ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.46K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Қазақтеңізкөлікфлоты компаниясының бағдарламасы бойынша болашақ теңізшілердің екінші легі оқуын бастады

🚢 Қазақтеңізкөлікфлоты (ҚТКФ, ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы) ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясымен бірлесіп, отандық теңіз саласына мамандар даярлауға бағытталған білім беру бағдарламасының екінші легіне қатысушыларды іріктеуді аяқтады.

📚Болашақ он теңізші оқуына кірісті. Төрт жыл бойы курсанттар сауда кемелерінде жұмыс істеу үшін қажетті халықаралық стандарттар мен кәсіби дағдыларды меңгереді.

▪️Бағдарлама «кеме жүргізу» және «кеме механикасы» бағыттары бойынша кадрлар даярлауға арналған. Білім беру гранты оқу ақысын, жатақхана және шәкіртақы төлемдерін толық қамтиды. Сонымен қатар келешекте ҚТКФ кемелеріне жұмысқа орналастыру мүмкіндігі де қарастырылған.

▪️Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу конкурстық негізде өткізілді. Мектеп түлектері тест тапсырып, мотивациялық хат ұсынды және олармен сұхбат жүргізілді. Оқу ағылшын тілінде өтеді, сондықтан ағылшын тілін білу — міндетті талап болды.

✔️Жоба қазақстандық теңіз мамандарының жаңа буынын даярлауға және ұлттық сауда флотының кадрлық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥3👍2
Стартовало обучение второго потока будущих моряков по программе КМТФ

🚢 ТОО «НМСК «Казмортрансфлот» (КМТФ — дочерняя организация КМГ) совместно с Казахстанской морской академией при КБТУ завершило набор второго потока участников образовательной программы по подготовке кадров для отечественной морской отрасли.

📚Десять будущих моряков уже приступили к обучению. В течение четырех лет курсанты будут осваивать международные стандарты и профессиональные навыки, необходимые для работы на торговых судах.

▪️Программа направлена на подготовку специалистов по направлениям «судовождение» и «судомеханика». Образовательный грант полностью покрывает расходы на обучение, проживание и выплату стипендии, а также предусматривает дальнейшее трудоустройство на судах КМТФ.

▪️Отбор участников программы проходил на конкурсной основе. Выпускники школ прошли тестирование и собеседование, а также представили мотивационные письма. Обучение проводится на английском языке, поэтому знание английского является обязательным условием.

✔️Программа способствует подготовке нового поколения казахстанских морских специалистов и укреплению кадрового потенциала национального торгового флота.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👏4❤2👍2
Теориядан тәжірибеге: QadamPro қатысушылары өндіріс алаңында

📇«KMG PetroChem» ЖШС жетекшілігімен іске қосылған QadamPro білім беру бағдарламасының қатысушылары Атырау облысындағы ірі мұнай-газ химиясы кешенінің жұмысымен танысты. Пайдалану тобының болашақ 13 маманы бүгінде жоспарлы алдын алу жұмыстары жүріп жатқан Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI) зауытына барды.

⚡️Сапар барысында студенттер өндірістік процестерді жақыннан көрді. Пропанды дегидрлеу реакторларындағы катализаторларды ауыстыру, негізгі компрессорлар мен регенерациялық ауаны қыздыру пештеріне қызмет көрсету барысын бақылады.

📚Бұған дейін олар қауіпсіздік пен еңбекті қорғау, өрт-техникалық минимум және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша оқудан өтіп, алғашқы көмек көрсету дағдыларын меңгерген болатын.

🏭Келесі кезең – KPI зауытында тағылымдамадан өту. Бұл қатысушыларға өз білімдерін нығайтуға және жабдықтар мен технологиялық процестермен жұмыс істеу үшін тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Мұндай тәсіл кәсіпорын іске қосылғанға дейін қажетті практикалық дағдылары бар мамандар тобын қалыптастыруға жағдай жасайды.

✔️Еске салсақ, QadamPro – Атырау колледждері мен университеттерінің студенттеріне арналған білім беру бағдарламасы. Жобаның басты мақсаты – мұнай-газ химиясы саласында жұмыс істеуге дайын жас мамандарды іріктеу және даярлау.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤4👍2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Из учебной аудитории – на действующее производство

📇Участники образовательной программы QadamPro ТОО «KMG Petrochem» получили возможность увидеть изнутри работу крупного нефтегазохимического предприятия в Атырауской области. 13 будущих специалистов группы эксплуатации посетили завод Kazakhstan Petrochemical Industries Inc. (KPI), где сейчас проходят планово-предупредительные работы.

⚡️Во время визита участники ознакомились с производственными процессами: наблюдали за заменой катализаторов в реакторах дегидрирования пропана, обслуживанием основных компрессоров и печи нагрева регенерационного воздуха.

📚Ранее они прошли обучение по безопасности и охране труда, пожарно-техническому минимуму и промышленной безопасности, а также получили навыки оказания первой помощи.

🏭Следующий этап – стажировка на заводе KPI, которая позволит участникам закрепить знания и получить практический опыт работы с оборудованием и технологическими процессами. Такой подход помогает сформировать готовую эксплуатационную команду не после ввода завода, а задолго до его запуска.

✔️Напомним, образовательная программа QadamPro реализуется для студентов колледжей и университетов Атырау. Проект направлен на отбор и подготовку молодых специалистов, готовых к работе в современной нефтегазохимической отрасли.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤3👍3