Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
👍23❤11💯2
Кешегі қара күндерде,
Жұлдызсыз, айсыз түндерде,
Жол таба алмай сенделіп,
Адасып алаш жүргенде,
Бұл күнгі көп көсемдер,
Сұраймын, сонда қайда едің?

Ақыл таппай дағдарып,
Жанашыр таппай сандалып,
Барарын қайда біле алмай,
Жүрген бір күнде сан ғаріп –
Есепсіз көп шешендер,
Жөніңді айтшы, қайда едің?

Сарыарқа сайран жерлерім,
Көк орай шалғын көлдерім,
Асқар тау – биік белдерім.
Бәрін жауға алдырып,
Қысылып қазақ тұрғанда,
Данышпандар, қайда едің?

Атадан бала айырылып,
Қанаты сынып қайырылып,
Қасірет толып жүрекке,
Тұрған бір кезде қайғырып,
Толып жатқан қамқорлар,
Елде жоқ едің, қайда едің?

Құландай үркіп елдерің,
Қалдырып мекен жерлерін,
Жаяу-жалпы, жалаңаш,
Қатын-бала, ерлерің
Аштықтан қырғын тапқанда,
Сыпыра жомарт, қайда едің?

Кедейдің сорын қайнатып,
Майданға жасын айдатып,
Тіл жоқ, көз жоқ, басшы жоқ,
Өлімге басын байлатып
Жіберерде, жаным-ау,
Жанашыр, жақын, қайда едің?

Енді бүгін кім жаман?
Данышпан емес, кім надан?
Қамқор емес, кім жауыз?
Жомарт емес, кім сараң?
Көсем емес, кім жалтақ?
Шешен емес жоқ адам.
Бәрі білгіш, бәрі де ер –
Жеткіздің, Алла Тағалам.

© Міржақып Дулатұлы - Қайда едің?
👍28💔9🔥4❤2
Адамның барлығы ұнайды,
Іздеуім керек тек неге мін?!
Мен содан көремін құдайды,
Құдайды мен солай көремін.

Тәңірдің сыйлығы жан нұры,
Сондықтан пенденің тілегі ақ.
Әлемде күнәнің барлығы,
Іздесең шынымен біреу-ақ.

Күнәсіз-Хақ шебер жан үрген,
Ал, күнә, Адам мен Хауадан.
Ал, Адам мен Хауа Тәңірден,
Қалғаны күнәдан тараған.

Күнәсіз болса егер жанары,
Күнә жоқ болса егер тұсаған.
Періште керексіз қалады,
Ібіліс өледі құсадан.

Адамнан алғашқы қателік,
Қателік ең дұрыс о бастан.
Жұмақтан тозаққа әкеліп,
Қайтадан жұмаққа жол ашқан.

Ғылымдар дәуірі бұл маңда,
Аспанмен шектелсін ой мейлі.
Дәл қазір дінсіз де, діндар да,
Құдайдың орнына сөйлейді.

Парыз да, қарыз да өзіңнен,
Қорқудан іздеме құдайды.
Ол бәрін жаратқан сезіммен,
Сезімін сол үшін сынайды.

Тәпсірі Тәңірге белгілі,
Дін деген кітаптар шеруі,
Жүрек боп қалады ендігі,
Адамның ең ұлы сенімі.

Адамның барлығы ұнайды,
Сенбесең жанымды тыңда кеп.
Жүзінен іздеймін құдайды,
Сыйпаты сақтаулы тұр ма деп.

© Нұртас Тұрғанбек
👍13❤12
Көзбен көргеніңнің жартысына сен, құлақпен естігініңе толық сенбе!

© Ағылшын мақалы
👍22❤6🔥2
Саған сенетін адам, сені жақсы көретін адамнан жақсырақ...

©️Иоганн Гете
❤47👍2🔥2
✅️ Ұят-Ұлы күш.

✍️ Мен:
- Өтірік айтуға ұяламын.
- Айтқан уәдемді орындамауға ұяламын.
- Орынсыз жерде артық сөз сөйлеуге ұяламын.
- Өз кітабымды және өзімді мақтауға ұяламын.
- Трамвай, троллейбуста қарттар түрегеп тұрғанда, жастардың орын бермей, шіреніп отырғандарын көргенде ұяламын.
- Кейбір қазақ жастарының асыл ана тілін ардақтамайтынына ұяламын.

