Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
⚜️Ер адамның демеу әр сөзі бізге.
Түсінеді тұңғиық кезімізде.
Ер адамнан күтеміз ерлік қана,
Қулық деген жетеді өзімізде.

Ерлер жайлы жоқ тарих жазып біткен.
Құрсын соғыс ерлерді азып күткен.
Өжеттікпен, өрлікпен емес, қыздар,
Жігіттерді сыйлайық нәзіктікпен.

Ерлер жоқта мәні жоқ тіпті үміттің.
Ерлер жоқта сәні жоқ түк қылықтың.
Жүк ауырын көтерсе азаматтар,
Керегі не әйелге мықтылықтың?!

Осы өлеңмен демеймін мәз етемін.
Мойындадық қыс кетіп, жаз өтерін.
Мойындаудан қашамыз неге бірақ
Жер бетінде ерлердің аз екенін.

Әртүрлі іспен жадыңда қалады әр күн,
Көзі жетер ойменен қарағанның.
Теңдік алған әйелден әлдеқайда
Биік әлі орыны ер адамның.

О, арулар, сәндеп шаш тарағандар,
Жігіттерге биіктен қарамаңдар.
Өмір ұлы көш болса, баяғыдан
Алға тартып келеді ер адамдар.

©️Күләш Ахметова - Ер адамдар
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤24👍12😐3
▪️Сіздерге мынадай бір сұрақ қояйыншы. Ойларыңызбен бөлісе отырыңыздар. Кәзір байқасаңыз кім көп, бизнесмен мотиваторлар көп заман болды ғой. Олардың біршамасының әңгімесін тыңдап та көрдім. Сонда мына түсінікте екі жақты пікірді қиылыстыра алмадым.

🔼Бизнесмендер ортаны ауыстыруға, өзіңнен бірнеше есе жағдайы жақсы адамдармен араласуға шақырады. Мысалы: Төрт миллионермен жақын араласа бастасаң солар секілді ойланасың да, бесінші миллионер сен боласың деген секілді түсінікті алға тартады.

🔅Ал, дінімізде — дүние мәселесінде өзіңнен жоғарыға емес, кересінше жағдайы төменге қарау керек дейді. Себебі, адам өзінде жоқты ойлай берсе, өзінің кәзіргі жағдайына күпірлік қылып, тағдырына налып шүкірін ұмытады дейді.

Сіз қалай ойлайсыз, осы екі түрлі пікірді қалай ұштастырар едіңіз? ✏
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤔15❤5👍5🤷‍♀1
🌺Мені ешкім сағынбасын.
Сен сағын!..
Сағын... көзден үзіп мұңның моншағын.
Дәл осылай сағынуға бола ма?
– деп, таңғалсын
Аспан.
Ай.
Күн.
Жер шары!..

Мені ешкім іздемесін.
Сен ізде!..
Ізгі өлеңі іздемеді дегізбе!
Дәл осылай бола ма екен сүюге?
– деп таңғалсын
Өзен,
Мұхит,
Теңіз де!..

Мені ешкім ойламасын.
Сен ойла!..
Сен ойласаң, мен сеземін қалайда...
Сезе тұрып айта алмаған тіл ғәріп,
Көз өтірік айта алмайды алайда!..

Мені ешкім аңсамасын.
Сен аңса!..
Аңсауларда армандар бар о, қанша?!.
...Жер бетінен пәк махаббат жоғалса,
Ғұмыр кешу қиын маған адамша!..

🪶 Қалқаман Сарин - Сен
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍36❤18🥰4💔4🔥2
☀️Сен біреудің ғайыбын ашпа,
Түн сықылды перде тарт.
Күн сықылды аша берме,
Жер жүзінің әр сырын.

Кісі бағын деме бағым,
Өз денеңді нұрлы қыл.
Ай сықылды болма жарық,
Қарыз алып күн нұрын.

Күн сықылды көпке білдір,
Шықты ма күн, батты ма?
Ай сықылды айтып ұқтыр,
Қанша ғұмыр өткенін.

Түн сықылды тым түнеріп,
Көзді тартып байлама.
Күндізі бол, байқасын жұрт
Келгені мен кеткенін.

