ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.18K subscribers
10.3K photos
1.14K videos
8 files
4.51K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды

🏭2025 жылғы 1 қазанда Атырау мұнай өңдеу зауытында («АМӨЗ» ЖШС, ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды. Жыл сайынғы кешенді шара өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнама талаптарына және ҚР Энергетика министрлігі бекіткен кестеге сай жүргізіледі.

⚙️Жоспарлы алдын алу жұмыстары жабдықтардың сенімділігін, технологиялық процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және өндірістің жалпы тиімділігін арттыруға бағытталған.

✔️Атқарылатын жұмыстар аясында зауыт жабдықтарына міндетті техникалық куәландыру мен сараптамалар жүргізу көзделген. Атап айтқанда, 1174 қысыммен жұмыс істейтін ыдыс пен аппарат, 46 пеш және 1458 технологиялық құбыр желісіне тексеру жасалады. Бірқатар қондырғыда 316 тоннадан астам катализатор ауыстырылатын болады. Сонымен қатар, реакторларды жөндеу, колонналардың ішкі құрылғыларын жаңарту және басқа да аса күрделі технологиялық жұмыстар жүргізіледі.

📌Іс-шара кезінде еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінеді. Жалпы жөндеу жұмыстарына 1800-ден астам маман және 62 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.

🗣Жоспарлы алдын алу жұмыстары барысында мұнай өнімдерін жөнелту жинақталған қор есебінен Энергетика министрлігімен келісілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Бүгінде зауыттың резервуарлық паркінде жинақталған отын көлемі: автобензин — 37 мың тонна, дизель отыны — 30 мың тонна, авиаотын — 6,8 мың тонна. Зауытта жинақталған бұл қор жоспарлы алдын алу жұмыстары кезінде Қазақстанның батыс өңірлеріне мұнай өнімдерінің біркелкі әрі уақтылы жөнелтуін қамтамасыз етеді.

25 қазаннан бастап технологиялық қондырғыларды кезең-кезеңімен іске қосу жоспарланған.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥3👏1
На Атырауском НПЗ стартовали планово-предупредительные работы

🏭1 октября 2025 года на Атырауском нефтеперерабатывающем заводе (ТОО «АНПЗ», дочерняя компания КазМунайГаза) начались планово-предупредительные работы (ППР). Это ежегодная комплексная процедура, проводимая в соответствии с требованиями законодательства в области промышленной безопасности и утверждённым графиком Министерства энергетики РК.

⚙️ППР проводятся для обеспечения надежности оборудования, стабильности технологических процессов и повышения общей производственной эффективности.

✔️В рамках текущих работ предусмотрены технические освидетельствования и экспертизы оборудования: 1174 сосудов и аппаратов, 46 печей и 1458 единиц технологических трубопроводов. На ряде установок будет произведена замена более 316 тонн катализаторов. Кроме того, запланированы операции повышенной сложности: ремонт реакторов, обновление внутренних устройств колонн и другие технологические работы.

📌Особое внимание в ходе ППР будет уделяться охране труда, промышленной и пожарной безопасности. Всего в ремонтных работах примут участие более 1800 специалистов и 62 единицы специализированной техники.

🗣Отгрузка нефтепродуктов в период ППР будет осуществляться за счёт заранее сформированных резервов в соответствии с планом, согласованным с Минэнерго. На начало работ в резервуарном парке завода накоплены запасы: автобензин — 37 тыс. тонн, дизельное топливо — 30 тыс. тонн, авиатопливо — 6,8 тыс. тонн. Данные запасы на заводе обеспечат равномерную и своевременную отгрузку в западные регионы РК на момент всего времени ППР на АНПЗ.

С 25 октября запланирован поэтапный ввод в эксплуатацию технологических установок.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3🔥2⚡1
ҚМГ мен Abu Dhabi Ports Group стратегиялық серіктестікті талқылады

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Abu Dhabi Ports Group (ADP) теңіз кластерінің
бас директоры Аммар әл Шаибамен және араб компаниясының өңірлік атқарушы директоры Абдулазиз Зайд әл Шамсимен кездесу өткізді.

🗣Тараптар теңіз тасымалы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен өзекті мәселелерін және Қазақстанда сауда флотын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. Танкерлік және контейнерлік флотты дамытуға ерекше назар аударылды.

🚢 Бірлескен кәсіпорын — CIMS танкерлері 1,5 млн тоннадан астам мұнай тасымалдады.

⚓️ Сонымен қатар ашық теңіздерге арналған бірлескен танкерлер пулы жасақталды. Қазіргі кезде пул құрамында Афрамакс санатындағы 4 танкер бар. Бірлескен пулды 8 кемеге дейін кеңейту бойынша жұмыс жүргізілуде.

