ҚМГ Өзенмұнайгаз кен орындарында цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуде
🗣 ҚазМұнайГаз басшысы Асхат Хасеновтің төрағалығымен «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) өндіріс мәселелеріне арналған кеңес өтті. ӨМГ кен орындарын игеру тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстардың нәтижелері қаралды.
⚙️ Қабат қысымын ұстап тұру және су басу деңгейін басқару мақсатында шамамен 500 айдау ұңғымасында іс-шаралар жүргізілді. Негізгі міндеттердің қатарында ұңғымаларды шығын өлшеу құралдарымен жабдықтау, айдау құбырлары ауыстыру және суды бағыттап айдауды қамтамасыз ету болып қала береді. Сонымен қатар рентабельділігі төмен және сулану деңгейі жоғары ұңғымалар бойынша жұмыс жүріп жатыр.
🖥 Кеніштердің күйін бағалауға және оларды одан әрі игеруді жоспарлауға мүмкіндік беретін тұрақты қолданыстағы геологиялық-гидродинамикалық модельдерді құру жұмыстары жалғасуда. Өзен кен орны бойынша 13–14-ші горизонттардың үлгілері жаңартылып, қалған горизонттарды модельдеу жүргізілуде. Осындай жұмыс Қарамандыбас кен орнында да атқарылуда.
📊 Мұнай алу коэффициентін арттыру және жаңа нысандарды қосымша барлау есебінен қор көлемін ұлғайту - басым міндеттердің бірі. Қазіргі уақытта триас шөгінділерінің бағалау ұңғымасын бұрғылау жалғасып, кернді іріктеу жұмыстары жүргізілуде. Қазан айының соңында Батыс Теңге кен орнында терең бағалау ұңғымасын бұрғылауды бастау жоспарланып отыр. Жыл қорытындысы бойынша геологиялық қор 980 мың тоннаға өседі деп күтіледі.
⚡️ Жөндеуаралық кезеңді ұлғайту мақсатында ұңғымалар электрлі ортадан тепкіш сорғы қондырғыларына ауыстырылуда, олардың саны 510-нан асты. Бұдан бөлек, 1980 ұңғымада қорғаныш жабыны бар сорғы-компрессорлық құбырлар мен сенімділігі жоғары штангалар қолданылып келеді. Бұл жабдықтардың жөндеуге дейінгі жұмыс мерзімін ұлғайтып, мерзімінен бұрын істен шығу жағдайларын азайтуға мүмкіндік берді. Сондай-ақ жаңа терең-сорғы жабдықтарының 80 жиынтығына тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілуде.
💻 Сонымен қатар кен орындарын тиімді игеру үшін инфрақұрылымды жаңғырту және жасанды интеллект негізінде цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстары жалғасуда. Геологиялық-техникалық іс-шараларды іріктеу кезінде ЖИ қолданудың алғашқы нәтижелері алынды. Жыл басынан бері ABAI цифрлық платформасы арқылы мұнай өндіруді ұлғайту мақсатында 49 ұңғымаға арналған іс-шаралар таңдалды.
📱 Өндірістік және геологиялық-кәсіпшілік деректерді біріктіретін Цифрлық телнұсқа жобасы іске асырылуда. Бұл кен орнының жұмысын талдауға, түрлі сценарийлерді модельдеуге және тиімді өндірістік шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
📌 Жиын қорытындысы бойынша Асхат Хасенов жаңа технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу жұмыстарын жалғастыруды, сондай-ақ кен орындарын игеру тиімділігін одан әрі арттыруды тапсырды.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤3👍1
КМГ масштабирует цифровые решения на месторождениях Озенмунайгаза
🗣 В АО «Озенмунайгаз» (ОМГ) под председательством главы КазМунайГаза Асхата Хасенова состоялось производственное совещание. Рассмотрены результаты работы по повышению эффективности разработки месторождений ОМГ.
⚙️ В целях поддержания пластового давления и управления заводнением мероприятия проведены порядка на 500 нагнетательных скважинах. Основными задачами остаются оснащение скважин расходомерами, замена нагнетательных трубопроводов и обеспечение направленной закачки воды. Параллельно ведется работа с нерентабельными и высокообводненными скважинами.
🖥 Продолжается создание постоянно действующих геолого-гидродинамических моделей, которые позволяют оценивать состояние залежей и планировать их дальнейшую разработку. По месторождению Узень актуализированы модели 13–14 горизонтов, ведется моделирование остальных горизонтов. Даная работа ведется и на месторождении Карамандыбас.
📊 Одной из приоритетных задач остается увеличение запасов за счет повышения коэффициента извлечения нефти и доразведки новых объектов. Продолжается бурение оценочной скважины на триасовые отложения, где в настоящее время проводится отбор керна. В конце октября планируется начать бурение глубокой оценочной скважины на месторождении Западный Тенге. По итогам года ожидается прирост геологических запасов в 980 тыс. тонн.
⚡️ Для увеличения межремонтного периода скважины переводятся на установки электроцентробежных насосов, количество которых превысило 510. Кроме того, на 1980 скважинах применяются насосно-компрессорные трубы с защитным покрытием и штанги повышенной надежности. Это позволило увеличить срок работы оборудования между ремонтами и сократить количество преждевременных отказов. Также проводятся опытно-промышленные испытания 80 комплектов нового глубинно-насосного оборудования.
