ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚМГ корпоративтік орталығының қызметкерлері арасындағы Спартакиада

💫Спорттық іс-шараға 80-нен астам адам қатысты. Жарыстар футзал, волейбол, жүзу, үстел теннисі, шахмат, тоғызқұмалақ, садақ ату, асық ату және бес асық сияқты спорт түрлерінен өтті.

***

Спартакиада среди работников корпоративного центра КМГ

💫В состязаниях приняли участие более 80 человек. Соревнования проходили по таким видам спорта, как футзал, волейбол, плавание, настольный теннис, шахматы, тогыз-кумалак, стрельба из лука, асык ату и бес асык.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥4❤3
Өзенмұнайгаз қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағытында ауқымды бағдарламаны іске асырды

🗣2025 жылы жаңа әкімшілік-тұрмыстық және шаруашылық кешендер салынып, сондай-ақ оператор бөлмелеріне, асханаларға, медициналық пункттерге және қызметтік үй-жайларға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

✔️Жалпы, жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту бағытындағы Жол картасы аясында 47 нысан қамтылды.

✔️Бүгінде ғимараттардың басым бөлігі пайдалануға берілген, ал бірқатар жоба бойынша қабылдау құжаттарын рәсімдеу аяқталуда. Барлық жұмыс өнеркәсіптік қауіпсіздік пен сапа талаптарына сай орындалды.

🏗️Ең ірі нысандардың ішінде №5 Ұңғымаларға қызмет көрсету басқармасының әкімшілік-өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық кешендерінің құрылысы, сондай-ақ Ұңғымаларды күрделі және жерасты жөндеу цехының әкімшілік ғимараты, Бұрғылау жұмыстары басқармасының өндірістік қызмет көрсету цехының 120 адамға арналған шаруашылық-тұрмыстық кешенінің құрылысы бар.

✔️Бұдан бөлек, Автоматика және телекоммуникация басқармасының әкімшілік-тұрмыстық кешенінің құрылысы аяқталып, өндірістік персоналдарға арналған бірнеше жаңа ғимараттар мен модульдік нысандар пайдалануға берілді.

✔️Сонымен қатар 2025 жылы жөндеу жұмыстарының басым бөлігі аяқталды: Мұнай-газ өндіру басқармаларының, Өзенэнергомұнай, Автоматика және телекоммуникация басқармаларының, Бұрғылау жұмыстарының бөлімшелеріндегі шаруашылық-тұрмыстық кешендер, асхана, жуынатын және киім ауыстыратын бөлмелер мен әкімшілік үй-жайлар жаңартылды.

📌Өзенмұнайгаз жұмысшылардың еңбек жағдайларын тұрақты негізде жақсартып келеді және бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасатын болады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4🔥4👍2