Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
• Вино - харам, жүзім шырыны - халал.
Екеуі де жүзімнен алынады.

• Тәкәппарлық - харам, өз-өзіңді бағалау - халал.
Екеуі де адамның мінез-құлықтарынан.

• Қабыл - қылмыскер, Абыл - зардап шегуші.
Екеуі де Адам Атаның ұрпағы.

• Тозақ - жаман, Жұмақ - жақсы. Екеуі де нәтиже.

Уа, Раббым! Бізді харам ас-сусыннан, жаман мінезден, тексіз ұрпақтан, бізді тозаққа түсіретін сөз бен амалдан сақта!

@kitapsuyer
❤111👍32💔7🥰4👏1🤯1🎉1
🎀 Абыройыңа қатты көңіл бөл, өйткені, ол сенен көбірек өмір сүреді.

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍60❤20🔥11
🧠 Адамға қалай ұнауға болады?

🎭
Сіздің ортаңызда 99% жұмыс істейтін қарапайым лайфхак бар. Диалогты «маған түсіндірші», «үйретші», «көрсетші» және т.б. тіркестермен бастаңыз.

🎭 Мен бірден айтамын, өтініш шынайы болуы керек. Егер адам сіздің жасырын ниетіңіз бар екенін түсінсе, жағдай тек нашарлайды.

🎭 Техника жұмыс істейді, өйткені әрбір адам біреуге пайдалы болғысы келеді және құрметті болуды қалайды.

💌 Осылайша, адамның сізбен сөйлесуге деген ықыласы мен себептері артады.


#психология

@kitapsuyer
👍28❤13🔥3✍2😁1
🌿 Пайғамбарымыздың ﷺ өз халқына ең бірінші айтқан нәрсесі:

«Уа, адамдар! "Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты ешнәрсе жоқ",- деп айтыңдар, сонда жетістікке жетесіңдер»,- деген сөздер болды.


— Хадис сахих.

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤56👍6🎉2❤‍🔥1
Қайырлы кеш, құрметті оқырмандар!

Хабарландыру! Алдағы сенбі (екінші наурыз) күні сағат 22:00 де әйгілі Холед Хусейнидің "Жарқыраған күн" шығармасын талқылаймыз. Кітап арнамызда бар. Кітапты сенбі күніне дейін аяқтап, талқылауға асығыңыз. Талқы аудио нұсқада, онлайн форматта өтеді. Әңгімеміз пайдалы әрі сапалы болатынына сенімдімін. Қапы қалмаңыз.

Біздің чат: @kitapsuyerchat
👍32❤8🤗5😁3🎉3❤‍🔥1
— Дұшпаның бар ма? -дейсің,
Қайдан білем...
Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда - ақ дастарқан, жайған кілем.

Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман...
(Сірә, мен бұл майданда тірі қалам.)
Қазақтың қайсысымен кездессем де
Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.

Достастым кішісімен, үлкенімен,
Өзімшіл өжетімен, үркегімен.
Ата-қазақ алыста той жасаса,
Алдымен тізіміне тіркері - мен.

Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге
Білемін бұғатынын кездескенде,
Әйтеуір, жүздерінде жылулық бар,
Қазақтың қайсысымен кездессем де.

— Дұшпаның бар ма? - дейсің,
Қайдан білем...
Асыр caп ортасында ойнап жүрем.
Сірә, мен бақыттымын дұшпаны жоқ,
Үйден шықсам - сауық пен сайран кілең.


*М. Мақатаев

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍30❤16🔥5😁1🕊1


Бұл еңбек – Ислам ілімімен жүректерге нұр шашқан, ұлы ойшыл Имам Ғазалидің «Мукашафатул-қулуб» (Жүректің сырларын ашу) кітабының қазақша аудармасы. Кітапта мұсылманшылықтың бет-бейнесі, Исламның нағыз жолы көрсетілген. Адам баласына Алла Тағаланың бұйрықтарына лайық түрде қалай өмір сүру керектігін үйретеді.
Кітап жалпы оқырмандарға арналады.

📚 Жүректің сырлары
🪶 Имам Ғазали

✍️ Аударған: Қанат Сұлтанбекұлы

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤20👍6🔥4
🌷Әңгіменің тақырыбын өзгерту

🌷 Әңгімелесушінің айтып жатқан әңгімесі сізге ұнамайтын болса төмендегі тәсілді қолданыңыз. 🌷

🌷Бұндай жағдайлар үшін мен сіздерге "Темір жол" техникасын ұсынамын. Барлық рельс шпалдары түзу, бірақ жол бәрібір бұрылады.