Сусағанның сусыны бол,
Су сықылды сұп - суық.
Бірақ ондай болма салқын,
Ел көңілін қалдырып.

От сықылды жылы болсын,
Жүзіңіз бен сөзіңіз.
Бірақ ондай мархаматсыз,
Болма өртеп жандырып.

Жел сықылды желпі жұрттың
Шаршағанын, талғанын.
Жықпа үйін, болма құйын,
Қылма жаман аманын.

Жер сықылды пайдалы бол,
Пайдалансын ел сенен.
Тасты жердей болма қатты,
Тілме жұрттың табанын.

Сен бұлттай бол көлеңке,
Мезгілімен бер жауын.
Сел ағызба, жай түсірме,
Бұзба елдің шаруасын.

Дариядай дап-дайын бол,
Пароходпен жүрсе де.
Болма толқын, ашпа құлқын
Жұтамын деп баршасын!

🪶 Шәкәрім Құдайбердіұлы.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍28❤11
🪶 Жалғас Қазыбек
📕 "Аққұйын"
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
💔45😢24❤11👍3🔥1
❤41👍7🔥3
🤎Кітап оқу - адамға өте көп пайда әкелетін тамаша хобби. Төменде кітапты үнемі оқуға қатысты бірнеше кеңестер ұсынамыз:

📒 1. Мақсат қойыңыз. Айына немесе жылына қанша кітап оқығыңыз келетіні туралы алдыңызға мақсат қойыңыз.

✍️ 2. Жоспар құру. Кітап оқуға уақыт бөліңіз және оны күнделікті жасалатын істер қатарына қосыңыз. Мысалы, таңертең салқын миға, ұйықтар алдында немесе түскі үзіліс кезінде оқыңыз.

🤎 3. Қызықты кітаптарды таңдаңыз. Сізді қызықтыратын тақырыптар бойынша кітаптарды іздеңіз және өз қалауыңызға ұнамды кітапты ғана оқыңыз.

🤎 4. Кітап оқуды қызықты етіңіз. Оқуға ыңғайлы орын табыңыз, жайлы атмосфера жасаңыз, бір шыны шай немесе дәмді кофені ұрттай отырып оқыңыз.

🤎 5. Кітаптар туралы әңгімелесу. Оқыған кітаптарыңызды достарыңызбен талқылаңыз немесе кітапсүйер секілді оқу клубына қосылыңыз.

🎶 6. Аудиокітаптарды пайдаланыңыз. Оқуға уақытыңыз болмаса, аудиокітаптарды жолда немесе жаттығу кезінде тыңдаңыз.

🤎 7. Кітап ауыстырудан қорықпаңыз. Егер сізге бастаған кітабыңыз ұнамаса, оны тастап, басқасын оқудан тартынбаңыз. Сізге қызық емес нәрсені оқуға уақыт жоғалтудың қажеті жоқ.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍63❤21🔥5🥰5
❤️Сосын не ғой, барынша Рекацияларыңызды аямасаңыздар. Сіздерге қиын емес, ал маған ұнайды. 😊 Алла разы болсын! 🟢

Әйтпесе жарнаманы көбейтіп жіберем десең (әзіл)
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰109👍47❤32😁9❤‍🔥6👏4⚡3🎉3🕊3🐳3🔥2
Кітапсүйер
❤️Сосын не ғой, барынша Рекацияларыңызды аямасаңыздар. Сіздерге қиын емес, ал маған ұнайды. 😊 Алла разы болсын! 🟢 Әйтпесе жарнаманы көбейтіп жіберем десең (әзіл)
Әп берекелді, қандай сүйкімді! Бар екенсіздер ғой 🔥 😍

Енді осыны әр постқа қайталап отырайық ❤️ 💐 🎉
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤52👍15🥰5😁4😍4🐳4💘2🔥1🎉1🤩1
Жақындарыңызға көбірек қамқорлық жасаңыз,
Себебі гүлдер де "маған су бер" деп айта алмайды 🤎
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍87❤51🔥10🕊8🐳2💔2💘2
– Совесть мучает обычно тех, кто не виноват.