Мен ұят дегенді ҰЛЫ КҮШ деп санаймын. Адамшылдықтың, адалдықтың, уәдеге беріктік пен тұрақтылықтың, тазалықтың түп қазығы ұят деп білемін. Ұяты жоқтан үміт күтпеймін.

Ұры-қары, қарақшы, қаніпезерлер ұяты жоқтан шығады. ҰЯТ - ЕҢ ҚЫМБАТ ҚАСИЕТ!
Ұяттыға иман ұялайды, ұятсызды қылмыс қуалайды.

©️ Әзілхан Нұршайықов
👍34❤16🔥2
Тірімін де,
Жұрттың бәрін дос көрсең.
Құрыдым де,
Дұшпаныңа дес берсең...
Ауыр деген сынның өзі жеңілдеу,
Бір Әділдік бар екенін ескерсең!

Ұттым дей бер,
Жұрттың бәрін дос көрсең
Біттім дей бер,
Жауларыңа дес берсең.
Өзіңе де әділ болу жеңілдеу,
Бір Өлімнің бар екенін ескерсең!

© Төлеген Айбергенов, "Ескерсең"
👏21❤8👍4🔥3
Әбіш Кекілбаев: «Өмірде ненің жаман екенін білсек те жеткілікті, ол жамандық кімнің тарапынан жасалғанын қазбалау – қазымырлық. Жамандыққа жаратылған ешкім жоқ. Жаңсақ кетсе, түзеледі. Кемшілігі болса, арылады. Сондықтан нақты біреуді жамандыққа қию кешірілместей қатігездік болар еді» дейді. Бұл сөздер менің жадымда жатталып қалған, біреу туралы теріс пікір айта бастасам немесе теріс ойлай бастасам, осы сөздер ойыма түсе кетеді де, тәубеме келемін.

Бүгін бұл ағамыз 84 ке толды. Құтты болсын 🎉
❤21👍10🎉4
Бойдақтар, мына алты мақалды түсініп барып үйленсеңдер, жаман болмайсыңдар:
1. Бойдақта ес жоқ (Сондықтан есі барларды тыңда)
2. Қатын алма, қайын ал (Алатын жарыңның өзіне ғана емес, оның шыққан тегіне, өскен ортасына қара, таны, зертте, тексер)
3. Көріп алған көріктіден, көрмей алған текті артық (Болашақ жарыңның түрінен де маңызды сипаты бар. Ол-тегі. Түр-сыртқы форма, тек-мазмұн)
4. Тексіз жерден қыз алсаң, перзентің толмас аршынға (Тек өз нәпсіңді ғана емес, болашақ ұрпағыңды да ойла)

5. Анасын көріп қызын ал (Қазақта көргенді, көргенсіз деген сөз бар. Қыз қанша ақылды, қанша сұңғыла болғанмен, ертең көрген үлгісінің шеңберінде өмір сүреді. Ол үлгі жақсы болса, жақсы, жаман болса, түзеу қиын, тіпті мүмкін емес)

6. Жігіттің жақсы болмағы нағашыдан (Бала-шағаның нағашыға тартатыны- бабалар тілімен айтылған ақиқат. Сен тек жар таңдамайсың, болашақ ұрпағыңның генін, бір жұртын таңдайсың)

© Абай Қалшабек
👍47❤9👏4🔥3
Əкем айтады:
Ілгеріде бір батыр айқастарға сауыт кимей шығады екен. Сауыт кимесе де, небір алапат майданнан аман шыққан батыр кезекті соғыстың біріне сауыт киіп шығыпты. Батырдың бұнысына түсінбеген қаруластары:"Батыр, талай жан алысып, жан беріскен майдандарға сауыт кимей араласушы ең. Бұл жолы неге киіп шықтың?"депті. Сонда батыр:"Е, бұрын анам бар еді. Анам үйде отырып, тілеуімді тілеп, дұға жасап отыратын еді. Менің сауытым- сол дұға еді. Енді анам жоқ. Өмірден өтті. Анамнан, анамның дұғасынан айрылдым. Сауыт киіп шыққанымның мəнісі сол" деген екен.

© Абай Қалшабек
👍53❤19😢9👏8🥰3
Біз кездескен алғаш түн,
Алғашқы қар жауып тұрды.
Махаббатан масайрасам,
Алғашқы қар сауықтырды.
Үйленердей әңгімеміз,
Үйлесімін тауып тұрды.
Қиялдап ем қыдырсақ деп,
Жаз келгенде барып қырды.
Жазда келіп есік қақсам,
Жас жүрегің жабық тұрды.

