ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Қаражанбас кен орнын дамыту бойынша алдағы басымдықтар айқындалды

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметінің мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Мұнай алу коэффициентін ұлғайту стратегиясын іске асыруға басты назар аударылды.

📊Биылғы 9 айдың қорытындысы бойынша ҚБМ 1 млн 549 мың тонна мұнай өндірді. Қосымша мұнай өндіру көлемін қамтамасыз ету үшін кәсіпорында мұнай алу коэффицентін арттыруға бағытталған шаралар кешені қолға алынды. Айталық, кен орынның Теңіз жағалауы аймағында жаңа ұңғымалар игеруге енгізіліп жатса, Шығыс учаскесінде бу мен суды кезектесіп айдаумен бірге бу-жылу арқылы әсер ету технологиялары іске қосылуда. Бұл шаралар полимерлі су айдау және бүйірлік оқпандарды бұрғылау әдістерімен қатар мұнай өндіру көлемін арттыруға ықпал етеді.

⚙️Бүйірлік оқпандарды бұрғылау тәжірибесі сәтті болды. Биыл бұл технология оқпандардың болмауы салдарынан тоқтатылып, бос тұрған қордың үш ұңғымасында қолданылды. Нәтижесінде олар қайта іске қосылды. Мұнай алу коэффициентін одан әрі ұлғайту мақсатында қиын жерлерде орналасқан, көлденең аяқталатын төрт ұңғыманы бұрғылау жұмыстары жоспарланып отыр. Осы ұңғымалардың біреуі Теңіз жағалауы аймағында бұрғыланады.

⬇️Жағалау аймағын дамыту - ресурстық базаны толықтыруға бағытталған ҚБМ-ның негізгі жобаларының бірі. Оны іске асыру геологиялық қор көлемін 12 млн тоннаға дейін, ал алынатын қорды 3 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта учаскеде 30 ұңғыма, оның ішінде 8 бағалау және 22 пайдалану ұңғымасы бұрғыланды.

🖥Компанияда цифрлық шешімдер жүйелі түрде енгізіліп келеді. 2026 жылдың қыркүйек айынан бастап ҚБМ-да «Сапарларды басқару» ақпараттық жүйесі қолданылуда. Оны кәсіпорын автопаркінің жұмысын оңтайландыру үшін ҚМГ мен «KMG Digital» ЖШС бірлесіп әзірледі. Аса қауіпті жұмыстарға рұқсат беруді автоматтандыру үшін «электрондық наряд-рұқсат» жобасы іске қосылды, еңбекті қорғау саласындағы бұзушылықтардың алдын алу үшін TUMAR бейнеталдау жүйесінің ауқымы кеңейіп жатыр. ABAI ақпараттық жүйесі аясында өндірісті оңтайландыру және инженерлік есептеулердің дәлдігін арттыру үшін жасанды интеллект алгоритмдері әзірленуде.

📌Жиын соңында ҚМГ басшысы мұнай алу коэффицентін ұлғайтуға, ресурстық базаны толықтыруға және цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған стратегиялық жобаларды іске асыруды жалғастыруды тапсырды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4🔥3
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Қаражанбас кен орнын дамыту бойынша алдағы басымдықтар айқындалды 🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары аясында «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметінің мәселелеріне арналған кеңес өткізді. Мұнай алу коэффициентін…
На Каражанбасе определены дальнейшие приоритеты развития месторождения

🗣Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхат Хасенов в рамках рабочей поездки в Мангистаускую область провел совещание по вопросам деятельности АО «Каражанбасмунай» (КБМ). Основное внимание уделено реализации стратегии увеличения коэффициента извлечения нефти (КИН).

📊По итогам 9 месяцев текущего года КБМ добыл 1 млн 549 тыс. тонн нефти. Для обеспечения дополнительной добычи на предприятии реализуется комплекс мер по увеличению КИН. Так, в Прибрежной части месторождения вводятся в разработку новые скважины, а на Восточном участке внедряются технологии паротеплового воздействия, включая чередующуюся закачку пара и воды. Наряду с полимерным заводнением и зарезкой боковых стволов эти меры способствуют увеличению добычи нефти.

