ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.45K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Полипропилен KPI расширяет возможности отечественных производителей

🏭Ковровая фабрика Bal Carpet, расположенная в Шымкенте, является одним из ключевых предприятий-переработчиков полипропилена в южном регионе Казахстана.

▪️С 2023 года Bal Carpet использует отечественный полипропилен. Ранее компания импортировала сырьё из России и Китая.

▪️Ежегодно фабрика выпускает более 6 млн кв. метров ковров и ковровых изделий. На предприятии используется полипропилен марки PP H253 FF/7 производства KPI. Из него производят полипропиленовую нить, которая затем используется для изготовления ковров. Производственные мощности позволяют выпускать более 2 600 метров нити в минуту.

▪️Переход на отечественное сырьё позволил снизить себестоимость ковровых изделий на 15–20%, повысив их конкурентоспособность. За 2024–2025 годы Bal Carpet приобрёл у KPI более 2 800 тонн полипропилена.

▪️Ассортимент фабрики насчитывает более 1 500 наименований продукции, которая реализуется через более чем 400 торговых точек в Казахстане и за рубежом — в России, Узбекистане, Таджикистане, Монголии и Китае. На производстве постоянной работой обеспечены около 600 человек.

▪️Сегодня Bal Carpet входит в число 181 предприятия-переработчика, работающего с KPI на постоянной основе. Для сравнения: в 2022 году, когда был запущен завод KPI, таких клиентов было всего 15.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3🔥3👍2🤝1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
ҚМГ KIOGE-2026 көрмесінде цифрлық шешімдерін таныстырады

🗣ҚазМұнайГаз KIOGE-2026 жұмысына қатысып жатыр. Іс-шара 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында өтеді.

▪️«Мұнай және газ» 30-шы мерейлі халықаралық көрмесі мен конференциясында ҚМГ компаниялар тобының өндірістік процестердің тиімділігін арттыруға бағытталған цифрлық жобалары мен технологиялық шешімдері ұсынылған.

▪️Мемлекет басшысы жариялаған «Цифрландыру және жасанды интеллект жылында» цифрлық трансформация ұлттық компания дамуының негізгі қозғаушы күштерінің бірі болып қала береді.

***

КМГ представляет цифровые решения на KIOGE-2026

🗣КазМунайГаз принимает участие в работе KIOGE-2026. Мероприятие пройдет с 30 сентября по 2 октября в Алматы.

▪️На 30-й юбилейной международной выставке и конференции «Нефть и Газ» группой компаний КМГ представлены цифровые проекты и технологические решения, направленные на повышение эффективности производственных процессов.

▪️В объявленный Главой государства «Год цифровизации и искусственного интеллекта» цифровая трансформация остается одним из главных драйверов национальной компании.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍3❤2
Полиэтилен зауытының құрылысы: 2026 жылдың қыркүйегіндегі жағдай

📍Атырау облысында жылына 1,25 млн тонна полиэтилен өндіретін Силлено зауытының құрылысы жалғасуда.

🏗️Қазіргі уақытта пиролиз, полимерлеу қондырғыларында және жалпы зауыттық шаруашылық нысандарында жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде ғимараттар мен құрылыстарды салу, инженерлік желілерді жүргізу және технологиялық жабдықтарды монтаждау жұмыстары бар.

▪️Полиэтилен өндірісіне қажетті негізгі шикізат — этилен шығаратын пиролиз қондырғысында ғимараттар, жабдықтар мен эстакадаларға арналған іргетас құю (73%), металл конструкцияларын монтаждау және технологиялық құбырларды алдын ала құрастыру жұмыстары жүргізілуде.

⚙️Алғашқы ірі габаритті технологиялық жабдық — биіктігі 101,8 метр этиленді фракциялау бағанасы орнатылды. Жабдық Қазақстанда «АтырауНефтеМаш» зауытында өндірілген. Сонымен қатар пештер мен криогендік резервуарларды монтаждау жұмыстары жалғасуда.

▪️Полимерлеу қондырғысы мен зауыттың жалпышаруашылық нысандарында қада қағу (88%) және іргетас құю жұмыстары жүргізілуде.

▪️Жобаны іске асыруда жалпы ілгерілеу көрсеткіші 39%-дан асты. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде.

▪️Құрылыс алаңына 5 000-нан астам адам және 500-ден астам арнайы техника жұмылдырылды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍3❤1
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Строительство завода по производству полиэтилена: статус на сентябрь 2026 года

📍В Атырауской области продолжается строительство завода по производству полиэтилена Силлено мощностью 1,25 млн тонн в год.

🏗️В настоящее время работы ведутся на объектах пиролиза, полимеризации и общезаводского хозяйства, включая строительство зданий и сооружений, устройство инженерных сетей и монтаж технологического оборудования.

▪️ На установке пиролиза, где будет производиться этилен — основное сырье для производства полиэтилена, продолжаются работы по обустройству фундаментов под здания, оборудование и эстакады (73%), монтаж металлоконструкций и префабрикация технологических трубопроводов.

⚙️В проектное положение установлено первое крупногабаритное технологическое оборудование — колонна фракционирования этилена высотой 101,8 метра, изготовленная в Казахстане на заводе «АтырауНефтеМаш». Продолжается монтаж печей и криогенных резервуаров.

▪️ На установке полимеризации и объектах общезаводского хозяйства ведется забивка свай (88%) и обустройство фундаментов.

▪️Общий прогресс реализации проекта составляет более 39%. Работы ведутся в соответствии с утвержденным графиком.

