Елдің сөзі тас секілді, арқалай берсең, белің сынады. Ал, оған мән бермей аяқтың астына жинай берсең, тек биіктей бересің..
❤48👍20👏5🐳2😢1👌1
Әркім шындықтың өз жағында болғанын қалайды. Бірақ бәрі де шындық жағында болғысы келмейді.
©️ Ричард Уотли
©️ Ричард Уотли
❤30👍10💯4🕊1
Ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) айтты:
«Фатима — менің бір бөлігім, оны қуантқан адам мені қуантқан, оны ренжіткен адам мені ренжіткен болып саналады.
(Хадис Бұхариде)
*Әр әкенің қызына деген мейірімі осындай болса екен..

❤55👍7🎉1
Мен "Абай жолын" 8 жасымда оқыдым.
© Мұхтар Мағауин
*Сіз ше? )
© Мұхтар Мағауин
*Сіз ше? )
❤46👍13🎉2🏆2
Адамды көзінше айыптау жақсы емес, бұл оның көңіліне тиеді, оны сыртынан айыптау да жақсы емес себебі, сіз оны өсектеген боласыз.
Ең абзалы — адамнан жамандық іздемей, оны байқамай, айыпты өз бойыңнан іздеп, өзгені емес, өзіңді түзетуге тырысу.
© Лев Толстой

👍66❤20👏2🕊1😐1🤝1
Кімнің уайымы асқазанға түсетін нәрсе болса, оның құндылығы содан шығатын нәрсе болады.
© Хазреті Әли (оған Алла разы болсын)
© Хазреті Әли (оған Алла разы болсын)
❤40👍8😢6👏2🕊2🙏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Уақытын босқа жұмсайтын адамдарды, батып бара жатқан кемеде алаңсыз әңгіме дүкен құрып отырған жолаушыларға ұқсатамын.
© Ибн Әл-Жәузи
© Ибн Әл-Жәузи
❤48👍14🔥5👏1😇1
Әр адам баласы, Алланың қайталанбас ерекше жаратылысы. Бірақ, сол адамға көрік беретін де, сол көркін бұлжытпай ұстап тұратын да оның алған — Білімі!
Сіз бір адамның сөзін, постын, кітабын көшіріп алуыңыз мүмкін. Бірақ оның сезімін, қиялын, санасын, бір жағдайға байланысты ұтқыр импровизациясын көшіріп ала алмайсыз. Әр адам өз ойымен сөз сөйлеп, іс қылса — ол өміршең болады. Ал өміршеңдік шынайы болмысты құптайтын адамдарға ұнайды. Солай. 🤎

❤67👍11🔥3😍3🕊2🐳1🍓1
Кітапсүйер
Photo
Рингтің королі, атақты боксер Ислам дінін қабылдаған, ұшқыр ойлы Мұхаммед Алиге қыздары Ханна мен Лейла ашықтау киіммен қонаққа келеді. Сонда болған оқиғаны Ханна Али есіне алып, өз сөзімен төмендегіше әңгімелейді:
"...Біз сіңілім Лейла екеуміз әкемнің үйіне келдік, көлік жүргізушісі бізді әкемнің пәтеріне алып барды. Әдеттегідей, ол бізді қорқыту үшін есіктің артында тығылып тұр екен. Бір бірімізді қуана құшақтап, хәл сұрасып болған соң, әкем бізге мұқият бір қарап алды да, кейін тізесіне отырғызып, ешқашан есімнен кетпейтіндей бір сөз айтты".
Әкем көзіме тура қарап, былай деді: "Қызым Ханна, Алла бұл өмірде құнды еткен нәрсенің барлығы жасырылған, әрі оған оңайлықпен қол жеткізе алмаймыз. Мысалға, гаухар тасты қайдан аламыз? Жердің жеті қабатынан, жабылған, қорғалған жердее аламыз. Інжу моншақты қайдан аламыз? Терең мұхиттің түбінен, әдемі қабыршағымен қорғалған күйде аламыз. Ал алтынды қайдан аламыз? Миллион қабат жер мен тас қабаттарынан қазылған шахтадан аламыз. Оларға жету үшін, біраз еңбек пен тер төгу керек болады..."
Ол маған салмақты көзімен тағы бір қарап: "Қызым Ханна, сенің тәнің гаухар тас пен інжу маржаннан да ардақты, өте бағалы, сондықтан сен де жабық болуың керек", - деп сөзін аяқтады.

❤69👍12🕊2
Кешегі М. Мағауиннің сұхбатын бүгін толық тыңдап біттім. О кісінің бүкіл жазған кітабын, ізденісін, қазақ әдебиетіне жасаған еңбегін ерекше құрметтеймін. Бірақ, дін туралы айтқан пікірімен келіспеймін. Жалпы, ақын жазушылардың бәрі де біз қалағандай сенімде болмауы заңдылық қой. Тура сол секілді біз де (мен де) о кісілердің әр сөзіне бас шұлғып, келісіп кетуді қателік деп есептеймін.
Жәй ғана бір мысал айтайыншы. Мынау қасиетті құранның 114 сүресі болса, соның бәрі де түгел аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен басталады. Жаратушының мейірімінен бастау алып, адам жанына қамқорлық жасау үшін түскен бұл дін, осы жұрттың қай қытығына тигенін түсінбеймін, әйтеуір сынаушылардың қарасы көбейіп-ақ тұр.
Егер мәселе дін ұстанған адамда болса, атын атап, түсін түстеп сол кісілерді ғана айыптаса екен дейсің. Бірақ діннің өзін қараңғылық, надандық немесе дамудан тосатын бөгет деп қарастыру орынсыз пікір.
Иман — бұл жер бетіндегі санаулы адамға ғана берілетін ең құнды нығмет. Онымен бірге өмір сүріп, тек жақсы жағын ғана көріп жүрген соң, оны бұндай төмен бағаға қимайды екенсің.
Мықты деген жазушыдан да қорғағың келеді екен...

💔46👍24❤13🔥2🕊2👏1😢1