ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.17K subscribers
10.3K photos
1.14K videos
8 files
4.51K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Асхат Хасенов Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысын тексерді

🏭«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары кезінде Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды.

Бұған дейін хабарланғандай, зауыт құрылысының жобасы процесті тиімді ұйымдастыру және жұмыстардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін 2 іске қосу кешеніне бөлінген.

🏗Бірінші іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары наурыз айында басталды. Қазіргі уақытта жалпы құрылыс жұмыстары толық көлемде аяқталды. Биыл қарашада жабдықты жеткізу және монтаждау жұмыстары жүргізіледі деп күтілуде. Екінші іске қосу кешені бойынша аумақты макрожоспарлау, топырақ төсеу, төселген топырақты тығыздау, шұңқырларды әзірлеу, сондай-ақ өрт сөндіру бекеті, зертхана, операторлық, әкімшілік-тұрмыстық кешен мен резервуарлар үшін іргетас құю жұмыстары жалғасуда.

⚙️Қазіргі уақытта негізгі технологиялық жабдықтың (сыйымдылықтар, резервуарлар, бағаналар, жылу алмастырғыштар, газ турбиналары, компрессорлар мен сорғылар) 100 позициясы жасалып жатыр. Қытайдағы зауыттарда ЕРС-мердігер мен Тапсырыс берушінің қатысуымен аралық инспекциялау және жұмыс кезеңдерін қабылдау жүргізілуде.

✔️Жұмылдырылған персоналдың жалпы саны шамамен 100 адамды және 10 арнайы техниканы құрайды. Құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес орындалуда.

📌Айта кетейік, Жаңаөзен қаласындағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Жоба жылына 900 млн текше метрге дейін табиғи және ілеспе газды өңдеу қуатына ие заманауи өндірістік кешен құруды қарастырады. Зауыт тауарлық құрғақ газ, сұйытылған көмірсутек газын, пентан-гексан фракциясын және тауарлық күкірт шығаратын болады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍9🔥4❤2⚡1👏1
Асхат Хасенов проверил ход строительства нового ГПЗ в Жанаозене

🏭Во время рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил строительную площадку нового газоперерабатывающего завода (ГПЗ) в Жанаозене.

Как ранее сообщалось, проект строительства завода разделен на 2 пусковых комплекса для эффективной организации процесса и обеспечения своевременного завершения работ.

🏗По Первому пусковому комплексу в марте стартовали строительно-монтажные работы. В настоящее время общестроительные работы завершены в полном объеме. В ноябре текущего года ожидается поставка оборудования и монтаж. По Второму пусковому комплексу продолжаются работы по макропланировке территории, срезке грунта, уплотнению насыпи, разработке котлованов, а также фундаментные работы под пожарный пост, лабораторию, операторную, административно-бытовой комплекс и резервуаров.

⚙️В настоящее время на стадии производства находятся 100 позиций основного технологического оборудования (емкости, резервуары, колонны, теплообменники, газовые турбины, компрессоры и насосы). Ведутся промежуточные инспекции и приемка этапов работ с участием ЕРС-подрядчика и заказчика на заводах в Китае.

✔️Общее количество задействованного персонала составляет порядка 100 человек и 10 единиц спецтехники. Строительные работы ведутся согласно графику.

📌Отметим, что строительство ГПЗ осуществляется по прямому поручению Главы государства. Проект предусматривает создание современного производственного комплекса с мощностью переработки природного и попутного газа до 900 миллионов кубических метров в год. Завод будет выпускать товарный сухой газ, сжиженный углеводородный газ, пентан-гексановую фракцию и товарную серу.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍10❤5🔥4⚡1🤝1
ҚМГ басшысы Маңғыстау облысындағы еншілес кәсіпорындарында өндіріс мәселелеріне қатысты жиындар өткізді

🗣«Қаражанбасмұнай» АҚ-да өткен жиында 2025 жылдың 8 айында компания 1 млн 410 мың тонна мұнай өндіргені жөнінде баяндалды. Биылғы жоспар – 2 млн 152 мың тонна. Қаражанбас мұнайының тұтқырлығы жоғары екені ескеріліп, экономикалық жағынан тиімді шешімдерді іздеу бойынша кешенді жұмыс атқарылуда.

Мәселен, бу мен суды кезектесіп айдау әдісі енгізіліп жатыр, бу генераторларының тиімділік коэффициентін арттыру іс-шаралары жүргізілуде.

🔎Қор көлемін ұлғайту жұмыстары аясында кен орнының жағалаудағы аймағында сейсмикалық барлау іс-шаралары жүргізілді. Бағалау ұңғымаларын бұрғылау жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.

🗣«Өзенмұнайгаз» АҚ басшылығы биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 3 млн 385 мың тонна болғанын баяндады. Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасы аясында жерасты және жерүсті жабдықтарын жаңартуға айрықша назар аударылып отыр.

⚙️Кен орнының цифрлық көшірмесін, атап айтқанда қабат қысымын сақтау жүйесін құру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Биыл қабат қысымын сақтау жүйесінің 40% астамы цифрландырылып, 2026 жылы жұмыстар толық аяқталады деп күтілуде.

💻Сонымен қатар ABAI интеллектуалды жүйесінің модульдерін (кен орнын игеру жүйесі), гидродинамикалық үлгілерді модельдеу жөніндегі шешімдерді, көлікпен қамтамасыз етуді басқару процесін автоматтандыру, өндірістік қауіпсіздіктің бейнеталдау құралдарын (TUMAR) енгізу, сондай-ақ кен орнын басқарудың интеграцияланған цифрлық ортасын құру жүзеге асырылуда.

✔️Кен орындарында жаңа әкімшілік-тұрмыстық және шаруашылық кешендер, техникалық үй-жайлар салынып, асханалар мен өндірістік объектілерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл шаралардың барлығы қызметкерлердің қауіпсіздігі мен еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥2❤1
Глава КМГ провел производственные совещания в дочерних предприятиях Мангистауской области

🗣В ходе совещания в АО «Каражанбасмунай» было доложено, что за 8 месяцев 2025 года компанией добыто 1 млн 410 тыс. тонн нефти. План на текущий год – 2 млн 152 тыс. тонн. С учетом высокой вязкости нефти проводится комплексная работа по поиску экономически эффективных решений.

Так, к примеру, внедряется чередующаяся закачка пара и воды, ведется работа по увеличению коэффициента полезного действия парогенераторов.

🔎 В рамках работ по приросту запасов в Прибрежной зоне месторождения проведены сейсморазведочные работы. Планируется проведение оценочного бурения.

🗣Руководство АО «Озенмунайгаз» (ОМГ) доложило, что добыча нефти за 8 месяцев текущего года составила 3 млн 385 тыс. тонн. В рамках реабилитации месторождений Узень и Карамандыбас основной фокус направлен на обновление подземного и наземного оборудования.

⚙️Продолжаются работы по созданию цифрового двойника месторождения, в частности системы поддержания пластового давления (ППД). В текущем году ожидается оцифровка более 40% системы ППД с последующим завершением работ в 2026 году.

💻Также осуществляется внедрение модулей интеллектуальной системы ABAI (система разработки месторождения), решений по моделированию гидродинамических моделей, автоматизации процесса управления транспортным обеспечением, инструментов видеоаналитики производственной безопасности (TUMAR), а также создание интегрированной цифровой среды управления месторождением.

✔️На месторождениях ведется строительство новых административно-бытовых и хозяйственных комплексов, технических помещений, проводится капитальный ремонт столовых и производственных объектов. Все эти меры призваны улучшить безопасность и условия труда работников.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🔥4❤2
ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі Оқушылар сарайының құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Жаңаөзенде салынып жатқан Bolashaq Sarayi құрылысымен танысты.

✔️Бүгінгі таңда негізгі құрылыс жұмыстары толық аяқталды. Атап айтқанда ғимараттың монолитті қаңқасы тұрғызылды, сыртқы қабырғалары мен арақабырғалары қаланды, қасбеттік жұмыстар атқарылды, терезелер мен әйнекті витраждар салынып, сыртқы инженерлік желілер тартылды.

