ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
«Петромидия» мұнай өңдеу зауытының негізгі операциялық көрсеткіштері тұрақты өсіп келеді

📊Алдын ала бағалауға сәйкес, 2025 жылы Румыниядағы «Петромидия» мұнай өңдеу зауытында 5,88 млн тонна шикізат өңдеу жоспарланып отыр, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 27% жоғары. Жеңіл мұнай өнімдерін шығару көлемі 87% деңгейінде күтілуде. Көрсеткіштердің өсуі технологиялық режимдерді оңтайландыру, операциялық тиімділікті арттыру және өңделетін шикізат құрылымын жақсарту есебінен қамтамасыз етілді.

↗️Биылғы 11 айдың қорытындысы бойынша өнім шығару көлемі былтырғы жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда едәуір артты:
▪️авиациялық отын — 528 мың тонна (өсім 48%);
▪️бензин — 1,51 млн тонна (өсім 35,4%);
▪️дизель отыны — 2,28 млн тонна (өсім 24%).

🌿Кәсіпорын энергия тиімділігіне ерекше ден қояды, мұны энергетикалық қарқындылықтың (EII) 92,75-ке дейін төмендеуі растап отыр. Өнеркәсіптегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында зауыт жарақат алудың «нөлдік» деңгейін және оқыс оқиғалар болмауының тұрақты көрсеткіштерін сақтап келеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍3❤2
НПЗ «Петромидия» демонстрирует устойчивый рост ключевых операционных показателей

📊Согласно предварительной оценке, в 2025 году на НПЗ «Петромидия» в Румынии планируется переработать 5,88 млн тонн сырья, что на 27% выше показателя за 2024 год. Выход светлых нефтепродуктов ожидается на уровне 87%. Рост показателей обеспечен за счёт оптимизации технологических режимов, повышения операционной эффективности и улучшения структуры перерабатываемого сырья.

↗️По итогам 11 месяцев текущего года зафиксирован значительный рост объемов производства продукции по сравнению с аналогичным периодом прошлого года:
▪️авиационное топливо — 528 тыс. тонн (рост на 48%);
▪️бензин — 1,51 млн тонн (рост на 35,4%);
▪️дизельное топливо — 2,28 млн тонн (рост на 24%).

🌿Особое внимание уделяется энергоэффективности предприятия, о чем свидетельствует снижение энергетической интенсивности (EII) до 92,75. В сфере промышленной безопасности и охраны труда завод сохраняет устойчивые показатели нулевого травматизма и отсутствия инцидентов.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7🔥3⚡1
ҚМГ өндірістік қауіпсіздікті жүйелі түрде күшейтуде

Астанада «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобының еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған HSE-2025 форумы өтті. Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы, ҚМГ-ның 30-дан астам еншілес компаниясының және «Самұрық-Қазына» АҚ өкілдері, сондай-ақ сала сарапшылары қатысты.

📇Форумға жиналғандар өндірісте жарақат алуды азайту, қауіпсіздік мәдениетін жақсарту мәселелерін талқылап, цифрлық шешімдерді енгізу бойынша тәжірибе алмасты.

🗣Өз сөзінде Асхат Хасенов ҚазМұнайГаз өндірістік қауіпсіздікке ерекше назар аударатынын атап өтті. ҚМГ компаниялар тобында қауіп-қатерді азайтуға, оқиғалардың алдын алуға және еңбекті қорғау деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйелер барынша енгізіліп келеді.

— Біздің басты міндетіміз — күні бұрын әрекет етуге тиіспіз. Барлығы процестерді сапалы жоспарлаудан басталады. Қауіпсіздік адамдар өндіріс орнына шықпай тұрып қамтамасыз етілуі керек. Осыған байланысты ҚМГ қауіп-қатерді азайтуға және «нөлдік жарақат алу» деңгейіне жетуге бағытталған шаралар кешенін іске асыруды жалғастыруда, — деді ҚМГ басшысы.


💻Цифрлық шешімдердің арасында қауіп төнген жағдайда бұзушылықтарды автоматты түрде анықтайтын, соның ішінде жарық немесе дыбыс белгілері бар TUMAR интеллектуалды жүйесі атап өтілді.

