Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Мен кейде өзімді мәңгі өмір сүретін жандардың арасында жүргендей сезінемін. Бүкіл жағынан қарасам да соны байқаймын. Олардың қолдарын ақшаның байлап қойғаны сондай, олар тіпті өмір сүруді де ұмытып кеткен.

© Эрих Мария Ремарк
👍45💔8❤7❤‍🔥2
Біз жаман әрекет жасаудан қорқамыз. Өйткені оған заң бар. Ал жаман ойлаудан қорықпаймыз, өйткені ол ішімізде, сыртқа шықпаса болды деп есептейміз. Сонда жаман әрекет кайдан шығады?.. Жаман ойдан шығады... Ендеше неге өмір жайлы, адам жайлы жақсы ойлауға тырыспаймыз. Қорықсақ, жаман ойдан қорқайық.

© Төлен Әбдік
📚 "Біз үшеу едік"

Кітапсүйер
❤56👍17👏3
Ілияс Жансүгіров 38 жасында  (1933 жылы) Фатима Ғабитова деген қызға ғашық болып, оған үйленген соң, арада бір жыл өтіп, сүйгеніне мынадай керемет хат жазған екен:

«Мен кітап оқып жатырмын. Кітап қандай көңілді! Мазмұны қандай күшті! Тілі қандай тәтті! Қанымды, жанымды — бәрін осы кітабым билеп алған. Қолымдағы кітабымның құшағына толық кіргенмін. Қайратымды қоздырып, жігерімді көтергендей. Кітабымның аты «Фатима еді»

kitapsuyer
🔥41❤23👍10⚡4❤‍🔥3🕊3
Ең қызығы Ілияс Жансүгіров әйелі Фатимамен өмір сүрген (1933—37) жылдарда Ілиястың таланты жанартаудай атқылап, қазақ әдебиетінің інжу маржанына айналған ғажайып шығармаларын дүниеге әкеліпті.

Жастайынан армандаған жанмен табысу оның шабытына шабыт қосқан секілді. Оның шығармаларының шыңы саналатын «Құлагер» мен «Күйші» және «Исатай—Махамбет» пьесалары, әуел баста трилогия ретінде жоспарланған «Жолдастар» романының алғашқы кітабы ақынның бабы мен бағы қатар шапқан осы берекелі бес жылдың ішінде жазылыпты. Махаббаттың адам жанына беретін күші, санасына беретін сілкінісі қандай десеңші?
👍33❤14😍6🔥4⚡2🕊2
— Байлық деген немене өзі? Азап қой! Бай адам күні-түні, қысы-жазы малын ойлайды да, өзі де малға ұқсап кетеді. Мінез-құлқы малында, адамдығынан айрыла береді.

© Ғабит Мүсірепов
📖 Ұлпан
❤51👍16💯6❤‍🔥2
Кешірім сұрау үнемі сіздің қателескеніңізді немес басқа адамның дұрыс екенін білдірмейді. Бұл сіздің қарым қатынасыңыздың құндылығы өзіңіздің эгоңыздан маңыздырақ екенін білдіреді.

Эрих Мария Ремарк

Кітапсүйер 📚
👍55❤6⚡4🔥4🕊2
Кітапты қолға алып, іштей өз ойыңның жібін тоқуға кіріскен кезде, кітап өз мақсатына жеткенін сезе бастайды

Польшалық жазушы Януш Корчак

Кітапсүйер 📖
❤46👍7🕊4
Адам өзінің ауырғанын сезінсе, қалайда ол тірі. Егер ол, өзгенің жан ауруын сезінсе ол нағыз — адам.

© Француз тарихшысы Франсуа Гизо
👍62❤21🕊3🤣2
Сіздің жазылуыңызды құдды бір мереке секілді күтіп жүрген жандар барда, ауырғаныңыз да дұрыс

© Антон Чехов
❤47🥰10🤣7❤‍🔥6👍3🕊1
Адам өз ойының жемісі. Сіз өзіңізді кім деп ойлайсыз? Сәлден соң еріксіз түрде сондай кісіге айналасыз

© Махатма Ганди
👍47❤9🔥9🤨7❤‍🔥2👏1
Бақытты қандай элементтер құрайды? Олар тек екеу: сабырлы жан мен сау дене.