🟦Қазіргі кезде ішкі әрлеу жұмыстары жүріп жатыр.

🟦Нысан құрылысын аяқтау және пайдалануға беру 2025 жылдың желтоқсан айына жоспарланған.

🟦Ауданы 3000 шаршы метрден асатын заманауи білім беру кешені бір уақытта 350 баланы қабылдай алады және жаңаөзендік жасөспірімдердің жан-жақты дамуына мүмкіндіктер беретін орталық болады.

📌ҚМГ басшысы салынып жатқан нысанның әлеуметтік маңызын атап өтіп, құрылыс кестесін қатаң сақтауды тапсырды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤3👍2
Глава КМГ поручил завершить строительство Дворца школьников в Жанаозене в срок

🗣Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхат Хасенов ознакомился с ходом строительства Bolashaq Sarayi в Жанаозене.

✔️На сегодняшний день основные строительные работы завершены: возведен монолитный каркас здания, построены наружные стены и перегородки, выполнены фасадные работы, установлены окна и витражи, смонтированы наружные инженерные сети.

🟦На сегодняшний день ведутся внутренние отделочные работы.

🟦Окончание строительства и ввод в эксплуатацию объекта запланированы на декабрь 2025 года.

🟦Современный образовательный комплекс площадью более 3 000 кв.м рассчитан на одновременное пребывание более 350 детей и станет центром всестороннего развития юных жанаозенцев.

📌Глава КМГ поручил строго соблюдать график строительства, подчеркнув социальную значимость данного объекта.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤4🔥2
⚡️Өткен аптаның басты оқиғалары — #KMGapta топтамасында

➡️ ҚазМұнайГаз және Honeywell технологиялық серіктестікті нығайтуда;

➡️ ҚазМұнайГаз және LanzaJet Қазақстанда SAF жобасын іске асырудың келесі кезеңіне көшеді;

➡️ ҚазМұнайГаз және Lummus Technology Атырауда цифрлық құзырет орталығын ашады;

➡️ ҚазМұнайГаз және ExxonMobil мұнай-газ секторына арналған инновациялық технологиялар саласында ынтымақтастық орнатуға келісті;

➡️ Асхат Хасенов Chevron басшылығымен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады;

➡️ ҚазМұнайГаз және Chevron екіжақты ынтымақтастықты тереңдетуде;

➡️ Өзенмұнайгазда көліктерге техникалық қызмет көрсететін жаңа ангар салынып жатыр;

➡️ ҚазМұнайГаз жаңаөзендік балаларға арналған заманауи білім беру кешенін салып жатыр: жобаның құрылысы аяқталуға жақын;

➡️ KMG Facts: ҚазМұнайГаз акцияларының бағасы IPO өткізілген сәттен бастап 2,5 еседен астам өсті;

➡️ Еңбек адамы: Көбейсін Келесбаев — «Caspi Bitum» БК ЖШС-нің 5-дәрежелі тауар операторы;

➡️ Қызылорда Оқушылар сарайында 500-ден аса бала үйірмелерге қатысады;

➡️ Caspi Bitum-да өндіріс қуатын тұрақты жүктеу шаралары талқыланды;

➡️ ҚазМұнайГаз бен Eni Жаңаөзенде күн электр стансасын іске қосты;

➡️ Асхат Хасенов Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысын тексерді;

➡️ ҚМГ басшысы Маңғыстау облысындағы еншілес кәсіпорындарында өндіріс мәселелеріне қатысты жиындар өткізді;

➡️ ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі Оқушылар сарайының құрылысын белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍2🔥2❤1
⚡️Ключевые события недели — в подборке #KMGapta

➡️ КазМунайГаз и Honeywell укрепляют технологическое партнерство;

➡️ КазМунайГаз и LanzaJet переходят на следующий этап реализации проекта SAF в Казахстане;

➡️ КазМунайГаз и Lummus Technology создадут цифровой центр компетенций в Атырау;

➡️ КазМунайГаз и ExxonMobil договорились о сотрудничестве в области инновационных технологий для нефтегазового сектора;

