ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚМГ басшысы Рожков кен орнын жайластыру мен игеру мәселелеріне арналған өндірістік жиын өткізді

📌«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Рожков газ конденсатты кен орны жобасын іске асыру мәселелеріне қатысты жиын өткізді.

🗣«Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) басшылығы кен орнын жайластыру барысы жайлы баяндама жасады. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық ұңғымада жалпы құрылыс пен монтаждау жұмыстары аяқталды, бес кран торабы бар негізгі құбырының 17,5 шақырымы, өнімді ұңғымадан бөлетін желінің 12,8 шақырымы, кернеуі 10 кВ электр беру желісінің 24 шақырымы, талшықты-оптикалық байланыс желісінің 26 шақырымы, сондай-ақ жинау және тарату станциялары салынып бітті. Жобалық жабдықты іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.

✔️Аумақты абаттандыру бойынша іс-шаралар жалғасуда. Жұмыстың орындалу барысы 95% құрайды.

✔️Бұдан бөлек, компания Рожков кен орнын дамытудың 2-ші кезеңінің жұмыс жобасын іске асыруға кірісті, бұл қолданыстағы ұңғымалар қорын және шикі газ өнімділігін тәулігіне 2 млн м³ дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

🔗 Айта кетсек, 2025 жылы УОГ 343 мың тонна конденсат және 470 млн м³ шикі газ өндірді. Биылға арналған жоспарға сәйкес конденсат өндіру көлемі — 384,5 мың тонна және газ бойынша 548,1 млн м³. Қазіргі уақытта компания жылына 72 мың тонна сұйытылған көмірсутек газының өндірісін қамтамасыз етіп отыр.

📌Жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы Урал Ойл энд Газ компаниясының алдына Рожков кен орнын жайластыру мен игерудің алдағы жоспарларын уақтылы әрі сапалы орындау бойынша міндеттер қойды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3🔥2💯1
Глава КМГ провел производственное совещание по обустройству и разработке месторождения Рожковское

📌В ходе рабочей поездки в Западно-Казахстанскую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов провел совещание по вопросам реализации проекта газоконденсатного месторождения Рожковское.

🗣Руководство ТОО «Урал Ойл энд Газ» (УОГ) доложило о ходе обустройства месторождения. На текущий момент завершены общестроительные и монтажные работы на всех действующих скважинах, построены 17,5 км основного трубопровода с пятью крановыми узлами, 12,8 км линий отвода продукции от скважины, 24 км воздушной линии электропередачи напряжением 10 кВ, 26 км волоконно-оптической линии связи, а также сборная и передаточная станции. Ведутся пусконаладочные работы на проектном оборудовании.

✔️Продолжаются мероприятия по благоустройству территории. Прогресс выполнения работ составляет 95%.

✔️Кроме того, компания приступила к реализации рабочего проекта Фазы 2 развития месторождения Рожковское, что позволит увеличить фонд действующих скважин и производительность до 2 млн м³ сырого газа в сутки.

🔗 Отметим, что за 2025 год УОГ добыто 343 тыс. тонн конденсата и 470 млн м³ сырого газа. План на текущий год составляет 384,5 тыс. тонн по конденсату и 548,1 млн м³ по газу. На данном этапе компания обеспечивает производство 72 тыс. тонн сжиженного углеводородного газа в год.

📌По итогам совещания глава КМГ поставил перед Урал Ойл энд Газ задачи по своевременному и качественному исполнению дальнейших планов обустройства и разработки месторождения Рожковское.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥5❤2💯1
Атырау мұнай өңдеу зауыты баяу кокстеу қондырғысында жоспарлы жұмыстарды бастайды

🏭«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің (АМӨЗ) баяу кокстеу қондырғысында 2026 жылдың 11 наурызынан бастап жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі.

⚙️Шамаман 10 күнге созылатын технологиялық іс-шаралар пештің өнімдік иректүтігін бумен жағып тазарту үшін қажет. Бұл процедура ҚР СТ 3517-2020 ұлттық стандартының талаптарына сәйкес құбырлардың ішкі бөліктерін кокс шөгінділерінен регламенттік тазарту аясында жүзеге асырылады және жыл сайын ҚР Энергетика министрлігі бекітетін мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы алдын алу жұмыстарының кестесіне енгізіледі.

