ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.18K subscribers
10.3K photos
1.14K videos
8 files
4.51K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚМГ өрттен зардап шеккен орманды қалпына келтіруде: 150 000 қарағай көшеті отырғызылды

🌿«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен Қостанай облысы Әулиекөл ауданында орманды қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.

📍Өрттен зардап шеккен Семиозерный орман шаруашылығының Новонежин орманшылығы учаскелерінде 150 000 қарағай көшеті отырғызылды. Көшеттер егілген аумақтың жалпы ауданы 22 гектарды құрады.

✔️ҚазМұнайГаздың бастамасы өңірдің орман экожүйелерін қалпына келтіруге және биоәртүрлілікті арттыруға бағытталған. Бүгінгі таңда көшет отырғызу жұмыстары толық аяқталды.

🌳Жасыл желек егу жұмыстарын Қостанай облысы әкімдігінің Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалану басқармасы және жергілікті орман шаруашылықтарымен бірлесе отырып және ҚМГ өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырылды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤33🕊2🔥1
КМГ восстанавливает пострадавшие от пожаров леса: высажено 150 000 сеянцев сосны

🌿В рамках реализации общенациональной экологической акции «Таза Қазақстан», при поддержке АО НК «КазМунайГаз», проведены лесовосстановительные работы в Аулиекольском районе Костанайской области.

📍На участках Новонеженского лесничества Семиозерного учреждения лесного хозяйства, пострадавших от пожаров, высажено 150 000 сеянцев сосны. Общая площадь насаждений составила 22 гектара.

✔️Инициатива КазМунайГаза направлена на восстановление лесных экосистем региона и повышение биоразнообразия. На сегодняшний день посадка сеянцев полностью завершена.

🌳Работы осуществлялись совместно с местными лесными хозяйствами под руководством Управления природных ресурсов и природопользования акимата Костанайской области с участием представителей КМГ.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍106🔥2👏1
Шымкент мұнай өңдеу зауыты 40 жылдық мерейтойын атап өтті

🏭«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС-нің (ПҚОП — ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны) пайдалануға берілгеніне 40 жыл толды. Зауыттың мерейтойына орай оның тарихы мен алдағы даму жоспарларына арналған бірқатар салтанатты іс-шара өткізілді.

🗣Бүгін Шымкент мұнай өңдеу зауытында қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, ҚР Энергетика вице-министрі Бақытжан Ілияс, «KAZENERGY» қауымдастығының төрағасы Болат Ақшолақов, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры Бахытжан Таубаев, ҚМГ Басқарма төрағасының орынбасары Әсет Мағауов, Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының (CNPC) өкілдері, сондай-ақ сала ардагерлері болды.

💻Делегация кәсіпорынның негізгі нысандарын аралады. Сонымен қатар жасанды интеллект негізінде әзірленген сараптамалық талдау және қауіпсіздік техникасы саласындағы цифрландырудың пилоттық жобаларының нәтижелері таныстырылды.

🟦Зауыт ішіндегі орталық аллеяда «ЛК-6У – зауыттың жүрегі» атты мемориалдық тас салтанатты түрде ашылды. ПҚОП ардагерлері бұл ескерткіш Шымкент мұнай өңдеу зауытының тарихы мен дамуына зор үлес қосқан қызметкерлерге көрсетілген құрмет екенін атап өтті.

🟦Зауыт еңбеккерлері өздері ұсынған монумент идеясын Қазақстан суретшілер одағының мүшелері, мүсіншілер Болат Құсайынов пен Ерболат Құсайын көркем шеберлікпен жасап шықты. Мұнай тамшысы түрінде жасалған, биіктігі екі метр композиция өнеркәсіп жүрегі болып саналатын, аты аңызға айналған – ЛК-6У қондырғысын бейнелейді. Бұл зауыттың іске қосылғанын айшықтайтын қондырғы.

🟦Сонымен қатар қонақтарға кәсіпорынның 40 жылдығына орай құрылған алғашқы мамандандырылған тарихи мұражайға экскурсия ұйымдастырылды. Бұл жерде 1972 жылы құрылысы басталғаннан бүгінгі күнге дейінгі кезеңдерді қамтыған архив материалдары мен фотосуреттері бар бірегей экспозиция қойылған, ал интерактивті тақта зауытқа виртуалды саяхаттауға мүмкіндік береді.

⚽️ Шымкент мұнай өңдеу зауыты ұзақ жылдар бойы әлеуметтік жобаларды жүзеге асырып келе жатқаны белгілі. Бүгін зауыттың 40 жылдығына орай Бадам-1 тұрғын алабында жабық спорт кешені ашылды. ПҚОП-тың қолдауымен салынған кешен бір уақытта 100 баланы қабылдай алады. Жаңа нысан қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға қосқан компанияның елеулі үлесі болды. Мұнда дене шынықтыру сабақтарын және шағын футбол жарыстарын өткізуге жан-жақты жағдай жасалған. Жоба салауатты өмір салтын насихаттауға, сондай-ақ барлық жастағы адамдарға спортпен шұғылдануға мүмкіндік береді.

Мерейтойға арнайы шығарылған 320 беттік «Еңбек. Жетістік. Болашақ» кітабы таныстырылып, деректі фильм көрсетілді. Бұл туындылар ірі зауыттың 40 жылдық тарихына арналған.

🎖️ПҚОП мерейтойына орай кәсіпорынның 150-ден астам ардагері мен қызметкері мемлекеттік және салалық наградалармен марапатталды.

📌Қырық жылда Шымкент мұнай өңдеу зауыты 180 млн тоннадан астам мұнай өңдеді. Бүгінгі таңда кәсіпорын өндірістік тиімділіктің жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізді, атап айтқанда өңдеу тереңдігі 88% дейін ұлғайды, ал жеңіл мұнай өнімдерін өндіру көлемі 82% құрап отыр.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3❤22👍1