✅Сонымен қатар форум барысында өндірісте жарақат алудың себептері талданып, 2026 жылға арналған стратегиялық мақсаттар белгіленді, соның ішінде жазатайым оқиғаларды 30% азайту бар.

🗣Өз кезегінде ҚМГ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев өндірістік бақылау жүйесінде желілік басшылардың рөлі басым екеніне тоқталды. Оның айтуынша, олар күнделікті өндірістік процестерді басқарып, қызметкерлермен тікелей байланыста болады. Тиісінше, бұл басшылар жазатайым оқиғалардың алдын алуда маңызды буын болып саналады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3🔥3
КМГ усиливает системный подход к производственной безопасности

В Астане прошёл HSE Форум-2025 группы компаний «КазМунайГаз», посвящённый вопросам охраны труда и производственной безопасности. В мероприятии приняли участие руководство АО НК «КазМунайГаз», представители более 30 дочерних компаний КМГ и АО «Самрук-Қазына», а также отраслевые эксперты.

📇Участники форума обсудили вопросы по снижению производственного травматизма, улучшению культуры безопасности и обменялись опытом по внедрению цифровых решений.

🗣В своём выступлении Асхат Хасенов отметил, что КазМунайГаз уделяет особое внимание производственной безопасности. В группе компаний КМГ активно внедряются интеллектуальные системы, которые позволяют снижать риски, предотвращать инциденты и повышать уровень охраны труда.

— Наша главная задача состоит в том, чтобы работать на опережение. Все начинается с качественного планирования процессов. Безопасность должна закладываться ещё до выхода людей на производственный объект. В этой связи КМГ продолжает реализовывать комплекс мер, направленных на снижение рисков и достижение целей «нулевого травматизма», — подчеркнул глава КМГ.


💻Среди цифровых решений была отмечена интеллектуальная система TUMAR, которая автоматически распознает нарушения, включает световые или звуковые сигналы в случае угрозы.

✅Также в ходе форума были проанализированы причины производственного травматизма и сформированы стратегические цели на 2026 год, включая снижение несчастных случаев на 30%.

🗣В свою очередь, первый заместитель председателя Правления КМГ Курмангазы Исказиев остановился на ключевой роли линейных руководителей в системе производственного контроля. По его словам, именно они ежедневно находятся ближе всего к производственным процессам и персоналу. Соответственно являются важнейшим звеном в предотвращении несчастных случаев.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1👍7❤4🔥4
Атырау облысында магистраль құбыржолдарын (этан, пропан) салуға EPC-келісімшарт жасалды

✍️«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы — «KMG PetroChem» ЖШС China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. және CITIC Construction Co., Ltd. мен «ЧППИ Қазақстан» ЖШС компанияларынан құралған консорциуммен EPC-келісімшарт жасасты. Келісімшарт жобалау құжаттамасын әзірлеуді, жабдықтарды сатып алуды, құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ нысанды пайдалануға беруді көздейді.

Жобаны іске асыру бірыңғай технологиялық тізбекті қалыптастырып, этан мен пропан фракцияларын сұйытылған күйде сенімді, қауіпсіз әрі үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз етеді.

🏭Шикізат «Теңізшевройл» ЖШС-нен және Теңіз кен орнында салынып жатқан Газ сепарациялау кешенінен жеткізіліп, одан әрі ол полиэтилен және полипропилен өндіретін газ-химия кәсіпорындарына тасымалданады. Осылайша, магистраль құбыржолдары (МҚ) технологиялық тізбектің негізгі элементі ретінде болашақ өндірістердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

🎺 МҚ — Қазақстан үшін бірегей жоба: елімізде алғаш рет әрқайсысының ұзындығы 210 шақырым болатын этан мен пропан құбырлары бір техникалық дәлізде қатар төселеді.

📌EPC-келісімшарт аясында мердігер отандық өндірушілерді тартуға басымдық беруге, сондай-ақ тауарларды, қызметтерді және қосалқы мердігерлерді таңдау кезінде қазақстандық қамту үлесін арттыруға міндетті.

