ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.45K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
KPI компаниясы Шымкенттегі қоймасын ресми түрде ашты

🏭«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес кәсіпорны — «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) ЖШС Шымкенттегі қоймасының ресми ашылу рәсімін өткізді. Логистикалық нысан еліміздің оңтүстік өңірлеріндегі отандық қайта өңдеушілерді полипропиленмен қамтамасыз етуге, сондай-ақ өнімді сақтауға арналған.

🗣Шымкенттегі қойма биыл ақпан айынан бері тесттік режимде жұмыс істеп тұр, осы күнге дейін өңдеуші кәсіпорындарға 3 800 тонна полипропилен жөнелтілді. Мұнда бір уақытта 1 000 тоннаға дейін өнім сақтауға болады.

— Біздің міндетіміз — клиенттерді сапалы өніммен қамтамасыз етіп қана қоймай, қажетті көлемді уақытында жеткізу. Шымкенттегі қойманың іске қосылуы оңтүстік өңірдегі қайта өңдеушілер үшін KPI полипропиленінің қолжетімділігін арттырып, жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік берді. Бұл клиенттерге өндірісін тұрақты жоспарлап, логистикалық шығындарын оңтайландыруға мүмкіндік береді, — деді KPI өкілдері.


▪️Қойманың ресми ашылу рәсімінде KPI-дың тұрақты клиенттеріне – Bal Carpet, Marvik Partners және т.б. өнім жөнелтілді.

▪️Отандық өңдеуші кәсіпорындарға полипропилен жеткізу көлемі артып келеді, осыған байланысты KPI компаниясы да қойма инфрақұрылымын кеңейтуде. 2026 жылдың сегіз айында ішкі нарыққа полипропилен жөнелту көлемі былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда 23,4% өсті.

▪️KPI өнімін қайта өңдейтін кәсіпорындар саны 2025 жылдың басындағы 105 кәсіпорыннан 2026 жылы 180-ге жетті. KPI-дың Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы өңірлік қоймалары арқылы өнім жөнелту көлемі де үш еседен астам артты. Биылғы сегіз айда бұл көрсеткіш 3,68 мың тоннадан 13,55 мың тоннаға дейін өсті.

▪️Бүгінде қазақстандық кәсіпорындар KPI полипропиленін құрылыс материалдарын, медициналық бұйымдарды, агротекстиль, кілем және басқа да өнім өндіруде пайдаланады. Отандық полимер шикізатын бұрын импорттық жеткізілімдерге тәуелді болған жаңа өндірістерде де қолданылып келеді.

▪️KPI өнім қатарында азық-түлік өнімдеріне арналған қаптама мен гигиеналық мақсаттағы тауарларды өндіруге қолданылатын полипропилен маркалары бар. Бұл шикізат түрлері дайын өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сәйкес келеді.

✅Компания полипропиленнің жаңа маркаларын шығару арқылы өнім қатарын кеңейтуде: қазіргі уақытта 17 марка өндіріледі.

✅KPI іске қосылғаннан кейін Қазақстанның полипропилен бойынша ішкі нарығының құрылымы айтарлықтай өзгерді. 2022 жылдан бері полипропилен бойынша импортқа тәуелділік 63%-дан 4% дейін төмендеді, ал KPI өнімінің үлесі 2%-дан 80% дейін өсті.

✅Газ-химия кешені ішкі нарықтың полипропиленге деген қажеттілігін едәуір көлемде қамтамасыз етіп, полимерлерді қайта өңдеу саласындағы шағын және орта бизнестің дамуына жағдай жасап отыр.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤2🔥2
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
KPI официально открыл склад в Шымкенте

🏭Дочерняя компания АО НК «КазМунайГаз» — ТОО «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) — провела официальную церемонию открытия склада в Шымкенте. Он предназначен для хранения и поставки полипропилена отечественным переработчикам в южных регионах Казахстана.

🗣Склад работает с февраля 2026 года в тестовом режиме, за это время предприятиям-переработчикам уже отгружено 3 800 тонн полипропилена. Его вместимость — до 1 000 тонн единовременного хранения.

— Наша задача не только обеспечивать клиентов качественной продукцией, но и доставлять необходимые объёмы в нужные сроки. Склад в Шымкенте повысил доступность полипропилена KPI для переработчиков южного региона и позволил сократить сроки поставок. Это, в свою очередь, помогает клиентам более стабильно планировать производственные процессы и оптимизировать логистические расходы, — отметили представители KPI.


▪️В день официального открытия со склада продукцию получили постоянные клиенты KPI — Bal Carpet, Marvik Partners и др.

▪️Расширение складской инфраструктуры KPI происходит на фоне устойчивого роста поставок полипропилена отечественным переработчикам. За восемь месяцев 2026 года отгрузки полипропилена на внутренний рынок выросли на 23,4% по сравнению с аналогичным периодом прошлого года.

▪️Клиентская база переработчиков KPI выросла со 105 предприятий в начале 2025 года до более чем 180 компаний в 2026году. Отгрузка через региональные склады KPI — в Астане, Алматы и Шымкенте — увеличилась более чем втрое: с 3,68 тыс. до 13,55 тыс. тонн за восемь месяцев текущего года.

▪️Сегодня полипропилен KPI используется казахстанскими предприятиями в производстве строительных материалов, медицинских изделий, агротекстиля, ковров и другой продукции. Отечественное полимерное сырьё применяется и в новых производствах, которые ранее зависели от импортных поставок.

