ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.27K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.45K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚМГ өңірлерді көгалдандыру жұмыстарына өз үлесін қосуда

🌳Бүгін Жаңаөзен қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы және ҚМГ-ның еншілес компаниясы — «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) өкілдері «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу шарасына қатысты. Көшеттер «Өзенмұнайгаз саябағы» аумағына егілді.

🌿Саябаққа жергілікті климатқа бейімделген, құрғақшылыққа төзімді ағаш түрлері — акация, айлант және жапон софорасы отырғызылды.

📍ӨМГ паркі қалалық стелла ауданында орналасқан, оның аумағы 1,7 гектарды құрайды. 2025 жылы мұнда 150 ағаш егілсе, 2026 жылдың соңына дейін қосымша 1000-нан астам көшет егу жоспарланып отыр.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍3❤1
КМГ продолжает вносить свой вклад в озеленение регионов

🌳Сегодня в Жанаозене в рамках общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан» руководство АО НК «КазМунайГаз» и представители дочерней компании КМГ — АО «Озенмунайгаз» (ОМГ) приняли участие в посадке деревьев на территории парка «Өзенмұнайгаз саябағы».

🌿Для посадки использовались засухоустойчивые деревья, адаптированные к местным климатическим условиям, такие как акация, айлант и японская софора.

📍Парк ОМГ расположен на участке площадью 1,7 га в районе городской стеллы. В 2025 году здесь было высажено 150 деревьев, до конца 2026 года планируется дополнительно высадить более 1000 саженцев.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9❤2🔥1👏1
ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауыты құрылысының барысын тексерді

🏗«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болды.

✔️Қазіргі уақытта сыртқы электрмен жабдықтау нысаны салынып бітті, іске қосу мен баптау іс-шараларын өткізу үшін дайындық жүріп жатыр.

✔️Инфрақұрылымдық нысандарды, соның ішінде өрт сөндіру бекеті, зертхана, қоймалар, әкімшілік-тұрмыстық корпус, оператор бөлмелері және резервуарларды салу жұмыстары жалғасуда.

🏢Құрылыс алаңына жеңіл көмірсутектің кең фракциясын сақтауға арналған көлемі 500 м³ болатын үш сфералық резервуар және өртке қарсы су қорына арналған көлемі 6000 м³ екі резервуар жеткізілді. Сұйытылған көмірсутек газын сақтау үшін көлемі 2000 м³ төрт дана сфералық резервуарлардың бір бөлігі жеткізілді, қалғаны жолда келе жатыр. Бұл жабдықтарға арналған іргетас толық дайын болды.

🏭Айта кетсек, зауытты салу кезінде модульдік құрылыс әдісі қолданылуда, бұл оны елдегі осыған ұқсас басқа кәсіпорындардан ерекшелендіреді. Басты технологиялық модульдер тапсырыс берілген зауытта дайындалып, кейін құрылыс алаңына жеткізілетін болады. Ол жерде олардың іргетасы мен негізі қаланып, сондай-ақ модульдерді құрастыру жұмыстары орындалады.

⚙️Өндіруші зауытта ұзақ уақыт дайындалатын 259 жабдық позициясының 53-і жасалды.

⚡️Болашақ кәсіпорынның айрықша маңызды элементі — Siemens газ турбинасының қозғалтқышы Швециядан ҚХР-ға жеткізіліп, сонда Siemens компрессорымен бірге құрастырылатын болады.

✔️Құрылыс алаңына тартылған персоналдың жалпы саны шамамен 150 адамды құрайды.

📌Ірі жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылуда және жылына 900 млн м³ дейін табиғи және ілеспе газды өңдей алатын заманауи өндірістік кешен құруды көздейді. Зауыт Маңғыстау облысының халқы мен өнеркәсіптік нысандарын құрғақ газбен, сұйытылған мұнай газымен және пентан-гексан фракциясымен қамтамасыз етеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍3❤1⚡1