Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
"Қазіргі адамдардың атақ-даңққа құштар болып алғанын жүз шақырымнан байқаймын. Дегенмен бұл құбылысты сен тоқтата алмайсың. Кез келген қоғамда құлап жатқан адамның өзі бір артықшылығымен ерекшеленгісі келіп тұрады."
👍14🔥4❤3
"Ой бірлігі көңіл бірлігінен туындайды.

Адамды адам тыңдаудан қалған қоғамда өмір сүріп жатырмыз.
"
👍14❤5🔥2
"Ұсақ-түйек арасынан ең басты нәрсені көре білу таланты пенде біткеннің бәрінің маңдайына бұйыра бермейді. Әр құбылыстың рационалды дәнін таба білгеннен асқан көрегендік жоқ. "
👍10❤4🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Меніңше, бақыт адамға өзінің кім екенін сезінген кезде келеді.

Мынау тылсым жаратылысты, қала берді, жұмбағы көп адамды зерттей білмеу — босқа өмір сүргенмен бірдей.
"
❤25👍7🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Адамдардың жеке дамуына кедергі келтіретін бір жаман әдет — өмірінде бірінші рет естіп тұрған нәрсені бұрыннан білетін кісі сияқты ыңғай танытып тұратынында. Дәлірек айтсам, бұған дейін білмегенімізді сұрауға құлшынбайтынымыз былай тұрсын, соны қазір ғана білгенімізді мойындауға арланамыз.

Бізге осы дерттен тезірек арылу керек.
"
❤21👍12🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Көп адамның трагедиясы — өмірден ләззат ала білмеуінде.
Ондай адамдар өмір бойы қызмет қуады. Атақты болу үшін арпалысып өтеді. Айналып  келгенде осының бәрі ләззаттан бұрын жанталас екенін кеш ұғады.

Басқалардан ерекше көрінгісі келетін олар өмірін өзінің рухани дамуына емес, қоғамда өзгелерден биік тұруға арнағанын да кейін барып түсінетіні өкінішті. Жалған намыс деген осы шығар.
"
👍19❤3🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍1
"Фридрих Шиллердің мынадай бір ғажайып сөзі бар: "Live and Let live" былай айтқанда "Өмір сүріңіз және өзгелерге де өмір сүруге мүмкіндік беріңіз"

Біздің әрқайсымыздың өмір сүру ұранымыз осы болса, қазақ өзінің даму биігіне баяғыда жетер еді.
"
👍18🔥4❤3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Өмірден оқымаған адамда ақыл болмайды. Діні жоқ адамның құдаймен ісі болмайды. Сондықтан да айдалада арам қатсаң да, аузына Алланы алмайтын адамнан аулақ жүр"
👍26❤7🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Қазір көп адам құдайды аузына алуға қорқады. Алайда, ақиқатты табуға ұмтылған адам құдайды да табады. Санасынан. Жүрегінен. Елдің бәрі атеист болып кеткен мына заманда өмір сүріп жатқанымыз өкінішті, әрине. Әйтпесе, құдайдың бар-жоғын әңгіме қылудың өзі — күнәнің ең ауыры ғой."
👍31❤7🔥3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Жалпы, жеке басқа табыну адами болмыстың табиғатына өте зиянды құбылыс. Табындырушы үшін де. Табынушы үшін де.
👍14❤4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
😍4🔥2❤1
"Тәні сұлу адамдар болады. Ынтық болатының рас. Басқаша айтсақ, өтірік болар еді. Бірақ тез суыйтының да шындық. Өйткені, бұл физиологиялық инстинк екені салған бетте білініп тұрады. Көзбен жегідей жегенің болмаса, жүрек дір ете қоймайды. Тәннің өзі мәңгілік материалдан жаратылмағанын ескерсек, бұған аса таң қалудың қажеті шамалы.

Жаны сұлу адамдар болады. Ақықтықтың иісі аңқып тұратын мұндай жандардың гравитациялық күші сені өзіне тартпай қоймайтыны – дүниедегі ең тәтті құбылыс. Жүрегің атша тулап, аузыңнан шығып кете жаздайды. Осындайда жанның мәңгілік материалдан жаратылғанына көзсіз сене бастайсың. Тәттілігі неде? Тылсымдығында дер едім. Бір анық, тұңғиыққа тығылған тылсым сезімнің түбіне жету мүмкін емес. Бұл құбылыстың мәңгілік болатыны да сондықтан болар.
"
👍21❤6🔥6
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM