ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.19K subscribers
10.3K photos
1.14K videos
8 files
4.5K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Астанада ҚазМұнайГаздың саябағы ашылды
 
🌿«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық бастамасына қарқынды түрде қатысуда.

🌳Бүгін Астанада «ҚазМұнайГаз саябағы» ресми ашылып, 1300-ден астам ағаш отырғызылды. Жалпы ауданы 6 гектарды құрайтын саябақта алдағы уақытта кешенді абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Саябақ елорданың Нұра ауданында, Тұран көшесінің бойында «Ғарыш сапары» кешенінің маңында орналасқан. Әкімдік аумақты қала кеңістігінің сапасын арттыру және экологиялық жағдайын жақсарту шаралары аясында абаттандыру және көгалдандыру аймағы ретінде алдын ала анықтаған болатын.

— ҚазМұнайГаз саябағының ашылуы — ұлттық компанияның кең көлемде жүргізіп отырған экологиялық жұмысының бір бөлігі. ҚМГ «Таза Қазақстан» республикалық акциясына белсенді қатысуда: соңғы жылдары еліміз бойынша 300 мыңнан астам ағаш егілді. Сондай-ақ ҚазМұнайГаз Қостанай облысының Әулиекөл ауданында өрттен зардап шеккен орманды қалпына келтіру бойынша ауқымды жұмыстар жүргізді. 22 гектар аумаққа 150 мың қарағай көшеті отырғызылды, — деп атап өтті ҚМГ басшысы Асхат Хасенов.


Жалпы, биыл ҚМГ-ның кәсіпорындары орналасқан аймақтарда 109 мыңға жуық ағаш отырғызу жоспарланған. Бүгінгі күні олардың 40 мыңнан астамы егілді. Қалалар мен елді мекендерде жаңа жасыл аймақтар құруға, сондай-ақ еншілес кәсіпорындардың өндірістік нысандары мен кен орындарының аумағын көгалдандыруға ерекше назар аударылуда.

📌2025 жылдың басынан бері «ҚазМұнайГаз» компаниялар тобы экологиялық бағдарламаны сәтті іске асыруда: 8,9 мыңнан астам адамның қатысуымен 270 сенбілік өткізіліп, 5,7 мыңнан астам қап қоқыс жиналды. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты негізде жалғасатын болады.

✔️2025 жылғы 18 қазанда ҚМГ-ның барлық еншілес және тәуелді ұйымдары өздері орналасқан өңірлерде ағаш отырғызып, сенбілікке шықты.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤43👍1
В Астане открылся парк КазМунайГаза
 
🌿АО НК «КазМунайГаз» принимает активное участие в общенациональной экологической инициативе Президента «Таза Қазақстан».

🌳Сегодня в Астане состоялось официальное открытие парка «ҚазМұнайГаз саябағы», где было высажено более 1300 деревьев. В дальнейшем предусмотрено комплексное благоустройство и озеленение территории парка общей площадью 6 га. Он расположен в Нуринском районе столицы, вблизи комплекса «Ғарыш сапары» по улице Туран. Участок был заранее определён акиматом как зона благоустройства и озеленения в рамках мероприятий по улучшению экологической обстановки и повышению качества городской среды.

— Открытие парка КазМунайГаза — часть масштабной экологической работы национальной компании. Как известно, КМГ активно участвует в республиканской акции «Таза Қазақстан»: за последние годы по всей стране высажено более 300 тысяч деревьев. Также КазМунайГазом проведены масштабные лесовосстановительные работы в Аулиекольском районе Костанайской области, пострадавшем от пожаров. На территории площадью 22 гектара было высажено 150 тысяч сеянцев сосны, — отметил глава КМГ Асхат Хасенов.


В целом, в этом году запланирована посадка 109 тысяч деревьев в регионах присутствия КМГ, из которых на сегодняшний день высажено порядка 40 тысяч. Особое внимание уделяется созданию новых зелёных зон в городах и посёлках, а также озеленению территорий месторождений и производственных объектов дочерних предприятий.

📌С начала 2025 года группа компаний «КазМунайГаз» успешно реализует экологическую программу: проведено 270 субботников с участием более 8,9 тысяч человек, в ходе которых собрано свыше 5,7 тысяч мешков отходов. Работа в этом направлении будет продолжена на регулярной основе.

✔️18 октября 2025 года все дочерние и зависимые организации КМГ приняли участие в субботниках, высадив деревья в регионах своего присутствия.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤8👍6🔥33