Кездесу қайда таудағы?
Лаулаған жүрек жаурады,
Есіме сені салғаны,
Алғашқы қардың жауғаны.

© Құрал Молжанов
❤33👍11🔥2
❤47👍10
❤30👍7🥰6👏5💔4🤔2
Әңгіменің негізгі кейіпкерлері – Панфилов дивизиясына қарасты батальон жауынгерлері. Батальонды Қазақ елінің перзенті Бауыржан Момышұлы басқарады. Жаяу әскер батальонын басқаруда тәжірибесі жоқ бұрынғы артиллерист Бауыржан үшін 1941 жыл нағыз әскери шеберлік мектебі болады. Оған өз солдаттарының тағдырын шешіп, жан-жақтан жиналған әралуан бұқараны тұтас организмге – соғысқа қабілетті ересен күшке біріктіріп, жұдырықтай жұмылдыруға тура келеді. Қиян-кескі ұрыстар нәтижесінде Момышұлының батальоны Панфилов дивизиясының резервіне айналады және Волоколамск өңірінде жауды әбден титықтатып, оның Москваға шабуылын бөгеу жөнінде жауынгерлік тапсырма алады. Батальон майдандағы күрделі ахуал мен бірқатар адам шығынына қарамастан, жүктелген міндетті ойдағыдай атқарып шығады.

📖 Волоколамск тас жолы
✒️ Александр Бек
👍13❤5🎉1
Бізде бұндай аязды күндер көп болмайды. "Мені көрдің бе" дегендей қып, 35/40 әрі кетсе түнде 45 ке дейін түседі де кейін ақырындап қайта көтеріледі.

Күн суысын, қар борасын, мұз қатсын, аяз сықырласын. Мұңайғым келмейді. Бұл қайта маған О. Бөкейдің "Қар қызын" еске түсіреді. Алтай бөктерін, ну орманын, айнадай қатқан көл сайын.

Күн нұрына "мен сені елемеймін" дегендей, ары-бері ұшып жүрген жылтыр ғана қар ұшқыны. Оңды солды итеріп, бет мұрныңды қызартып, сақал мұртыңа еріксіз қырау қатыратын ысқырық шалған қатал жел. Әр үйдің мұржасынан үзілмей шығып тұрған қою ақ түтін. Шанамен бір бірін тартып, тоңуды ұмытып кеткендей, қиқуға салып алаңсыз ойынға тоймай жүрген ұл мен қыз. Мұның бәрі де күнделікті бола беретін құбылыс емес, әлі жазылмаған, жазылса да толық ескерілмеген шығарма желісі секілденеді. Бұл сүйкімді көрініс, саналы естелік мен үшін.
👍26❤11💘5🔥3⚡2🍓2
© Лев Толстой:

✍🏻 Қарғыс атқыр жалқаулық! Ол мені мазаламаса, мен қандай жақсы адам болар едім.
😁74👍30❤11👏6🤣6😢3🎉3🕊1
© Ершат Қайболдин:

Өмір өтіп бара жатыр, ақылдым,
Өзіңді ойлап тағы бір таң атырдым.
Қаншалықты қашық жүрсем мен сенен,
Соншалықты жүрегіңе жақынмын.

Тағдыр бізді сынамай ма, сынай ма,
Аспан сені аяғасын жылай ма?
Сен бар кезде мен көңілді жүремін,
Мен бар кезде сен де жаным, мұңайма!
❤38👍5🔥3🎉2🥰1
Audio
🔥21💔12😢2
1. Кездессем ұрлана қараймын,
Асаудай тулайды жас жүрек.
Мен сені жаныма балаймын
Сен үшін менде бар бір тілек.

2. Сені артық көремін басқадан
Сүйем деп айтуға жасқанам.
Жеткізе алар ма жүректің
Жан сырын жасырын жас қалам.

3. Есімде алғашқы сауық кеш
Ләззаттің тағдырын өзің шеш.
Ләйліден айырылған Мәжнүндей
Дәл қазір менде жоқ ақыл-ес.

4. Әлде бір бар шығар сүйгенің
Тәкаппар менсінбей жүргенің.
Оны зор мені қор санасаң
Мейірімсіз соққаны жүректің.

© Қорабай Есенов
❤32👍10🔥4👏3❤‍🔥1