Кітапсүйер
16.3K subscribers
1.62K photos
88 videos
1.29K files
162 links
Бұл арна — жәй ғана білім алып, өзгергісі келетін жандар үшін..

✓Біздің канал: @kitapsuyer
✓Біздің чат: @kitapsuyerchat
Download Telegram
«Білімді бол, не білім ізденуші бол, не (білімді) тыңдаушы бол. Төртіншісі болма». Яғни - білмейтін, не білім іздемейтін, не (білімді) тыңдамайтындардан болма».

🕋 Сахаба Әбу Дәрда (р.а.)

@Kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤186👍17🤩7⚡2🎉2
🦋 *«Жүректе бір бос орын бар, оны тек Алланың махаббаты мен Оған деген еске алу ғана толтыра алады. Егер адамға бүкіл дүние берілсе де, ол бос орын толмайды.»*

— Ибн Қайим әл-Жәузи

@Kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤189👍15💔12🔥3⚡1
«Кім Аллаға және ақырет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін»

(*Бұхари, Мүслим*)

«Сені тоқтатқанша сөйлегеніңнен гөрі – сені сөйлеткенше үндемей отыруың әлдеқайда қайырлы» (Әбу Бәкр)

«Үндемеу – даналық. Алайда, бұған амал жасайтындар өте аз» (Байхақи)

🩷 @Kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤168👍33⚡3
Ақылды адамдар жалғыздыққа талпынбайды, олар тек ақымақтардың шуынан аулақ болғысы келеді.

📎 @Kitapsuyer
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤246👍38🔥16🥰5👏3
Біліңіз, егер бір адам өзін әлеуметтік желіде қаншалықты бақытты қылып көрсетуге тырысса — оның ішкі жан дүниесі соншалықты бақытсыз.
❤129💔27👍17🔥8👏4
Әмірхан Балқыбектің терең мағыналы сөздерінен бірнеше үзінді:

*1.*
*«Күйік көп қой, жазуға сөз жетпейтін...
Тірі жүрген әр күннің өз заңы бар...»*

*2.*
*«Сенсіз өмір сүре алам ба деп емес,
Сенсіз өмір сүрудің мәні бар ма деп ойладым...»*

*3.*
*«Ақындар өлең жазып емес,
Жан жазасын өтеп жүреді...»*

*4.*
*«Бір адамның сағынышы –
Бүкіл бір ғасырдың шерін арқалауы мүмкін...»*

*5.*
*«Өлең – адамның жүрегіне тигенде ғана өмір сүреді...»*
❤63🔥13👍5
*Мұхтар Шахановқа — 83 жас!*

Бүгін — ақын, қоғам қайраткері, шындықтың шырақшысы Мұхтар Шахановтың туған күні.

Ол —
• Ұлт рухының жыршысы,
• Тәуелсіздік үнін көтерген тұлға,
• Махаббат пен адамгершілікті жыр еткен ақын.

Мұхтар Шахановтың жүрекке жететін, терең мағыналы әдемі сөздерінен бірнешеуі:

1. *«Ар-намыс – адамның ішкі тәуелсіздігі.»*
2. *«Мәңгілік махаббат – тек рухани тазалықтан бастау алады.»*
3. *«Адамның ең үлкен трагедиясы – жүрекпен емес, есеппен өмір сүруі.»*
4. *«Ұлттың болашағы – рухани тамырында.»*
5. *«Көңіл деген – қайтымсыз ұшқан құс, бір ренжітсең, қайтып оралмайды.»*
6. *«Шын ғашық сүйгенінің жүрегін мазалағысы келмейді, оны тыныштықпен сүйеді.»*
7. *«Қай халықтың сөз өнері әлсіресе, сол халықтың рухы әлсірейді.»*
❤97👍17🕊9🎉6🔥4🥰1
📔 Бүгін – Абайдың шәкірті әрі немере інісі халқымыздың ұлы ойшылы, ақын, аудармашы, философ Шәкәрім Құдайбердіұлының туған күні.

Ол қазақтың рухани әлемінде терең із қалдырған тұлға. Өмірінің мәнін ар мен ұят, адалдық пен иман деп білген. Шәкәрім өзінің жырларында адамның ішкі тазалығы мен рухани дамуын басты тақырып етіп алды. Шәкәрім Құдайбердіұлы 1858 жылы дүниеге келіп, 1931 жылы қайтыс болды. Яғни, *73 жыл өмір сүрді.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤108👍7🔥6
Шын бақытты адамдай көрінесің,
Кейде бірақ ортадан бөлінесің,
Күндей боп күлгеніңмен,
Жарқырап жүргеніңмен.
Оңашада жарды аңсап, егілесің.

Махаббат сапарында,
Ешкім жоқ қатарыңда,
Жалғыздық мұңайтады,
Ұйқыға жатарыңда.
Біреуге бағалысың,
Біреудің қалауысың,
Арнайсың өміріңді балаң үшін.
❤163👍34❤‍🔥7
Бүгін 2025 жылдың 18 шілдесінде, Қазақстанның халық жазушысы, көрнекті ақын, драматург әрі сазгер *Исраил Сапарбай* 85 жасына қараған шағында дүниеден өтті. Ол Алматы облысы Қаскелең қаласындағы өз шаңырағында, ұзаққа созылған ауыр науқастан кейін таңғы сағат 4 шамасында өмірден озды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына көңіл айту жеделхатын жолдап, Исраил Сапарбайдың қазақ әдебиетіне қосқан зор үлесін атап өтті.

