ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті

✈️Алматы халықаралық әуежайы flydubai әуе компаниясының Дубай – Алматы – Дубай бағыты бойынша алғашқы жүк рейсін қабылдады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес ұйымы – ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құю қызметін көрсетті.

🛫Жаңа жүк бағыты Орталық Азиядағы ірі авиациялық орталықтардың бірі - Алматы қаласы мен халықаралық авиация әрі логистика хабы саналатын Дубай арасындағы байланысты нығайтады. Рейстер Boeing 737 ұшағымен аптасына бір рет орындалады.

🟦Алматы халықаралық әуежайы жаңа бағытқа қажетті инфрақұрылым мен жерүсті қызметтерін қамтамасыз етеді. Ал ҚМГ-Аэро әуе кемелеріне «ұшақтың қанатына» жанармай құю қызметін көрсетеді.

🟦ҚМГ-Аэро компаниясы flydubai әуе тасымалдаушысымен 2023 жылғы желтоқсан айынан бері жұмыс істеп келеді. Бұған дейін серіктестік жолаушылар рейстерін ғана қамтыса, 2026 жылғы қазаннан бастап жүк тасымалы бағытында да жалғасын тапты.

🟦Жаңа бағыт Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы жүк тасымалдау мүмкіндіктерін кеңейтіп, Алматының өңірдегі жетекші авиациялық және логистикалық орталық ретіндегі позициясын нығайтады.

✔️Бұл жұмыс Мемлекет басшысының Қазақстанның Еуразия кеңістігіндегі жетекші авиациялық хаб ретіндегі рөлін күшейту және елдің көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында жүзеге асырылуда.

✔️Жалпы, «ҚМГ-Аэро» еліміздің әуежайларында авиаотынмен қамтамасыз етудің ашық, тұрақты әрі бәсекеге қабілетті жағдайлар жасау, сондай-ақ жетекші халықаралық әуе тасымалдаушыларымен ынтымақтастықты кеңейту бағытындағы жүйелі жұмыстарын жалғастырып келеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤2👍2👏1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
Первый грузовой рейс flydubai прибыл в аэропорт Алматы: заправку обеспечило КМГ-Аэро

✈️В Международный аэропорт Алматы прибыл первый грузовой рейс авиакомпании flydubai по маршруту Дубай – Алматы – Дубай. Заправку воздушного судна обеспечила дочерняя компания АО НК «КазМунайГаз» — КМГ-Аэро.

🛫Новый грузовой маршрут соединил Алматы, один из крупнейших авиационных узлов Центральной Азии, с Дубаем — ведущим международным авиационным и логистическим центром. Рейсы будут выполняться один раз в неделю на самолетах Boeing 737.

🟦Международный аэропорт Алматы обеспечивает инфраструктуру и наземное обслуживание нового направления, а КМГ-Аэро — комплексное авиатопливообеспечение воздушных судов «в крыло».

🟦КМГ-Аэро сотрудничает с flydubai с декабря 2023 года, обеспечивая заправку пассажирских рейсов авиакомпании. С октября 2026 года сотрудничество расширяется и на грузовые направления.

🟦Новый маршрут создаёт дополнительные возможности для перевозки грузов между Казахстаном и Объединёнными Арабскими Эмиратами и укрепляет роль Алматы, как главного авиационного и логистического центра региона.

✔️Данная работа проводится в рамках поручений Главы государства по укреплению позиций Казахстана как ключевого евразийского авиационного хаба и наращиванию транспортно логистического потенциала страны.

✔️В целом, КМГ-Аэро продолжает системную работу по расширению сотрудничества с ведущими международными перевозчиками и формированию прозрачных, стабильных и конкурентных условий авиатопливного обеспечения в отечественных аэропортах.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥6❤2👏2
⚡️Өткен аптаның басты оқиғалары — #KMGapta топтамасында

➡️ Силлено полиэтилен зауытының құрылысына қазақстандық компаниялардың қатысуын кеңейтуде;

➡️ Экономикалық тиімділік және қосымша өндіру: «ҚазМұнайГаз» кен орнында ЖИ қолданылатын цифрлық телнұсқаны енгізудің алғашқы тәжірибесі;

➡️ ҚазТрансОйл автокөліктерді сатып алуда отандық техниканың үлесін 97% дейін арттырды;

➡️ Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытының құрылысы: резервуарлардың монтажы басталып, жабдықты Қазақстанға жеткізу жұмыстары жалғасуда;

➡️ ҚМГ Өзенмұнайгаз кен орындарында цифрлық шешімдерді кеңінен енгізуде;

➡️ ҚМГ басшысы Жаңаөзенде салынып жатқан кітапхана құрылысын аралап көрді;

➡️ Асхат Хасенов Жетібайдағы өндірістік базаның құрылысымен танысты;

