ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.18K subscribers
10.3K photos
1.14K videos
8 files
4.51K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚМГ басшысы KAZENERGY форумында ұлттық компанияның стратегиялық бағытын таныстырды

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Астанада өтіп жатқан XVI KAZENERGY Еуразиялық форумының жұмысына қатысты.

🗣Стратегиялық сессия кезінде энергетика саласының болашағы жөнінде пікірталас өтті. Оған KAZENERGY қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов, Әзербайжан мемлекеттік мұнай компаниясының (SOCAR) президенті Ровшан Наджаф, «Turkish Petroleum Corporation» (TPAO) түрік мемлекеттік компаниясының басшысы Ахмет Түркоғлу және «Өзбекнефтегаз» АҚ Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиков қатысты.

📌ҚМГ басшысы өз сөзінде компания жаһандық энергетикалық трансформация аясында әлемдік нарықтағы өзгерістерге бейімделіп, ұзақ мерзімді тұрақты стратегияны қалыптастырып жатқанын атап өтті.

— Компанияның басым бағыттарының бірі — құны жоғары өнімнің барлық тізбегін дамыту. ҚМГ еліміздің минералды-шикізат базасын тұрақты толықтыруға бағытталған стратегия аясында геологиялық барлауды белсенді дамытып келеді. Бүгінде компанияның портфелінде 13 барлау жобасы бар. Оларды ұлттық компания өзі және Eni, Лукойл, CNOOC, SINOPEC, Татнефть және басқа да халықаралық серіктестерді тарта отырып жүзеге асыруда. ҚМГ міндеті — қысқа мерзімді перспективада барлау активтерінің негізгі портфелі бойынша мұнай қорын 200 млн тоннаға дейін ұлғайту, — деді А.Хасенов.


🔎 Бұдан бөлек ұлттық компания республиканың аз зерттелген аумақтары шегінде жер қойнауын геологиялық зерттеуді жүргізуде. Бұл бағытта 8 жаңа жоба жасақталды, оның аясында ҚМГ жаңа перспективті мұнай-газ учаскелерін анықтау үшін еліміздің түрлі өңірлерінде геологиялық жұмысты арттыруға инвестиция құятын болады. Жалпы қазіргі уақытта іске асырылып жатқан геологиялық барлау жобаларының әлеуеті шамамен 800 млн тонна мұнай эквивалентін құрайды.

◾️Мұнай мен газ өндіру — компанияның негізгі қызметі болып қала береді және ол елдің энергетикалық әрі экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. ҚМГ ескі кен орындарында өндіру көлемін сақтап тұру үшін тың технологияларды енгізуде. Мұнай көлемін арттырудың жаңа әдістерін қолдану жөніндегі бағдарлама әзірленді.

— Бүгінде біз мұнай-газ химиясы саласын да белсенді дамытып жатырмыз. Бұл бағыт қосылған құнды айтарлықтай ұлғайтуға және экспортты әртараптандыруға мүмкіндік беретін жаңа өсу нүктесіне айналды, — деді А.Хасенов.


↗️ҚазМұнайГаз Қазақстанның шикізаттық емес экспортының дамуына әсер ететін полимер, карбамид өндіретін ірі мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды жүзеге асырып жатқаны белгілі.

📌Сессия барысында А.Хасенов мұнай мен газдың жаһандық энергетикалық баланста жетекші рөлі ұзақ уақыт бойы сақталып қала беретінін атап айтты.

— ҚМГ жоғары бәсекелестік жағдайында вертикалды интеграцияланған жетекші мұнай-газ компаниясы ретінде дамуын жалғастырады. Ұлттық компания өндірістік процестерді жақсарту, жасанды интеллект пен озық технологиялар негізінде цифрлық шешімдерді енгізу арқылы операциялық тиімділікті арттыруға баса назар аударып отыр, — деп қорытындылады ҚМГ басшысы.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥3❤2
Глава КМГ представил стратегическое видение нацкомпании на форуме KAZENERGY

Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов принял участие в работе XVI Евразийского форума KAZENERGY в Астане.

