ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Асхат Хасенов Жетібайдағы өндірістік базаның құрылысымен танысты

📍«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Жетібай кен орнында болып, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің (ОТК) жаңа өндірістік базасының құрылыс барысымен танысты.

🏗️Жоба 600 адамға есептелген әкімшілік-тұрмыстық кешенді, 100 автокөлікке арналған жылы гаражды, сондай-ақ 180 жүк автокөлігін қоюға болатын, үсті жабық тұрақ алаңын салуды қамтиды.

🗣ҚМГ басшысына жобаның іске асу барысы және бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы орындалу көрсеткіші 81% құрайды. Негізгі өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық нысандардың құрылысы аяқталуға жақын. Газ, су және электрмен жабдықтау жұмыстарының басым бөлігі атқарылды. Аумақты абаттандыру іс-шаралары жалғасып жатыр.

⏩Құрылыс алаңына 100 маман және 17 негізгі құрылыс техникасы жұмылдырылған.

⏩Салынып жатқан жаңа база жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және өндірістік нысандарда заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған. ҚазМұнайГаз бұл жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, қызметкерлерге жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мән беріп келеді.

📌А.Хасенов жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударуды тапсырды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤1👍1
Асхат Хасенов ознакомился с ходом строительства
производственной базы на Жетыбае
 
📍Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов в ходе рабочей поездки в Мангистаускую область посетил месторождение Жетыбай, где ознакомился с ходом строительства новой производственной базы ТОО «Ойл Транспорт Корпорейшэн» (ОТК).

🏗️Проект предусматривает строительство хозяйственно-бытового комплекса на 600 человек, теплого гаража на 100 автомобилей, а также открытой площадки с навесом для стоянки 180 единиц грузового автотранспорта.

🗣Главу КМГ проинформировали о ходе реализации проекта и выполненных на сегодняшний день работах. Общий прогресс строительно-монтажных работ составляет 81%. Основные производственные и административно-бытовые объекты находятся на завершающей стадии. Выполнена большая часть работ по газо-, водо- и электроснабжению. Продолжаются мероприятия по благоустройству территории.

⏩На площадке задействованы 100 специалистов и 17 единиц основной строительной техники.

⏩Строительство новой базы направлено на улучшение социально-бытовых условий работников и создание современной инфраструктуры на производственных объектах. КазМунайГаз ведет эту работу на системной основе, уделяя особое внимание комфортным и безопасным условиям труда персонала.

📌А.Хасенов поручил обеспечить соблюдение установленных сроков реализации проекта, уделив особое внимание качеству строительно-монтажных работ и требованиям промышленной безопасности.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2⚡1
Маңғыстаумұнайгаз кен орындарында мұнай өндіру көлемін арттыру үшін жаңа технологиялар енгізілуде
 
📍«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның (ММГ) Жетібай кен орнына барып, кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттары бойынша жиын өткізді.

📊Биыл 9 айда ММГ шамамен 4 млн 552 мың тонна мұнай өндірді. ММГ-ның негізгі кен орындары игерудің соңғы кезеңінде тұрғанын ескере отырып, компания мұнай алуды ұлғайту және өндіру көлемінің төмендеу қарқынын тежеу бағытында кешенді шараларды жүзеге асыруда.

✔️Кәсіпорында өтпелі ұңғымалар қорында жаңа технологиялар енгізілуде. Қаламқас кен орнында бір мезгілде бөлек айдау әдісінің тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары сәтті аяқталды, ал бір мезгілде бөлек өндіру технологиясын сынақтан өткізу жалғасып жатыр. Жиі жөндеуді қажет ететін ұңғымаларда сорғылар мен штангалардың жаңа түрлері, сондай-ақ қорғаныш қаптамасы бар сорғы-компрессорлық құбырлар қолданылуда. Жаңа сорғылар орнатылған 43 ұңғымада істен шығу жағдайлары үш есеге жуық қысқарды.

⬇️ Геологиялық қоры 20 млн тоннадан асатын спутниктік карбонатты кен орындарын игеру жұмыстары да белсенді жүргізілуде. Биыл қыркүйекте Асар кен орнында тереңдігі 2107 метр болатын көлденең ұңғыманы бұрғылау басталды. Ал Шығыс Жетібай, Айрантақыр және Бұрмаш кен орындарында алты өндіру ұңғымасын бұрғылау жоспарланған. Спутниктік кен орындарындағы өндіріс көлемін ұлғайту үшін қабатты радиалды ашу, бүйірлік оқпандарды бұрғылау, электрлі ортадан тепкіш сорғыларды түсіру және қабатқа циклдік әсер ету (huff-n-puff) технологиялары қолданылуда.

🔥Мұнай өндіру көлемін ұлғайтудың маңызды әдістерінің бірі — қабатты гидравликалық жару (ҚГЖ). Бұл технология әсіресе спутниктік кен орындар мен Жетібайдағы өткізгіштігі төмен жыныстарының учаскелерінде тиімді. Жыл сайын орта есеппен 300 ұңғымада ҚГЖ жүргізіліп, соның есебінен жылына шамамен 400 мың тонна мұнай өндіріледі.

🔎Сонымен қатар кәсіпорын геологиялық барлау жұмыстарын дамыту тұжырымдамасын және 2032 жылға дейінгі Жол картасын әзірледі. Аталған шараларды іске асыру өндіріс қорын 38 млн тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қаламқас кен орнында белгіленген аумақты кеңейту жұмыстары аяқталып, төрт бағалау ұңғымасы бұрғыланды.