Исраил Сапарбай — қазақ поэзиясының сыршыл өкілі, драматургияда өзіндік үні бар қаламгер. Ол — Тәуелсіз «Платиналы Тарлан» сыйлығының иегері, ел есінде поэтикалық тереңдігімен, әнге айналған өлеңдерімен және театр сахнасында өмір сүрген пьесаларымен қалған тұлға.

Жазушының жарқын бейнесі мен шығармашылық мұрасы халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталады. Қайғылы хабарды естіген барша жұртшылыққа көңіл айтамыз. Жатқан жері жайлы, иманы саламат болсын.
💔56😢25❤4👍2👌1
«Өмірдегі ең зор бақыт — өзіңді керек адам сезіну»

🧠 Оралхан Бөкей
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤315💯28🔥15🤝7🕊4👌2
Алатауым, ала, арша, асқағым-ай,
Қапталдағы қасқа бас қаспағың-ай.
Құлазыған қу тастар таудың іші,
Құмартпаймын тауларға жастағыдай.

Таулар жатыр өкініп таздығынан,
Аңғар жақтан еседі бағзы бір ән.
Адамзаттың ұрпағы азып барад,
Тау мінезді жандардың аздығынан.

Сөзі тәуір болғанмен өзі бөлек,
Дәу пенделер отырар төріме кеп.
Шынайы асқақ жандарды аңсағанда,
Таулар ғана тұрады көзіме кеп.

Сөзі жақсы болғанмен арман басқа,
Отырады төрімде жалған қасқа.
Кең өлкемде керілген қарап тұрсам,
Елде ештеңе қалмапты таудан басқа.

Жер ортасы Көктөбе келген жаста,
Дүниеде не көрдік сордан басқа?
Заңғар таулар алыстап кеткеннен соң,
Жалған тауға не шара алданбасқа?

©Есенқұл Жақыпбек
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤81👍13🕊6🔥4
Көрмеппін жерден мұндай жан,
Көрімдік алса Күн алсын.
Құтқарып алған мұңды ойдан,
Құдіреттің өзі шығарсың. 💌

С. Томанов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤127❤‍🔥13👍13🔥4🥰2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
👍40💔19❤2🔥2🕊2🥰1🎉1
Баяғыда дүниенің дәмі көңілдің жылуында еді. Ал қазір адам
көңілінен гөрі дүние жылтырағы қадірлі болып барады. Көңілдің орнына – пайда, ізгіліктің орнына есеп кірді. Жылы сөзге уақыт таба алмаған жандар дүние үшін тәулік бойы тыным таппайды. Байлық көбейген сайын мейірім азайып, қалта қалыңдаған сайын жүрек жұқарды. Бәлкім, біз қайтадан көңілдің қадірін түсінгенде ғана дүниенің де, өмірдің де шынайы құнын ұғармыз. Дүние – өткінші, ал көңіл – мәңгілік ізгі қасиет. Көп пенде осыны ұқпай жүр.

🗣️ Бекжан Тұрыс
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤179🔥17💔11🕊10👍4🤗1
Періште қай ғаламда,
Пейішке барасың ба?
Адам көп айналамда,
Анам жоқ арасында.

Өмірде көп амал бар,
Өлімнің жоқ амалы..
Анасы жоқ адамдар,
Құдайдың балалары...

© Ақжол Түменбай
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤124💔53👍10🔥6✍1🕊1💯1
Айтпақшы, біз сіздермен 15 мың оқырманға жеттік 🥳

Бізге тіркелген әр оқырманға мың алғыс. Біз сіздерді жақсы көреміз ❤️

Сіздің: @kitapsuyer 😀
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤163🔥21🎉17👍10🥰3🕊3⚡2😇2🤗2🤩1🙉1
Таулар жатыр өкініп таздығынан,
Аңғар жақтан еседі бағзы бір ән.
Адамзаттың ұрпағы азып барад,
Тау мінезді жандардың аздығынан.

Сөзі тәуір болғанмен өзі бөлек,
Дәу пенделер отырар төріме кеп.
Шынайы асқақ жандарды аңсағанда,
Таулар ғана тұрады көзіме кеп.

Жер ортасы Көктөбе келген жаста,
Дүниеде не көрдік сордан басқа?
Заңғар таулар алыстап кеткеннен соң,
Жалған тауға не шара алданбасқа?

✅ Есенқұл Жақыпбек
✅ "Таулар"
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤107🔥25👍18🥰10💔4🕊2
Өмір өтіп бара жатыр, ақылдым,
Өзіңді ойлап тағы бір таң атырдым.
Қаншалықты қашық жүрсем мен сенен,
Соншалықты жүрегіңе жақынмын.

Тағдыр бізді сынамай ма, сынай ма,
Аспан сені аяғасын жылай ма?
Сен бар кезде мен көңілді жүремін,
Мен бар кезде сен де жаным, мұңайма!


© Ершат Қайболдин
❤190👍30🥰15🔥9😍4🕊3⚡1🤝1
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен,
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды, рас, түнімен
Терезем.


🪶 Е. Раушанов
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥40❤33👍12🕊4😍2👏1