ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.46K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Экологиялық жауапкершілік: ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлері жыл басынан бері 230 мың ағаш отырғызды

🗣ҚазМұнайГаз Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасына белсенді қатысып келеді.

🌳Бүгін Астанада ҚМГ қызметкерлері «ҚазМұнайГаз саябағында» 100-ден астам ағаш отырғызды. Саябақ ашылғаннан бері оның аумағына қарағай, шырша, мойыл, шетен, тал, қарағаш, алма және басқа да ағаш түрлерін қоса алғанда, барлығы 2 200 түп ағаш, сондай-ақ 7 400 бұта мен көпжылдық өсімдік егілді.

🌿Аумағы 6 гектарды құрайтын ҚМГ саябағы Астана қаласының Нұра ауданы Тұран даңғылы бойындағы «Қазақстан ғарыш сапары» кешеніне жақын жерде орналасқан. «ҚазМұнайГаз саябағының» тұжырымдамасы Қазақстанның мұнай-газ саласының тарихымен сабақтас. Ақпараттық стелада өндірістің қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері, маңызды оқиғалар мен айтулы белестер көрсетілген.

◾️Саябақтағы ерекше нысанның бірі мұнай өндіру саласында кеңінен танылған символ - тербелмелі қондырғы.

▪️Мұнда қала тұрғындарының жайлы демалысы мен бос уақытын тиімді өткізуі үшін серуендеу жолдары, балалар ойнайтын және баскетбол алаңдары, workout-аймақ жасалған. Бұдан бөлек, демалып отыруға арналып жабдықталған жерлер, орындықтар мен жарық шамдары орнатылған. Жасыл желектерді күтіп ұстау үшін автоматты суару жүйесі қарастырылған.

▪️Аудан тұрғындары жаңа қоғамдық орынның ашылуын жылы қабылдап, мұнда жиі келетін болған. Олардың айтуынша, саябақ қалалық инфрақұрылымның маңызды бөлігіне айналып, ауданның тартымдылығын арттырды. Бұл – қаланың айтылған бөлігіндегі осындай форматтағы жалғыз қоғамдық саябақ.

✔️Жалпы, ҚМГ биыл Астана қаласы мен өз қызметін жүргізетін өңірлерде 386 мың ағаш отырғызуды жоспарлаған. Жыл басынан бері 230 мың түп ағаш егілді. Ұлттық компания елімізді көгалдандыруға және қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экологиялық бастамаларды үнемі іске асырып келеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤3👍3
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Вклад в экологию: с начала года работники группы компаний КМГ высадили 230 тысяч деревьев

🗣КазМунайГаз продолжает принимать активное участие в общенациональной экологической инициативе Главы государства «Таза Қазақстан».

🌳Сегодня в Астане сотрудники КМГ в «ҚазМұнайГаз саябағы» посадили более 100 деревьев. Всего на территории парка с момента открытия высажено 2 200 деревьев - сосен, елей, черемухи, рябины, ивы, вяза, яблонь и других пород, а также 7400 кустарников и многолетних растений.

🌿Парк КМГ площадью 6 га расположен в Нуринском районе, вблизи комплекса «Қазақстан Ғарыш Сапары» по проспекту Туран. Концепция «ҚазМұнайГаз саябағы» связана с историей нефтегазовой отрасли Казахстана. На информационной стеле отражены основные этапы ее становления и развития, ключевые события и значимые вехи.

◾️Одним из знаковых элементов парка стал нефтяной станок-качалка - один из узнаваемых символов нефтедобывающей отрасли.

▪️Для комфортного отдыха горожан здесь обустроены прогулочные зоны, детская игровая и баскетбольная площадки, workout-зона, установлены беседки, перголы, скамейки и уличное освещение. Для ухода за зелеными насаждениями предусмотрена система автоматического полива.

▪️Жители района положительно восприняли появление нового общественного пространства и регулярно проводят здесь свободное время. По их словам, парк стал важным дополнением к городской инфраструктуре и повысил привлекательность района. Это единственное общественное пространство такого формата в данной части города.

✔️В целом, в текущем году в Астане и регионах присутствия КМГ планируется высадить 386 тыс. деревьев. С начала года посажено 230 тыс. деревьев. Национальная компания продолжает работу по реализации экологических инициатив, направленных на озеленение страны.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤3👍3
Болашақ полиэтилен зауытында жобадағы ең ірі бағананы орнату аяқталды

🗣2026 жылдың 19 қыркүйегінде полиэтилен зауытының құрылыс алаңында биіктігі 101,8 метр, диаметрі 7,5 метр этиленді фракциялау бағанасы орнатылды. Барлық жиынтықты қосқандағы салмағы 1,8 мың тоннадан асады. Жабдық Қазақстанда «АтырауНефтеМаш» зауытында жасалды.

⚡️Бағана пиролиз қондырғысының технологиялық процесіндегі негізгі элементтердің бірі және полиэтилен өндіруге қажетті негізгі шикізат – этиленді бөліп алуға арналған.

▪️Күрделі инженерлік операцияны орындау үшін құрылыс алаңында 4 000 тонна жүк көтеруге қауқарлы шынжыр табанды кран құрастырылды. Бұл – әлемдегі осы санаттағы ең ірі крандардың бірі.

▪️Монтаж жұмысы шамамен бес сағатқа созылды, жүк негізгі шынжыр табанды кран мен 1 700 тонна қосалқы кранның көмегімен бірнеше кезеңде орнатылды. Алғашында бағана көлденең күйінде шамамен үш метр биіктікке көтерілді. Қажетті дайындық және бақылау жұмыстары жүргізілгеннен кейін жабдық көлденең күйден тік қалыпқа көтеріліп, іргетасқа орнатылып, бекітілді.

▪️Алдағы уақытта 4 000 тонналық шынжыр табанды кран пиролиз қондырғысының тағы бір аса ірі габаритті жабдығы – салмағы шамамен 700 тонна, биіктігі 50 метрден астам және диаметрі шамамен 10 метр болатын суыту бағанасын монтаждау үшін пайдаланылатын болады. Бұл жабдық та «АтырауНефтеМаш» зауытында жасалуда.

▪️Атырау облысында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының жобасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұнай-газ химиясы кластерін дамыту жөніндегі тапсырмасы аясында жүзеге асырылуда. Бұл – елдегі өңдеу өнеркәсібіндегі ең ірі жобалардың бірі.

✅Қазіргі уақытта жобаның жалпы жүзеге асу көрсеткіші жоспардағы 30%-дан асып, 38,5%-ға жетті. Құрылыс алаңына шамамен 5 000 адам және 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылған. Пиролиз, полимерлеу және жалпы зауыттық шаруашылық нысандарында жұмыстар жалғасуда. Оның ішінде ғимараттар мен құрылыстар салу, инженерлік желілерді тарту және технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤2👍2👏1