▪️На строительную площадку мобилизовано более 5 000 человек и более 500 единиц специальной техники.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍4❤2
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ҚМГ KIOGE-2026 көрмесінде цифрлық шешімдерін таныстырады 🗣ҚазМұнайГаз KIOGE-2026 жұмысына қатысып жатыр. Іс-шара 30 қыркүйек пен 2 қазан аралығында Алматы қаласында өтеді. ▪️«Мұнай және газ» 30-шы мерейлі халықаралық көрмесі мен конференциясында ҚМГ компаниялар…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
▶️KIOGE-2026: ҚазМұнайГаздың Диспетчерлік-талдау орталығының бас маманы Дидар Қасабек KMG.AIAN жүйесінің жұмысы жөнінде айтты.

▪️Бұл – елдегі мұнай өнімдерінің тапшылығы мен профицитін талдауға және болжауға арналған мамандандырылған құрал. Ол отын балансын басқару тиімділігін арттыруға, жеткізу тұрақтылығын қамтамасыз етуге және отын тапшылығының туындау тәуекелдерін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤4👍3⚡1
KIOGE-2026: ҚМГ өндіру деңгейін ұстап тұру мен ресурстық базаны дамыту жөніндегі стратегиясын таныстырды
 
🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Құрманғазы Есқазиев Алматы қаласында өтіп жатқан KIOGE-2026 конференциясына қатысты.

▪️Қ.Есқазиев форумның пленарлық отырысында атап өткендей ҚМГ бүгінде жұмыс істеп тұрған кен орындарда өндіру көлемінің тұрақты деңгейін ұстап тұруға және елдің ресурстық базасын үнемі толықтыруға басымдық беріп отыр. Ұлттық компания қазіргі таңда мұнай өндіру көлемінің 90% қамтамасыз ететін 12 кен орнында бойынша мұнай алу коэффициентін ұлғайту стратегиясын қабылдады. Жүргізілген есептеулерге сәйкес кен орындардың пайдалану мерзімі аяқталғанға дейін қазіргі жобалық көрсеткіштермен салыстырғанда қосымша 155 млн тоннаға дейін мұнай өндірілуі ықтимал.

📱Бұл ретте негізгі құралдардың бірі – модельдеу дәлдігін және мұнай өндіруді басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін цифрлық телнұсқаларды енгізу.

📱Атап айтқанда, цифрлық телнұсқа жобасы Атырау облысындағы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның Шығыс Молдабек кен орнында енгізіліп жатыр. Жоба қорытындысы бойынша үш жыл ішінде шамамен 168 мың тонна қосымша мұнай өндіру, мұнай алу коэффициентін арттыру және жөндеуаралық кезеңді 750 тәулікке дейін ұзарту күтілуде.

🔎Сонымен қатар ҚазМұнайГаз ұзақмерзімді перспективада тұрақты мұнай өндіруді қамтамасыз ету үшін жалпы геологиялық ресурстық базасы шамамен 4,7 млрд тонна мұнай эквивалентіне (м.э.) тең 23 жобаны қамтитын ауқымды геологиялық барлау бағдарламасын іске асыруда. Геологиялық барлау жұмыстары негізінен тереңде жатқан қабаттар мен аз зерттелген аумақтарға бағытталған. Оларды игеру айтарлықтай ресурсты қажет етеді. ҚазМұнайГаз ұлттық компания ретінде едәуір қомақты шығындарды, геологиялық және технологиялық тәуекелдерді ескере отырып, бұл бағыттағы негізгі міндетті өз мойнына алып отыр.

▪️Осындай күрделі жобаларды іске асыру кезінде ҚМГ өзінің құзыреті мен мүмкіндіктерін әлемдегі жетекші компаниялардың технологияларымен, тәжірибесімен және инвестициялық мүмкіндіктерімен ұштастырып отыр. Қазіргі уақытта Қытайдың Sinopec компаниясымен (Батыс Қазақстан облысындағы Березовский учаскесі), CNOOC компаниясымен (Каспий теңізінің солтүстік-шығыс бөлігінің транзиттік аймағындағы Жылыой учаскесі) және Хорватияның CHA компаниясымен (Ақтөбе облысындағы Шығыс учаскесі) келісімшарттар жасалды. Айта кететін жайт, соңғы екі компания Қазақстанға алғаш рет инвестиция құйып отыр. Бұдан бөлек, энергетика саласындағы әлемдегі ірі компаниялардың бірі – BP «Үстірт-1/2» жобасын іске асыру аясында елімізге қайта келді.

▪️Каспий маңы бассейнінің тұзасты кешенін өңірлік деңгейде зерттеу жұмыстарының жоспарланып отырғаны да ерекше маңызға ие. Оның әлеуеті 60 млрд тонна м.э дейін бағаланады. Шамамен 60 мың бойлық шақырым сейсмобарлау жұмыстарын жүргізу көзделген. Зерттеу жұмыстарына қатысуға Shell, Chevron, CNOOC және Sinopec компаниялары қызығушылық танытып отыр. Қазіргі уақытта ҚМГ консорциум құру жөнінде келіссөздер жүргізуде.

– Осылайша, жұмыс істеп тұрған кен орындарда мұнай өндіру көлемінің тұрақты деңгейін ұстап тұру және ресурстық базаны толықтыру сияқты екі міндет қатар шешілуде, – деп қорытындылады Қ.Есқазиев.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥3❤11