Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
👍8🥰2
Кітапсүйер
Photo
Рингтің королі, атақты боксер Ислам дінін қабылдаған, ұшқыр ойлы Мұхаммед Алиге қыздары Ханна мен Лейла ашықтау киіммен қонаққа келеді. Сонда болған оқиғаны Ханна Али есіне алып, өз сөзімен төмендегіше әңгімелейді:

"...Біз сіңілім Лейла екеуміз әкемнің үйіне келдік, көлік жүргізушісі бізді әкемнің пәтеріне алып барды. Әдеттегідей, ол бізді қорқыту үшін есіктің артында тығылып тұр екен. Бір бірімізді қуана құшақтап, хәл сұрасып болған соң, әкем бізге мұқият бір қарап алды да, кейін тізесіне отырғызып, ешқашан есімнен кетпейтіндей бір сөз айтты".

Әкем көзіме тура қарап, былай деді: "Қызым Ханна, Алла бұл өмірде құнды еткен нәрсенің барлығы жасырылған, әрі оған оңайлықпен қол жеткізе алмаймыз. Мысалға, гаухар тасты қайдан аламыз? Жердің жеті қабатынан, жабылған, қорғалған жердее аламыз. Інжу моншақты қайдан аламыз? Терең мұхиттің түбінен, әдемі қабыршағымен қорғалған күйде аламыз. Ал алтынды қайдан аламыз? Миллион қабат жер мен тас қабаттарынан қазылған шахтадан аламыз. Оларға жету үшін, біраз еңбек пен тер төгу керек болады..."

Ол маған салмақты көзімен тағы бір қарап: "Қызым Ханна, сенің тәнің гаухар тас пен інжу маржаннан да ардақты, өте бағалы, сондықтан сен де жабық болуың керек", - деп сөзін аяқтады.
❤69👍12🕊2
Кешегі М. Мағауиннің сұхбатын бүгін толық тыңдап біттім. О кісінің бүкіл жазған кітабын, ізденісін, қазақ әдебиетіне жасаған еңбегін ерекше құрметтеймін. Бірақ, дін туралы айтқан пікірімен келіспеймін. Жалпы, ақын жазушылардың бәрі де біз қалағандай сенімде болмауы заңдылық қой. Тура сол секілді біз де (мен де) о кісілердің әр сөзіне бас шұлғып, келісіп кетуді қателік деп есептеймін.

Жәй ғана бір мысал айтайыншы. Мынау қасиетті құранның 114 сүресі болса, соның бәрі де түгел аса қамқор ерекше мейірімді Алланың атымен басталады. Жаратушының мейірімінен бастау алып, адам жанына қамқорлық жасау үшін түскен бұл дін, осы жұрттың қай қытығына тигенін түсінбеймін, әйтеуір сынаушылардың қарасы көбейіп-ақ тұр.

Егер мәселе дін ұстанған адамда болса, атын атап, түсін түстеп сол кісілерді ғана айыптаса екен дейсің. Бірақ діннің өзін қараңғылық, надандық немесе дамудан тосатын бөгет деп қарастыру орынсыз пікір.

Иман — бұл жер бетіндегі санаулы адамға ғана берілетін ең құнды нығмет. Онымен бірге өмір сүріп, тек жақсы жағын ғана көріп жүрген соң, оны бұндай төмен бағаға қимайды екенсің.
Мықты деген жазушыдан да қорғағың келеді екен...
💔46👍24❤13🔥2🕊2👏1😢1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
"Әйел тұрмай, еркек оянбайды"

(Қазақ мәтелі)
👍46❤10😎6👏5🤔3🐳3🥰1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Ішсем, жесем, ұйықтасам — тән құмары, білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен — жан құмары.

© Абай
Қ.
❤68👍14
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤8
Бір Аллаға сыйынған адам өлмес..

Бір Аллаға сыйынған адам өлмес,
Құдайсыз қу қолынан іс те келмес.
Белін бекем буғанның белі талмас,
Ел бұзса да, адалдық өзгерілмес.

Адамзат өзін-өзі сынау керек,
Тазалық, әділдікті ұнау керек.
Өлсе де тура жолдан мойын бұрмай,
Ақтан көрген бәлеңе шыдау керек.

Не шыда, не залым бол, бірін таңда,
Әйтеуір ақылын тап, ерте қамда.
Момын бол, не бұзақы, не батыр бол,
Қазақ тыныш қоймайды не қылсаң да.

Адалға орын емес қазақ іші,
Тәтті ғұмыр сүре алмас таза кісі.
Өзін асырар қазақтың өнері жоқ,
Бірін-бірі талайды – бар жұмысы.

© Шәкәрім Қ.
❤39👍15🔥2🕊2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адам неғұрлым білімді болса, соғұрлым жалғыздыққа тап болады. Ол әрқашан ұлы адамдардың кітаптарын оқиды және сол кісілер оған парасаттылықты үйретеді.

©️ Фридрих Ницше
🔥56👍16❤11🐳2🕊1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Біз адам баласының қайсысы жақсы амал істейді деп сынау үшін жер үстіндегі нәрселерді жердің көркі қылдық.

*Қәhф сүресі, 7і аят.
❤57👍6🕊3
📖 Негізінде бұл Құран әлемдерге насихаттан басқа нәрсе емес.

*Қалам сүресі, 52ші аят.
❤55👍6🕊2🐳1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
🌏 Победитель любит мир.
🌑 Неудачник его ненавидит.

© Ральф Уолдо Эмерсон
❤36👍10
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Адам кейде мықты болудан да шаршайды..
👍44💔22❤6👏3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
👍1
— Нені көп жоғалтасың?
— Өзімді қадірлемейтін адамдарға уақытымды...
🫡37👍15💔12❤9😁1