🗣В ходе стратегической сессии состоялась дискуссия о будущем энергетической отрасли, в которой приняли участие председатель Ассоциации KAZENERGY Болат Акчулаков, президент Государственной нефтяной компании Азербайджана SOCAR Ровшан Наджаф, глава турецкой государственной компании «Turkish Petroleum Corporation» (TPAO) Ахмет Тюркоглу и председатель Правления АО «Узбекнефтегаз» Баходиржон Сидиков.

📌В своем выступлении глава КМГ отметил, что в контексте глобальной энергетической трансформации компания адаптируется к изменениям на мировом рынке и формирует долгосрочную устойчивую стратегию.

— Для нас одним из приоритетов является всестороннее развитие по всей цепочке создания стоимости. КМГ активно развивает геологоразведку в рамках стратегии, направленной на устойчивое пополнение минерально-сырьевой базы страны. На сегодня в портфеле компании 13 разведочных проектов, которые реализуются как самостоятельно, так и в сотрудничестве с международными партнерами — Eni, Лукойл, CNOOC, SINOPEC, Татнефть и др. Задача КМГ — осуществить прирост запасов по основным геологоразведочным активам до 200 млн тонн нефти в краткосрочной перспективе, — подчеркнул А.Хасенов.


🔎 Кроме того, нацкомпания ведет геологическое изучение недр в пределах слабо и малоизученных территорий республики. Сформировано 8 новых проектов, в рамках которых КазМунайГаз инвестирует в повышение геологической изученности различных регионов страны с целью обнаружения новых перспективных нефтегазовых участков. В целом, потенциал реализуемых в настоящее время геологоразведочных проектов составляет порядка 800 млн тонн нефтяного эквивалента.

◾️Добыча нефти и газа остается основным видом деятельности компании и обеспечивает энергетическую и экономическую безопасность страны. КМГ внедряет новые технологии для поддержания добычи на зрелых месторождениях. Разработана Программа по применению новых методов повышения нефтеотдачи.

— В то же время мы активно развиваем нефтегазохимию. Это новая точка роста, которая позволяет значительно увеличить добавленную стоимость и диверсифицировать экспорт, — отметил А.Хасенов.


↗️Как известно, КазМунайГаз реализует крупные нефтегазохимические проекты по производству полимеров, карбамида, которые будут способствовать росту несырьевого экспорта Казахстана.

📌В ходе дискуссии А.Хасенов также подчеркнул, что в долгосрочной перспективе нефть и газ сохранят свою ключевую роль в глобальном энергетическом балансе.

— КМГ в условиях высокой конкуренции продолжит развиваться в качестве вертикально-интегрированной нефтегазовой компании. КМГ сосредоточена на повышении операционной эффективности через улучшение производственных процессов, внедрение цифровых решений на основе искусственного интеллекта и передовых технологий, — заключил глава КМГ.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍3⚡1🔥1💯1
ҚМГ мен Turkish Petroleum Corporation ынтымақтастық перспективаларын талқылады

Астанада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Түркияның «Turkish Petroleum Corporation» мемлекеттік компаниясының (TPAO) басшысы Ахмет Түркоғлумен кездесу өткізді.

🗣Тараптар геологиялық барлау, мұнай-газ өндіру, сондай-ақ инвестиция тарту саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Бұдан бұрын ТРАО мамандарына ҚМГ-ның перспективті геологиялық барлау жобалары бойынша таныстыру сессиялары өткізілген болатын.

🔎 Сонымен қатар бірлескен жұмыс топтары аясында Қазақстандағы жер қойнауы учаскелерінің геологиялық мүмкіндіктеріне талдау жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта тараптар бірлесіп әрекет ету бойынша алдағы іс-шараларды пысықтауда.

— ҚазМұнайГаз Turkish Petroleum Corporation компаниясымен көмірсутектерді геологиялық барлау мен өндіру саласында ғана емес, тәжірибе алмасу, озық технологияларды енгізу және экологиялық тұрақты шешімдерді ілгерілету бағытында өзара тиімді серіктестіктің перспективаларын жоғары бағалайды. Түрік әріптестерімен байланысты дамыту энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға, халықаралық кооперацияны кеңейтуге және екі елдің экономикасына серпін беретін тың мүмкіндіктерді анықтауға ықпал ететініне сенімдімін, — деп атап өтті А.Хасенов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2🔥1🤝1