⚙️Успешным оказался опыт зарезки боковых стволов. В текущем году эта технология применена на трех скважинах бездействующего фонда, остановленных из-за отсутствия забоя, что позволило вернуть их в эксплуатацию. В целях дальнейшего увеличения КИН планируется бурение четырех скважин с горизонтальным окончанием в сложных условиях расположения, в том числе одной — в Прибрежной зоне.

⬇️ Развитие Прибрежной зоны является одним из ключевых проектов КБМ в части восполнения ресурсной базы. Его реализация позволит увеличить геологические запасы до 12 млн тонн, а извлекаемые — до 3 млн тонн. На текущий момент на участке пробурены 30 скважин: 8 оценочных и 22 эксплуатационные.

🖥В компании планомерно внедряются цифровые решения. С сентября 2026 года в КБМ работает информационная система «Управление поездками», разработанная КМГ совместно с ТОО «KMG Digital» для оптимизации работы автопарка предприятия. Запущен проект «Электронный наряд-допуск» для автоматизации допуска к работам повышенной опасности, продолжается масштабирование системы видеоаналитики TUMAR для предотвращения нарушений в области охраны труда. В рамках информационной системы ABAI ведется разработка алгоритмов ИИ для оптимизации добычи и повышения точности инженерных расчетов.

📌По итогам совещания глава КМГ поручил продолжить реализацию стратегических проектов по увеличению КИН, развитию ресурсной базы и внедрению цифровых решений.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍3🔥2
KPI отандық қайта өңдеушілермен ынтымақтастығын кеңейтуде

✍️ «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында «FIBC» ЖШС және «Taraz Plastic» ЖШС-мен келісімге қол қойды.

↗️Бағдарлама кәсіпорындарды қолдауға, олардың өндірістік қуатын дамытуға және дайын өнім өндіруде отандық полипропиленді қолдану аясын кеңейтуге бағытталған.

▪️«FIBC» компаниясы қазірдің өзінде қап өндіру үшін KPI полипропиленін пайдаланады. «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында компания қап өндіру қуатын арттырып, елімізде бұрын өндірілмеген өнім, мультифиламентті жіп өндіруге арналған жабдық орнатты. Келісім компанияның KPI-мен ынтымақтастығын одан әрі дамытуға және полипропиленнің ай сайынғы тұтыну көлемін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

«FIBC» ЖШС коммерциялық директоры Қайрат Тайбукенов:
KPI-мен ынтымақтастық шикізатпен тұрақты қамтамасыз етуге және көлемді одан әрі арттыруды жоспарлауға мүмкіндік береді. Полимерлік қаптама мен мультифиламентті жіп өндірісін дамыту өнім шығаруды кеңейтіп, компанияның өндірістік мүмкіндіктерін күшейтуге жол ашады.


▪️«Taraz Plastic» компаниясы да KPI полипропиленін тұрақты негізде қайта өңдеп келеді. Кәсіпорын шикізатты шөпті престеп бууға арналған шпагат өндіруде пайдаланады. «Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы аясында кәсіпорын өндірістік қуатын ұлғайтып, өнім шығаруды одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр. Осыған байланысты компания полипропиленнің ай сайынғы тұтыну көлемін арттырады.

✔️«Инвестициялық Форсаж» бағдарламасы - отандық қайта өңдеушілерді қолдаудың негізгі құралдарының бірі. Бағдарлама аясында KPI кәсіпорындарға жабдық сатып алу және өндірістік қуаттарды дамыту жобаларын іске асыруға қолдау көрсетеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥3❤1
KPI расширяет сотрудничество с отечественными переработчиками

✍️ «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» (KPI) подписал с ТОО «FIBC» и ТОО «Taraz Plastic» соглашения в рамках программы «Инвестиционный Форсаж».

↗️Программа направлена на поддержку предприятий, развитие их производственных мощностей и расширение применения казахстанского полипропилена при производстве готовой продукции.

▪️Компания FIBC уже использует полипропилен KPI для производства мешков. В рамках программы «Инвестиционный Форсаж» компания увеличила производственные мощности по выпуску мешков и установила оборудование для производства мультифиламентной нити — продукции, которая ранее в Казахстане не производилась. Подписанное соглашение позволит компании продолжить развитие сотрудничества с KPI и увеличить ежемесячные объемы потребления полипропилена.