⏩Баяу кокстеу қондырғысындағы жоспарлы жұмыстар АМӨЗ-дің наурыз айында жеңіл мұнай өнімдерін өндіру жоспарын орындауға әсер етпейді. Бұл кезеңде зауыт тәулігіне 3,5 мың тонна бензин, 4,5 мың тонна дизель отыны және 0,6 мың тонна авиаотын өндіруді жалғастырады.

⏩Баяу кокстеу қондырғысында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталған кезде ҚР мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта өңірлерде жеткілікті қор қалыптасқан. Атап айтқанда, бензин мен дизель отынының қоры 40 күндік тұтыну көлемін құрайды, ал авиаотын қоры 70 күндік тұтыну деңгейінде.

Анықтама: Баяу кокстеу қондырғысын пайдалану барысында жоғары температураның әсерінен және ішінара термиялық крекинг реакциясының жүруіне байланысты пештің иректүтігі кокстенеді. Өнімдік иректүтікті бу-ауа қоспасымен тазарту — қондырғыны пайдаланудың ажырамас бөлігі. Бұл технологиялық жабдықтың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге және штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарлы операциялық іс-шара болып саналады.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3⚡2🔥2👍1
Атырауский НПЗ приступает к плановым работам на установке замедленного коксования

🏭На ТОО «Атырауский нефтеперерабатывающий завод» (АНПЗ) с 11 марта 2026 года запланированы планово-предупредительные работы (ППР) на установке замедленного коксования (УЗК).

⚙️Технологические мероприятия, рассчитанные ориентировочно на 10 дней, необходимы для проведения паровыжига продуктового змеевика печи. Данная процедура осуществляется в рамках регламентной очистки внутренних поверхностей трубопроводов от коксовых отложений в соответствии с требованиями национального стандарта СТ РК 3517-2020 и ежегодно вносится в график ППР нефтеперерабатывающих заводов, утвержденный Министерством энергетики РК.

⏩Проведение плановых работ на УЗК не повлияет на выполнение плана по производству светлых нефтепродуктов на АНПЗ в марте. В этот период завод продолжит производить бензин на уровне 3,5 тыс. тонн в сутки, дизельное топливо — 4,5 тыс. тонн в сутки, авиатопливо — 0,6 тыс. тонн в сутки.

⏩К моменту начала ППР на УЗК рынок нефтепродуктов РК находится в устойчивом балансе. По состоянию на текущую дату в регионах сформированы существенные запасы: бензины и дизельное топливо — в размере 40-дневного потребления, авиатопливо — 70-дневного потребления.

Справочно: в процессе эксплуатации УЗК из-за воздействия высоких температур змеевик печи закоксовывается вследствие частично протекающих реакций термического крекинга. Паровоздушная очистка продуктового змеевика является неотъемлемой частью эксплуатации установки и плановым операционным мероприятием для поддержания надежности технологического оборудования и предотвращения возникновения внештатных ситуаций.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5⚡2❤2👍1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
✔️Урал Ойл энд Газ ұжымы жаңа Конституцияны қолдады

🗣Батыс Қазақстан облысында орналасқан Рожков кен орнында компания басшылығының еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Жиында жаңа Ата Заңымыздың негізгі баптары талқыланды.

▪️ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы — «Урал Ойл энд Газ» ЖШС өкілдері жаңа Конституцияда еңбек адамын әлеуметтік қорғауға және оның мәртебесін нығайтуға бағытталған нормаларды бекіту өндірістік қауіпсіздікті арттыруға және мұнай-газ секторын дамытуға ықпал ететінін ерекше атап өтті.

▪️Сонымен қатар қызметкерлер табиғи ресурстарға ұқыпты қарау мен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қағидаттар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға жаңа серпін беретініне тоқталды.

