ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.18K subscribers
10.3K photos
1.14K videos
8 files
4.51K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Forwarded from UKIMET
Президент атынан мұнай-газ саласы қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍3👏1🎉1
Forwarded from UKIMET
От имени Президента вручены государственные награды работникам нефтегазовой отрасли

📱 @KZgovernment
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3🥰1👏1
Президент атынан сала ардагерлеріне және ҚазМұнайГаз компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді

📱 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да кәсіби мереке — мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күніне орай сала ардагерлеріне және ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне мемлекеттік наградаларды тапсыру салтанаты өтті.

🗣Іс-шарада ҚМГ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов құттықтау сөз сөйлеп, Қазақстанның мұнай-газ секторының қалыптасуына еңбек сіңірген ардагерлерге ілтипатын білдірді. Ол саладағы бүгінгі жетістіктер — аға буын салып кеткен сара жолдың жалғасы екенін атап өтті. ҚМГ компаниялар тобының мыңдаған қызметкерлерінің қажырлы еңбегі мен ауызбіршілігінің арқасында еліміздің энергетикалық қауіпсіздігі нығайып келеді.

— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың
Жарлығымен табыс етілген мемлекеттік наградалар — бұл ұзақ жылғы адал еңбекке берілген лайықты жоғары баға, — деді Асхат Хасенов.


🎖Атап айтқанда, «Парасат» орденімен Өтеев Есен Оғланұлы марапатталды.

🎖«Құрмет» орденінің иегерлері:

🟦Әліпбаев Саятай Сейдалыұлы — ҚМГ мұнай өңдеу және мұнай химиясы департаментінің директоры;

🟦Мұхитов Қайрат Болатұлы — «KMG-Security» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары;

🟦Меңдібаев Ерболат Танашұлы — ҚМГ тасымалдау және логистика департаментінің директоры;

🟦Әшімов Дамир Ағыланұлы — «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС бас директоры;

🟦Мұсаев Дәулет Жұмабайұлы — ҚМГ газды дайындау және өңдеу басқармасының бастығы.

🎖«Еңбек Даңқы» ІІІ дәрежелі ордені:

🟦Мұқанбетқалиев Сабырғали — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері;

🟦Байжанов Ілесбек Сейітұлы — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері;

🟦Жақсыбаев Абдурахман Аббасұлы — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері;

🟦Ордиев Берік Шахзадаұлы — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері;

🟦Мырхайдаров Мұхтар Бахадүрұлы — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС №1 технологиялық цехының механигіне табысталды.

🎖«Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері:

🟦Мырзағалиева Жансая Сайлауқызы — «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС геология департаментінің директоры;

🟦Нұрашов Мирас Жақсылықұлы — «Қазгермұнай» БК» ЖШС мұнай және газ өндіру департаменті газды дайындау және тасымалдау цехының 6-разрядты технологиялық қондырғылар операторы;

🟦Максимов Сергей Александрович — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері;

🟦Өтеулиев Сенбек Ташкенбайұлы — «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС еңбек ардагері;

🟦Мартынов Владимир Вячеславович — «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС еңбек ардагері.

Жалпы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен еліміздің мұнай-газ саласын дамытуға қосқан зор үлесі үшін ҚМГ компаниялар тобының 61 еңбек ардагерлері мен қызметкерлері мемлекеттік наградаларға ие болды.

✔️Сонымен қатар салтанатты іс-шара барысында ҚМГ компаниялар тобының қызметкерлеріне мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін ҚР Энергетика министрлігінің ведомстволық медалі, «KAZENERGY» медалі, ҚР Энергетика министрлігінің «Мұнай-газ саласының еңбек сіңірген қызметкері» төсбелгісі, ҚМГ естелік белгісі, ҚазМұнайГаздың «Еңбек сіңірген мұнайшы», «Үздік мұнай өңдеуші» және «Үздік мұнайшы» төсбелгілері, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және ҚМГ-ның құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табыс етілді.

✈️ ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4👏2🎉1