"Қазіргі адамдардың атақ-даңққа құштар болып алғанын жүз шақырымнан байқаймын. Дегенмен бұл құбылысты сен тоқтата алмайсың. Кез келген қоғамда құлап жатқан адамның өзі бір артықшылығымен ерекшеленгісі келіп тұрады."
👍14🔥4❤3
"Ой бірлігі көңіл бірлігінен туындайды.
Адамды адам тыңдаудан қалған қоғамда өмір сүріп жатырмыз."
Адамды адам тыңдаудан қалған қоғамда өмір сүріп жатырмыз."
👍14❤5🔥2
"Ұсақ-түйек арасынан ең басты нәрсені көре білу таланты пенде біткеннің бәрінің маңдайына бұйыра бермейді. Әр құбылыстың рационалды дәнін таба білгеннен асқан көрегендік жоқ. "
👍10❤4🔥3
"Меніңше, бақыт адамға өзінің кім екенін сезінген кезде келеді.
Мынау тылсым жаратылысты, қала берді, жұмбағы көп адамды зерттей білмеу — босқа өмір сүргенмен бірдей."
Мынау тылсым жаратылысты, қала берді, жұмбағы көп адамды зерттей білмеу — босқа өмір сүргенмен бірдей."
❤25👍7🔥3
"Адамдардың жеке дамуына кедергі келтіретін бір жаман әдет — өмірінде бірінші рет естіп тұрған нәрсені бұрыннан білетін кісі сияқты ыңғай танытып тұратынында. Дәлірек айтсам, бұған дейін білмегенімізді сұрауға құлшынбайтынымыз былай тұрсын, соны қазір ғана білгенімізді мойындауға арланамыз.
Бізге осы дерттен тезірек арылу керек."
Бізге осы дерттен тезірек арылу керек."
❤21👍12🔥3
"Көп адамның трагедиясы — өмірден ләззат ала білмеуінде.
Ондай адамдар өмір бойы қызмет қуады. Атақты болу үшін арпалысып өтеді. Айналып келгенде осының бәрі ләззаттан бұрын жанталас екенін кеш ұғады.
Басқалардан ерекше көрінгісі келетін олар өмірін өзінің рухани дамуына емес, қоғамда өзгелерден биік тұруға арнағанын да кейін барып түсінетіні өкінішті. Жалған намыс деген осы шығар."

👍19❤3🔥2
"Фридрих Шиллердің мынадай бір ғажайып сөзі бар: "Live and Let live" былай айтқанда "Өмір сүріңіз және өзгелерге де өмір сүруге мүмкіндік беріңіз"
Біздің әрқайсымыздың өмір сүру ұранымыз осы болса, қазақ өзінің даму биігіне баяғыда жетер еді."
Біздің әрқайсымыздың өмір сүру ұранымыз осы болса, қазақ өзінің даму биігіне баяғыда жетер еді."
👍18🔥4❤3
"Өмірден оқымаған адамда ақыл болмайды. Діні жоқ адамның құдаймен ісі болмайды. Сондықтан да айдалада арам қатсаң да, аузына Алланы алмайтын адамнан аулақ жүр"
👍26❤7🔥3
"Қазір көп адам құдайды аузына алуға қорқады. Алайда, ақиқатты табуға ұмтылған адам құдайды да табады. Санасынан. Жүрегінен. Елдің бәрі атеист болып кеткен мына заманда өмір сүріп жатқанымыз өкінішті, әрине. Әйтпесе, құдайдың бар-жоғын әңгіме қылудың өзі — күнәнің ең ауыры ғой."
👍31❤7🔥3
Жалпы, жеке басқа табыну адами болмыстың табиғатына өте зиянды құбылыс. Табындырушы үшін де. Табынушы үшін де.
👍14❤4
"Тәні сұлу адамдар болады. Ынтық болатының рас. Басқаша айтсақ, өтірік болар еді. Бірақ тез суыйтының да шындық. Өйткені, бұл физиологиялық инстинк екені салған бетте білініп тұрады. Көзбен жегідей жегенің болмаса, жүрек дір ете қоймайды. Тәннің өзі мәңгілік материалдан жаратылмағанын ескерсек, бұған аса таң қалудың қажеті шамалы.
Жаны сұлу адамдар болады. Ақықтықтың иісі аңқып тұратын мұндай жандардың гравитациялық күші сені өзіне тартпай қоймайтыны – дүниедегі ең тәтті құбылыс. Жүрегің атша тулап, аузыңнан шығып кете жаздайды. Осындайда жанның мәңгілік материалдан жаратылғанына көзсіз сене бастайсың. Тәттілігі неде? Тылсымдығында дер едім. Бір анық, тұңғиыққа тығылған тылсым сезімнің түбіне жету мүмкін емес. Бұл құбылыстың мәңгілік болатыны да сондықтан болар."

👍21❤6🔥6