✅Кездесу қорытындысы бойынша компания қызметкерлері жаңа Конституцияға қолдау білдіріп, 15 наурызда өтетін референдумға қатысу — әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы екенін айтты.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥3❤1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
✔️Урал Ойл энд Газ ұжымы жаңа Конституцияны қолдады 🗣Батыс Қазақстан облысында орналасқан Рожков кен орнында компания басшылығының еңбек ұжымымен кездесуі өтті. Жиында жаңа Ата Заңымыздың негізгі баптары талқыланды. ▪️ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы —…
✔️Коллектив Урал Ойл энд Газ поддержал новую Конституцию

🗣На месторождении Рожковское в Западно-Казахстанской области состоялась встреча руководства с трудовым коллективом, на которой были обсуждены ключевые положения нового Основного закона страны.

▪️Представители дочерней компании КазМунайГаза — ТОО «Урал Ойл энд Газ» особо отметили, что закрепление в новой Конституции положений по социальной защите и укреплению статуса человека труда будут способствовать повышению производственной безопасности и развитию нефтегазового сектора.

▪️Также работники подчеркнули, что нормы, касающиеся бережного отношения к природным ресурсам и охраны окружающей среды, дадут новый импульс к формированию экологической культуры.

✅По итогам встречи работники компании выразили поддержку новой Конституции и отметили, что участие в референдуме 15 марта — гражданский долг каждого казахстанца.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3🔥2
Қазақстанда мұнай-газ химиясы саласына инженерлік кадрларды даярлауға арналған жаңа бағдарлама іске қосылды

📚Италиялық MAIRE (Tecnimont) инжиниринг компаниясы жас инженерлер мен техникалық мамандарды даярлауға бағытталған Jaryq Academy білім беру бағдарламасын іске қосты. MAIRE (Tecnimont) — Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан ірі мұнай-газ химиясы жобаларында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ серіктесі.

🎓Бағдарламаның алғашқы легі Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің 20 студентінен құралды, олар 60-тан астам үміткердің ішінен іріктелді. Шілде айына дейін қатысушылар теориялық және тәжірибелік сабақтар өтеді. Практикалық дайындық Атырау облысында жүзеге асырылып жатқан мұнай-газ химиясы жобалары — полиэтилен өндіру зауыты (Силлено) және Газ сепарациялау кешенінің (KMG PetroChem) құрылыс алаңдарында ұйымдастырылады. Сонымен қатар студенттер бизнес және техникалық бағыттар бойынша да білім алады.

▪️Бұдан бөлек, MAIRE (Tecnimont) және Nazarbayev University білім беру, ғылыми зерттеулер, адами капиталды дамыту және инновациялар саласында ынтымақтастық туралы өзара түсіністік жөніндегі меморандумға қол қойды. Бұл келісім отандық жас мамандарға MAIRE компаниясының халықаралық жобаларына қатысу мүмкіндігін береді.

Анықтама:
Maire Tecnimont S.p.A. — болашақ полиэтилен зауытының полимерлеу қондырғысы мен зауыттың жалпы шаруашылық нысандарының, сондай-ақ Газ сепарациялау кешенінің EPC-мердігері.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤4👍2🙏1
В Казахстане стартует новая программа подготовки инженерных кадров для нефтегазохимической отрасли
 
📚Итальянская инжиниринговая компания MAIRE (Tecnimont) запускает образовательную программу Jaryq Academy, направленную на подготовку молодых инженеров и технических специалистов. Отметим, что MAIRE (Tecnimont) является партнером АО НК «КазМунайГаз» в реализации крупных нефтегазохимических проектов в Атырауской области.

🎓Первый поток программы сформирован из 20 студентов Атырауского университета нефти и газа им. Сафи Утебаева, отобранных из более чем 60 кандидатов. До июля текущего года участников ждут теоретические и практические занятия на строительных площадках нефтегазохимических проектов — завод по производству полиэтилена Силлено и Газосепарационный комплекс (KMG PetroChem) в Атырауской области, а также обучение по бизнес- и техническим направлениям.

▪️Кроме того, MAIRE (Tecnimont) и Nazarbayev University подписали Меморандум о взаимопонимании в сфере образования, научных исследований, развития человеческого капитала и инноваций. Это даст возможность молодым отечественным специалистам принять участие в реализации международных проектов MAIRE.
  
