Пайғамбарымыз ﷺ:
"Адамдарға алғашқы пайғамбарлықтан жеткен сөздердің ең соңғысы - "Ұялмасаң, қалағаныңды істе!»"
"Адамдарға алғашқы пайғамбарлықтан жеткен сөздердің ең соңғысы - "Ұялмасаң, қалағаныңды істе!»"
👍39❤7🔥4💔3
Пайғамбарымыз ﷺ:
«Мизан таразысындағы ең салмақты нәрсе — көркем мінез».
«Мизан таразысындағы ең салмақты нәрсе — көркем мінез».
❤48👍10
Айша анамыз Аллаһ Елшісінің ﷺ былай деп айтқанын жеткізген:
«Егер Аллаһ Тағала әлдебір үйге игілік қаласа, оның тұрғындарына жұмсақтық сыйлайды»
«Егер Аллаһ Тағала әлдебір үйге игілік қаласа, оның тұрғындарына жұмсақтық сыйлайды»
❤48👍5👌3
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍36❤2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💯24👍10❤7🕊3💔2
Ұмытып кетпе Құдайды.
Қарызға берген уақытын,
Сұрайды ертең, сұрайды...
Берілме бекер құр ойға,
Езілме, босқа мұңайма.
Ойланшы, не істеп отырсың,
Не дейсің ертең Құдайға?!
Аспанда тұрған Күн-сағат,
Барлығын байқап тұр санап.
Кірерсің мүмкін жұмаққа,
Сауапқа батсаң бір сағат?!
Жақсылық жаса, қайыр қыл,
Ажалың келсе, дайын жүр.
Уақытың өтпей тұрғанда,
Иманың үшiн уайым қыл
Мейірімі түсіп Құдайдың,
Болсыншы ұзақ жыл, ай, күн,
Уақытыңды алсам бекерге,
Халқымнан кешірім сұраймын.
© Алмас Темірбай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤46👍10🔥3🕊1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤55👍14🔥3😴3👏2
Бәйге бермей самғасын атың алда!
Аларыңды алып қал бүгініңнен,
Күн бар ғой деп ертеңнен қапы қалма!
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤42👍14👏1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤53👍14🔥2😢1
Бірақ менің жұмыстан өзге де қуанар ісім көп болды. Түптеп келгенде, байлық – жай ғана менің бойым үйренген өмірдің бір фактісі.
Дәл қазір төсекке таңылып жатып өткен өмірімді көз алдымнан өткізсем, жанымды алмай қоймайтын ажалдың алдында байлығымның еш мәні жоқ екен.
Сіз көлігіңізді жүргізушіге тапсыруыңыз мүмкін, сіз үшін өзге біреу ақша табуы мүмкін, алайда ешкім сіздің ауруыңызды өзіне алып, сіздің орныңызға төсек тартып жата алмайды.
Материалдық құндылықтарды қашан да табуға, сатып алуға болады, бірақ тауып та, сатып та ала алмайтын бір нәрсе бар, ол – «сіздің өміріңіз».
Өзгелерді құрметтеп, өзіңізге еркіндік беріңіз.
Жас ұлғайған сайын ақыл тоқтатамыз, осылай жүре-жүре $30 тұратын сағат та, $300 тұратын сағат та бір уақытты көрсететінін түсінеміз.
$30 тұратын әмиян ұстасақ та, $300 тұратын әмиянымыз болса да, ішіндегі ақшаның саны бірдей болады.
150 000 доллардың көлігін мінсек те, 30 000 доллар тұратын көлік айдасақ та, межелі жерге бұйырған уақытында жетеміз.
300 шаршы метрді құрайтын жерде тұрсаң да, 3 000 шаршы метр жерде тұрсаң да, жалғыз болсаң бәрібір жалғызсың.
Ішкі әлеміңіздің бақыты бұл әлемнің материалдық заттарымен өлшенбейді.
Жоғары класс билетін алсаңыз да, эконом-класс билетімен ұшсаңыз да, ұшақ жерге құласа, сіз де бірге құлайсыз.
Жаныңызды түсінетін достарыңыз не жай ғана ашық әңгімелесе алатын таныстарыңыз болса, бақыт деген – сол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30❤14🔥2💯2
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤49👍10🤝2🤔1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍34❤14👏2🕊2
Авторы: Аид әл-Қарни
Бағасы: 2990
Авторы: Санжар Керімбай
Бағасы: 3000
Авторы: Нұрсұлтан Р.
Бағасы: 5500
Авторы: Балтабай. Б
Бағасы: 7499
Авторы: Ибрагим. Д
Бағасы: 3700
Авторы: Қайрат Ж.
Бағасы: 5995
Авторы: Теңлібаева
Бағасы: 3600
Авторы Четин. Ф
Бағасы: 1500
Авторы: Аширбаева Р.
Бағасы: 4460
Авторы: Тазабеков М.
Бағасы: 4386
Кітапсүйер
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27❤8
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍78❤28👏2🔥1
Сонда оқырман ретінде іштей қарама-қайшылыққа түседі екенсің. "Соқыр тауыққа бәрі бидай" дегендей, біз әр шығарманы өз деңгейінен асырып қабылдаймыз ба әлде жазушылардың деңгейі бөлек болған соң олар біз байқамаған тұстан көре ме? білмеймін.
Осыған қатысты сіз не айтасыз, кітапты кім қалай бағалайды?
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤5
1. Ол клиенттерге товарды өте көркем түрде жарнамалай отырып сата алады. ))
2. Клиенттің не айтқысы келіп тұрғанын жарты сөзінен түсінеді.
3. Клиентті товар туралы ақпаратқа тойдырып жібере алады.
4. Жұмыстан бос уақытта пайдалы кітаптар оқиды.
5. Тыңдау және сөйлеу мәдениеті мықты болады. Реті келсе дүкеннің бір бұрышын кітап сөресіне айналдырып жібергісі келіп тұрады )
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40👍13🥰3🤣2
Түсінеді тұңғиық кезімізде.
Ер адамнан күтеміз ерлік қана,
Қулық деген жетеді өзімізде.
Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен.
Құрсын соғыс ерлерді азып күткен.
Өжеттікпен, өрлікпен емес, қыздар,
Жігіттерді сыйлайық нәзіктікпен.
Ерлер жоқта мәні жоқ тіпті үміттің.
Ерлер жоқта сәні жоқ түк қылықтың.
Жүк ауырын көтерсе азаматтар,
Керегі не әйелге мықтылықтың?!
Осы өлеңмен демеймін мәз етемін.
Мойындадық қыс кетіп, жаз өтерін.
Мойындаудан қашамыз неге бірақ
Жер бетінде ерлердің аз екенін.
Әртүрлі іспен жадыңда қалады әр күн,
Көзі жетер ойменен қарағанның.
Теңдік алған әйелден әлдеқайда
Биік әлі орыны ер адамның.
О, арулар, сәндеп шаш тарағандар,
Жігіттерге биіктен қарамаңдар.
Өмір ұлы көш болса, баяғыдан
Алға тартып келеді ер адамдар.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤24👍12😐3