➡️ Маңғыстаумұнайгаз кен орындарында мұнай өндіру көлемін арттыру үшін жаңа технологиялар енгізілуде;

➡️ Атырау МӨЗ-дің экопосттарындағы деректер сайтта көрсетіледі;

➡️ Павлодар мұнай-химия зауытының маманы Асланбек Байкенов – Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екі дүркін чемпионы;

➡️ Қаражанбас кен орнын дамыту бойынша алдағы басымдықтар айқындалды;

➡️ KPI отандық қайта өңдеушілермен ынтымақтастығын кеңейтуде;

➡️ Алматыға flydubai алғашқы жүк рейсін орындады: ҚМГ-Аэро әуе кемесіне жанармай құюды қамтамасыз етті.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥2❤1
⚡️Ключевые события недели — в подборке #KMGapta

➡️ Силлено расширяет участие казахстанских компаний в строительстве завода по производству полиэтилена;

➡️ Экономический эффект и дополнительная добыча: первый опыт внедрения цифрового двойника с ИИ на месторождении КМГ;

➡️ КазТрансОйл увеличил долю техники казахстанского производства в закупках автотранспорта до 97%;

➡️ Строительство нового ГПЗ в Жанаозене: начат монтаж резервуаров, продолжается доставка оборудования в Казахстан;

➡️ КМГ масштабирует цифровые решения на месторождениях Озенмунайгаза;

➡️ Глава КМГ посетил строящуюся библиотеку в Жанаозене;

➡️ Асхат Хасенов ознакомился с ходом строительства производственной базы на Жетыбае;

➡️ На месторождениях Мангистаумунайгаза внедряются новые технологии для увеличения добычи нефти;

➡️ Данные с экопостов АНПЗ доступны на сайте компании;

➡️ Работник Павлодарского нефтехимического завода Асланбек Байкенов – двукратный чемпион Всемирных игр кочевников;

➡️ На Каражанбасе определены дальнейшие приоритеты развития месторождения;

➡️ KPI расширяет сотрудничество с отечественными переработчиками;

➡️ Первый грузовой рейс flydubai прибыл в аэропорт Алматы: заправку обеспечило КМГ-Аэро.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2🔥2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
⚡️Еңбек адамы

Теңізге шыққан әр рейс үлкен жауапкершілікті талап етеді

🚢 Жүк таситын кемелердің қауіпсіздігі көзге көріне бермейтін қажырлы еңбектен басталады. Теңіз арқылы тасымалданатын контейнерлердің барлық талапқа сай тиеліп, дұрыс бекітілуін матростар қамтамасыз етеді. Осындай жауапты міндетті бүгінгі айдарымыздың кейіпкері Ақылбек Бисенов атқарады. Ол «Қазақтеңізкөлікфлоты» компаниясына («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) тиесілі «Бүркіт» контейнер тасымалдаушы кемесінде 2022 жылдан бері еңбек етіп келеді.

🗣Ақылбек Ниязұлы теңізші мамандығын таңдауына не себеп болғанын, күнделікті жұмысының ерекшеліктерін және есте қалған оқиғаларын әңгімелеп берді.

🔹 Теңізші мамандығын неге таңдады?
🔹 Алғашқы рейстің маңызы неде?
🔹 Мыңдаған тонна жүктің қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі?
🔹 Теңізде жоғалған үш қызды бірінші болып кім байқады?
🔹 Экипаж мүшелерін не біріктіреді?
🔹 Теңізші мамандығы оған қандай өмірлік сабақ берді?

▶️Толығырақ видеодан көріңіз.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤3👍3
Атырауда «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты басталды

📍Бүгін Атырау қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобындағы қызметкерлердің кәсіби шеберлігін арттыруға және жұмысшы мамандықтарын дәріптеуге бағытталған «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты салтанатты түрде ашылды.

📇12–14 қазан аралығында ҚМГ-ның 18 еншілес және тәуелді ұйымынан келген 120 қатысушы өз мамандығы бойынша үздік атану үшін бақ сынайды. Биыл «KMG Skills» чемпионаты екінші рет ұйымдастырылып отыр.

🧰Жарыс 12 мамандық иелері арасында өтеді. Атап айтқанда, мұнай және газ өндіру, қабат қысымын ұстап тұру, мұнайды дайындау, технологиялық қондығылардың операторлары, химиялық талдау зертханашылары, электромонтерлер, электр-газбен дәнекерлеушілер, бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика, технологиялық жабдықты жөндеу мен оған қызмет көрсету жөніндегі слесарьлер, компрессорлық қондырғының, технологиялық сорғылардың машинистері, сондай-ақ токарьлер өзара сынға түседі.

Чемпионат бағдарламасы үш кезеңнен тұрады:
🟦қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуын анықтау;
🟦алғашқы медициналық көмек көрсету;
🟦мамандық бойынша практикалық тапсырмаларды орындау.

🏭Байқау «Ембімұнайгаз» АҚ («Жайықмұнайгаз» МГӨБ), «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС және APEC PetroTechnic жоғары колледжінің алаңдарында өтеді.

✔️Қатысушылардың кәсіби біліктілігін объективті бағалау үшін 40-тан астам тәуелсіз сарапшы тартылды.

✔️«KMG Skills» үздік мамандарды анықтауға, олардың кәсіби дағдыларын одан әрі жетілдіруге және жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар чемпионат ҚМГ компаниялар тобының кәсіпорындары арасында тәжірибе алмасуға және кәсіби білімді бөлісуге жағдай жасайды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥2❤1
В Атырау стартовал чемпионат по профессиональным навыкам «KMG Skills»
 
📍Сегодня в Атырау состоялось торжественное открытие чемпионата по профессиональным навыкам «KMG Skills», направленного на повышение профессионального мастерства работников и популяризацию рабочих профессий в группе компаний АО НК «КазМунайГаз».

📇С 12 по 14 октября 120 участников из 18 дочерних и зависимых организаций КМГ поборются за звание лучших в своей профессии. В этом году «KMG Skills» проводится во второй раз.

🧰Состязания охватят 12 профессий - операторы по добыче нефти и газа, по поддержанию пластового давления, по подготовке нефти, технологических установок, лаборант химического анализа, электромонтер, электрогазосварщик, слесари по контрольно-измерительным приборам и автоматике, по ремонту и обслуживанию технологического оборудования, машинисты компрессорных установок, технологических насосов, а также токарь.

Программа включает три этапа:
🟦выявление нарушений требований техники безопасности;
🟦оказание первой медицинской помощи;
🟦практическое выполнение заданий по профессии.

🏭Конкурсные задания будут проходить на площадках АО «Эмбамунайгаз» (НГДУ «Жайыкмунайгаз»), ТОО «Атырауский нефтеперерабатывающий завод» и Высшего колледжа APEC PetroTechnic.

✔️Для объективной оценки профессиональных компетенций участников привлечено более 40 независимых экспертов.

✔️«KMG Skills» призван выявить сильнейших специалистов, способствовать дальнейшему развитию их профессиональных навыков и повышению престижа рабочих профессий. Кроме того, чемпионат создает условия для обмена практическим опытом и профессиональными знаниями между предприятиями группы КМГ.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3🔥3
«KMG Skills» қатысушылары қауіпсіздік техникасы мен алғашқы көмек көрсету дағдылары бойынша сынға түсті

📇Атырау қаласындағы APEC PetroTechnic жоғары колледжінің базасында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасында «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионатының бірінші және екінші кезеңдері өтті. Байқау бағдарламасы қауіпсіздік техникасы талаптарының бұзылуын анықтау және алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша тапсырмаларды қамтыды.

🧰Сынақтарға чемпионаттың 12 кәсіби бағыты бойынша мамандар қатысты. Олар белгіленген талаптарды қаншалықты меңгергенін, мұқияттылығын және теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану қабілеттерін көрсетуі тиіс болды.

🛡Бірінші кезеңде қатысушыларға қауіпсіздік ережелері әдейі бұрмаланған жағдайларда бейнематериалдар ұсынылды. Бес минут ішінде олар қауіпті жағдайларды анықтап, ықтимал тәуекелдерді бағалап, оларды жою жолдарын ұсынуы қажет.

🏕Екінші кезең алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналды. Қатысушылар белгіленген уақыт ішінде жүрек-өкпе реанимациясын жүргізу алгоритмін орындады. Атап айтқанда, оқиға орнының қауіпсіздігіне көз жеткізуі, зардап шегушінің жағдайын бағалауы, жедел жәрдем шақыру әрекетін көрсету және реанимациялық шараларды жүргізуі қажет болды.

❤️Бағалау кезінде қатысушылардың әрекеттерді дұрыс ретпен орындауы, кеуде қуысын басу жиілігі мен тереңдігі, қолды дұрыс қоюы және жасанды тыныс беру тәсілі ескерілді.

🗣Жалпы екі кезең тапсырмалары қызметкерлердің ықтимал қауіп-қатерлерді дер кезінде анықтау, қысқа уақыт ішінде шешім қабылдау және төтенше жағдайларда сауатты әрекет ету дайындығын тексеруге бағытталды.

▪️Еске сала кетейік, «KMG Skills» кәсіби шеберлік чемпионаты биыл екінші рет өткізіліп отыр. Оған ҚМГ-ның 18 еншілес және тәуелді ұйымынан 120-ға жуық маман қатысуда.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥43❤1👍1