Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Ана - тікені жоқ жалғыз раушан 🌷

©️ Ж. Руми
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤68👍9❤‍🔥5🔥4👏2🕊2👌1
✅ Отбасы болғанға дейінгі маңызды қадамдар мен отбасы болғаннан кейінгі алғашқы кезең.
Бет саны: 96 бет.

📚 Сана биігінде жолығу
🪶 Марғұлан Ақан

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍22🔥7❤6
🌿 8-Наурыздың шығу тарихы

📌 Бүгінгі «Әйелдер мерекесінің» негізі – 1857   жылы 8-наурыз күні Нью-Йорк фабрикаларының тігіншілері өткізген шерудің негізінде пайда болған дейді. Олар – он сағаттық жұмыс күнін және де еркектермен бірдей жалақы беруді талап еткен…

Бірақ шын мәнінде аталмыш шеруді ұйымдастырған тігіншілер емес, жеңіл жүрісті әйелдер болатын. Олар мынаны талап етті… өздеріне қарыз болып қалған теңізшілерге жалақыларын беруді.  Билік демонстрацияны тарқатып жібергенімен, артына  өшпес із тастап үлгерді.

Шерушілер осы күнді, яғни, 8-наурызды  «ӘЙЕЛДЕР КҮНІ» деп атай бастайды. Және бұл ұйымды құрушылар жаңаша құқық талап етуін жалғастырады. Нәтижесінде бұлардың дүмпуі Еуропаға жетеді. 1894 жылы Париж жезөкшелері демонстрация ұйымдастырып, өз құқықтарын қорғайтын кәсіподақ ұйымын құруды талап етеді. Демонстранттар полиция күшімен таратылады.

Одан кейін 1910 жылы төңкерісшіл неміс қыздары Роза Люксембург пен Клара Цеткин 8-наурыз күнін  жезөкшелерді – полиция тарапынан қудалауды  тоқтатып,  басқа да мамандық иелерімен теңестірілген дербес кәсіподақ ұйымын құруды талап етіп,  тағы да шеру ұйымдастырады. Және бұлар дегендеріне жетеді.  Кеңес кезінде  – жоғарыдағы жезөкшелер демонстрациясы «еңбекші әйелдер» демонстрациясы деген атауға алмастырылады. 1910 жылы Клара Цеткин және Роза Люксембург Копенгагенде өткен  Екінші Халықаралық Социалист Әйелдер Конференциясына барып,  дүниежүзі әйелдерінің құқықтарына қоғамның көңілін аудару үшін нақты бір күнді белгілеу туралы ұсыныс жасайды. Және 8-наурыз күнін ұсынады. (К.Цеткиннің туған күні де 8-наурыз).

PS: біз өзгенің қаңсығын таңсық көретін әрі көрінгенге еріп кете беретін үммет емеспіз, бәлкім тәуелсіз ойлай алатын, әрі үнемі өмірінің соңына дейін білім алуға бұйырылған үмметпіз, соны ұмытпайық.

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥23👍13❤7🐳2
Етке тойғанда, «құда мың жылдық» деп қазақ босқа шатады. «Мың жылдық» болса, Мамекең құдасынан неге айрылды? Күштілер өз тамағына бірдеңе түсірерде: «Жетім-жесірдің көз жасы... Әділдік керек... Обал бар... Құдай бар...» деп көлгірсінеді. Олай болса, Өрік неге жаза тартады? Екі баласы неге зарлайды? Қойтеке неге жасын жерге шыра етеді? Сүттей ұйып отырған, шын сүйіскен асық жарлар — Ақбілек пен Бекболат неге айрылады?
Қайда шындық? Қайда әділдік? Қайда адамгершілік? Қайда құдай? Қайда қиямет?


© Жүсіпбек Аймауытов
📚 Ақбілек

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤24👍7🔥3
Ой, қарындастар-ай! Дүниеде сөз баққан адамның атағына қызықпағайсың! Өзіңді өзің күң қыласың! Ой, балалар-ай! Дүниеде бойың өспей, бұғанаң қатпай тұрып, туған анаң өлмесін! Жас жүрегіңді қанды жаспен шер қыласың! Ой, көк өрім, жастар-ай! Көкірегіңдегі жылы жүректі бауырмалдықты кім берді саған? Әлдилеп, аялаған, аяған, бәйек болып, бағып-қаққан кім сені? Ана... Ана... Мейірімді ана. Адамды сүйгіш, ар-ұятты, көргенді бала болсақ, әкемізге бір есе, анамызға он есе борыштымыз. Тәжім еттік бізді тәрбиелеген аналарға! Көп жасасын аналар! Көсегесін көгертсін балалар!..