📌ADP компаниясының контейнерлік жүктерді ұйымдастыру мен тасымалдаудағы халықаралық мол тәжірибесін назарға ала отырып, Транскаспий халықаралық көлік маршрутын дамыту перспективалары ескеріліп, Каспий теңізінде сауда операцияларына арналған 2 контейнерлік кеме салу жөніндегі жоба іске асырыла бастады.

✔️Тараптар ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады. Бұл транскаспий теңіз тасымалын дамытуға және Қазақстанның транзиттік әрі көлік әлеуетін ашуға ықпал ететін болады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤3🔥2
КМГ и Abu Dhabi Ports Group обсудили стратегическое партнерство

В Астане состоялась встреча председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхата Хасенова с генеральным директором морского кластера Abu Dhabi Ports Group (ADP) Аммаром аль Шаиба и региональным исполнительным директором арабской компании Абдулазизом Зайд аль Шамси.

🗣Стороны обсудили текущее состояние и актуальные вопросы двустороннего сотрудничества в сфере морских перевозок нефти и перспективы расширения торгового флота в Казахстане. Отдельное внимание было уделено развитию танкерного и контейнерного флота.

🚢 Танкерами совместного предприятия — CIMS перевезено более 1,5 млн тонн нефти.

⚓️Кроме того, сформирован совместный пул танкеров для работы в открытых морях. В настоящее время в пул входят 4 танкера класса Афрамакс. Ведется работа по расширению совместного пула до 8 судов.

📌Принимая во внимание большой международный опыт ADP в организации и перевозке контейнерных грузов с учетом перспектив развития Транскаспийского международного транспортного маршрута, начата реализация Проекта по строительству 2 контейнерных судов для торговых операций на Каспии.

✔️Стороны подтвердили свое стремление к дальнейшему укреплению сотрудничества, что будет способствовать развитию транскаспийских морских перевозок и раскрытию транзитного и транспортного потенциала Казахстана.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍5❤2
Мұнай тасымалдау, цифрландыру және еңбек қауіпсіздігі: ҚМГ мен SOCAR екіжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастырды

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджафпен кездесті.

🗣Баку – Тбилиси – Джейхан бағыты бойынша көмірсутек тасымалдаудың қазіргі жай-күйі мен алдағы жоспарлары талқыланды. Транзит туралы келісімге қол қойылған уақыттан бастап бұл бағыт бойынша ҚМГ мен SOCAR-дың еншілес компаниялары («Қазақтеңізкөлікфлоты» және АСКО) паритет негізде Қазақстан мұнайының шамамен 3,4 млн тоннасын тасымалдағаны атап өтілді.

💻Тараптар ҚазМұнайГаз, SOCAR, Татнефть және Өзбекнефтегаз компаниялары жасасқан Цифрлық технологиялар және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы төртжақты меморандумдардың іске асу барысы туралы пікір алмасты. Атап айтқанда, ҚМГ Инжиниринг пен SOCAR мамандары өндірісте озық цифрлық шешімдерді енгізу бойынша өзара тәжірибе алмасуда.

✔️Сонымен қатар тараптар өндірістік қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бағытындағы ортақ іс-шаралар жоспарларын жүзеге асырып, техногендік сипаттағы ТЖ кезінде әрекет етумен байланысты оқу-жаттығулар өткізеді.

— ҚазМұнайГаз SOCAR-мен стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуды көздейді. Ол Қазақстанмен Әзербайжанның транзиттік әлеуетін дамытуға, сондай-ақ қазақстандық мұнайдың халықаралық нарыққа экспортын ұлғайтуға бағытталған. Қол қойылған келісімдер аясында біз цифрландыру және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы ортақ жұмысымызды жалғастырамыз. Сонымен қатар Әзербайжан әріптестерімен геологиялық барлау, төмен көміртекті дамыту, бірлескен инвестициялық жобаларды және Каспий теңізінің жағдайын жақсарту бағытындағы шараларды іске асыруда өзара іс-қимылды кеңейтуге мүдделіміз, — деді А.Хасенов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍3❤2
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Мұнай тасымалдау, цифрландыру және еңбек қауіпсіздігі: ҚМГ мен SOCAR екіжақты ынтымақтастық мәселелерін қарастырды Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджафпен…
Транспортировка, цифровизация и безопасность труда: КМГ и SOCAR рассмотрели вопросы двустороннего сотрудничества

В Астане состоялась встреча председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхата Хасенова с президентом государственной нефтяной компании Азербайджана (SOCAR) Ровшаном Наджафом.

🗣Обсуждены текущий статус и планы транспортировки углеводородов по маршруту Баку – Тбилиси – Джейхан. Отмечено, что с момента подписания соглашения о транзите по данному направлению дочерними компаниями КМГ и SOCAR («Казмортрансфлот» и АСКО) на паритетной основе перевезено порядка 3,4 млн тонн казахстанской нефти.

