Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысы: резервуарлардың монтажы басталып, жабдықты Қазақстанға жеткізу жұмыстары жалғасуда
🏗️ Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзен қаласында салынып жатқан газ өңдеу зауытының құрылыс алаңында болды.
⚙️ Қазіргі уақытта көлемі 500 м³ болатын жеңіл көмірсутектердің кең фракциясын (ЖККФ) және көлемі 2000 м³ болатын сұйытылған көмірсутек газдарын (СКГ) сақтауға арналған сфералық резервуарлардың монтажы басталды. Айта кетсек, бұдан бұрын өртке қарсы су қоры резервуарларының (6000 м³), сондай-ақ СКГ, ЖККФ және пентан-гексан фракциясы (1000 м³) резервуарларының іргетасын орнату жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар сыртқы электрмен жабдықтау нысанының құрылысы бітіп, іске қосу-баптау жұмыстарына дайындық жүріп жатыр.
🔨 Негізгі өндіріс және жалпы зауыттық шаруашылық нысандары бойынша жер жұмыстары мен іргетастарды орнату жалғасуда. Бетон жұмыстарының жалпы көлемі шамамен 63 мың м³ құрайды. Қазан айының басындағы жағдай бойынша 15,7 мың м³ бетон төселді. Құрылыс-монтаж жұмыстарына тартылған ресурс саны кезең-кезеңімен артып келетінін атап өткен жөн.
📊 Ұзақ уақыт дайындалатын жабдықтарды жасау мен жеткізу, сондай-ақ технологиялық модульдерді құрастыру жұмыстары жалғасуда. Қазіргі уақытта 240 позицияның 133-і дайын, тағы 107 позиция әзірленуде. Ұзақ дайындалатын жабдықтарды жасау бойынша жиынтықты нақты ілгерілеу көрсеткіші 60,8% жетті.
🚢 Модульдерді теңіз арқылы жөнелту биыл 16 тамызда басталды. Қазіргі уақытта жабдық тиелген үш кеме Қазақстанға келе жатыр, тағы бір кеме Қытайдағы порттан шығуға дайындалуда. Бұдан кейінгі жабдықтар жобаны іске асыру кестесіне сәйкес кезең-кезеңімен жөнелтілетін болады. Еске сала кетсек, жаңа газ өңдеу зауыты модульдік әдіс негізінде салынып жатыр: негізгі технологиялық модульдер зауытта дайындалып, кейін монтаждау үшін құрылыс алаңына жеткізіледі.
📌 Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Жаңа кәсіпорынның қуаты жылына 900 млн м³ табиғи және ілеспе газды құрайды. Зауыт тауарлық және сұйытылған мұнай газын, сондай-ақ пентан-гексан фракциясын шығарады. Бұл Маңғыстау облысының тұрғындары мен өнеркәсіптік кәсіпорындарын газ өнімдерінің қосымша көлемімен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤3👍2
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысы: резервуарлардың монтажы басталып, жабдықты Қазақстанға жеткізу жұмыстары жалғасуда 🏗️ Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзен қаласында салынып жатқан…
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍2❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Строительство нового ГПЗ в Жанаозене: начат монтаж резервуаров, продолжается доставка оборудования в Казахстан
🏗️ Во время рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил строительную площадку нового газоперерабатывающего завода в Жанаозене.
⚙️ На сегодняшний день начат монтаж сферических резервуаров для хранения широкой фракции легких углеводородов (ШФЛУ) объемом 500 м³ и сжиженных углеводородных газов (СУГ) объемом 2000 м³. Отметим, что ранее было завершено устройство фундаментов под резервуары противопожарного запаса воды (6000 м³), а также резервуары хранения СУГ, ШФЛУ и пентан-гексановой фракции (1000 м³). Также завершено строительство объекта внешнего электроснабжения, ведется подготовка к пусконаладочным работам.
🔨 Продолжаются земляные работы и устройство фундаментов объектов основного производства и общезаводского хозяйства. В целом, общий объем бетонных работ составляет порядка 63 тыс. м³. По состоянию на начало октября уложено 15,7 тыс. м³ бетона. Стоит отметить, что количество ресурсов, задействованных в строительно-монтажных работах, поэтапно увеличивается.