Коммерческий директор ТОО «FIBC» Кайрат Тайбукенов:
Сотрудничество с KPI позволяет нам стабильно обеспечивать производство отечественным сырьем и планировать дальнейшее увеличение объемов. Развитие производства полимерной упаковки и мультифиламентной нити позволит расширить выпуск продукции и укрепить производственные возможности компании.


▪️Taraz Plastic также является действующим переработчиком полипропилена KPI. Компания использует сырье в производстве шпагата для тюкования сена. В рамках программы «Инвестиционный Форсаж» предприятие развивает производственные мощности и планирует дальнейшее расширение выпуска продукции. Компания также планирует увеличить объемы закупа полипропилена KPI.

✔️Программа «Инвестиционный Форсаж» является одним из инструментов поддержки отечественных переработчиков. В рамках программы KPI содействует предприятиям в реализации проектов по приобретению оборудования и развитию производственных мощностей.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4❤3🔥3
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті

✈️Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін қабылдады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы – ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құю қызметін көрсетті.

🛫Жаңа жүк бағыты Орталық Азиядағы ірі авиациялық орталықтардың бірі - Алматы қаласы мен халықаралық авиация әрі логистика хабы саналатын Дубай арасындағы байланысты нығайтады. Рейстер Boeing 737 ұшағымен аптасына бір рет орындалады.

🟦Алматы халықаралық әуежайы жаңа бағытқа қажетті инфрақұрылым мен жерүсті қызметтерін қамтамасыз етеді. Ал ҚМГ-Аэро әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю қызметін көрсетеді.

🟦ҚМГ-Аэро компаниясы flydubai әуе тасымалдаушысымен 2023 жылғы желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келеді. Бұған дейін серіктестік жолаушылар рейстерін ғана қамтыса, 2026 жылғы қазаннан бастап жүк тасымалы бағытында да жалғасын тапты.

🟦Жаңа бағыт Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жүк тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтіп, Алматының өңірдегі жетекші авиациялық және логистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтады.

✔️Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі жетекші авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту және елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.

✔️Жалпы, «ҚМГ-Аэро» еліміздің әуежайларында авиаотынмен қамтамасыз етудің ашық, тұрақты әрі бәсекеге қабілетті жағдайлар жасау, сондай-ақ жетекші халықаралық әуе тасымалдаушыларымен ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырып келеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤2👍2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Первый грузовой рейс flydubai прибыл в аэропорт Алматы: заправку обеспечило КМГ-Аэро

✈️В Международный аэропорт Алматы прибыл первый грузовой рейс авиакомпании flydubai по маршруту Дубай – Алматы – Дубай. Заправку воздушного судна обеспечила дочерняя компания АО НК «КазМунайГаз» — КМГ-Аэро.

🛫Новый грузовой маршрут соединил Алматы, один из крупнейших авиационных узлов Центральной Азии, с Дубаем — ведущим международным авиационным и логистическим центром. Рейсы будут выполняться один раз в неделю на самолетах Boeing 737.

🟦Международный аэропорт Алматы обеспечивает инфраструктуру и наземное обслуживание нового направления, а КМГ-Аэро — комплексное авиатопливообеспечение воздушных судов «в крыло».

🟦КМГ-Аэро сотрудничает с flydubai с декабря 2023 года, обеспечивая заправку пассажирских рейсов авиакомпании. С октября 2026 года сотрудничество расширяется и на грузовые направления.

🟦Новый маршрут создаёт дополнительные возможности для перевозки грузов между Казахстаном и Объединёнными Арабскими Эмиратами и укрепляет роль Алматы, как главного авиационного и логистического центра региона.

✔️Данная работа проводится в рамках поручений Главы государства по укреплению позиций Казахстана как ключевого евразийского авиационного хаба и наращиванию транспортно логистического потенциала страны.

