"Көп адамның трагедиясы — өмірден ләззат ала білмеуінде.
Ондай адамдар өмір бойы қызмет қуады. Атақты болу үшін арпалысып өтеді. Айналып келгенде осының бәрі ләззаттан бұрын жанталас екенін кеш ұғады.
Басқалардан ерекше көрінгісі келетін олар өмірін өзінің рухани дамуына емес, қоғамда өзгелерден биік тұруға арнағанын да кейін барып түсінетіні өкінішті. Жалған намыс деген осы шығар."

👍19❤3🔥2
"Фридрих Шиллердің мынадай бір ғажайып сөзі бар: "Live and Let live" былай айтқанда "Өмір сүріңіз және өзгелерге де өмір сүруге мүмкіндік беріңіз"
Біздің әрқайсымыздың өмір сүру ұранымыз осы болса, қазақ өзінің даму биігіне баяғыда жетер еді."

👍18🔥4❤3
"Өмірден оқымаған адамда ақыл болмайды. Діні жоқ адамның құдаймен ісі болмайды. Сондықтан да айдалада арам қатсаң да, аузына Алланы алмайтын адамнан аулақ жүр"
👍26❤7🔥3
"Қазір көп адам құдайды аузына алуға қорқады. Алайда, ақиқатты табуға ұмтылған адам құдайды да табады. Санасынан. Жүрегінен. Елдің бәрі атеист болып кеткен мына заманда өмір сүріп жатқанымыз өкінішті, әрине. Әйтпесе, құдайдың бар-жоғын әңгіме қылудың өзі — күнәнің ең ауыры ғой."
👍31❤7🔥3
Жалпы, жеке басқа табыну адами болмыстың табиғатына өте зиянды құбылыс. Табындырушы үшін де. Табынушы үшін де.
👍14❤4
"Тәні сұлу адамдар болады. Ынтық болатының рас. Басқаша айтсақ, өтірік болар еді. Бірақ тез суыйтының да шындық. Өйткені, бұл физиологиялық инстинк екені салған бетте білініп тұрады. Көзбен жегідей жегенің болмаса, жүрек дір ете қоймайды. Тәннің өзі мәңгілік материалдан жаратылмағанын ескерсек, бұған аса таң қалудың қажеті шамалы.
Жаны сұлу адамдар болады. Ақықтықтың иісі аңқып тұратын мұндай жандардың гравитациялық күші сені өзіне тартпай қоймайтыны – дүниедегі ең тәтті құбылыс. Жүрегің атша тулап, аузыңнан шығып кете жаздайды. Осындайда жанның мәңгілік материалдан жаратылғанына көзсіз сене бастайсың. Тәттілігі неде? Тылсымдығында дер едім. Бір анық, тұңғиыққа тығылған тылсым сезімнің түбіне жету мүмкін емес. Бұл құбылыстың мәңгілік болатыны да сондықтан болар."

👍21❤6🔥6
« Өлемін деп құлшылық қылып, өлмеймін деп тіршілік қылып жүрген адаммын »
« Ірге тату ма,
Бірге тату ма?! »
« Қазықтың басы болсаң төбеңе балға тиеді, ұшы болсаң тұмысығыңмен жерге кіресің. Ортасына бәле жоламайды.»
« Күндердің күнінде сен үшін ең үлкен байлық өмірлік тәжірибе екенін ұға бастайсың. Тәжірибе ұзақ өмір сүрумен келмейді, батыл өмір сүрумен келеді. Адам тәжірибенің заңғар биігіне жеткенде құдайдан ғана қорқатын болады. »
« Түнде ұйқың бұзылмаса, күндіз күлкің дұрыс болса, сен — өмірдің шынайы байлығына кенелген адамсың. »
« Біз өмір сүрудің ең үлкен мәнін осы байлықты бойына жинаған адамдардан үйренуіміз керек »
« Тәжірибелі адам аштан да өлмейді, көштен де қалмайды.»
« Үрерге итің сығарға битің болмай күн кешу адами келбетіңді көгертпейді, көзіңмен көр, көңіліңмен сез. »
« Ешқашан кісі жағалап жағдайыңды жақсартамын деме»
« Бұл дүниеде әңгіменің бәрі өз өзіңнен жалығып кетпегенде ғана қызық »
« Осы адамға бақыт деген көзге көрінбейтін нәрсенің керегі бар ма? »
« Қыздан туғанның қиығы жоқ »
« Адалдық сезімі барда ғана алаңсыз өмір сүресің »

👍18❤8🔥5
« Көңілдер үнсіз ғана аймаласқан,
Төбеде тұрушы еді жайнап аспан.
Жұлдызды таң атқанша санаушы едік,
Санына жетпейміз деп ойламастан...»
Төбеде тұрушы еді жайнап аспан.
Жұлдызды таң атқанша санаушы едік,
Санына жетпейміз деп ойламастан...»
👍14❤6🔥2👏2
«Лучше сердечный ты, чем пустой вы»
Евгений Онегин
« Біздің әке-шешелеріміз оқымай қалғаны болмаса, өмірдің өзінен көңілдеріне көп нәрсе түйгенін ешкім жоққа шығара алмайды »
« Әйел жанының сұлулығын сезе білу — жігіт біткеннің басына бұйыра бермейтін олжа. »
« Іші толған қазына секілді адамдар болады. Оларды ашу оңай емес »
« Мінсіз адам болмайды. Сондықтан жақсысын көрсең, қуана біл. Жаманын көрсең, кешіріммен қара. Қара басым адами қарым-қатынаста басқа жолды көрмей тұрмын.. »
« Жан азабына түскен адам өмірді зерттеу арқылы ғана ақиқатқа жете алады »
«Чтобы любить добро, нужно всем сердцем ненавидить зло»
Федор Достоевский

❤17👍4🔥2🎉2👏1
Қайырлы күн, құрметті оқырмандар! Мынау бір таныс, көз көрген бауырымыздың қызы еді. Еміне 805 теңгеден жақсы челлендж жасап жатыр екен. Соған ат салысуды ұсынамын. Расында бір адамға жақсы істе көмектесу — бүкіл адамзатқа көмектескенмен бірдей игі іс.
❤5👍2👌2