адамдарды сүю – өмірдің бастауы. Құдай дегеніміз – махаббаттың дәл өзі!!! Яки махаббатқа бөленгендер Құдайға жақындайды немесе Құдай махаббатқа малынғандардың жанында... Егер біз бір-бірімізді сүйсек, Құдай біздің жүрегімізге ұялайды, оның махаббаты кеудемізді паналайды. Кім де кім «Мен Құдайды сүйем!» дей тұра, өзінің бауырын жек көретін болса, ол – өтірікші! Сонда, күнделікті көріп жүрген өз бауырын сүймеген адам қалайша көзге көрінбейтін Құдайды сүйе алмақ? Құдай дегеніміз – махаббаттың дәл өзі... Махаббатсыз өмір сүру оңайырақ... бірақ онсыз мән-мағына болмайды...

© Лев Толстой
❤30👍6🔥2👏1
АДАМДАР ТУРАЛЫ

Мен осы жасыма дейін сан түрлі жұртпен кездестім, ойлап тұрсам, оларды үш түрге бөлуге болады.

✓ Бірі адал жандар. Олардың ішінде дара жаратылғандар да, үлкен жүректілері де мол. Бұл топтың бас қасиеті тек өзі ғана емес, өзгенің де бақытты болуын тілейді. Сол үшін күреседі, өмір сүреді.

✓ Ал екінші топ, осы адамдардың буын-буынына ұялаған сарысу, тамырларында пайда болған арам қан тәрізді. Бұлар аналардың жүрек соғуларын бәсендеткісі, алға басқан адымдарын шабандата түсіруге құмар. Өн бойларына сарысу болып жабысып, тамырында арам қан боп жүгіруге дайын. Бұлар көбейіп кетсе адамға зақым. Бірақ мұндайлармен күресуге болады. Сарысуды да, арам қанды да азайту адамның өз қолынан келеді.

✓ Ал үшінші топ бұл ең қауіпті топ. Жайшылықта көп көрінбейді. Ал басыңа бір пәле түссе, үй іші қараңғы бола қалғанда шыға келетін тарақандар тәрізді, өзі көп, бұрын қайда жүргендерін де білмейсің, күні туғанда саңлау-саңлаудан қаптай жөнеледі. Бәлендей саған зиян істей қоймаса да күпінің аш битіндей өріп, шақпаған жеріңді, кірмеген жыртық-тесігіңді. қалдырмайды. Жүрегіңді айнытады, жаныңды түршіктіреді.Шам жағылған кезде қай жерде тұрса, сол жерде тұрып қалады. Тек өлтірейін деп ыңғайлансаң ғана қаша жөнеледі. Және қаша біледі. Мен мұндайлармен көп кездестім. Міне осы таракандар тәрізді, мінез-құлқы, өмірге деген арманы уақ, кілең кәкір-шүкірлер алғашқы топқа өш келеді. Дарындыларды көре алмайды.

© Ілияс Есенберлин
❤22👍15👌3🔥2💯2
Бақ қалаған жігітке
Таңдап мінсең бедеу ат
Көңілдің күбі шешілер.
Бекзаданың белгісі
Ашу болмас бойында
Жібектейін есілер.
Жамандардың қалыбы
Кемдік беріп талапқа
Көңіл зауқын ұшырар.
Сыр сақтамас ішіне
Көрінгенді дос көріп
Басына елді көшірер,
Һауи мисыз жігіттер.
Ертеңнен кешке шапсаң да
Шабысын тұлпар таңбайды.
Мәрт жігіттің белгісі
Бір қалыбын өзгертіп
Жеңіл сөзге азбайды.
Нәмәрттердің ісі бұл
Білмеген ісін білем деп,
Өзінің сөзін дұрыстап,
Қыңырайып болмайды.
Міңгіре еткен қызметің
Тек қана жоры болған соң
Бір тиынға тұрмайды.
Заман ауып мүбәдә
Қолынан бір іс келсе егер
Һеш кімге мойнын бұрмайды.

Нұржан Наушабаев
👍9❤5🔥2
Тамыз келді от құшақ, ыстық ерін,
Бір періште аспаннан түсті керім,
Ұшты менің құстарым бұлттан әрі,
Жусаннан да аласа міскін едім.
Мына қала, мына жұрт, мына маңда,
(Құдайым-ау, қалаң не, бұ ғаламда),
Сонша бақыт, осынша нөпір бақыт,
Көп емес пе, расында, бір адамға.
Қарашы, әлем сөйлеп тұр жыр тілінде,
Көрінбейді Алатау бұлты мүлде.
Түс болса егер бұл күндер, оянбалық,
Өңің болса, өтінем, кірпік ілме.
Керім Ай кеп қонып тұр керегеме,
Қайта жанды көп жұлдыз сөне бере.
P.S. Мұның бәрі өтірік. Қайда сол жаз?
Қайда?
Неге, неге жоқ?
Неге? Неге?

© Есенғали Раушанов
👍10🤣4❤3
Бүгін әйгілі жазушы, кинодраматург, күйші, әдебиет және музыка сыншысы Таласбек Әсемқұловтың өмірге келген күні. Ол тірі болғанда 68 ге толар еді.

Мына үзінді өз кітабынан:

Адамың өлгенде, өзің жақсы білген, жақсы көрген, жаныңның бір бөлігіне айналған адамың өлгенде, сенің ішіңде де бір нәрсе өледі. Адам болғаннан кейін, пенде болғаннан кейін қайғырасың, ойың құлазиды. Өлім — адам өзгерте алмаған жалғыз ғана байлам екен. Басқаның бәрін өз ақылына бағындырды, айтқанымен жүргізді. Өлім ғана адамның билігінен тыс, пәк күйінде қалыпты. Пенденің арманы таусылған ба. Қолынан келсе өлімге де билік жүргізер еді. Бірақ өлім адам ешқашан аттай алмайтын шектің ар жағында, тылсым дүниесінде тұр. Адамның қолы оған ешқашан жетпейді. Адам тек қана өле алады. Бірақ өлімнің сырына ешқашан қана алмайды. Сондықтан, өлім дүниедегі жалғыз ғана шындық, кір шалмаған жалғыз ғана ақиқат. Өлім бұрыннан белгілі, қалыпты дүниеңнің босағасын бұзып кіргенде өмір өзінің барлық мәнінен айрылады екен.
❤17👍8
Бір қатын сыйлаумен қатын,
Бір қатын қинаумен қатын.
Нағыз қатын, сол қатын -
Һәр нәрсені ойлаумен қатын.
Қатының жақсы боса
Көңілді жықпас.
Ыңғайын біліп,
Сөзіңнен шықпас.
Ақмағына жолықсаң,
Өз бойына мін тақпас.
Жұмсақ сөйлесең,
Жеңемін деп
Мылтық жасап атсаң да бұқпас.
Қатын алсаң, таспа белді торыны ал,
Ол болмаса аққұбаның зорын ал.
Бұл екеуі болмаса, қажымайтын қараны ал.
Бұл үшеуі болмаса,
Жүзі сары, көзі көк,
Былшылдаған сөзі көп
Соған жолығарсын...

Нұржан Наушабаев
👍22❤4
👍25💯1
Бір кездері жақсы көрген адамың саған ешкім болмай қалады. Ал сол жақсы көріп жүргеніңде одан өзге маңызды ешкім жоқ еді. Сондықтан қазір жауапсыз махаббат болса, уайымдама, ол да өтеді де кетеді. 😊

Проблемаң шешілмей, депрессияға түсіп жүрсің бе? Оны да уайымдама. Сен бұған дейін талай проблеманы басыңнан өткергенсің. Қазір есіңе түссе, жымиып күлесің немесе өзіңнің мықты екеніңе тағы да көз жеткізесің. Бұл проблема да шешіледі. Бір Аллаға тапсыр да, проблемамен алыспай-ақ қой, вуаля ))

Жадыра Нармаханова
👍29❤6🔥6💔3
Жүрсін Ерман ағамыз ауырып, жүдеп кетіпті. Тезірек сауығып кетсінші. Алла шипасын берсін ағамызға 🫂
😢38❤19👍2👏2
Қазақта "Әкенің малы балаға мал (дәулет) болмайды" деген сөз бар. Осы сөзді қалай түсінесіздер, неге, әкеміздің дүниесі бізге дүние болмайды?
👍2