Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Ілияс Жансүгіров 38 жасында  (1933 жылы) Фатима Ғабитова деген қызға ғашық болып, оған үйленген соң, арада бір жыл өтіп, сүйгеніне мынадай керемет хат жазған екен:

«Мен кітап оқып жатырмын. Кітап қандай көңілді! Мазмұны қандай күшті! Тілі қандай тәтті! Қанымды, жанымды — бәрін осы кітабым билеп алған. Қолымдағы кітабымның құшағына толық кіргенмін. Қайратымды қоздырып, жігерімді көтергендей. Кітабымның аты «Фатима еді»

kitapsuyer
🔥41❤23👍10⚡4❤‍🔥3🕊3
Ең қызығы Ілияс Жансүгіров әйелі Фатимамен өмір сүрген (1933—37) жылдарда Ілиястың таланты жанартаудай атқылап, қазақ әдебиетінің інжу маржанына айналған ғажайып шығармаларын дүниеге әкеліпті.

Жастайынан армандаған жанмен табысу оның шабытына шабыт қосқан секілді. Оның шығармаларының шыңы саналатын «Құлагер» мен «Күйші» және «Исатай—Махамбет» пьесалары, әуел баста трилогия ретінде жоспарланған «Жолдастар» романының алғашқы кітабы ақынның бабы мен бағы қатар шапқан осы берекелі бес жылдың ішінде жазылыпты. Махаббаттың адам жанына беретін күші, санасына беретін сілкінісі қандай десеңші?
👍33❤14😍6🔥4⚡2🕊2
— Байлық деген немене өзі? Азап қой! Бай адам күні-түні, қысы-жазы малын ойлайды да, өзі де малға ұқсап кетеді. Мінез-құлқы малында, адамдығынан айрыла береді.

© Ғабит Мүсірепов
📖 Ұлпан
❤51👍16💯6❤‍🔥2
Кешірім сұрау үнемі сіздің қателескеніңізді немес басқа адамның дұрыс екенін білдірмейді. Бұл сіздің қарым қатынасыңыздың құндылығы өзіңіздің эгоңыздан маңыздырақ екенін білдіреді.

Эрих Мария Ремарк

Кітапсүйер 📚
👍55❤6⚡4🔥4🕊2
Кітапты қолға алып, іштей өз ойыңның жібін тоқуға кіріскен кезде, кітап өз мақсатына жеткенін сезе бастайды

Польшалық жазушы Януш Корчак

Кітапсүйер 📖
❤46👍7🕊4
Адам өзінің ауырғанын сезінсе, қалайда ол тірі. Егер ол, өзгенің жан ауруын сезінсе ол нағыз — адам.

© Француз тарихшысы Франсуа Гизо
👍62❤21🕊3🤣2
Сіздің жазылуыңызды құдды бір мереке секілді күтіп жүрген жандар барда, ауырғаныңыз да дұрыс

© Антон Чехов
❤47🥰10🤣7❤‍🔥6👍3🕊1
Адам өз ойының жемісі. Сіз өзіңізді кім деп ойлайсыз? Сәлден соң еріксіз түрде сондай кісіге айналасыз

© Махатма Ганди
👍47❤9🔥9🤨7❤‍🔥2👏1
Бақытты қандай элементтер құрайды? Олар тек екеу: сабырлы жан мен сау дене.

© Михаил Булгаков
❤49👍17⚡2🥰1
Науқасқа қайырымдылық, мейірімділік, бауырмалдық, жанашырлық кейде оған барлық дәрі-дәрмектен де маңызды.

© Федор Достоевский
❤25👍7😍5⚡1
Адам тағдыры тұрлаусыз екен! Біздің құштарлығымызды арттырып тұратын тылсым күш те әр кез құбылып тұрады! Бүгін жақсы көріп тұрғанды ертең жек көресің; ертеңгі ат-тонымызды ала қашар нәрсеге бүгін ынтық боламыз, бүгін қол жетпеген нәрседен ертеңіне қашып әлекпіз.

Міне, мен қарама-қайшылықтың құрсауында қалдым. Менің бақытсыздығым – адамдардан аластатылғаным, ұшы-қиыры жоқ теңізде жалғыз қалғандығым; маңдайыма мәңгі-бақи қасірет жазылып, тірі жандардың қатарында есепке алмай, өзім сияқты екі аяқтылармен тілдесуге зар қылған құдайдың қарғысына ұшыраған қылмыскер сияқтымын. Жаным аман қалғаннан кейін құдайдың құдіретімен өлгендер арасынан тіріліп келсем де, адам баласының жүзін көру мен үшін үлкен бақыт еді.

© Даниэль Дефо
📖 Робинзо Крузо
🥰14❤10👍3🔥2
Даналыққа жету үшін адам ең алдымен өміріндегі қажетсіз істерден бас тартуы керек.

© Қытай жазушысы Лин Ютан
📙 "Қарапайымдық жолы" кітабынан.

#бестселлер
👍32💘3❤1
Өз жолыңызбен жүріңіз және басқаларға қалағанын айтуға мүмкіндік беріңіз.