©️ Ремарк
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍50❤18💯9💔7🕊3🔥2❤‍🔥1🐳1
Кітап оқу — жарты бақыт. Ал, сол кітапты талқылайтын екінші адамыңның болуы, сол бақыттың бірнеше еселенгені.. 🤎
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰72❤34👍16🔥7🍓5🐳3💯3💔2❤‍🔥1🤗1💘1
Кейін қызым өзіне гүл сыйлаған алғаш жігітке бірден ғашық болып қалмас үшін, анда-санда оған гүл сыйлап тұрамын.

© Фатих Дуз, түрік дәрігері

Кітапсүйер 🖥
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍127❤57👏12💔9😢8😁5🐳2😨2
Мен бүкіл адамдарды барынша жоғары деңгейде құрметтеуге тырысамын.

Кейін, олар өздері "кейбір сөздері, кейбір іс әрекеттері" арқылы. Бұл жоғары деңгейден бас тартып, төмен деңгейді өтініш жасап, сұрап алады. Төмен деңгейді сұрап тұрған адамға қалай жоғары деңгейді бересің? Өзіне де сол керек дейсің де.. ✔️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤46👍18🔥4🤣4👏3😍1🐳1💔1
— "Әй, сен өзі намазды қай мәзhабпен оқисың?"- деді

— Ішімдікке тойып алған бір ата.
💔40😐11👍7🙈7🔥5❤4😢4👏1🕊1🐳1
— Демалыста жайбарақат күні оқылмаған кітаптың, жұмыс күні қарбаласта оқылуы екі талай.

*Біз тек өзімізді алдаудың шеберіміз❕
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍62💔14❤7💯7🥰2👨‍💻1
— Балам, мына телефонды көріп берші, блокқа түсіп қалған секілді?

— Түу Мама! Әкеш бері, осы сіз дымды да білмейсіз..

— Үнсіздік...
💔74😢24🤣5❤2👍2🔥2
Мінезі күйеуінің болса шадыр,
Күні-түні тепкілесе бермей дамыл.
Өмірден ол сияқты сорлы əйелге,
Өзі тар, өзі суық артық қабыр.

Сорлыға төз келмесе бір күн ажал,
Қорлықпен өмір сүріп қайтса ажар,
Атанып кəрілікте «мыстан кемпір»,
Жұрт одан жеркенеді көріп тажал.

Тұрады өмір деуге мұның несі,
Көрерің қай ауылға барсаң осы.
Осылай күн кешеді сорлы қыздың
Дəл жүзден санап тұрсаң тоқсан бесі.

🪶 Сәбит Мұқанов
📖 "Өмір мектебі"
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍20❤13💔9👏3
▪ «Күнде қайталана беретін құбылыс. Бүгінгі күн кешегінің көшірмесі. Шаршадым! 🥴»

-деп ойланатын сәттер болады адам өмірінде. Айналамыздағы адамдар, іс-әрекеттерге тіпті өзімізге көңіліміз толмайтын уақыт. Бұл сезім жалғасса, деградацияға тап болуымыз мүмкін. Сондықтан күнделікті өзіңді шабыттандырып, жаңа көкжиектерге ұмтылу керек.

«Өмірін өзгеркісі келетіндерге» кітапсүйерден 3 кеңес:

🤎 1. Шешім қабылдаудан қорықпау.
Дүйсенбіні күтпе. Ойыңды жинақта, 7 рет өлшеп 1 рет кес. Жауапкершіліктен қашпа.

🤎 2. Шаблондардан аулақ бол!

Өзгенің өмір тәжірибесі, айтқан ақылы-мұның барлығы керемет, әрине. Бірақ сен-индивидсің. Өз өміріңнің суретін өзің сал.

🤎 3. Әр сәтіңнен ләззат ал.

Қаймықпа, соңы не болар екен деп қамықпа. Дәл осы сәт-сенің өмірің. Әр күн-өзгермейтін тарих. Қорқа берсең – өмір қараңғы көрінеді. Ал оны ашық түстермен әсемдейтін, ұмытылмас эмоциялармен безендіретін өзіңсің, Тек — Өзің.

Кітапсүйер ▪
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍43❤6🔥4😁1