Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
Аллаға шүкір, кеше екінші рет немерелі болдым. 🎉

деп әңгімені соғып отсаң 😂
#әзіл
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🤣81👍18😁9❤3🤩2
Қайда қарап айтам, мынаған ба? Мынаған ба? 😅 дегендей оқушының да оқытушының да, ата-ананың да жүйке жүйесін жұқартқан 9 айлық оқу мезгілі осымен тәмәм.

Ұл қызы мектеп оқитын, ата-аналармен, сабақ беруші педагог ұстаздарды аман-есен оқу жылын аяқтауымен шын жүректен құттықтаймын. Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Алдағы демалыс айларыңыз ойдағыдай, көңілді өтсін. 💐

@kitapsuyer 🌸
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤49👏11👍7🕊1
🤣98😁7🎉3👍2❤1🕊1😘1
Адамда бәрі әдемі. Бірдеңе істегенше..
❤91👍11🔥7🕊2
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар:

1— көкірегі байлаулы берік болмақ керек;
2 — Сол нәрсені естігенде я көргенде ғибрәтлану керек, көңілденіп, тұшынып, ынтамен ұғу керек;
3 — Сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
4 — Ой кеселі нәрселерден қашық болу керек. Егер кез болып қалса, салынбау керек.

Ой кеселдері:

1️⃣— уайымсыз салғырттық,
2️⃣— ойыншы-күлкішілдік,
3️⃣— я бір қайғыға салыну,
4️⃣— я бір нәрсеге құмарлық пайда болу секілді.

Бұл төрт нәрсе - күллі ақыл мен ғылымды тоздыратұғын нәрселер.

📚 31 ші қара сөз.
🪶Абай Қ.

@kitapsuyer 🌸
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤54👍10🔥9🕊3
Адам ақиқатты бас көзімен көрмейді, ақыл көзімен көреді… өлімнен соң бір түрлі тіршілік бар. Екі өмірге де керекті іс — ұждан. Ұждан дегеніміз — ынсап, әділет, мейірім.

🪶 Шәкәрім Қ.
📖 Үш анық

@kitapsuyer🌷
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤55👍12👏7🔥3🕊2
Кәзіргі заман мақалы :)

— Админды админ алыстан таниды,
— 100 досың болғанша 100 бизнесің болсын,
— Ер қанаты камри 70,
— Каспиіне қарап адам таны,
— Горрилланы кім ішпейді, қызды кім айттырмайды?
— Нәпсіңді 40 желіден тый,
— Ақшасы көп адамдар,
Ешқашан сотталмайды.
— 13 жас бір каналдың иесі
— Сиыр көзін сүзсе де, бұқа жібін үзбеу керек. Өйткені сиыр не істеу керектігін өзі біледі. Түсіндің ба?
— Қол сынса тик токта, бас жарылса ютубта.
— Барған жеріңе судай сіңбе, асықпай көр, ұнамаса қайтып кел.
— Жігіт кезінде бәрі жақсы, жаман бай қайдан шығады?
— Қасқыр қойға, блогер лайкқа тоймайды.
— Админды қанша асырасаң да контентке қарап ұлиды.
— 30 ұлың болғанша 30 миллиондық просмотрың болсын.
— Сабыр қылғың келмесе кредит ал, талап қыл артық төлеуге.
— Жақсылығын жасыр, жамандығын асыр.
— Айфон алсаң нұр үстіне нұр, тоқ үстіне тоқ.
— Баланың көңілі пабжікте, ананың көңілі пабликте.
— Сөздің көркі мақал, ердің көркі-Gillett.
— Аталар сөзі аманат, мешіттің көркі төбелес.
— Ақша білім бұлағы, қаржы өмір шырағы.
— Досы көпті жау алмайды, историясы тазаны дау алмайды.
— Жыламаған балаға пособия жоқ.
🔥42🤣38😢9😁8❤7👍7🕊3🆒2
"Өз өзіңді бағала. Бұл дүниедегі ең қиын жұмыс. Өзіңді тергеп, соттау — басқаларды соттаудан мың есе қиын".

«Кішкентай ханзада»


@kitapsuyer 📚
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤116💯13💔11👍8🕊3
Шынайы сезім мен оны білдірудің арасында әрқашан үлкен айырмашылық болады....🌷

©️Ф. Кафка
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤96💔17👍9🕊6
Реакция баспайтындарға соңғы сөзім 😁
🤣263❤38😘19🫡18🕊8👍7🤝7🤩4🙉3❤‍🔥2🥰1
Кейінгі жылдары Қазақ Қыздарына әсер еткен үш дүние(нәрсе, фактор т.т):
1) Мәхір
2) Роза коуч
3) Бишімбаев

#өзойым😅
@kitapsuyer🌷
🤣157👍35❤8🤷‍♂5💔4⚡2🕊2🔥1👏1
Бүгін де, кеше де, өткенде
Іздесең қателік көп менде.
Қауғадай басыма барлығы
Сірә да соқпай бір өткен бе...

Іздесең, қателік көп менде,
Сен бірақ түңілме, жек керме!
Лайсаң, жауындар, дауылдар
Болмай ма күн шуақ көктемде.