✔️В целом, КМГ-Аэро продолжает системную работу по расширению сотрудничества с ведущими международными перевозчиками и формированию прозрачных, стабильных и конкурентных условий авиатопливного обеспечения в отечественных аэропортах.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥6❤2👏2
⚡️Өткен аптаның басты оқиғалары — #KMGapta топтамасында

➡️ Силлено полиэтилен зауытының құрылысына қазақстандық компаниялардың қатысуын кеңейтуде;

➡️ Экономикалық тиімділік және қосымша өндіру: «ҚазМұнайГаз» кен орнында ЖИ қолданылатын цифрлық телнұсқаны енгізудің алғашқы тәжірибесі;

➡️ ҚазТрансОйл автокөліктерді сатып алуда отандық техниканың үлесін 97% дейін арттырды;

➡️ Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысы: резервуарлардың монтажы басталып, жабдықты Қазақстанға жеткізу жұмыстары жалғасуда;

➡️ ҚМГ Өзенмұнайгаз кен орындарында цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуде;

➡️ ҚМГ басшысы Жаңаөзенде салынып жатқан кітапхана құрылысын аралап көрді;

➡️ Асхат Хасенов Жетібайдағы өндірістік базаның құрылысымен танысты;

➡️ Маңғыстаумұнайгаз кен орындарында мұнай өндіру көлемін арттыру үшін жаңа технологиялар енгізілуде;

➡️ Атырау МӨЗ-дің экопосттарындағы деректер сайтта көрсетіледі;

➡️ Павлодар мұнай-химия зауытының маманы Асланбек Байкенов – Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екі дүркін чемпионы;

➡️ Қаражанбас кен орнын дамыту бойынша алдағы басымдықтар айқындалды;

➡️ KPI отандық қайта өңдеушілермен ынтымақтастығын кеңейтуде;

➡️ Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥2❤1
⚡️Ключевые события недели — в подборке #KMGapta

➡️ Силлено расширяет участие казахстанских компаний в строительстве завода по производству полиэтилена;

➡️ Экономический эффект и дополнительная добыча: первый опыт внедрения цифрового двойника с ИИ на месторождении КМГ;

➡️ КазТрансОйл увеличил долю техники казахстанского производства в закупках автотранспорта до 97%;

➡️ Строительство нового ГПЗ в Жанаозене: начат монтаж резервуаров, продолжается доставка оборудования в Казахстан;

➡️ КМГ масштабирует цифровые решения на месторождениях Озенмунайгаза;

➡️ Глава КМГ посетил строящуюся библиотеку в Жанаозене;

➡️ Асхат Хасенов ознакомился с ходом строительства производственной базы на Жетыбае;

➡️ На месторождениях Мангистаумунайгаза внедряются новые технологии для увеличения добычи нефти;

➡️ Данные с экопостов АНПЗ доступны на сайте компании;

➡️ Работник Павлодарского нефтехимического завода Асланбек Байкенов – двукратный чемпион Всемирных игр кочевников;

➡️ На Каражанбасе определены дальнейшие приоритеты развития месторождения;

➡️ KPI расширяет сотрудничество с отечественными переработчиками;

➡️ Первый грузовой рейс flydubai прибыл в аэропорт Алматы: заправку обеспечило КМГ-Аэро.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Еңбек адамы

Теңізге шыққан әр рейс үлкен жауапкершілікті талап етеді

🚢 Жүк таситын кемелердің қауіпсіздігі көзге көріне бермейтін қажырлы еңбектен басталады. Теңіз арқылы тасымалданатын контейнерлердің барлық талапқа сай тиеліп, дұрыс бекітілуін матростар қамтамасыз етеді. Осындай жауапты міндетті бүгінгі айдарымыздың кейіпкері Ақылбек Бисенов атқарады. Ол «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясына («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) тиесілі «Бүркіт» контейнер тасымалдаушы кемесінде 2022 жылдан бері еңбек етіп келеді.

🗣Ақылбек Ниязұлы теңізші мамандығын таңдауына не себеп болғанын, күнделікті жұмысының ерекшеліктерін және есте қалған оқиғаларын әңгімелеп берді.

🔹 Теңізші мамандығын неге таңдады?
🔹 Алғашқы рейстің маңызы неде?
🔹 Мыңдаған тонна жүктің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
🔹 Теңізде жоғалған үш қызды бірінші болып кім байқады?
🔹 Экипаж мүшелерін не біріктіреді?
🔹 Теңізші мамандығы оған қандай өмірлік сабақ берді?

▶️Толығырақ видеодан көріңіз.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤3👍3