Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
— Сізді бағаламайтын адам сізді қадірлейтін адамнан тосады. Оны уақытында жібере салыңыз..

© Ремарк
👍33❤15🔥4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Үш күндік пәниде тіл табысып, түсінісуге тырысудың орнына... Бұ жұрт жағаласып, жаға жыртысып, жауласып жатады. Не жетпейді бұ жұртқа? Иісі қазақ демесе бұл жақтан жиналған халық түгіл, ауылдағы ағайын да есепке көшкен. Есеппен сыйласады, жақсылығы сатулы... Не боп барады бұ дүние?

© Баққожа Мұқай
😢31❤13👍11
Жамандықтың өлетін жері— жақсылардың кеудесі. 

© Дулат Исабеков
📖 «Бақыт құсы»
👍33❤20
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы,
Бітпейді ішімде,
Ғашықтың жарасы.

Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
Бар демес сендей бір
Адамның баласы.

Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.

Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.

Тереңдеп қарайсың,
Телміріп тұрмайсың.
Бихабар жүргенсіп,
Бек қатты сынайсың.

Сан кісі мұңайсын,
Сабырмен шыдайсың.
Күйемін, жанамын,
Еш рахым қылмайсың.

Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.
Жүректе оты жоқ,
Адамда ми болмас.

Шын ғашық сый болмас,
Сый болса, сыр болмас.
Арызымды айтайын,
Құй болар, құй болмас.

Кең маңдай, қолаң шаш,
Я бір кез, я құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз,
Қарағым, бетіңді аш!

Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал, қызыл гүл,
Ақ тісің кір шалмас.

Қыр мұрын, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.
Ақ етің үлбіреп,
Өзгеше біткен гүл.

Қарағым, бермен кел,
Бізге де көңілің бөл,
Қалқамның нұсқасын,
Көр, көзім, бір кенел.

Қайғың – қыс, жүзің – жаз,
Боламын көрсем мәз.
Күлкіңіз бойды алар,
Бұлбұлдай шықса әуез.

Кісімсіп дүрдараз,
Бұраңдап қылма наз.
Мал түгіл басымды,
Жолыңа берсем де аз.

Иісің – гүл аңқыған,
Нұрың – күн шалқыған.
Көргенде бой еріп,
Сүйегім балқыған.

Қаяусыз қалпынан,
Өзі артық даңқынан.
Қызыл тіл шыға алмас,
Мақтаудың шартынан.

Сенсің – жан ләззәті,
Сенсің – тән шәрбәті.
Артықша жаратқан,
Алланың рахматы.

Көрік – тәңірі дәулеті,
Қылса ұнар құрметі.
Сұлуды сүймектік —
Пайғамбар сүндеті.

Не десем саған еп?
Ғашығың да қайғы жеп.
Өртенген жүрекке,
Бір көрген болар сеп.

Біздердей ғашық көп,
Қайсысы саған дөп?
Жөндеп те айтпадым,
Жүрегім лүпілдеп.

Назыңа кім шыдар?
Бұраңдап жүр шығар.
Қасқая күлгені,
Қылады тым құмар.

Ер емес қымсынар,
Әркім-ақ ұмсынар.
Құдай-ау, бұл көңілім,
Күн бар ма бір тынар?

© Абай
❤31👍9🕊2🔥1
Бала күнімізде көп нәрсені жанама түрде ойлап, қиялға беріліп, осы бір күннен ерекше астар іздеуші едік. Аяз ата, ақша қар, түрлі түсті сыйлықтың бәрін де аспаннан жауа салатындай сендік. )

Енді есейген соң, өзіңді, қуыс көңіліңді жалған эмоциямен толтырудың керегі не? )

— Бүгін қандай күн?
— Әдеттегі күннің бірі, яғни жексенбі.
— Енді осы жылдың соңына дейін аман есен жеттік қой, соны тойлайықта хотя бы? ) дерсіз бәлкім.
— Бірақ бізді сол 365 күн бойы бүкіл жамандық атаулыдан сақтаған Алла емес пе?
— Сонда не істейміз?
— Сонда сол есендікті бергені үшін, "Аллаға шүкір" деп, өз өзімізге есеп береміз.

Мысалы: Биыл қандай курс алдыңыз, неше кітап оқыдыңыз, оны қалай түсіндіңіз? оны өміріңізде дұрыс іске асыра алдыңыз ба?
❤29👍10
Санаулы күн,
Санаулы ай,
Санаулы жыл.
Санай жүріп самайлар ағарды кіл.
Уақытты не пайда санағаннан,
Алатұғын өмірде бағаңды біл.

Қанша күнің,
Санап көр текке кетті,
Қанша жанды Санап көр, өкпелеттің.
Адамдықтан адасып қаншама рет,
Қаншама рет ауытқып, шетке кеттің?!

Қанша жүрек түбінде тұрақ тептің,
Қанша жанның жүзіне шуақ септің?
Қаншама рет қуанып бардың-дағы,
Қанша адамның алдынан жылап кеттің.

Ал, қанеки,
Санап көр, санағышым!
Сарқылмастан тұрғанда сана-күшін.
Не жақсылық көрсетті адам саған?
Не жақсылық жасадың адам үшін?

© М.Мақатаев

*Бүгінгі күнге арнап жазған секілді
👍24❤9😢3
Президентіміздің өзі кітап оқып, білім алуды дәріптеп отыр. Қандай күшті )
❤59👍13🔥8
365 беттік кітабымыздың ең бірінші таза парағы тағы ашылды. Іші тек жақсылықтармен толсыншы..
❤88👍5🕊3🤔2🐳2
Өзгермейтін адамға 1-ші қаңтар да көмектеспейді.

Дамуға датаның келуі емес, сананың жұмыс істеуі керек.
👍95❤21💯9🙈3🔥2👏1🐳1👀1
"Күйкі тірлік, күйбең өмір далбаса,
Жан толқытар бір мейірім болмаса"
❤37👍12🔥3
Лени много, а денег мало.

1822 год, 2 января

© Пушкин
😁22👍11🥰1
❤49👍9🥰5
Audio
❤14💯2
👍36❤11💔1
Бұл жалғанда мəңгілік не бар дейсің, өтеді - кетеді. Атақ, даңқ, дəулет пен бақыт - осының қай - қайсысы да жыл құсы секілді, басына күн орнап, жаның жылығанда ғана ұя салады. Базарың тарқап, күздің суық желі ессе, пыр етіп ұшады да, өзгенің талайына барып қонар.

© Оралхан Бөкей
❤34👍13👏2🕊1💯1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Түнерме досым, жүзіңді дәйім шуақ қыл!
Қайғыны жеңу, әркімде болмас қуат бұл
.
🔥31❤11👍5👌2🕊2🙏1😍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM