ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
«ҚМГ Кәсіп»: новые возможности для работников В АО НК «КазМунайГаз» продолжаются праздничные мероприятия, приуроченные ко Дню работников нефтегазового комплекса. 📇 Сегодня в торжественной обстановке более 140 работников дочерних предприятий национальной…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥2❤1🎉1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
«ҚМГ Кәсіп»: жұмысшыларға жаңа мүмкіндіктер ҚазМұнайГазда мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. 📇 Бүгін «ҚМГ Кәсіп» біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында компанияның еншілес кәсіпорындарының 140-тан астам қызметкеріне…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥3❤1🎉1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
«ҚМГ Кәсіп»: жұмысшыларға жаңа мүмкіндіктер ҚазМұнайГазда мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. 📇 Бүгін «ҚМГ Кәсіп» біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында компанияның еншілес кәсіпорындарының 140-тан астам қызметкеріне…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2🔥2🥰1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
«ҚМГ Кәсіп»: жұмысшыларға жаңа мүмкіндіктер ҚазМұнайГазда мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне арналған мерекелік іс-шаралар жалғасуда. 📇 Бүгін «ҚМГ Кәсіп» біліктілікті арттыру бағдарламасы аясында компанияның еншілес кәсіпорындарының 140-тан астам қызметкеріне…
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1🎉1🤝1
Құрметті әріптестер!
Сіздерді кәсіби мереке ─ Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
ҚазМұнайГаз — еліміздегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі. ҚМГ құрылымында мердігер компанияларды қоса алғанда 80 мыңнан астам адам еңбек етеді.
📌 ҚМГ ел экономикасындағы стратегиялық маңызын және өңірлердегі әлеуметтік рөлін ескере отырып, өз қызметкерлерінің кәсіби дамуына ерекше назар аударуда.
✔️ Компания өндірістегі жұмысшыларға жайлы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлар жасау және қауіпсіздікті қамтамасыз етумен қатар кәсіптік оқыту, біліктілікті арттыру, тағылымдамаға жіберу және тәжірибе алмасуға ерекше мән беріп келеді.
🟦 Мұнайшылар күні — Сіздердің жоғары жауапкершілікпен атқарып жатқан қажырлы еңбектеріңізге көрсетілетін құрметтің белгісі.
🟦 Еліміздің мұнай-газ қорын молайтып, өндіріс қарқынын арттыру мақсатында «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» жұмыла еңбек ету ─ біздің ортақ міндетіміз. Бұл бағытта ҚазМұнайГаз геологиялық барлау, мұнай өндіру, тасымалдау, өңдеу, мұнай-газ химиясы және әлеуметтік жобаларды жан-жақты іске асыруда.
🟦 Саланың жарқын болашағы ─ осындай үлкен ұжымның ұйымшыл болып, жемісті жұмыс істеуіне тікелей байланысты.
🟦 «Ырыс алды ынтымақ» деп дана халқымыз айтқандай, еңбек ұжымдарындағы ауызбіршілік өндіріс тиімділігін арттыруға ықпал етеді.
Барша мұнай-газ саласы қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Еңбектеріңіз әрдайым жарқын болашаққа жетелеп, құрметке ие болсын!
Ізгі ниетпен,
Асхат Хасенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы
📱 ҚазМұнайГаз
Сіздерді кәсіби мереке ─ Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешені қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады.
ҚазМұнайГаз — еліміздегі ең ірі жұмыс берушілердің бірі. ҚМГ құрылымында мердігер компанияларды қоса алғанда 80 мыңнан астам адам еңбек етеді.
Барша мұнай-газ саласы қызметкерлеріне зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, шаңырақтарыңызға бақ-береке, жауапты жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін.
Еңбектеріңіз әрдайым жарқын болашаққа жетелеп, құрметке ие болсын!
Ізгі ниетпен,
Асхат Хасенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤12👍12🔥3🎉2🥰1
Л.Киинов всю свою жизнь посвятил развитию нефтегазовой промышленности и внес весомый вклад в развитие отрасли. Свой трудовой путь начал простым оператором по добыче нефти и газа. В разные годы работал руководителем нефтегазовых предприятий Мангистауской области. Возглавлял КМГ дважды. Также был акимом Мангистауской области. Долгие годы трудился вице-министром энергетики и минеральных ресурсов РК и был депутатом Сената Парламента.