📱Мемлекет басшысы жариялаған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында цифрлық шешімдерді енгізу жалғасуда. «АЛЫП» бағдарламасы бойынша пилоттық жоба сәтті іске асқаннан кейін «Мобильді шолушы» жүйесін ММГ-ның барлық мұнай-газ өндіру цехтарына енгізу туралы шешім қабылданды. Осы жылдың тамыз айынан бастап Қаламқас пен Жетібай кен орындарында көлікке электронды өтінім беру жүйесі жұмыс істей бастады, сондай-ақ электронды наряд-рұқсат енгізілді. ABAI ақпараттық жүйесін дамыту жұмыстары да жалғасуда.

📌Жиын қорытындысы бойынша Асхат Хасенов ММГ-ның мұнай алу көлемін ұлғайтуға, өндіру тиімділігін арттыруға және өндірістік инфрақұрылымның сенімділігін қамтамасыз етуге бағытталған технологиялық шешімдерді енгізу жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3❤1👍1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Маңғыстаумұнайгаз кен орындарында мұнай өндіру көлемін арттыру үшін жаңа технологиялар енгізілуде   📍«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның (ММГ) Жетібай кен орнына барып, кәсіпорын…
На месторождениях Мангистаумунайгаза внедряются новые технологии для увеличения добычи нефти
 
📍Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов в ходе рабочей поездки в Мангистаускую область посетил месторождение Жетыбай АО «Мангистаумунайгаз» (ММГ) и провел совещание по основным направлениям деятельности предприятия.

📊За 9 месяцев 2026 года ММГ добыто порядка 4 млн 552 тыс. тонн нефти. С учетом того, что основные месторождения ММГ находятся на поздней стадии разработки, компанией реализуется комплекс мер по повышению нефтеотдачи и сдерживанию темпов падения добычи.

✔️На предприятии внедряются новые технологии на переходящем фонде скважин. На Каламкасе успешно завершены опытно-промышленные испытания одновременно-раздельной закачки, продолжаются испытания одновременно-раздельной добычи. На часто ремонтируемом фонде применяются новые виды насосов и штанг, а также насосно-компрессорные трубы с защитной футеровкой: на 43 скважинах с новыми насосами количество отказов сократилось почти в три раза.

⬇️ Активно ведется разработка спутниковых карбонатных месторождений, геологические запасы которых превышают 20 млн тонн нефти. На месторождении Асар в сентябре текущего года начато бурение горизонтальной скважины глубиной 2107 метров, на месторождениях Восточный Жетыбай, Айрантакыр и Бурмаша предусмотрено бурение шести добывающих скважин. Для увеличения добычи на спутниковых месторождениях применяются технологии радиального вскрытия пласта, зарезки боковых стволов, спуска электроцентробежных насосов и циклического воздействия на пласт (huff-n-puff).

🔥Важным методом увеличения добычи остается гидроразрыв пласта (ГРП), особенно эффективный на участках с низкой проницаемостью пород спутниковых месторождений и Жетыбая. Ежегодно ГРП проводится в среднем на 300 скважинах, обеспечивая порядка 400 тыс. тонн нефти в год.

🔎Также предприятием разработаны концепция развития геологоразведочных работ и Дорожная карта до 2032 года, реализация которых позволит обеспечить прирост запасов на 38 млн тонн. На месторождении Каламкас уже завершено расширение горного отвода и пробурены четыре оценочные скважины.

📱В рамках объявленного Главой государства Года цифровизации и искусственного интеллекта продолжается внедрение цифровых решений. По итогам успешного пилота по программе «АЛЫП» принято решение масштабировать систему «Мобильный обходчик» на все нефтегазодобывающие цеха ММГ. На Каламкасе и Жетыбае с августа текущего года действует система электронных заявок на транспорт, внедрен электронный наряд-допуск. Продолжается развитие информационной системы ABAI.

📌По итогам совещания Асхат Хасенов поручил продолжить работу по внедрению технологических решений, направленных на повышение нефтеотдачи, эффективности добычи и надежности производственной инфраструктуры ММГ.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Атырау МӨЗ-дің экопосттарындағы деректер сайтта көрсетіледі

🏭Атырау мұнай өңдеу зауытының атмосфералық ауа сапасын автоматты бақылау бекеттерінен алынатын деректер енді кәсіпорынның ресми сайтында қолжетімді.

🖥Сайттың басты бетінде зауыттың санитарлық-қорғау аймағының шекарасында орналасқан «Перетаска», «Химпоселок», «Мирный» және «Пропарка» экологиялық посттарының көрсеткіштері нақты уақыт режимінде көрсетіледі.

🔍Қала тұрғындары атмосфералық ауадағы күкіртсутек (H₂S), азот оксиді (NO), азот диоксиді (NO₂), күкірт диоксиді (SO₂), көміртек оксиді (CO) концентрациясын, сондай-ақ желдің бағытын бақылай алады. Деректер тікелей «Қазгидромет» РМК-дан алынып, әр сағат сайын жаңартылады. Сонымен қатар, экопосттардағы деректерді зауыт аумағына кіреберісте орналасқан LED-экраннан да көруге болады.

🌿Атырау МӨЗ-де экологиялық мониторинг жүйесі 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Ол атмосфералық ауаның сапасын үздіксіз бақылауға мүмкіндік береді.

✔️Қоғам алдындағы ашықтық – зауыт қызметінің басты қағидаттарының бірі. Кәсіпорын қала тұрғындарын экологиялық қызметі және оның нәтижелері туралы тұрақты түрде ақпараттандыруды жалғастырады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍2⚡1❤1