ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.18K subscribers
10.3K photos
1.14K videos
8 files
4.51K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Атырауда болашақ мұнайшыларды даярлайтын оқу-өндірістік полигоны ашылды

Атырау қаласында С.Өтебаев атындағы мұнай-газ университеті жанынан болашақ мұнайшыларды даярлайтын оқу-өндірістік полигоны өз жұмысын бастады. Ашылу салтанатына Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, ҚР ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова, университет ректоры Гүлзада Шакуликова, сондай-ақ мұнай-газ саласының ардагерлері қатысты.

📍Жалпы жер аумағы 4 гектарды алып жатқан полигон «Ембімұнайгаз» АҚ-ның қаржылық қолдауымен салынды. Бұл мұнай газ саласының нақты жағдайына барынша жақын жасалған кешен. Оқу алаңында көмірсутектерді геологиялық барлау мен өндіруден бастап, сервистік қызметтер мен мұнай газ химиясы бағыттарға дейінгі негізгі өндірістік әрі технологиялық процестер қамтылған.

— Еліміздің мұнай-газ секторына қажетті білікті мамандарды даярлау — ҚазМұнайГаздың алдында тұрған өзекті мәселе. Полигонда жаттығу элементтері өндірістік жағдайларға барынша ұқсас етіп салынған, студенттердің нақты операциялық міндеттерді шешуге және мұнай-газ технологияларын игеруге мүмкіндігі бар. Бұл жерде электргазбен дәнекерлеуші, токарь, оператор, машинист және басқа да мамандар тәжірибеден өтеді. Бұл бастама Қазақстан Президенті жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылында» аса маңызды, — деді А.Хасенов.


✔️Полигон заманауи зертханамен, кәсіби дағдыларды жетілдіруге арналған оқу-өндірістік алаңдармен және тәжірибелік қондырғылармен, инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдарымен жабдықталған. Жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізуді үйрету үшін екі ұңғыма бұрғыланды. Студенттердің таңдаған мамандықтарына сай практикалық тапсырмаларды орындауы үшін 15 оқу алаңы салынды.

С.Өтебаев атындағы Атырау мұнай-газ университеті осындай заманауи технологиялық базасы бар Қазақстандағы алғашқы жоғары оқу орны.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍3👏1🎉1
В Атырау открылся учебно-производственный полигон для подготовки будущих нефтяников
 
В г.Атырау начал свою работу учебно-производственный полигон для подготовки будущих нефтяников при Атырауском университете нефти и газа им. С.Утебаева. В церемонии открытия приняли участие аким Атырауской области Серик Шапкенов, председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов, вице-министр энергетики РК Кудайберген Арымбек, вице-министр науки и высшего образования РК Гулзат Кобенова, ректор университета Гульзада Шакуликова, а также ветераны нефтегазовой отрасли.
 
📍Полигон общей площадью 4 гектара построен при финансовой поддержке АО «Эмбамунайгаз». Учебная площадка представляет собой комплекс, максимально приближенный к реальным условиям нефтегазовой отрасли, и охватывает основные этапы производственных и технологических процессов - от геологоразведки и добычи углеводородов до сервисных и нефтегазохимических направлений.

— Подготовка квалифицированных специалистов для отечественного нефтегазового сектора — одна из актуальных задач КазМунайГаза. На полигоне тренировочные элементы максимально приближены к производственным условиям, у студентов есть возможность решать реальные операционные задачи и осваивать технологии нефтегазового дела. Практику здесь будут проходить электрогазосварщики, токари, операторы, машинисты и другие специалисты, что особенно значимо в контексте объявленного Президентом Казахстана «Года рабочих профессий», — отметил А.Хасенов.

 
✔️Полигон оснащен современной лабораторией, учебно-производственными площадками и опытными установками для отработки профессиональных навыков, а также зонами для тестирования инновационных технологических решений. Здесь пробурены две скважины для выработки навыков проведения подземного ремонта, построено 15 учебных площадок, на которых будущие специалисты отрабатывают практические задания.
 
Атырауский университет нефти и газа им. С.Утебаева стал первым ВУЗом в Казахстане с подобной современной практической базой.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍3🔥1🥰1🤝1
Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдығына орай мұнай-газ саласының 40-тан аса қызметкері марапатталды

🏭Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдығына орай кәсіпорын тарихын мен оның одан әрі технологиялық дамуы жоспарларына арналған бірқатар салтанатты іс-шара өтті. Бүгін зауытқа ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов, ҚР Энергетика вице-министрі Құдайберген Арымбек, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарушы директоры Бақытжан Таубаев және сала ардагерлері барды.

🗣ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысының өндіріс алаңында «Атырау мұнай өңдеу зауытындағы алғашқы қондырғының падалануға берілгеніне 80 жыл» ескерткіш тақтасының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Осы қондырғыда ұзақ жыл еңбек еткен зауыт ардагері Абдулла Бикбаев тақтаның ашылуы мұнай өңдеушілердің барлық буынына көрсетілген құрмет деді. Оның айтуынша, бұл символ бензиннің бірінші тамшысынан бастап елдің барлық мұнай өңдеу өнеркәсібінің қазіргі жетістіктеріне дейінгі ерен еңбекті еске салады.

▫️Сондай-ақ қонақтарға Атырау мұнай өңдеу зауытының жаңартылған Еңбек Даңқы тарихы музейіне экскурсия ұйымдастырылды, оның қоры сирек кездесетін мұрағат құжаттармен толықтырылған. Бұдан бөлек қонақтар жаңа аллеяға барып, ағаш отырғызды.

▫️Абай орталығында зауыттың мерейтойы мен мұнай-газ кешені қызметкерлері күні аясында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Саланың 40-тан астам еңбек сіңірген қызметкері ҚР Энергетика министрлігінің, «Самұрық-Қазына» АҚ және «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның салалық және ведомстволық наградаларына ие болды.

Атырау мұнай өңдеу зауытының 80 жылдығына орай ардагерлермен кездесулер өтіп, «Даңқ жолы. Таспадағы тарих» атты деректі фильм және «Даңқ жолы. Суреттер сөйлейді» кітабы таныстырылды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍2🥰1👏1🎉1