© Ж. Айтмауытов
📚 Ақбілек

@kitapsuyer🌷
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤38👍13🔥3
Жақсы, 8 наурызды тойлайтындарға мереке құтты болсын. 🌷

Тойламайтындарға жұма мүбәрәк болсын! 🌷 )

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤71😁24👍11🥰3👀3❤‍🔥1✍1
— "Табысымыз адалынан болсын" деп, дұға қылды имам мінберде тұрып.

— "Әмин 🤲" деді, мешіт алдында гүл сатып тұрған жігіт.
😁49🤣31❤18👍13👀6🤔2😐2
Дүниеде әйел бір-бірімен өштеспесін. Әйел өштессе, аяу дегенді білмейді, ар-ұятты, адамгершілікті ұмытады, қай-қайдағы жараның аузын жұлып алатын нәзік, жанды жерді аңдиды, қай-қайдағы жан шошырлық былық іске кіріседі. Әйел шақса, шаяннан бетер шағады. Әйел өмірі кешірмейді.


✏️ Ж. Айтмауытов
📚 Ақбілек

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍34❤15💯6😢2
Адам — айуанның айуаны ғой. Кімнің басына зобалаң туса соны табалауға, мұқатуға, одан әрі батпаққа батыруға құмартып тұрады. Табаласа, аяғымен таптаса, сонда айызы қанады. Әсіресе ел мақтаған, кірсіз адамды — кірлеуге жаны өш болады. Өйткені кір көңіл адам кірсізді көре алмайды, күндейді, оны да өзімен бастас, өзіндей қылуға тырысады.

✏️ Ж. Айтмауытов
📚 Ақбілек


@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤50👍19👏6😨2
Қош келдің Рамазан!
Алла сізбен біздің ұстаған оразамызды қабыл етсін бауырлар. 🕋

#Ораза2024
#1шікүн
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤130👍11👏6🔥3🥰2🎉2🤩1👌1🕊1🤝1
Өтеді абыроймен білімді жан,
Ал,надан бейне өлік,жүрсе де аман.
Білімді бір, тең келер мың кісіге,
Білімге сай пайдалы өзге не бар?

© А.Иүгінеки

@kitapsuyer 🌷
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤39👍14🔥7💯3🎉1
«Намазым да, құлшылығым да, тіршілігім және өлімім де бүкіл әлемнің Рабыссы Аллаһ үшін» де.

Әнғам сүресі, 162 аят
❤105👍7🕊4🔥2👏2🎉1👀1
📢 Келесі талқыланатын шығарма

✍️ Джек Лондон
📚Оңай олжаның азапты жолы

Шағын әңгіме. Бет саны: 43
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤18👍6
• Өзі шошқа өзгені ит деп ойлар.
• Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
• Хақ сөзді бала айтса да тоқтамақ керек.
• «Қусың» десе қуанатындар да кездеседі.

© Хәкім Абай.

Ұсынған: 👤
@abdualiev_askarovich
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤31👍6🔥4
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍1
Раббысына ғашық болғандардың жүрегі жараланбайды.

Раббысымен дос болғандар сатқындыққа ұшырамайды.

Раббысына арыз-шағымын айтқандардың қалайда үміті ақталады.

Раббысынан сұрап, дұға қылғандардың екі қолы бос қайтарылмайды.

Ендеше, Раббыңа ғана бет бұр! 🕌

@kitapsuyer 🌷
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤84👍17❤‍🔥4💯3
📚 АДАМЗАТТЫҢ АСЫЛ ТӘЖІ

Мұхаммед пайғамбардың (Алланың оған игілігімен сәлемі болсын) өмір баяны

✍ Аударған: Дамира Өмірзаққызы

Ұсынған: @kitapsuyer
👍17❤10