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤5🔥2🎉1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы мұнай-газ саласының қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
🟦 Ақордада өткен салтанатты жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұнай-газ кешені ел экономикасының аса маңызды саласы екенін атап өтті.
t.me/aqorda_resmi
– Сіздер осы салада адал еңбек етіп, мемлекетіміздің дамуына мол үлес қосып келесіздер. Бұл нағыз еңбек адамдарына тән қасиет деп санаймын. Жалпы, еліміздегі мұнай-газ өнеркәсібінің өзіндік дәстүрі, бай тарихы бар. Осы саланың қалыптасып, өркендеуіне бірнеше буын өкілдері зор еңбек сіңірді. Сіздерді аға буынның лайықты ізбасары деуге болады. Қазір мұнай-газ саласында екі жүз мыңнан астам адам жұмыс істейді. Сіздердің табанды еңбектеріңіздің арқасында Қазақстанымыз өркендеп, көркеюде. Мен мұны жоғары бағалаймын. Бәріңізге шынайы ризашылығымды білдіремін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства поздравил работников нефтегазовой отрасли
🟦 На торжественной церемонии в Акорде Касым-Жомарт Токаев подчеркнул особую роль нефтегазового комплекса в национальной экономике.
t.me/aqorda_resmi
– Усердно и добросовестно выполняя свою работу, каждый из вас вносит весомую лепту в развитие страны, в полной мере проявляя качества, присущие настоящему человеку труда. Надо отметить, что нефтегазовая индустрия Казахстана имеет свои глубокие традиции и богатую историю. Становлению и процветанию этой отрасли способствовали представители многих трудовых династий. Вы достойно продолжаете славный путь своих старших наставников. Сегодня в нефтегазовом комплексе трудятся более 200 тысяч человек. Я высоко ценю ваш труд и выражаю искреннюю признательность за неустанную деятельность на благо Казахстана, – поблагодарил Президент.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👏3🥰1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы: «Егемендік кезеңінде еліміздегі мұнай өндірісі төрт есе өсті»
🟦 Президент былтыр қазақ мұнайының 125 жылдығы аталып өткенін еске салып, биыл да осы сала үшін айтулы жыл екеніне тоқталды.
t.me/aqorda_resmi
– Атырау мұнай өңдеу зауытының ашылғанына 80 жыл толды. Шымкент мұнай өңдеу зауытына 40 жыл, ал «QazaqGaz» ұлттық компаниясына 25 жыл толып отыр. Бұл мерекелік күндер еліміздің мұнай-газ саласының мән-маңызын көрсетеді. Мұнай мен газ – стратегиялық маңызы бар ресурс, бұл – жұртшылыққа белгілі дерек. Себебі бұл сала еліміздің өсіп-өркендеуіне айрықша ықпал етті. Тәуелсіздік жылдары қара алтынның игілігін молынан көрдік. Қазіргі таңда бұл сала қарқынды дамып келеді. Қазақстан әлемдік мұнай нарығындағы жетекші мемлекеттің бірі саналады. Егемендік кезеңінде еліміздегі мұнай өндірісі төрт есе өсті. Жақын арада мұнай өндіру көлемін жылына 100 миллион тоннаға жеткіземіз, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства: «В годы Независимости добыча нефти в стране выросла в четыре раза»
🟦 Касым-Жомарт Токаев напомнил, что в прошлом году нефтегазовой отрасли страны исполнилось 125 лет, а нынешний год также ознаменован рядом важных событий.
t.me/aqorda_resmi
– Атырауский нефтеперерабатывающий завод был введен в строй 80 лет назад. Коллектив Шымкентского нефтеперерабатывающего завода празднует 40-летие, а национальная компания QazaqGaz – свой четвертьвековой юбилей. Несомненно, эти знаменательные даты наглядно демонстрируют значимость нефтегазовой отрасли для страны. Как известно, нефть и газ – наши стратегически важные ресурсы. Нефтяная промышленность в значительной степени определяет экономический рост и процветание Казахстана. В годы Независимости мы в полной мере ощутили всю ценность черного золота. И сегодня эта отрасль развивается динамичными темпами. Казахстан занимает лидирующие позиции на мировом нефтяном рынке, добыча нефти в стране выросла в четыре раза и в ближайшее время достигнет отметки в 100 млн тонн в год, – отметил Глава государства.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан шикізат өндірумен қатар, оны терең өңдеуге баса мән беретінін айтты
t.me/aqorda_resmi
– Бұл бағытта нақты жұмыс істеліп жатыр. Атырау, Павлодар, Шымкент қалаларында орналасқан үш ірі мұнай өңдеу зауыты жаңғыртылды. Соның арқасында біз ішкі нарықты сапалы жанар-жағармаймен толық қамтамасыз етіп отырмыз. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде 13 миллионға жуық адам табиғи газға қол жеткізді. Қазір бұл бағытта бұрын-соңды болмаған ауқымды жобалар іске асырылуда. Қашағанда жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбырының екінші желісі салынуда. Сондай-ақ біз қосымша құны жоғары өнімдер шығаруды қолға алдық. Мұнай-газ химиясы саласында бірқатар ірі жобаны іске қосамыз. Мұның бәрі 20 мыңға жуық жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Соның ішінде полиэтилен зауытын ерекше атап өткім келеді. Бұл – шетел инвесторларымен бірге іске асырылып жатқан маңызды жоба. Инвестиция көлемі 7 миллиард доллардан асады. «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» секілді ірі теңіз кен орындарын игеру басталды. Алты миллиард доллардан астам инвестиция салынады. Теңіз платформаларының құрылысын отандық кеме құрастырушы кәсіпорындар жүргізеді. Бұл Қазақстанның мұнай-газ саласындағы үлкен оқиға болмақ. Аталған жобалардың бәрі энергетикалық әлеуетімізді нығайтып қана қоймай, ел экономикасының қарыштап дамуына ықпал етеді. Мұның игілігін барша халық көреді, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi
❤1🎉1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев: «Наряду с производством сырья Казахстан уделяет большое внимание его глубокой переработке»
t.me/aqorda_resmi
– Модернизированы три крупных нефтеперерабатывающих завода в Атырау, Павлодаре и Шымкенте, что позволило полностью обеспечить внутренний рынок качественными горюче-смазочными материалами. Благодаря целенаправленной работе около 13 миллионов человек получили доступ к природному газу. Сегодня в этом направлении реализуются беспрецедентные масштабные проекты. Ведется строительство нового газоперерабатывающего завода на Кашагане и второй линии газопровода Бейнеу – Бозой – Шымкент. Мы также начали производство продукции с высокой добавленной стоимостью. Планируется запуск крупных нефтегазохимических проектов, которые обеспечат создание около 20 тысяч рабочих мест. Среди них важное место принадлежит заводу «Полиэтилен», который возводится совместно с иностранными инвесторами. Объем инвестиций в данный проект превышает 7 миллиардов долларов. Начинается освоение таких крупных морских месторождений, как «Каламкас-море» и «Хазар» с объемом инвестиций более шести миллиардов долларов. Строительство морских платформ будет вестись на отечественных верфях, что станет большим событием для нефтегазовой отрасли Казахстана. Все эти проекты будут способствовать укреплению энергетического потенциала и поступательному росту экономики страны на благо всех граждан, – заявил он.
t.me/aqorda_resmi
👏1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы: «Қытайлық серіктестермен бірге мұнай-газ саласында көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр»
🟦 Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары мемлекет экономиканың түрлі саласына шетел инвестициясын жүйелі түрде тарту жұмысына ерекше назар аударып отырғанын жеткізді.
t.me/aqorda_resmi
– Осы ретте жақында өткен Қытайға сапарымды атап өткім келеді. Бұл сапар шын мәнінде өте жемісті болды. Екі елдің арасындағы стратегиялық серіктестікке мықты әрі тың серпін берді. Екіжақты келіссөздердің күн тәртібі ауқымды және ең бастысы Қазақстанның ұлттық мүдделеріне, ең алдымен, экономика саласындағы мүдделеріне тікелей байланысты болды. Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинмен әңгімелесу кезінде мәңгілік достық пен стратегиялық серіктестік рухындағы жан-жақты ынтымақтастыққа ерекше мән берілді. Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің кезекті отырысының қорытындысы бойынша жалпы сомасы 15 миллиард доллар болатын жетпістен астам коммерциялық құжатқа қол қойылды. Қытайлық серіктестермен бірге мұнай-газ саласында көптеген жоба жүзеге асырылып жатыр. Сондай-ақ стратегиялық сипаттағы жаңа жобалар жоспарланған. Оның ішінде Ақтөбе облысында карбамид шығаратын газ-химия кешенінің құрылысы жөнінде СNPC компаниясымен жасалған келісімді ерекше атап өткім келеді. Жоба құны 1 миллиард доллардан асады. Атырау облысында этан және пропан тасымалдауға арналған магистральді құбыр құрылысын қаржыландыру бойынша Қытай даму банкімен жасалған уағдаластықтың да маңызы зор. Келісімнің жалпы сомасы – 530 миллион долларға жуық. Біз барлық халықаралық инвесторлармен ықпалдастықты тереңдетуге әрдайым баса мән береміз. Мұнай-газ саласында америкалық, ресейлік, еуропалық және қытайлық корпорациялармен көп жылдар бойы жалғасып келе жатқан серіктестік – соның айқын дәлелі, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1🥰1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент: «С китайскими партнерами в нефтегазовой сфере у нас уже реализуется много проектов»
🟦 Как рассказал Касым-Жомарт Токаев, в последние годы государство уделяет пристальное внимание выстраиванию системной работы по привлечению зарубежных инвестиций в различные сектора экономики.
t.me/aqorda_resmi
– В этом плане хочу отметить свой недавний визит в Китай, который стал очень плодотворным и придал новый мощный импульс стратегическому партнерству между нашими странами. Повестка двусторонних переговоров была весьма обширной и затрагивала национальные интересы Казахстана, прежде всего, в экономической сфере. В переговорах с Председателем Китайской Народной Республики Си Цзиньпином особое внимание было уделено всестороннему сотрудничеству в духе вечной дружбы и стратегического партнерства. По итогам очередного заседания казахско-китайского Делового совета подписано свыше 70 коммерческих документов на сумму 15 миллиардов долларов. С китайскими партнерами в нефтегазовой сфере у нас уже реализуется много проектов, запланированы новые проекты стратегического характера. Среди них особо отмечу соглашение о строительстве газохимического комплекса по производству карбамида в Актюбинской области с компанией CNPC на сумму более одного миллиарда долларов. Важной является достигнутая договоренность с Банком развития Китая о финансировании строительства магистральных трубопроводов для транспортировки этана и пропана в Атырауской области на сумму около 530 миллионов долларов. Мы традиционно уделяем особое внимание углублению сотрудничества со всеми международными инвесторами. Многолетнее партнерство в нефтегазовом секторе с американскими, российскими, европейскими, китайскими корпорациями – тому яркое свидетельство, – сказал Глава государства.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🎉1💯1🏆1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Қасым-Жомарт Тоқаев: «Көмірсутегі дүние жүзінің энергетика нарығында, сәйкесінше, Қазақстанның энергетика саласында бұрынғыдай басты рөлге ие бола береді»
🟦 Президенттің пікірінше, әлемдегі мұнай-газ саласы көптеген мемлекет пен белгілі сарапшылардың жіті бақылауында. Саланың келешегі оның жаһан экономикасының даму перспективасына ықпал етуі тұрғысынан талқыланып жатыр.
t.me/aqorda_resmi
– Менің пайымдауымша, көмірсутегі дүние жүзінің энергетика нарығында, сәйкесінше, Қазақстанның энергетика саласында бұрынғыдай басты рөлге ие бола береді. Бірқатар елдің, соның ішінде еуропалық мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей, балама қуат көзі қажеттілікті толық өтей алмайды. Бұдан бөлек, өнеркәсіпте, соның ішінде электр стансаларының құрылысында көмірді залалсыздандыратын озық технологияны пайдалануға баса мән беру қажет. Қазақстанның энергия балансында көмірдің үлесі 70 пайызға жуық екені мәлім. Еліміз көмір өндіруден он ірі елдің қатарына кіреді. Бұл артықшылықтан бас тартпаған жөн. Керісінше, оны тиімді пайдалану керек, – деді Мемлекет басшысы.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🥰1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Касым-Жомарт Токаев: «Углеводороды по-прежнему будут играть ключевую роль в мировой энергетике и, следовательно, в энергетике Казахстана»
🟦 Президент считает, что мировая нефтегазовая отрасль находится в центре внимания многих государств и известных экспертов. Будущее отрасли обсуждается с точки зрения ее влияния на перспективы развития мировой экономики.
t.me/aqorda_resmi
– На мой взгляд, углеводороды по-прежнему будут играть ключевую роль в мировой энергетике и, следовательно, в энергетике Казахстана. Как показывает опыт ряда стран, включая европейских, альтернативные источники энергии могут выполнить своего рода вспомогательные функции. Кроме того, необходимо обратить внимание на применение передовых технологий с целью полной очистки природного угля для его промышленного применения, прежде всего, в строительстве электростанций. Как известно, уголь занимает около 70 процентов в энергобалансе Казахстана, наша страна входит в мировую десятку по производству угля, и от этого преимущества отказываться не следует, а, напротив, следует эффективно использовать его, – сказал Касым-Жомарт Токаев.
t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент отандық мұнай-газ кешенінің алдында технологиялық жаңғыру, атап айтқанда, жасанды интеллектіні енгізу міндеті тұрғанын жеткізді
t.me/aqorda_resmi
– Заманауи технологиялар мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, тасымалдау және қайта өңдеу ісін оңтайландыруға ықпал ету қажет. Отандық мұнай-газ өнеркәсібі заманауи үрдістерге сай болуы керек. Сондықтан осы салаға таза және озық технологияларды енгізу өте маңызды. Геологиялық барлау жұмыстарын күшейтіп, жаңа кен орындарын ашуға баса мән беру керек. Бұған қоса осы салаға білімді, жас кадрларды тартып, адам әлеуетін барынша арттыру қажет. Себебі жаһандық бәсекеге қабілетті болу үшін бізге, ең алдымен, білікті мамандар керек. Білім бағдарламасын жетілдіріп, зерттеу орталықтарын дамытқан жөн. Осы міндеттерді сапалы орындасақ, Әділетті, Қуатты, Таза және Озық Қазақстанның қалыптасуына жол ашамыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
t.me/aqorda_resmi
🎉1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Президент отметил, что перед отечественным нефтегазовым комплексом стоит актуальная задача технологической модернизации, в том числе путем внедрения искусственного интеллекта
t.me/aqorda_resmi
– Современные технологии должны содействовать оптимизации добычи, транспортировки и переработки нефти и нефтепродуктов. Отечественная нефтегазовая индустрия должна соответствовать современным требованиям. Крайне важно внедрять в отрасль чистые и передовые технологии. Необходимо активизировать геологоразведочные работы и сделать упор на открытие новых месторождений. Кроме того, чтобы выдержать глобальную конкуренцию, нам в первую очередь нужны квалифицированные кадры. Необходимо привлекать в отрасль образованных, молодых специалистов и максимально использовать человеческий потенциал. Следует обновить образовательные программы и совершенствовать деятельность исследовательских центров. Качественное выполнение этих задач позволит нам построить Справедливый, Сильный, Чистый и Процветающий Казахстан, – подчеркнул Глава государства.
t.me/aqorda_resmi
🥰1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Мемлекет басшысы қоғамдағы еңбек адамының орны туралы пікір білдірді
t.me/aqorda_resmi
– Еңбекқорлық – ең асыл қасиеттің бірі. Мен әр сөзімде осы мәселеге ерекше мән беремін. Маңдай термен келген адал еңбектің қадірін білетін жұрт озық ойлы ұлт болады. Халқымызда «Еңбегіне қарай – құрметі» деген жақсы сөз бар. Еңбек адамы – ел адамы. Еңбек адамы, ең алдымен, туған елінің жарқын келешегі үшін аянбай жұмыс істейтін адам. Сондықтан қазір біз елімізде жұмысшы мамандарын кеңінен дәріптеп, оларға ерекше құрмет көрсетіп жатырмыз. Мен жыл басынан бері еліміздің әр саласында жұмыс істеп жүрген азаматтарды арнайы шақырып, марапаттап жатырмын. Мұны халқымыздың Сіздерге көрсеткен ыстық ықыласы, шынайы құрметі мен алғысы деп түсінген жөн, – деді Президент.
t.me/aqorda_resmi
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Глава государства также высказался о роли человека труда в обществе
t.me/aqorda_resmi
– Как я не раз подчеркивал в своих выступлениях, трудолюбие – одно из самых ценных качеств. Народ, который ценит честный труд, всегда будет в авангарде прогресса. Не зря у нас говорят: «По труду и почет». Человек труда – это достойный гражданин, который неустанно работает ради светлого будущего своей Родины. Именно поэтому мы последовательно повышаем престиж рабочих профессий, представителям которых оказываются достойные почести. С начала года я не раз вручал награды гражданам, которые трудятся в различных отраслях экономики. Это отражает доброе отношение, уважение и признание нашего народа, – заявил Президент.
t.me/aqorda_resmi
❤1🎉1