▪️В ассортименте KPI есть марки полипропилена, которые используются для производства упаковки пищевой продукции и товаров гигиенического назначения. Виды сырья соответствуют требованиям к качеству и безопасности готовой продукции.

✅KPI продолжает расширять ассортимент: в настоящее время компания производит 17 марок полипропилена.

✅Запуск KPI существенно изменил структуру внутреннего рынка: с 2022 года импортозависимость Казахстана по полипропилену снизилась с 63% до 4%, а доля продукции KPI выросла с 2% до 80%.

✅Газохимический комплекс KPI в значительной мере обеспечивает потребности внутреннего рынка в полипропилене и создаёт условия для развития малого и среднего бизнеса в сфере переработки полимеров.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3🔥1
Marvik Partners KPI полипропиленінен спанбонд өндіреді

📍Шымкент қаласында полипропиленді өңдеп, дайын өнім шығаратын кәсіпорындардың бірі — Marvik Partners. Компания медицинада, ауыл шаруашылығында және құрылыста қолданылатын тоқыма емес материал санатындағы спанбонд өндіреді.

⚙️Marvik Partners зауыты 2025 жылғы желтоқсанда іске қосылған. Жобаға шамамен 4,7 млрд теңге инвестиция салынып, 136 тұрақты жұмыс орны құрылды. Өндірістік қуаты жылына 5 мың тоннаға дейін спанбонд шығаруға есептелген.

🏭 KPI өндірісі іске қосылғанға дейін Қазақстанда мұндай кәсіпорын болған жоқ. Зауыт іске қосылғаннан бергі Marvik Partners-тың негізгі шикізат жеткізушісі — KPI. Қазіргі таңда компания айына 150 тоннаға дейін полипропиленін сатып алады.

⏩Marvik Partners KPI полипропиленінен ауыл шаруашылығына арналған агроталшық, сондай-ақ құрылысқа қажетті үлдір мен мембраналар шығарады. Өнім ауыл шаруашылығында және құрылыс саласында қолданылады.

⏩Бұған дейін спанбонд Қазақстанға Қытай, Ресей және Түркиядан импортталатын. Бүгінде бұл өнім Шымкентте өндіріліп, Қазақстанның ішкі нарығына ғана емес, Орталық Азия елдеріне де жеткізіледі.

⏩KPI-дің өңірлердегі қойма инфрақұрылымын дамытуы Marvik Partners үшін шикізат жеткізуді ыңғайлы ете түсті. Қазір компания полипропиленді KPI-дің Шымкенттегі өңірлік қоймасынан да алады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥3❤1
Marvik Partners производит спанбонд из полипропилена KPI

📍В Шымкенте работает завод Marvik Partners, производящий спанбонд — нетканый материал, который используется в медицинской сфере, сельском хозяйстве и строительстве.

⚙️Предприятие открылось в декабре 2025 года. Инвестиции в проект составили около 4,7 млрд тенге, создано 136 постоянных рабочих мест. Производственная мощность — до 5 тыс. тонн спанбонда в год.

🏭До запуска производства полипропилена KPI в Казахстане такого предприятия не было. С момента открытия завода поставщиком сырья для Marvik Partners является KPI. Сегодня компания закупает до 150 тонн полипропилена в месяц.

⏩Из полипропилена KPI Marvik Partners производит агроволокно, строительные плёнки и мембраны. Продукция используется в сельском хозяйстве и строительстве.

⏩Ранее спанбонд в Казахстан импортировался из Китая, России и Турции. Сегодня Marvik Partners выпускает его в Казахстане и поставляет продукцию не только на внутренний рынок, но и в страны Центральной Азии.

⏩С расширением складской инфраструктуры KPI полипропилен поставляется Marvik Partners также через региональный склад компании в Шымкенте.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥2❤1
KPI полипропилені отандық өндірістің мүмкіндігін кеңейтуде

🏭Шымкент қаласында орналасқан Bal Carpet кілем фабрикасы — Қазақстанның оңтүстігіндегі полипропиленді өңдейтін ірі кәсіпорындардың бірі.

▪️2023 жылдан бастап Bal Carpet өндірісте отандық полипропиленді қолдана бастады. Бұған дейін компания шикізатты Ресей мен Қытайдан импорттайтын.

▪️Фабрика жыл сайын 6 млн шаршы метрден астам кілем және кілем бұйымдарын шығарады. Қазір кәсіпорында KPI өндірген PP H253 FF/7 маркалы полипропилен пайдаланылады. Одан алдымен полипропилен жібі өндіріледі, кейін бұл жіп кілем тоқуға қолданылады. Өндірістік қуаты минутына 2 600 метрден астам жіп өндіруге мүмкіндік береді.

▪️Отандық шикізатқа көшу кілем өнімдерінің бәсекеге қабілеттілігін арттырып, өзіндік құнын 15–20% төмендетуге ықпал етті. 2024–2025 жылдары Bal Carpet KPI-ден 2 800 тоннадан астам полипропилен сатып алды.

▪️Бүгінде фабрика 1 500-ден астам өнім түрін өндіреді. Оның өнімдері Қазақстандағы және шетелдегі 400-ден астам сауда нүктесі арқылы сатылады. Bal Carpet өнімдері Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Моңғолия және Қытай нарықтарына да жеткізіледі. Кәсіпорын 600-ге жуық адамды жұмыспен қамтып отыр.

▪️Bal Carpet KPI-мен тұрақты жұмыс істейтін 181 кәсіпорынның қатарында. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, 2022 жылы KPI зауыты іске қосылған кезде компанияның осындай клиенттерінің саны небәрі 15 болған еді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥2❤1🤝1