Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
✨ Бақыт өзі келер деп жатып алма,
Бәйге бермей самғасын атың алда!
Аларыңды алып қал бүгініңнен,
Күн бар ғой деп ертеңнен қапы қалма!

©️Тұманбай Молдағалиев
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤42👍14👏1
📍 Қадіріңді еске салу үшін де, алыс кетіп тұру керек жақыннан..
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤53👍14🔥2😢1
🍏 «Мен іскерлік әлемде өз шыңымды бағындырдым, сырт көз менің өмірімді жетістіктің мәні секілді қабылдады.

Бірақ менің жұмыстан өзге де қуанар ісім көп болды. Түптеп келгенде, байлық – жай ғана менің бойым үйренген өмірдің бір фактісі.
Дәл қазір төсекке таңылып жатып өткен өмірімді көз алдымнан өткізсем, жанымды алмай қоймайтын ажалдың алдында байлығымның еш мәні жоқ екен.

Сіз көлігіңізді жүргізушіге тапсыруыңыз мүмкін, сіз үшін өзге біреу ақша табуы мүмкін, алайда ешкім сіздің ауруыңызды өзіне алып, сіздің орныңызға төсек тартып жата алмайды.

Материалдық құндылықтарды қашан да табуға, сатып алуға болады, бірақ тауып та, сатып та ала алмайтын бір нәрсе бар, ол – «сіздің өміріңіз».
Өзгелерді құрметтеп, өзіңізге еркіндік беріңіз.

Жас ұлғайған сайын ақыл тоқтатамыз, осылай жүре-жүре $30 тұратын сағат та, $300 тұратын сағат та бір уақытты көрсететінін түсінеміз.

$30 тұратын әмиян ұстасақ та, $300 тұратын әмиянымыз болса да, ішіндегі ақшаның саны бірдей болады.
150 000 доллардың көлігін мінсек те, 30 000 доллар тұратын көлік айдасақ та, межелі жерге бұйырған уақытында жетеміз.

300 шаршы метрді құрайтын жерде тұрсаң да, 3 000 шаршы метр жерде тұрсаң да, жалғыз болсаң бәрібір жалғызсың.

Ішкі әлеміңіздің бақыты бұл әлемнің материалдық заттарымен өлшенбейді.
Жоғары класс билетін алсаңыз да, эконом-класс билетімен ұшсаңыз да, ұшақ жерге құласа, сіз де бірге құлайсыз.

Жаныңызды түсінетін достарыңыз не жай ғана ашық әңгімелесе алатын таныстарыңыз болса, бақыт деген – сол.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30❤14🔥2💯2
🫀 Әр адамға жетпей жүрген бір көңіл..
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤49👍10🤝2🤔1
〰️ Дұға (кейбір) — құдай алдында өз өзіңе "өзгеремін" деп берген уәдең.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍34❤14👏2🕊2
📚 Діни және рухани бағытта көп таралымға ие болып жатқан кітаптар тізімін ұсынамын. Кітап дүкеніне кіргенде ұмытып қалмас үшін осы постты сақтап алыңыз. ✔️

1⃣ Мұңайма
Авторы: Аид әл-Қарни
Бағасы: 2990

2⃣ Қуыс кеуде
Авторы: Санжар Керімбай
Бағасы: 3000

3⃣ Олар пайғамбарымызды осылай сүйген еді
Авторы: Нұрсұлтан Р.
Бағасы: 5500

4⃣ Жүрек тыныштығы
Авторы: Балтабай. Б
Бағасы: 7499

5⃣ Адамзаттың асыл тәжі
Авторы: Ибрагим. Д
Бағасы: 3700

6⃣ Кемел адам
Авторы: Қайрат Ж.
Бағасы: 5995

7⃣ Әзіреті Айша
Авторы: Теңлібаева
Бағасы: 3600

8⃣ Ғайбат (Басқа пәле тілден)
Авторы Четин. Ф
Бағасы: 1500

9⃣ Сен жалғыз емессің
Авторы: Аширбаева Р.
Бағасы: 4460

🔟 Еркем өмірің болсын көркем
Авторы: Тазабеков М.
Бағасы: 4386

Кітапсүйер 🖥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍27❤8
📍 Жер сілкінбесе де келіп тұрыңдар

©️ Мешіт
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍78❤28👏2🔥1
Мешітке келушілер көбіне 5 жағдайда болады:

1.  Неке қию үшін 
2. Табыт іздеп келеді (кісі өлгенде) 
3.  Күнделікті намаз оқиды (тұрақты жамағат)
4.  Апатты жағдайда 
5.  Суретке түсу үшін (тәлпіш) 