⚙️Құрылыс-монтаждау жұмыстарын 2026 жылдың IV тоқсанында бастап, 2028 жылдың соңына қарай пайдалануға беру жоспарда. Жобаны іске асыру мұнай-газ химиясы кластерін дамытуға қажетті негізгі инфрақұрылымдық базаны қалыптастырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына, сервистік қызметтердің дамуына және Атырау облысының экономикалық әлеуетін нығайтуға ықпал етеді.

Анықтама:
«KMG PetroChem» ЖШС
— ҚМГ-ның 100% еншілес ұйымы және топ құрамында мұнай-газ химиясы жобаларын іске асырумен, үйлестірумен айналысады.

China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. (CPP) — мұнай мен газды сақтау және тасымалдау инфрақұрылымын салуға және пайдалануға маманданған ірі халықаралық инжинирингтік корпорация. Компания China National Petroleum Corporation (CNPC) құрамына кіреді. Оның Таяу Шығыс, Африка және Орталық Азияны қоса алғанда, әлемнің 50-ден астам елі мен аймағында жұмыс тәжірибесі бар.

CITIC Construction Co., Ltd. — 2002 жылы негізі қаланған ірі халықаралық инжинирингтік және құрылыс компаниясы. Ол Қытайдың ірі мемлекеттік қаржы корпорациясы – CITIC Group-тың еншілес құрылымы. Халықаралық құрылыс мердігерлерінің рейтингтерінде (ENR) көшбасшы орындарға ие.

«ЧППИ Қазақстан» ЖШС — инженерлік-техникалық жобалау саласында құзыреттілігі бар және Қазақстан Республикасының аумағында мамандандырылған құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатысады.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤2👍2
Заключен EPC-контракт на строительство магистральных трубопроводов (этан, пропан) в Атырауской области

✍️ТОО «KMG PetroChem», дочерняя компания АО НК «КазМунайГаз», заключило EPC-контракт с консорциумом во главе с China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. при участии CITIC Construction Co., Ltd. и ТОО «ЧППИ Казахстан». Договор предусматривает разработку проектной документации, закупку оборудования, выполнение строительно-монтажных и пусконаладочных работ, а также ввод объекта в эксплуатацию.

Реализация проекта сформирует единую технологическую цепочку и обеспечит надежную, безопасную и бесперебойную транспортировку этановой и пропановой фракций в сжиженном состоянии.

🏭Сырье будет поступать от ТОО «Тенгизшевройл» и строящегося Газосепарационного комплекса на месторождении Тенгиз. Далее продукция будет доставляться до газохимических предприятий по выпуску полиэтилена и полипропилена. Таким образом, магистральные трубопроводы (МТ) станут ключевым элементом технологического цикла, обеспечивающим стабильность будущих производств.

🎺 МТ представляют собой уникальный для Казахстана проект: впервые этанопровод и пропанопровод будут проложены в едином техническом коридоре; протяженность каждого составит 210 км.

📌В рамках EPC-контракта подрядчик обязан обеспечивать приоритетное привлечение отечественных производителей и увеличить долю закупок с казахстанским содержанием при выборе товаров, услуг и субподрядчиков.

⚙️Строительно-монтажные работы планируется начать в IV квартале 2026 года с вводом в эксплуатацию к концу 2028 года. Проект создаст необходимую инфраструктурную базу для развития нефтегазохимического кластера, что обеспечит рост занятости, развитие сервисного сектора и укрепление экономического потенциала Атырауской области.

Справочно:
ТОО «KMG PetroChem»
— 100% дочернее предприятие АО НК «КазМунайГаз», реализующее и координирующее нефтегазохимические проекты группы.

China Petroleum Pipeline Engineering Co., Ltd. (CPP) — крупная международная инжиниринговая корпорация, специализирующаяся на строительстве инфраструктуры для транспортировки и хранения нефти и газа. Дочернее предприятие China National Petroleum Corporation (CNPC) с опытом работы более чем в 50 странах.

CITIC Construction Co., Ltd. — международная инжиниринговая и строительная компания (основана в 2002 г.), дочерняя структура крупнейшей государственной финансовой корпорации Китая — CITIC Group. Занимает лидирующие позиции в мировых рейтингах (ENR).