💻 Параллельно продолжается модернизация инфраструктуры и внедрение цифровых решений с применением ИИ для эффективной разработки месторождений. Уже получены результаты использования ИИ при подборе геолого-технических мероприятий. С начала года с помощью цифровой платформы ABAI подобраны мероприятия для 49 скважин в целях увеличения добычи нефти.
📱 Реализуется проект Цифровой двойник, который объединит производственные и геолого-промысловые данные, что позволит анализировать работу месторождения, моделировать различные сценарии и принимать более эффективные производственные решения.
📌 По итогам совещания Асхат Хасенов поручил продолжить работу по внедрению новых технологий и цифровых решений, а также дальнейшему повышению эффективности разработки месторождений.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤4👍2
ҚМГ басшысы Жаңаөзенде салынып жатқан кітапхана құрылысын аралап көрді
📕 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзен қаласында салынып жатқан Орталық қалалық кітапхананың құрылыс алаңына барды.
▪️ Кітапхана «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Samruk-Kazyna Trust қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Заманауи ғимараттың жалпы ауданы 2 мың шаршы метрге жуық және 100 мыңға дейін кітап қорын сақтауға есептелген.
▪️ Мұнда 80 орындық оқу залы, жеке және топпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін коворкинг аймағы мен конференция залы болады. Сондай-ақ кітап қорын жинау, өңдеу және цифрландыру бөлімдері қарастырылған.
▪️ Қазіргі уақытта нысанды ішкі әрлеу және инженерлік жұмыстар аяқталуға жақын.
🏢 Жаңа кітапхана жаңаөзендіктер үшін кітап оқып, білім алуға, шығармашылықпен айналысуға және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыруға мүмкіндік беретін заманауи мәдени-ағарту орынға айналмақ.
🗣 Жоба Мемлекет басшысының кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі бастамасы аясында жүзеге асырылуда.
✅ Айта кетсек, ҚазМұнайГаз әлеуметтік жауапты компания ретінде өз кәсіпорындары орналасқан өңірлерде білім беретін, мәдени, медицина және спорт нысандарының бой көтеруіне үнемі мән беріп келеді.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤1👍1
Глава КМГ посетил строящуюся библиотеку в Жанаозене
📕 В ходе рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил строительную площадку Центральной городской библиотеки в Жанаозене.
▪️ Библиотека возводится при поддержке АО НК «КазМунайГаз» и Samruk-Kazyna Trust. Современное здание площадью около 2 тыс. кв. м будет рассчитано на хранение до 100 тыс. книг.
▪️ Здесь будут предусмотрены читальный зал на 80 мест, коворкинг зона для индивидуальной и групповой работы, конференц-зал, а также помещения для комплектования, обработки и оцифровки книжного фонда.
▪️ В настоящее время на объекте завершаются внутренние отделочные и инженерные работы.
🏢 Новая библиотека станет современным культурно-образовательным пространством для жителей Жанаозена, где будут созданы комфортные условия для чтения, обучения, творческой работы и проведения общественных мероприятий.
🗣 Проект реализуется в рамках инициативы Главы государства по развитию культуры чтения и формированию читающей нации.
✅ Отметим, КазМунайГаз как социально ответственная компания на постоянной основе реализует значимые проекты в регионах присутствия, включая строительство образовательных, культурных, медицинских и спортивных объектов.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤2👍2
Асхат Хасенов Жетібайдағы өндірістік базаның құрылысымен танысты
📍 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Жетібай кен орнында болып, «Ойл Транспорт Корпорейшэн» ЖШС-нің (ОТК) жаңа өндірістік базасының құрылыс барысымен танысты.
🏗️ Жоба 600 адамға есептелген әкімшілік-тұрмыстық кешенді, 100 автокөлікке арналған жылы гаражды, сондай-ақ 180 жүк автокөлігін қоюға болатын, үсті жабық тұрақ алаңын салуды қамтиды.
🗣 ҚМГ басшысына жобаның іске асу барысы және бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берілді. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жалпы орындалу көрсеткіші 81% құрайды. Негізгі өндірістік және әкімшілік-тұрмыстық нысандардың құрылысы аяқталуға жақын. Газ, су және электрмен жабдықтау жұмыстарының басым бөлігі атқарылды. Аумақты абаттандыру іс-шаралары жалғасып жатыр.
⏩ Құрылыс алаңына 100 маман және 17 негізгі құрылыс техникасы жұмылдырылған.
⏩ Салынып жатқан жаңа база жұмысшылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуға және өндірістік нысандарда заманауи инфрақұрылым құруға бағытталған. ҚазМұнайГаз бұл жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, қызметкерлерге жайлы әрі қауіпсіз еңбек жағдайын жасауға мән беріп келеді.
📌 А.Хасенов жобаны белгіленген мерзімде аяқтауды қамтамасыз етуді, сондай-ақ құрылыс-монтаждау жұмыстарының сапасына және өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына ерекше назар аударуды тапсырды.
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤1👍1