*Абзалы үшіншісі
❤51💔8😁7👍4🔥3🕊1🐳1
📚 Алдын осы Шархан Қазығұлдың  "Күлпет" романын оқыған едім. Роман дегенде анау айтқандай қалың роман емес. 190 бетті ғана кұрайды. Бір оқығаннан ұнағаны, өз әсерін қалдырғаны рас. Бірақ, кейін Дулат Исабековтың соңғы сұхбатында байқағаным, о кісі күлпеттің күлін көкке ұшырардай төмен бағасын берді. )

Сонда оқырман ретінде іштей қарама-қайшылыққа түседі екенсің. "Соқыр тауыққа бәрі бидай" дегендей, біз әр шығарманы өз деңгейінен асырып қабылдаймыз ба әлде жазушылардың деңгейі бөлек болған соң олар біз байқамаған тұстан көре ме? білмеймін.

Осыған қатысты сіз не айтасыз, кітапты кім қалай бағалайды? 🖤
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤5
🔖Кітап оқитын адамды жұмысқа алудың 5 артықшылығы:

1. Ол клиенттерге товарды өте көркем түрде жарнамалай отырып сата алады. ))

2. Клиенттің не айтқысы келіп тұрғанын жарты сөзінен түсінеді.

3. Клиентті товар туралы ақпаратқа тойдырып жібере алады.

4. Жұмыстан бос уақытта пайдалы кітаптар оқиды.

5. Тыңдау және сөйлеу мәдениеті мықты болады. Реті келсе дүкеннің бір бұрышын кітап сөресіне айналдырып жібергісі келіп тұрады )
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤40👍13🥰3🤣2
⚜️Ер адамның демеу әр сөзі бізге.
Түсінеді тұңғиық кезімізде.
Ер адамнан күтеміз ерлік қана,
Қулық деген жетеді өзімізде.

Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен.
Құрсын соғыс ерлерді азып күткен.
Өжеттікпен, өрлікпен емес, қыздар,
Жігіттерді сыйлайық нәзіктікпен.

Ерлер жоқта мәні жоқ тіпті үміттің.
Ерлер жоқта сәні жоқ түк қылықтың.
Жүк ауырын көтерсе азаматтар,
Керегі не әйелге мықтылықтың?!

Осы өлеңмен демеймін мәз етемін.
Мойындадық қыс кетіп, жаз өтерін.
Мойындаудан қашамыз неге бірақ
Жер бетінде ерлердің аз екенін.

Әртүрлі іспен жадыңда қалады әр күн,
Көзі жетер ойменен қарағанның.
Теңдік алған әйелден әлдеқайда
Биік әлі орыны ер адамның.

О, арулар, сәндеп шаш тарағандар,
Жігіттерге биіктен қарамаңдар.
Өмір ұлы көш болса, баяғыдан
Алға тартып келеді ер адамдар.

©️Күләш Ахметова - Ер адамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤24👍12😐3
▪️Сіздерге мынадай бір сұрақ қояйыншы. Ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар. Кәзір байқасаңыз кім көп, бизнесмен мотиваторлар көп заман болды ғой. Олардың біршамасының әңгімесін тыңдап та көрдім. Сонда мына түсінікте екі жақты пікірді қиылыстыра алмадым.

🔼Бизнесмендер ортаны ауыстыруға, өзіңнен бірнеше есе жағдайы жақсы адамдармен араласуға шақырады. Мысалы: Төрт миллионермен жақын араласа бастасаң солар секілді ойланасың да, бесінші миллионер сен боласың деген секілді түсінікті алға тартады.

🔅Ал, дінімізде — дүние мәселесінде өзіңнен жоғарыға емес, кересінше жағдайы төменге қарау керек дейді. Себебі, адам өзінде жоқты ойлай берсе, өзінің кәзіргі жағдайына күпірлік қылып, тағдырына налып шүкірін ұмытады дейді.

Сіз қалай ойлайсыз, осы екі түрлі пікірді қалай ұштастырар едіңіз? ✏
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔15❤5👍5🤷‍♀1
🌺Мені ешкім сағынбасын.
Сен сағын!..
Сағын... көзден үзіп мұңның моншағын.
Дәл осылай сағынуға бола ма?
– деп, таңғалсын
Аспан.
Ай.
Күн.
Жер шары!..

Мені ешкім іздемесін.
Сен ізде!..
Ізгі өлеңі іздемеді дегізбе!
Дәл осылай бола ма екен сүюге?
– деп таңғалсын
Өзен,
Мұхит,
Теңіз де!..

Мені ешкім ойламасын.
Сен ойла!..
Сен ойласаң, мен сеземін қалайда...
Сезе тұрып айта алмаған тіл ғәріп,
Көз өтірік айта алмайды алайда!..