Өмірде кең, даңғыл жол қайда...
Дауылдар, жауындар болмай ма,
Бас қорғап жататын ондайда
Айтшы өзің, мен шымшық торғай ма?

Лайсаң жауындар, жауыңдар,
Жауыңдар, жауыңдар, жауыңдар.
Лай су шаймайтын арым бар
Дауылдан қорықпас жаным бар!!!

Іздесең қателік көп менде
Бүгін де, кеше де, өткенде,
Сен бірақ түңілме, жек көрме!!!

Автор: М. Мақатаев

🌼 @kitapsuyer 🌼
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤70👍11🔥8🥰2👏2🕊2
 Бүгінге бір дұға болсын ))
Жұма ғой, қабыл боп кетер.

Бәріңіз "әмин" деп қойыңыздар! ))

"Аллаһым! Егер менің жұбайым көкте болса, жерге түсір, жерде болса көрсет, алдымнан шығар, алыста болса жақындат, біреу болса көбейтегөр уа, әлемдердің раббысы!"

Ұсынған: Әділет Сәкен @aspantauly
❤67🤣50👍7🫡2💊2⚡1👏1🤯1🐳1
Кейде жол жиегімен ұзақ жүрген көліктің ескі дөңгелегіндей күйбең тірлікке желініп кететініміз бар енді. Сондайда адам шіркін достарымен арқа жарқа болып, марқайып, табиғатқа шығуды аңсайды ғой. Содан, 5 жігіт болып кеше бір тау жағалап демалысқа шықтық. "Жаман жеп ішкенін, жақсы көрген білгенін айтады" демекші, демалыс керемет болды.

Онда сеть ұстамайды екен. Басында бір дене мүшесі жоқ адам секілді бір бірімізге қарап біраз тыпырладық. )) Кейін ақырын сөйлесе бастадық. Рахат сезім-ай! Интернетсіз телефон — қанаты жоқ құс секілді, Фотоға түсіргені болмаса дымға да жарамады.

Бірақ есесіне біз, шынайы өмірдегі мәміленің, интернет пен звоноксыз байланыстың тәтті дәмін қайта таттық. Сіздер де реті келсе сеть ұстамайтын жерге барып бір тәулік жүріп, рухани азықтанып қайтыңыздар. Санаға тәуір серпіліс болары сөзсіз 👍 😅
❤47👍19😍8🔥6🐳2💘2🥰1👏1🎉1🤩1
Біліңіз, сіздің психикалық жағдайыңыз жұмысыңыздан немесе жалақыңыздан да маңызды.

Жалақыңыздың өсуі туралы үнемі өтірік айтатын бастықтан, сізге жақсы жұмыс жағдайын жасамайтын басшылықтан және екіжүзді әріптестерден дереу құтылыңыз. Бейбітшілік пен бақыт өзіңе сенімді жұмыс орнынан ғана басталады.

@kitapsuyer ✔️
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤51👍13🔥4💘2💊2
«Адамдар ең қатты ауыратын жерін бір біріне емес көбірек маған айтады»

©Статус 🌐🌐🌐🌐

@kitapsuyer 🧠
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤52😁19🤣18👍11
Рафах қаласында тірідей өртеніп кеткен газалық баланың өсиеті:

Егер мен соғыста өлсем немесе шейіт болсам, бізді бейшара/дәрменсіз қалдырған араб басшыларын ешқашан кешірмеймін. Ас-сусыз қиын күндерді бастан өткердік, кішкентай болса да шашымды ағартқан қоршауда өмір сүрдік. Аллаһ сені кешірсін, кешірсін. Аллаға ант етемін, мен сенен жеті қат көкті жаратқанға шағым айтамын. Кешір анашым, мен сізді қатты жақсы көремін, мен кеттім деп мұңаймаңыз (бұл дүниеден).

Бұл менің Мысыр, Йемен, Урду, Алжир, Ливия, Тунис, Судан, Сомали және Малайзия халқына және бізді қолдаған барлық халықтарға жазған хатым: Жалғыз қалған Газа – сендердің сенімдерің.

Ұмытылған Газа - сіздің аманатыңыз. Сізге ант етемін, мен сізді қатты жақсы көремін деп ант етемін... Бізді жалғыз қалдырмайтыныңызға сенемін.

Менің хатымды тапқан адам онымен бөліссін. Алланың рұқсатымен шәһид болдым (Инша Аллаһ).

Мухаммад Абдулкадир әл-Хусайни! (10 жаста!)


@kitapsuyer 🔺
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
😢89💔28❤9👍7
Әйгілі бір институт есігіндегі жазу:

«Құрметті студенттер! Көлігіңізді тәртіппен «тұраққа» қоюыңызды сұраймыз. Әйтпесе сол себепті профессорлар велосипедімен сабақ беруге кіре алмай қиналып жатыр...».

📚 @kitapsuyer
😁55👍6🤯6❤5🤩2
Жанжалдасып жатқан екі адамның қайсысы ақылды болса, сол кінәлі.

©️Гёте 👼

@kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍71🤣27😁9❤7🔥3🎉1
Бұл фәниден не пайда,
Халқыңа қызмет етпесең?
👏37❤15👍4