🌷 Тақырыптан біртіндеп алыстау. Егер сіздер актёр туралы сөйлесіп жатсаңыздар, егер ол сіздің ішіңізді одан әрі қарай пыстырса одан ақырындап жалпы кино туралы, содан кейін өнердің басқа түрлерін айта отырып, өзіңізге ұнайтын мыс:спорт,футбол бойынша тақырыпты бұрып өз ыңғайыңызға келтіріп алыңыз.

Әдіс миллиард пайызға жұмыс істейді.
🌷

🕊️💐💐💐💐💐💐💐💐🕊️

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22❤7🔥3😁2
Күйеуі:
— Жаным, дүкеннен баламызға памперс, үйге нан, өзіме бір бөтелке арақ алдым. Ал, саған не апарайын?

Әйелі:
— Тыныштық!

#қысқаәңгіме
😢73👍12❤11🔥3🤣2🙈2❤‍🔥1
🌿 Бауырым, түскі асқа мен жаққа келсеңші. Бірге отырып тамақ ішейік?

🌿 Ренжіме досым, бара алмаймын.

🌿 Сен осы өзінше болып кетіпсің. Өткенде дүйсенбі күні де келмедің, бүгін де сол. Өзің байып, жоғарылап, бізге қолың тимей кеткен секілді ғой ә? 🤨

🌿 Жасырын нәпіл ораза ұстап жүр едім.

🌷Ойтүйін: адамдар туралы тек жақсы ойда болыңыз/айыптауға асықпаңыз.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤68👍15👏5🕊4🔥3
Адамның өз денсаулығы мен байлығына сүйенуі дұрыс емес, өйткені сау адам кез келген уақытта ауырып қалуы мүмкін, ал бай адам кез келген уақытта кедей болуы мүмкін.

— Әли ибн Әбу Талиб
👍54❤12👏4🔥3💯3
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Бір жаяу жүргінші бәдәуи араб жазирасында келе жатып, ішетін сусыны таусылып, бір жұтым су таппай еріндері жарылып, әбден қиналыпты. Әрең дегенде алдынан түйесі мен сусыны бар бір жолаушы шығып, соның аяғына құлап жатып, өтініп, әлгі жолаушының суын ішіп шөлі әбден қаныпты.

Содан, "жаман ой жүйрік" дегендей, әлгі жолаушы кісі қарт кісі болса керек, шөлін қандырған бәдәуи — жолаушының кеудесінен итеріп салып, түйесін мініп қаша жөнеліпті.

Абдырап қалған жолаушы іші сезгендей артынан былай деп айқайлапты:
– Жарайды, түйені алсаң ал, бірақ саған бір өтінішім бар. Бұл оқиға туралы ешкімге айтпа! - депті.

— Бұл өтінішіне таң қалған бәдәуи артына бұрылып, жолаушыдан бұл өтінішінің себебін сұраса. Жолаушы былай деп жауап беріпті:

— Мен еліме аман-есен жетермін. Бірақ, бұл оқиға дүйім жұртқа тараса, адамдар ендігәрі айдалада қиналып жүрген адамдарға көмек беруден бас тартады. Осы себепті адамдардың мейірімді жүректері тасқа айналады деген екен.

🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿🌿

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍45❤23🔥12🤯5👏4
Бұл өмір өтпес, өтсек біз өтерміз,
Қыс, көктем, жасыл жаз бен күз екенбіз.
Тұншығып жасына әбден көзіміздің
Бір күні еріп кетер мұз екенбіз.

*Қ. Сарин

Шынымен де бүгін қыс мезгілі бізден өтіп жатқан жоқ. Біз қыс мезгілінің үстінен өтіп бара жатырмыз.

🌷Бәлкім осы қыстан аман есен шыққаны үшін де ата бабамыз ең бірінші жаратқанға, кейін жақын жуықтарына алғыс айтқан шығар, кім білсін?

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏27👍11❤10🔥2
Ертең уақыт ауысады дейді. Сонда қалай? Енді көбірек ұйықтаймыз ба әлде ертерек тұрамыз ба? 😁
🤣29😁7❤3👍3🤔3
💬 Қасиетті жұма мерекесі қуаныш пен берекеге толы болсын.

"Аталар сөзі аманат
Мешіт көркі жамағат
" деген. Жұма намазына кешікпеңіз.. 🔔
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤25👍11🔥2🥰2🎉2🤩2
Ең әуелі бәрімізді жоқтан бар еткен, әлемдердің раббысы Аллаға, содан кейін бізбен бірге болғаныңыз үшін, осындағы әр қайсыңа мың алғыс 🥳
Anonymous Poll
80%
🎉
20%
🎊
❤15👍10🔥10🎉4😁1
Сүймейтін балалар сүймейтін ересектерге айналады.

© Перл Бак
❤‍🔥40👍14💔14❤6💯2🎉1