Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Бұрын:
Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде.

Кәзір: Бас жарылса тик токта, қол сынса фейсбукте..
🔥20👍7😁6😢4❤3👏2
Алла бәрін реттейді

Жығылсаң да көк мұзға,
Көңіліңді көп бұзба!
Біз алғаш бұл өмірге,
Жылап келген жоқпыз ба?

Қымбат киім бағалас,
Сұрағаның жарамас.
Келгеніңді ұмытпа,
Бұл өмірге жалаңаш.

Ой салмасын әр бәле,
Көңіл көтер ал, қане?!
Мәңгі шаттық жоқ дейсің,
Мәңгі қайғы бар ма не?

Бұйырған бақ кетпейді,
Кімдер қайғы шекпейді?
Жетпейтін қу дуние,
Ешкімге де жетпейді.
Иманыңа берік бол,
Алла бәрін реттейді. ❤️

© Оразбек Қиынбаев
📚 Кітапсүйер
❤55👍13❤‍🔥9👏1
Атқа мінсең риза боласың,
Джипқа мінсең грижа боласың )
😁36👍15❤4👏3🤨2
◟Омар Ибн әл-Хаттаб (رضي الله عنه) айтты:

«Адамды ашумен сынамайынша, оның мінезіне сенбе».
✍51👍20❤9⚡4
Өмірге жалғыз болып келіп, жалғыз болып кетсең де, сол екі ортада адамдарсыз күнің жоқ. Сөйте тұра даралығыңды сақтағың келеді. Даралағың — өзіңнің өмірден тапқан құндылығың. Оны өзгелердің де мойындап, қабылдағанын қалайсың.

Адам неге жалғызсырайды? Өзі үшін ұлы мәнге ортақтасар адам таппағасын шығар.

Кейде, тіпті, сырлас, пікірлес адамың болса да бәрібір сол сезімнен арыла алмайсың. Өйткені, айналаңдағы көп адамның бәрімен әңгімелескенің, калжыңдап күліскенің іштегі жалғыздықты бүркемелеудің жолы ғана екенін сезесің.

Қаның араласса да, жаның қосылмайтын жалғыздығың бар. Ол солай. Солай қалады да.

📚 «Жүз жылдық жалғыздық»
✍ Габриэль Гарсиа Маркес
❤31👍10💔6🕊2
Неге бізде 63 жасты пайғамбар жасы дейді? Негізі пайғамбарымызға пайғамбарлық келген жасы 40 қой.

Әлде 63 деп, пайғамбарымыздың өмір сүрген жас мөлшерін меңзеді ме екен..?
🤔19👍5
Кәзір байқасаңыз кітап тақырыбындағы телеграм арналарының көбі кітап салуды азайтты. Бізде де солай. Себебі, ескі кітаптардың көбін 3/4 жылдың ішінде арнаға салып қойдық. Ал, жаңа кітаптарды таратуға рұқсат жоқ.(Баспаханалар аңдып отыр)

Десе де, бұл білім алмауға немесе мұңаюға себеп емес. Мүмкін бұл керісінше дамуға жасалып жатқан жаңа қадам.

Мен, назарларыңызға бізде осы соңғы жылдарда көп сұранысқа ие болған, арадан қанша уақыт өтсе де өз салмағын жоғалтпайтын, көп талқыға түсіп, елден жақсы бағасын алған топ 10 автордың 3 шығармасын ұсынғым келіп отыр.

Бұларды оқымағандар оқып, оқығандар қайта оқып тұрса да берері таусылмай ең мықты шығармалар деуге әбден болады.
⚡20❤11👍9
• Дулат Исабеков

1 Гаухар тас
2 Қарғын
3 Бекет

• Әзілхан Нұршайықов

1 МҚМЖ
2 Мәңгілік махаббат жыры
3 Ақиқат пен аңыз

• Ілияс Есенберлин

1 Ғашықтар
2 Махаббат мейрамы
3 Алтын құс

• Оралхан Бөкей

1 Атау кере
2 Қар қызы
3 Қайдасың қасқа құлыным?

• Шерхан Мұртаза

1 Қызыл жебе
2 Ай мен Айша
3 Бір кем дүние

• Төлен Әбдік

1 Парасат майдан
2 Оң қол
3 Тұғыр мен ғұмыр

• Мұхтар Әуезов

1 Абай жолы
2 Қорғансыздың күні
3 Қилы заман

• Мұхтар Мағауин

1 Әйел махаббаты
2 Шақан шері
3 Бір атаның балалары

• Бексұлтан Нұржекеұлы

1 Ерлі зайыптылар
2 Әй, дүние-ай!
3 Бір өкініш, бір үміт.

• Жүсіпбек Қорғасбек

1 Жансебіл
2 Үлпілдек
3 Көкжалдар
👍47❤21🏆2🔥1
Әлемдік деңгейдегі әйгілі жазушы Агата Кристи былай дейді:

"Біз қатты күлгенде, қиялдағанда, бір-бірімізді құшақтағанда, ойланғанда және жан тыныштығына жеткенде неге көздерімізді жұмамыз?

Себебі, өмірдегі ең жақсы нәрсені ешқашан көзіңмен көре алмайсың, оны тек жүрегіңмен сезесің".
❤71👍13🥰4🔥2
Адалдықтың бәйгесіне атыңды қос, озсаң да - олжалысың, қалсаң да - олжалысың.

© Төлен Әбдік
👍39❤4🔥3🥰1👏1
— Для того, чтобы найти счастье с мужчиной, нужно хорошо его понимать и немножко любить.

— Для того, чтобы найти счастье с женщиной, нужно сильно её любить и даже не пытаться понять. )

© Витольд Зехентер
❤29😁9👍6🔥3🥰1🕊1
🕌 “Аллаһ елшісі ﷺ :

“Расында, күндердің ең абзалы — жұма. Сол күні маған көптеп салауат айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі”.
👍40❤19🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
📚 Абу Хурайра Аллаһ Елшісінің ‎ﷺ былай дегенін баяндаған:

«Білім алып, оны басқаларға жеткізбеген адам, қазына жинап, оны жұмсамаған адам секілді»

(«әс-Сахиха»,  3479).
❤34👍15💔3🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Абу Хурайрадан Аллаһ Елшісінің‎ﷺ  былай дегені жеткізіледі:

«Адамға күнә (істеген болуы)  үшін естігенінің бәрін айтқаны жеткілікті»

(«әс-Сахиха»,  2025).
💔24👍8❤6🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤3
Жәбир Пайғамбар ‎ﷺ былай дегенін баяндаған:

«Аллаһ Тағаладан пайдалы білім сұраңдар және Аллаһ Тағаладан пайдасыз білімнен пана тілеңдер»

(«әс-Сахиха», 1511).
👍40❤15🔥2🙏1