© Италиялық жазушы Данте Алигери
👍19❤7
Өзінің сенген нәрсесіне шек келтірмейтін адам ең бақытты жан, ондай адамның көңіліне күмән дегенің ұрланып кіре алмайды, сондықтан да ол күшті, өзгеден өктем болмақ. Қашан да өзіңдікінің дұрыстығын сезініп, бір демің жоғары тұрмаса өзгелерді қалай бағындырмақсың?

© Тахауи Ахтанов
📚 Шырағың сөнбесін
👍27❤4🔥3
Әйел - үйдегі ырысың,
Ұл - айбарлы қылышың.
Қыз - түздегі өрісің,
Келін - кеңейген тынысың.
Олақ - міншіл,
Қызғаныш - күншіл.
Сырғақ - сыншыл,
Бос сөз - былшыл.

Пәнидегі сорлы адам,
Арын төгіп сорлаған.

Жаман болса алғаның,
Дау дамайға қалғаның.
Өмірдің көріп жалғанын,
Тарылады жан-жағың.

Қиямет көрсең де ғұмырдан,
Тұяғың таймасын тұғырдан.

Көңіл гүл.
Тіл — бұлбұл.

Сезім — сері,
Нәпсі — бөрі.

Сабыр — ақыл серігі.

Ескелді би
❤26👍15🔥4🤣2
Жағымпаздықтың арнайы мектебі жоқ. Бірақ, онда оқыған түлегі көп..
👍38😢7❤2
💫 Бүгін Робинзон Крузоның туған күні!

30 қыркүйекте Дэниел Дефоның айтуынша, Робинзон Крузо, Йорк қаласында құрметті отбасында дүниеге келген.

Автордың өсиетімен Робинсонның 27-ші туған күнінде кеме апатынан кейін ол адам тұрмайтын бір аралдың шет жағасына лақтырылып, онда 28 жыл, екі ай және он тоғыз күн болды.

#Қызықты
👍33❤5🕊4
Өмірде адам түсінбейтін құбылыстар көп. Жазушы неге соның бәріне жауап беруі керек?

Ол меніңше сондай сұрақтарға жауап береді, бірақ қағазға орап береді, бір кейіпкердің сөзіне салып береді, енді ол қай кейіпкер? Оны қай жерінде қалай айтады? Бұны табу сіздің ісіңіз.

Білесіз бе, жазушы кейде оқырманмен шахмат ойнайды, олар да сенің осал тұсыңды аңдып, бағып отырады. Мықты шахматшылар сенің шебер ойластырған жүрісіңе басын шайқайды да, сен мән бермеген тұсыңнан шабуыл жасайды. Ол сонысымен өтімді, сонысымен қызық..
❤30👍8
Қыранның қара құзғынға келтірер зияны жоқ, қара құзғын боқ жейді, қара құс тауық іледі, балапан іледі. Тым құрыса торғай аңдиды. Демек, қыран шіркін қара құзғынның жеміне де таласып жатқан жоқ, жеріне де таласып жатқан жоқ. Сонда қалай болғаны? Мың қара құзғын келісіп алғандай бір қыранға неге жабылады?

— Мен білемін! — деді балалардың бірі. — Қыран құсты көргенде қара қарғалар өздерінің құзғын екенін сезеді. Қор екенін сезеді. Олардың әрқайсысы менмін деп, мен мықтымын деп, мен бұл дүниенің тірегімін деп кеудесін қағып жүреді. Қыран құсты көргенде өздерінен артық жан иелерінің бар екеніне көздері жетеді. Сондықтан олар уәделесіп келіспей-ақ, бәрі бірдей жабылып, анау артық жанды жойып жіберуге тырысады.

📖 Қорқау жұлдыз
✒️ Әкім Тарази
❤18👍6👏1
— Міне, дұрыс айтасың! — қабағы шытулы, үлкен көздері шатынаған қалпы, Түнғатар екі аттап барып, әлгі баланың кекілінен сипады. — Дұрыс айтасың! Александр Сергеевич Пушкиннің халі де сол сияқты еді. Мың қарғаның ортасына түсіп кеткен жалғыз ақсұңқар! Ақсұңқарға бәрі жабылады, ақырында өлтіріп тынды.

Ақсұңқар мерт болды, қарғалар қуанды. Енді тыныштандық деп ойланды, масайрап сайран салды. Іштей масайрады, әрине, бір-бірінің көзінше өтірік қайғырған болды, "аһ, Пушкиннен айырылып қалдық" деп жылаған болды, бірақ ауру тістен арылғандай көңілдері жай тауып қалып еді. Сөйтсе, бекершілік екен. Ұлы ақынды, ақ сұңқарды жерлеп келіп, үйлеріне тарасқан әлгі болымсыз адамдар келесі күні таңертең оянғанда Петербург аспанында, Нева өзенінің үстінде саңқылдап және бір ақсұңқардың ұшып жүргенін көрді. Бұл бала ақсұңқар, жас ақсұңқар, жиырма үш жасар офицер Михаил Юрьевич Лермонтов еді. Енді, балалар, өздерің ойлаңдаршы, көп құзғын енді не істейді? Қазақ айтады: "Қарға қарғаның көзін шұқымайды" — дейді.

📚 Қорқау жұлдыз
✍ Әкім Тарази
👏11❤3👍2