➡️ Глава КМГ обсудил с руководством Chevron планы по расширению взаимодействия;

➡️ КазМунайГаз и Chevron углубляют двустороннее сотрудничество;

➡️ Новый ангар для технического обслуживания транспорта строится на территории Озенмунайгаза;

➡️ КазМунайГаз строит современный образовательный комплекс для детей Жанаозена: проект на финальной стадии;

➡️ KMG Facts: С момента IPO цены на акции КазМунайГаза выросли более чем в 2,5 раза;

➡️ Человек труда: Кобейсин Келесбаев — товарный оператор 5-го разряда ТОО «СП «Caspi Bitum»;

➡️ Более 500 детей посещают кружки во Дворце школьников Кызылорды;

➡️ На Caspi Bitum обсудили меры по стабильной загрузке мощностей;

➡️ КазМунайГаз и Eni запустили солнечную электростанцию в Жанаозене;

➡️ Асхат Хасенов проверил ход строительства нового ГПЗ в Жанаозене;

➡️ Глава КМГ провел производственные совещания в дочерних предприятиях Мангистауской области;

➡️ Глава КМГ поручил завершить строительство Дворца школьников в Жанаозене в срок.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3❤1🔥1👏1
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы белгілі мұнайшы Мұрат Әбиұлы Досмұратовтың өмірден озуына байланысты отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.

Мұрат Әбиұлы ғибратты ғұмырын еліміздің мұнай-газ саласының дамуына арнаған біртуар тұлға.

Ол еңбек жолын «Петро Қазақстан Ойл Продакс» компаниясында технологиялық қондырғылардың операторы болып бастап, зертхана меңгерушісі, аға инженер, өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы, бас технолог қызметтерін абыроймен атқарды.

Мұрат Әбиұлы ұзақ жылдар бойы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының құрылымында, соның ішінде «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc», «KLPE», Атырау мұнай өңдеу зауытында және «ҚМГ Инжиниринг» компаниясында жауапты басшылық қызметтер атқарды.

Еліміздің мұнай өңдеу және мұнай химиясы саласындағы маңызды жобалардың табысты іске асырылуына елеулі үлес қосты. Майталман маманның адал еңбегі, өнегелі өмір жолы — өскелең ұрпақ үшін үлгі болып қала береді.

Мұрат Әбиұлының ардақты есімі мен жарқын бейнесі жүрегімізде мәңгі сақталады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ұжымы

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🙏12🕊10❤6
Mass Balance және Neuronet ЖИ-технологиялары «Маңғыстаумұнайгазда» сынақтан өткізілуде

🖲️«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясында жасанды интеллекті қолданылатын заманауи цифрлық шешімдердің тәжірибелік-өндірістік сынақтары басталды. Технологияны қазақстандық компания әзірледі.

➡️Mass Balance – мұнайдың материалдық балансын есептейтін «ақылды» көмекші. Ол өндірілген өнімді тауар паркінен бастап ұңғымаларға дейін дұрыс бөлуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін мұндай жұмыс бірнеше сағатқа созылатын әрі айына бір рет жүргізілетін. Жаңа технология арқылы нәтижелер күн сайын автоматты түрде шығады. Сондай-ақ, жүйе ауытқуларды онлайн-режимде анықтайды, бұл мұнайдың технологиялық есебіндегі айырмашылықтарды 5%-дан төмен деңгейге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

➡️Neuronet — жасанды интеллект негізіндегі виртуалды шығын өлшегіш.

Машиналық оқыту алгоритмдерінің көмегімен ол көрсеткіштерді кемінде 95% дәлдікпен болжай алады, сондай-ақ ауытқуларды бірден анықтайды. Бұл мамандарға мерзімді өлшеулер аралығында ұңғымалардың жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

Аталған технологияны енгізу ұңғымалардың дебитін өлшеу дәлдігін, сондай-ақ мұнайдың материалдық балансын есептеу сапасын арттырады.

Мұнай саласында жасанды интеллектіні қолдану болашақ цифрлық кен орындарын құруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4❤2👍2