ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚазМұнайГаздың ірі мұнай өңдеу зауытының қызметкерлері жаңа Конституция жобасын қолдады

🗣ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Ерлан Қошанов бастаған «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының делегациясы Шымкент мұнай өңдеу зауытында болып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесті.

✔️Зауыт қызметкерлеріне еліміздің жаңа Ата Заңының негізгі баптары түсіндірілді. Мәжіліс спикері Е.Қошанов жаңа Конституция жобасы Қазақстанның стратегиялық даму бағытын айқындайтынын атап өтті. Негізгі басымдықтарды конституциялық деңгейде бекіту — экономиканың өсуіне және ұлттық бәсекеге қабілеттілікті нығайтуға тұрақты жағдай жасайды.

▪️Делегация мүшелері жаңа Конституция жобасында адами капиталдың дамуы, яғни білім, ғылым және инновациялар жоғары стратегиялық басымдық ретінде алғаш рет бекітіліп отырғанын айтты. Ұлтымыздың интеллектуалды әлеуеті қазіргі экономиканың негізгі қозғаушы күшіне айналып отыр.

▪️Кездесуде экология мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұнай өңдеу саласы үшін табиғатты қорғау – басты басымдықтардың бірі. Жаңа Конституция жобасында жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру және азаматтардың қолайлы қоршаған ортаға құқығы белгіленген. Бұл заңнаманы одан әрі дамытуға мүмкіндік береді, сондай-ақ мемлекеттің, кәсіпорындардың және қоғамның болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтап қалу жауапкершілігін арттырады.

📌Зауыт ұжымы конституциялық реформаның маңызын айрықша атап өтіп, биыл 15 наурызда өтетін референдумға қолдау білдірді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2🔥2
Работники крупного нефтеперерабатывающего завода КазМунайГаза поддержали проект новой Конституции

🗣Делегация Общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого и Прогрессивного Казахстана» во главе с Председателем Мажилиса Парламента РК Ерланом Кошановым посетила Шымкентский нефтеперерабатывающий завод, где состоялась встреча с трудовым коллективом предприятия.

✔️Работникам завода были разъяснены ключевые положения нового Основного Закона страны. Спикер Мажилиса Е.Кошанов подчеркнул, что проект новой Конституции отражает стратегический курс развития страны. Закрепление ключевых приоритетов на конституционном уровне создаст устойчивые условия для экономического роста и укрепления национальной конкурентоспособности.

▪️Члены делегации акцентировали внимание на том, что проект новой Конституции впервые закрепляет развитие человеческого капитала — образования, науки и инноваций в качестве высшего стратегического приоритета. Именно интеллектуальный потенциал нации становится главной движущей силой современной экономики.

▪️Особое внимание уделили вопросам экологии. Для нефтеперерабатывающей отрасли бережное отношение к природе является одним из главных приоритетов. В проекте новой Конституции закрепляется формирование высокой экологической культуры и право граждан на благоприятную окружающую среду. Это задает четкие рамки для дальнейшего развития законодательства и повышает ответственность государства, предприятий и общества за сохранение чистой природы для будущих поколений.

📌Заводчане особо отметили значимость конституционной реформы и выразили поддержку проведению референдума, который состоится 15 марта 2026 года.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👨‍💻3👍2🔥2🤝1
ҚМГ басшысы Атырау облысында салынып жатқан полиэтилен зауытының құрылыс барысымен танысты

🏗️«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін «Силлено» зауытының құрылыс алаңына барды.

📌Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізде мұнай-газ-химиясы кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында іске асырылуда және Қазақстанның өңдеу өнеркәсібі саласындағы ең ірі нысандардың бірі.

⚡️Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары екі негізгі технологиялық қондырғыда жүріп жатыр. Жобаның ілгерілеу көрсеткіші 22% құрады. Барлық жұмыс кестеге сәйкес жүргізілуде.

✔️Этилен өндірілетін пиролиз қондырғысында қада қағу (89%) және іргетас құю (20% астам) жұмыстары жалғасуда. Құбыр эстакадаларын орнатуға арналған жерүсті құрастырмалы темірбетон конструкцияларын монтаждау іс-шаралары басталды.

✔️Екінші негізгі қондырғы — полимерлеу алаңында, сондай-ақ жалпызауыттық шаруашылық нысандарын салу бойынша 427 мың текше метр жер жұмыстары орындалды, 3 721 қада қағылды.

✔️Биыл ірі габаритті жабдықтардың алғашқы легі, оның ішінде салмағы 1,5 мың тоннаға жуық және биіктігі 101 м болатын этиленді фракциялау бағаналары жеткізіліп, монтаждау жұмыстары жүргізіледі. Олар АтырауМұнайМаш зауытында дайындалуда. Сондай-ақ металл конструкциялары мен технологиялық құбырларды монтаждау басталады.

✔️Бүгінде құрылыс жұмыстарына 1 300-ден аса адам (90% астамы — ҚР азаматтары) және 330-ға жуық техника жұмылдырылған. Зауытты пайдалануға беру және алғашқы өнімді шығару 2029 жылға жоспарланып отыр.

▪️Көптеген салада кеңінен қолданылатын шикізат — полиэтилен өндірісі Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтып, қосылған құны жоғары өнім өндіруді дамытуға мүмкіндік береді.

🗣Бұдан бөлек, А.Хасенов ірі мұнай-газ химиясы жобаларын іске асыру мәселелеріне арналған жиын өткізіп, оның барысында Теңіз кен орнында салынып жатқан Газ сепарациялау кешенінің және магистралды этан және пропан құбыржолдары құрылысының қазіргі жағдайы туралы есепті тыңдады. Бұл жобалар болашақ газ-химиясы өндірістеріне шикізат жеткізуді қамтамасыз етеді.

✔️ГСК жобасының құрылысы қарқын алды: құрылыс алаңдарында қада қағу және кешеннің негізгі нысандарына арналған аумақты дайындау жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар қазақстандық қамту үлесін арттыруға бағытталған шаралар қолға алынды, жабдықтар мен құрылыс материалдарының бір бөлігі отандық кәсіпорындарда жасалуда. Қазіргі кезде құрылысқа 600-ден аса адам жұмылдырылды, оның 70% астамы Атырау облысының тұрғындары.

🎺 Магистраль құбыржолдардың жобасы бойынша 2025 жылдың соңында EPC-мердігер анықталып, жоспарлы дайындық жұмыстары жүргізілуде. Құрылыс-монтаждау іс-шаралары 2026 жылдың екінші жартысында басталады деп жоспарланған.

📌ҚМГ басшысы өңірдегі барлық ірі мұнай-газ химиясы жобаларының құрылыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥54👍3