ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.45K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
«KMG EP-Catering» компаниясына – 25 жыл

🗣Жаңаөзен қаласында «KMG EP-Catering» ЖШС-ның (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті. Оған Жаңаөзен қаласының әкімі Сымбат Төретаев пен «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов қатысты.

#️⃣Компания ұжымы алдында сөз сөйлеген ҚМГ басшысы мұнайшылардың күнделікті еңбегіне қажетті жағдайды қамтамасыз етіп отырған мамандар жұмысының маңыздылығын атап өтті.

— Бүгінде «KMG EP-Catering» қызметін Маңғыстау және Атырау облыстарындағы кен орындарда жұмыс істейтін 7 500-ден астам мұнайшы пайдаланады. Осы жылдар ішінде компания бірнеше даму кезеңінен өтіп, көрсететін қызмет түрлерін кеңейтіп, мол тәжірибе жинады. Кәсіпорын қызметкерлеріне жауапкершілігі мен өз ісіне деген адалдығы үшін алғысымды білдіремін. Сіздер адал еңбектеріңізбен саланың дамуына елеулі үлес қосып келесіздер, — деді А.Хасенов.


🎖Мерейтойға орай компанияның 51 қызметкеріне «Еңбек сіңірген мұнайшы» төсбелгісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның естелік төсбелгілері, Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттар берілді. Сонымен қатар ҚМГ-ның басқа да еншілес ұйымдарының мамандары марапаттарға ие болды.

▪️«KMG EP-Catering» компаниясының тарихы 1993 жылы Маңғыстау облысында «Узеньнефть» компаниясы жанынан «Шарайна» ұйымының құрылуынан басталады. 2001 жылы Жаңаөзен қаласында «Өзен-Елес» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алғаш рет мемлекеттік тіркеуден өтті. 2006 жылы оның құрамына бірнеше кәсіпорын қосылып, қызмет бағыттары кеңейтілді. 2010 жылы ұйым қазіргі «KMG EP-Catering» атауына ие болды.

▪️Бүгінде компанияда 1 100-ден астам адам еңбек етеді.

▪️Компанияның негізгі қызмет бағыттарына қоғамдық тамақтану, клининг, ғимараттарды күтіп ұстау, жөндеу және техникалық қызмет көрсету кіреді. Кәсіпорынның Маңғыстау және Атырау облыстарында 50-ден астам асханасы жұмыс істейді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2👏1
«KMG EP-Catering» отмечает 25-летие

🗣В Жанаозене состоялось торжественное мероприятие по случаю 25-летия ТОО «KMG EP-Catering» (дочерняя организация КМГ). В нем приняли участие аким города Жанаозен Сымбат Торетаев и председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов.

#️⃣Выступая перед коллективом, глава КМГ отметил значимость работы специалистов, обеспечивающих необходимые условия для повседневного труда нефтяников.

— Сегодня услугами «KMG EP-Catering» пользуются более 7500 нефтяников на наших месторождениях в Мангистауской и Атырауской областях. За прошедшие годы компания прошла несколько этапов развития, расширила спектр услуг и накопила значительный опыт. Выражаю благодарность сотрудникам предприятия, которые своей ответственностью и преданностью делу вносят значительный вклад в развитие отрасли, — подчеркнул А.Хасенов.


🎖В честь юбилея 51 работник компании получили нагрудный знак «Еңбек сіңірген мұнайшы», памятные знаки, почетные грамоты и благодарственные письма АО НК «КазМунайГаз». Также наград были удостоены сотрудники других дочерних организаций КМГ.

▪️История «KMG EP-Catering» берет начало в Мангистауской области в 1993 году, когда при компании «Узеньнефть» была создана организация «Шарайна». В 2001 году товарищество с ограниченной ответственностью «Өзен-Елес» впервые прошло государственную регистрацию в городе Жанаозене. В 2006 году к нему присоединились несколько предприятий, что позволило расширить направления деятельности. В 2010 году организация получила нынешнее название — «KMG EP-Catering».

▪️Сегодня здесь трудятся более 1 100 человек.

▪️Основные направления ее деятельности включают общественное питание, клининг, содержание зданий, ремонт и техническое обслуживание. В настоящее время в Мангистауской и Атырауской областях работают более 50 столовых.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3❤2👍2