ТОО «ЧППИ Казахстан» — обладает компетенциями в области инженерно-технического проектирования и специализированных строительных работ на территории Республики Казахстан.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍3❤1
Қазгермұнай Қызылорда облысының қажеті үшін газ дайындау қуатын белсенді дамытуда

📍Қызылорда облысына жұмыс сапары кезінде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Бекзат Абайылданов «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ) кен орындарында болып, өңір үшін маңызы зор негізгі өндірістік және инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру барысымен танысты.

✔️«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның жан-жақты қолдауының арқасында ҚГМ өз иелігіндегі тауарлық және сұйытылған мұнай газдарын дайындайтын қолданыстағы қондырғыларына сыртқы жер қойнауын пайдаланушыларды қосып жатыр. Аталмыш жобаны іске асыру жергілікті компанияларға қымбат газ өңдеу қондырғыларын салмай-ақ, ілеспе мұнай газын утилизациялау мәселесін шешуге мүмкіндік береді және мұнай өндіру көлемін ұлғайту үшін шектеулерді алып тастайды. Осылайша қоры аз кен орындарды игеру экономикалық тұрғыдан тартымды болмақ.

📊Нұралы мен Ақшабұлақ кен орындарында келісімшарттық міндеттемелер аясында шикі газды процессингке жеткізуді «ҚазПетрол Груп» пен «Тұзкөл Мұнай Газ Оперейтинг» компаниялары орындауда. Аталмыш жер қойнауын пайдаланушылардан шикі газ жеткізудің әлеуетті көлемі жылына шамамен 250 млн м³ құрайды. Одан жылына 220 млн м³ тауарлық газ және 50 мың тоннаға дейін сұйытылған мұнай газы шығарылады.

🗣Б.Абайылдановқа шикі газды өндіру мен жеткізудің болашақтағы өсімін ескере отырып әзірленген газ дайындау қондырғыларын жаңғырту жоспары таныстырылды. Жабдықтарды жаңарту компрессорлық қондырғылар жұмысының сенімділігін арттырады және сұйытылған газ өндірісін жылына 20 мың тоннаға дейін ұлғайтады. Бастапқы кезеңде экономикалық тиімділік жылына 2 млрд теңгеге дейін болады деп жоспарлануда.

↗️Жалпы жобаны іске асыру сұйытылған және тауарлық газ өндірісін ұлғайтуға мүмкіндік беріп, оны Қызылорда ЖЭО, Шыны зауыты және Ақшабұлақ ГТЭС нысандарын қоса алғанда, еліміздің оңтүстік өңірлеріне тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді.

◾️ҚГМ бас директоры Зияш Қияқбаев биылғы 11 айда мұнай өндіру көлемі 832 мың тоннаға жуықтап, жоспарлы көрсеткіштен 3,3 мың тоннаға артық орындалғанын баяндады.

✔️Кәсіпорында мұнай өндіру деңгейін ұстап тұруға бағытталған геологиялық-техникалық іс-шаралар кешені іске асырылуда, соның ішінде жер қабатын сумен жару, қабылдау профилін теңестіру бар. Қабатты газдинамикалық әдіспен жару технологияларының тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтары, ұңғымалардың өнімділігін жақсарту жөніндегі іс-шаралар, сондай-ақ жөндеу-оқшаулау жұмыстары атқарылып келеді.

🔎 Қорлардың 88% игеріліп қойылғанын ескеріп, ҚГМ Ақшабұлақ және Нұралы кен орындары тобында қосымша барлауды тұрақты негізде жүзеге асырып, жаңа перспективті учаскелерді іздестіру іс-шараларын жүргізіп келеді. Қосымша барлау жұмыстардың және алынған жаңа геологиялық деректердің нәтижелері бойынша қорлар қайта есептелуде. Өндірілетін қорлардың өсімі шамамен 450 мың тонна мұнайды құрайды.

📌ҚГМ алдына операциялық тиімділікті арттыру, жұмыс істеп тұрған кен орындарында қосымша барлауды сапалы жүргізу және ресурстық базаны кеңейту бойынша міндеттер қойылды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍3❤1