© Михаил Булгаков
❤49👍17⚡2🥰1
Науқасқа қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық, жанашырлық кейде оған барлық дәрі-дәрмектен де маңызды.

© Федор Достоевский
❤25👍7😍5⚡1
Адам тағдыры тұрлаусыз екен! Біздің құштарлығымызды арттырып тұратын тылсым күш те әр кез құбылып тұрады! Бүгін жақсы көріп тұрғанды ертең жек көресің; ертеңгі ат-тонымызды ала қашар нәрсеге бүгін ынтық боламыз, бүгін қол жетпеген нәрседен ертеңіне қашып әлекпіз.

Міне, мен қарама-қайшылықтың құрсауында қалдым. Менің бақытсыздығым – адамдардан аластатылғаным, ұшы-қиыры жоқ теңізде жалғыз қалғандығым; маңдайыма мәңгі-бақи қасірет жазылып, тірі жандардың қатарында есепке алмай, өзім сияқты екі аяқтылармен тілдесуге зар қылған құдайдың қарғысына ұшыраған қылмыскер сияқтымын. Жаным аман қалғаннан кейін құдайдың құдіретімен өлгендер арасынан тіріліп келсем де, адам баласының жүзін көру мен үшін үлкен бақыт еді.

© Даниэль Дефо
📖 Робинзо Крузо
🥰14❤10👍3🔥2
Даналыққа жету үшін адам ең алдымен өміріндегі қажетсіз істерден бас тартуы керек.

© Қытай жазушысы Лин Ютан
📙 "Қарапайымдық жолы" кітабынан.

#бестселлер
👍32💘3❤1
Өз жолыңызбен жүріңіз және басқаларға қалағанын айтуға мүмкіндік беріңіз.

© Италиялық жазушы Данте Алигери
👍19❤7
Өзінің сенген нәрсесіне шек келтірмейтін адам ең бақытты жан, ондай адамның көңіліне күмән дегенің ұрланып кіре алмайды, сондықтан да ол күшті, өзгеден өктем болмақ. Қашан да өзіңдікінің дұрыстығын сезініп, бір демің жоғары тұрмаса өзгелерді қалай бағындырмақсың?

© Тахауи Ахтанов
📚 Шырағың сөнбесін
👍27❤4🔥3
Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.

Пәнидегі сорлы адам,
Арын төгіп сорлаған.

Жаман болса алғаның,
Дау дамайға қалғаның.
Өмірдің көріп жалғанын,
Тарылады жан-жағың.

Қиямет көрсең де ғұмырдан,
Тұяғың таймасын тұғырдан.

Көңіл гүл.
Тіл — бұлбұл.

Сезім — сері,
Нәпсі — бөрі.

Сабыр — ақыл серігі.

Ескелді би
❤26👍15🔥4🤣2
Жағымпаздықтың арнайы мектебі жоқ. Бірақ, онда оқыған түлегі көп..
👍38😢7❤2
💫 Бүгін Робинзон Крузоның туған күні!

30 қыркүйекте Дэниел Дефоның айтуынша, Робинзон Крузо, Йорк қаласында құрметті отбасында дүниеге келген.

Автордың өсиетімен Робинсонның 27-ші туған күнінде кеме апатынан кейін ол адам тұрмайтын бір аралдың шет жағасына лақтырылып, онда 28 жыл, екі ай және он тоғыз күн болды.

#Қызықты
👍33❤5🕊4
Өмірде адам түсінбейтін құбылыстар көп. Жазушы неге соның бәріне жауап беруі керек?

Ол меніңше сондай сұрақтарға жауап береді, бірақ қағазға орап береді, бір кейіпкердің сөзіне салып береді, енді ол қай кейіпкер? Оны қай жерінде қалай айтады? Бұны табу сіздің ісіңіз.

Білесіз бе, жазушы кейде оқырманмен шахмат ойнайды, олар да сенің осал тұсыңды аңдып, бағып отырады. Мықты шахматшылар сенің шебер ойластырған жүрісіңе басын шайқайды да, сен мән бермеген тұсыңнан шабуыл жасайды. Ол сонысымен өтімді, сонысымен қызық..
❤30👍8