Справочно:
Maire Tecnimont S.p.A. выступает EPC-подрядчиком установки полимеризации и объектов общезаводского хозяйства будущего полиэтиленового завода, а также EPC-подрядчиком по строительству Газосепарационного комплекса.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7🔥4👍2
💫Құрметті «KazService» ұжымы!

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының атынан «KazService» мұнай сервистік компаниялар одағын 15 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

«KazService» eліміздің мұнай-газ саласындағы сервистік жұмыстарды дамытуға, отандық компаниялардың әлеуетін арттыруға және ірі өндірістік жобаларға қазақстандық кәсіпорындардың қатысуын кеңейтуге елеулі үлес қосып келеді.

Одақ салалық кәсіпорындарды бір ортаға жұмыла біріктіріп, ұлттық компаниялар және бизнес арасындағы тиімді диалог алаңына айналды.

«KazService» бастамасымен жүзеге асқан көптеген іс-шаралар мен салалық жобалар сервистік индустрияның дамуына жаңа серпін беріп, қазақстандық қамтуды арттыруға ықпал етті.

«ҚазМұнайГаз» компаниясы «KazService» ұйымымен қалыптасқан серіктестікті жоғары бағалайды.

«KazService» ұжымына қолға алған барлық тың жобаларды табысты жүзеге асыру жолындағы қызметіне сәттілік тілеймін.

Ізгі ниетпен, Асхат Хасенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥3👍1🤝1
ҚМГ басшысы Қашағанда өндірістік жиын өткізді

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары барысында Қашаған кен орнының операторы — NCOC компаниясының еңбек ұжымымен өндіріс мәселелеріне арналған жиналыс өткізді.

🏭ҚМГ басшысы кен орнының басты өндірістік нысандары — теңіз кешені мен «Болашақ» зауытын аралап көрді.

◾️2025 жылдың қорытындысы бойынша Қашағанда шамамен 18,2 млн тонна мұнай өндірілді, оның 3 млн тоннадан астамы ұлттық компанияның үлесіне тиесілі.

📌Жиын барысында биылғы өндірістік нысандарды күрделі жөндеу бойынша дайындық іс-шараларына, сондай-ақ пайдаланбай тұрған қордың тоқтап тұрған ұңғымаларын қайтару жұмыстарының сапалы ұйымдастырылуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды. А.Хасенов жоспарланған барлық іс-шараны тиімді жүзеге асырудың және белгіленген мерзімдерді сақтаудың маңызын атап өтті.

📌Бұдан бөлек, ҚМГ тарапынан оператор алдында ұзақ уақыт бойы шешімін таппай келе жатқан Қашаған кен орнын одан әрі дамыту мәселелері көтерілді. Атап айтқанда, кен орнын толық көлемде игерудің ұзақ мерзімді моделімен байланысты игерілмеген учаскелерді дамыту жөніндегі жоспарлар.

▪️Елішілік құндылықтарды дамытуға қатысты елімізде өндірістерді локализациялау үшін «келісімшартты инвестицияға айырбастау» тәсілін тарату қажеттілігі айтылды.

▪️2025 жылы «келісімшартты инвестицияға айырбастау» механизмі аясында Brucke Energy компаниясымен жоғары қысымды сақтандыру клапандарының өндірісін жергілікті деңгейде ашуға, Global Energy Service-пен сақиналы үлгідегі төсемшелерді шығаруға, Hyundai Aktau-мен жедел жәрдем машиналарын жеткізуге келісімдер жасалды.

▪️Сонымен қатар отандық өндірушілерді ынталандыру мақсатында «жергілікті тендер» тетігі бойынша 10 келісімшартқа қол қойылды.

▪️Жалпы, 2025 жылдың қорытындысы бойынша NCOC сатып алу көлеміндегі қазақстандық тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердің үлесі 70% немесе $606 млн құрады.

🅰️ Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» аясында NCOC биыл өндірістік процестердің операциялық тиімділігін арттыру үшін жасанды интелектіні қолдана отырып, Digital Oil Field, Video Analytics және CogniteData Fusion технологияларын енгізуді жоспарлап отыр.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍32❤1