📊 Продолжается изготовление и поставка оборудования длительного цикла изготовления (ОДЦИ) и сборка технологических модулей. На сегодняшний день из 240 позиций готово 133, еще 107 находятся в работе. Совокупный фактический прогресс изготовления ОДЦИ достиг 60,8%.
🚢 Поставка модулей морским путем началась 16 августа текущего года. В настоящее время три судна с оборудованием находятся в пути в Казахстан, еще одно готовится к выходу из порта в КНР. Дальнейшая отгрузка будет осуществляться поэтапно в соответствии с графиком реализации проекта. Напомним, новый ГПЗ строится с применением модульного метода: основные технологические модули изготавливаются в заводских условиях и доставляются на площадку для последующего монтажа.
📌 Проект реализуется по поручению Главы государства. Мощность нового предприятия составит 900 млн м³ природного и попутного газа в год. Завод будет производить товарный и сжиженный нефтяной газ, а также пентан-гексановую фракцию и обеспечит дополнительными объемами газовой продукции население и промышленные предприятия Мангистауской области.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥3❤1⚡1
ҚМГ Өзенмұнайгаз кен орындарында цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуде
🗣 ҚазМұнайГаз басшысы Асхат Хасеновтің төрағалығымен «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) өндіріс мәселелеріне арналған кеңес өтті. ӨМГ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстардың нәтижелері қаралды.
⚙️ Қабат қысымын ұстап тұру және су басу деңгейін басқару мақсатында шамамен 500 айдау ұңғымасында іс-шаралар жүргізілді. Негізгі міндеттердің қатарында ұңғымаларды шығын өлшеу құралдарымен жабдықтау, айдау құбырлары ауыстыру және суды бағыттап айдауды қамтамасыз ету болып қала береді. Сонымен қатар рентабельділігі төмен және сулану деңгейі жоғары ұңғымалар бойынша жұмыс жүріп жатыр.
🖥 Кеніштердің күйін бағалауға және оларды одан әрі игеруді жоспарлауға мүмкіндік беретін тұрақты қолданыстағы геологиялық-гидродинамикалық модельдерді құру жұмыстары жалғасуда. Өзен кен орны бойынша 13–14-ші горизонттардың үлгілері жаңартылып, қалған горизонттарды модельдеу жүргізілуде. Осындай жұмыс Қарамандыбас кен орнында да атқарылуда.
📊 Мұнай алу коэффициентін арттыру және жаңа нысандарды қосымша барлау есебінен қор көлемін ұлғайту - басым міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта триас шөгінділерінің бағалау ұңғымасын бұрғылау жалғасып, кернді іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Қазан айының соңында Батыс Теңге кен орнында терең бағалау ұңғымасын бұрғылауды бастау жоспарланып отыр. Жыл қорытындысы бойынша геологиялық қор 980 мың тоннаға өседі деп күтіледі.
⚡️ Жөндеуаралық кезеңді ұлғайту мақсатында ұңғымалар электрлі ортадан тепкіш сорғы қондырғыларына ауыстырылуда, олардың саны 510-нан асты. Бұдан бөлек, 1980 ұңғымада қорғаныш жабыны бар сорғы-компрессорлық құбырлар мен сенімділігі жоғары штангалар қолданылып келеді. Бұл жабдықтардың жөндеуге дейінгі жұмыс мерзімін ұлғайтып, мерзімінен бұрын істен шығу жағдайларын азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ жаңа терең-сорғы жабдықтарының 80 жиынтығына тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілуде.
💻 Сонымен қатар кен орындарын тиімді игеру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және жасанды интеллект негізінде цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда. Геологиялық-техникалық іс-шараларды іріктеу кезінде ЖИ қолданудың алғашқы нәтижелері алынды. Жыл басынан бері ABAI цифрлық платформасы арқылы мұнай өндіруді ұлғайту мақсатында 49 ұңғымаға арналған іс-шаралар таңдалды.
📱 Өндірістік және геологиялық-кәсіпшілік деректерді біріктіретін Цифрлық телнұсқа жобасы іске асырылуда. Бұл кен орнының жұмысын талдауға, түрлі сценарийлерді модельдеуге және тиімді өндірістік шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
📌 Жиын қорытындысы бойынша Асхат Хасенов жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін одан әрі арттыруды тапсырды.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤3👍1