💻Стороны обменялись мнениями о ходе реализации четырехсторонних меморандумов между компаниями КазМунайГаз, SOCAR, Татнефть и Узбекнефтегаз в области цифровых технологий и промышленной безопасности. В частности, специалисты КМГ Инжиниринг и SOCAR регулярно обмениваются опытом по внедрению передовых цифровых решений на производстве.

✔️Стороны также реализуют планы совместных мероприятий по производственной безопасности и охраны труда, а также учения, связанные с реагированием на техногенные ЧС.

— КазМунайГаз привержен укреплению стратегического сотрудничества с SOCAR, направленного на развитие транзитного потенциала Казахстана и Азербайджана, а также увеличение экспорта казахстанской нефти на международные рынки. В русле подписанных соглашений мы продолжаем совместную работу в области цифровизации и промышленной безопасности. Мы также заинтересованы в расширении взаимодействия с азербайджанскими партнерами в геологоразведке, низкоуглеродном развитии, реализации совместных инвестиционных проектов и мер по улучшению состояния Каспийского моря, — отметил А.Хасенов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6👍5❤2
ҚМГ басшысы KAZENERGY форумында ұлттық компанияның стратегиялық бағытын таныстырды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада өтіп жатқан XVI KAZENERGY Еуразиялық форумының жұмысына қатысты.

🗣Стратегиялық сессия кезінде энергетика саласының болашағы жөнінде пікірталас өтті. Оған KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов, Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджаф, «Turkish Petroleum Corporation» (TPAO) түрік мемлекеттік компаниясының басшысы Ахмет Түркоғлу және «Өзбекнефтегаз» АҚ Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиков қатысты.

📌ҚМГ басшысы өз сөзінде компания жаһандық энергетикалық трансформация аясында әлемдік нарықтағы өзгерістерге бейімделіп, ұзақ мерзімді тұрақты стратегияны қалыптастырып жатқанын атап өтті.

— Компанияның басым бағыттарының бірі — құны жоғары өнімнің барлық тізбегін дамыту. ҚМГ еліміздің минералды-шикізат базасын тұрақты толықтыруға бағытталған стратегия аясында геологиялық барлауды белсенді дамытып келеді. Бүгінде компанияның портфелінде 13 барлау жобасы бар. Оларды ұлттық компания өзі және Eni, Лукойл, CNOOC, SINOPEC, Татнефть және басқа да халықаралық серіктестерді тарта отырып жүзеге асыруда. ҚМГ міндеті — қысқа мерзімді перспективада барлау активтерінің негізгі портфелі бойынша мұнай қорын 200 млн тоннаға дейін ұлғайту, — деді А.Хасенов.


🔎 Бұдан бөлек ұлттық компания республиканың аз зерттелген аумақтары шегінде жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізуде. Бұл бағытта 8 жаңа жоба жасақталды, оның аясында ҚМГ жаңа перспективті мұнай-газ учаскелерін анықтау үшін еліміздің түрлі өңірлерінде геологиялық жұмысты арттыруға инвестиция құятын болады. Жалпы қазіргі уақытта іске асырылып жатқан геологиялық барлау жобаларының әлеуеті шамамен 800 млн тонна мұнай эквивалентін құрайды.

◾️Мұнай мен газ өндіру — компанияның негізгі қызметі болып қала береді және ол елдің энергетикалық әрі экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. ҚМГ ескі кен орындарында өндіру көлемін сақтап тұру үшін тың технологияларды енгізуде. Мұнай көлемін арттырудың жаңа әдістерін қолдану жөніндегі бағдарлама әзірленді.

— Бүгінде біз мұнай-газ химиясы саласын да белсенді дамытып жатырмыз. Бұл бағыт қосылған құнды айтарлықтай ұлғайтуға және экспортты әртараптандыруға мүмкіндік беретін жаңа өсу нүктесіне айналды, — деді А.Хасенов.


↗️ҚазМұнайГаз Қазақстанның шикізаттық емес экспортының дамуына әсер ететін полимер, карбамид өндіретін ірі мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды жүзеге асырып жатқаны белгілі.

📌Сессия барысында А.Хасенов мұнай мен газдың жаһандық энергетикалық баланста жетекші рөлі ұзақ уақыт бойы сақталып қала беретінін атап айтты.

— ҚМГ жоғары бәсекелестік жағдайында вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы ретінде дамуын жалғастырады. Ұлттық компания өндірістік процестерді жақсарту, жасанды интеллект пен озық технологиялар негізінде цифрлық шешімдерді енгізу арқылы операциялық тиімділікті арттыруға баса назар аударып отыр, — деп қорытындылады ҚМГ басшысы.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥3❤2