Мені ешкім аңсамасын.
Сен аңса!..
Аңсауларда армандар бар о, қанша?!.
...Жер бетінен пәк махаббат жоғалса,
Ғұмыр кешу қиын маған адамша!..

🪶 Қалқаман Сарин - Сен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍36❤18🥰4💔4🔥2
☀️Сен біреудің ғайыбын ашпа,
Түн сықылды перде тарт.
Күн сықылды аша берме,
Жер жүзінің әр сырын.

Кісі бағын деме бағым,
Өз денеңді нұрлы қыл.
Ай сықылды болма жарық,
Қарыз алып күн нұрын.

Күн сықылды көпке білдір,
Шықты ма күн, батты ма?
Ай сықылды айтып ұқтыр,
Қанша ғұмыр өткенін.

Түн сықылды тым түнеріп,
Көзді тартып байлама.
Күндізі бол, байқасын жұрт
Келгені мен кеткенін.

Сусағанның сусыны бол,
Су сықылды сұп - суық.
Бірақ ондай болма салқын,
Ел көңілін қалдырып.

От сықылды жылы болсын,
Жүзіңіз бен сөзіңіз.
Бірақ ондай мархаматсыз,
Болма өртеп жандырып.

Жел сықылды желпі жұрттың
Шаршағанын, талғанын.
Жықпа үйін, болма құйын,
Қылма жаман аманын.

Жер сықылды пайдалы бол,
Пайдалансын ел сенен.
Тасты жердей болма қатты,
Тілме жұрттың табанын.

Сен бұлттай бол көлеңке,
Мезгілімен бер жауын.
Сел ағызба, жай түсірме,
Бұзба елдің шаруасын.

Дариядай дап-дайын бол,
Пароходпен жүрсе де.
Болма толқын, ашпа құлқын
Жұтамын деп баршасын!

🪶 Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28❤11
🪶 Жалғас Қазыбек
📕 "Аққұйын"
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔45😢24❤11👍3🔥1
❤41👍7🔥3
🤎Кітап оқу - адамға өте көп пайда әкелетін тамаша хобби. Төменде кітапты үнемі оқуға қатысты бірнеше кеңестер ұсынамыз:

📒 1. Мақсат қойыңыз. Айына немесе жылына қанша кітап оқығыңыз келетіні туралы алдыңызға мақсат қойыңыз.

✍️ 2. Жоспар құру. Кітап оқуға уақыт бөліңіз және оны күнделікті жасалатын істер қатарына қосыңыз. Мысалы, таңертең салқын миға, ұйықтар алдында немесе түскі үзіліс кезінде оқыңыз.

🤎 3. Қызықты кітаптарды таңдаңыз. Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша кітаптарды іздеңіз және өз қалауыңызға ұнамды кітапты ғана оқыңыз.

🤎 4. Кітап оқуды қызықты етіңіз. Оқуға ыңғайлы орын табыңыз, жайлы атмосфера жасаңыз, бір шыны шай немесе дәмді кофені ұрттай отырып оқыңыз.

🤎 5. Кітаптар туралы әңгімелесу. Оқыған кітаптарыңызды достарыңызбен талқылаңыз немесе кітапсүйер секілді оқу клубына қосылыңыз.

🎶 6. Аудиокітаптарды пайдаланыңыз. Оқуға уақытыңыз болмаса, аудиокітаптарды жолда немесе жаттығу кезінде тыңдаңыз.

🤎 7. Кітап ауыстырудан қорықпаңыз. Егер сізге бастаған кітабыңыз ұнамаса, оны тастап, басқасын оқудан тартынбаңыз. Сізге қызық емес нәрсені оқуға уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍63❤21🔥5🥰5
❤️Сосын не ғой, барынша Рекацияларыңызды аямасаңыздар. Сіздерге қиын емес, ал маған ұнайды. 😊 Алла разы болсын! 🟢

Әйтпесе жарнаманы көбейтіп жіберем десең (әзіл)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰109👍47❤32😁9❤‍🔥6👏4⚡3🎉3🕊3🐳3🔥2
Кітапсүйер
❤️Сосын не ғой, барынша Рекацияларыңызды аямасаңыздар. Сіздерге қиын емес, ал маған ұнайды. 😊 Алла разы болсын! 🟢 Әйтпесе жарнаманы көбейтіп жіберем десең (әзіл)
Әп берекелді, қандай сүйкімді! Бар екенсіздер ғой 🔥 😍

Енді осыны әр постқа қайталап отырайық ❤️ 💐 🎉
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤52👍15🥰5😁4😍4🐳4💘2🔥1🎉1🤩1