ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.46K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
«Кендірлі» теңіз суын тұщыту зауыты өндірістік қуатына шықты

🏭Бүгінде кәсіпорын тәулігіне 50 000 текше метрге дейін суды тұщытуға қауқарлы. Биыл 27 қазанда нысанды пайдалануға беру актісіне қол қойылды. Құрылыс, монтаждау және іске қосу-реттеу жұмыстары 100% аяқталды, зауыт толық жобалық қуатымен жұмыс істей алады.

Еске салсақ, Кендірліден тұщытылған теңіз суының алғашқы көлемі осы жылдың тамыз айында Жаңаөзен қаласының су тарату желісіне берілген болатын.

🔵Кәсіпорын Жаңаөзеннің орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесіне су беруге дайын тұр. Қазіргі кезде қалаға «тіршілік көзі» екі жерден — «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су құбыры және Түйесу мен Сауысқан жерасты көздерінен жеткізілуде. Бұл су беру көздері күз және қыс мезгіліндегі қажеттіліктерді қамтамасыз етіп отыр.

✔️Кендірлі зауытын жыл соңына дейін Маңғыстау облысы әкімдігінің коммуналдық меншігіне өтеусіз беру жоспарлануда. Нысанды әкімдік меншігіне беру іс-шаралары аясында инженерлік-техникалық мамандар оқытылды және жаңа зауыттың пайдалану қызметі жасақталды.

✔️Теңіз суын тұщыту зауыты — Қазақстанда осы бағыттағы ірі нысандардың бірі. Ол жалпы жобалық қуаты тәулігіне 50 000 текше метр болатын кері осмос қондырғысы бар (тәулігіне 12 500 текше метрді құрайтын 4 бірлік) суды тұщыту цехы, сондай-ақ су дайындау, тұзсыздандыру және минералдандыру цехынан тұратын инженерлік шешімдер кешені болып саналады.

🎺 Жалпы магистралды су құбырының ұзындығы 201,4 км (100,7 км-ден тұратын 2 желі) құрайды. Сонымен қатар электр беру желілері, талшықты-оптикалық байланыс желісі, газ құбыры және автожол салынды.

⚙️ Әкімшілік-тұрмыстық кешен, жатақхана, жөндеу цехы, өрт сөндіру депосы, қоймалар бой көтерді. Зауытта Еуропа, АҚШ және Қытайдың жетекші өндіруші зауыттарынан шыққан заманауи технологиялық жабдықтар орнатылған.

✔️Құрылыс жұмыстарына 650-ден астам адам жұмылдырылды, 91 тұрақты жұмыс орны ашылды. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы аталған жобаны қазақстандық өндірушілер мен мамандарын барынша тарта отырып, қысқа мерзім ішінде аяқтады.

📌Айта кетсек, ірі әлеуметтік жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылды және оның стратегиялық маңызы зор. Зауыт Жаңаөзен мен оған іргелес жатқан елді мекендер тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етеді. Сондай-ақ «Астрахань-Маңғышлақ» магистралды су құбырына жүктемені азайтып, өңірдегі өнеркәсіп әлеуетін дамытуға ықпал етеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
4👍2❤1⚡1🔥1
Опреснительный завод морской воды Кендерли вышел на производственную мощность

🏭Сегодня предприятие способно производить до 50 000 кубометров воды в сутки. 27 октября текущего года подписан акт ввода в эксплуатацию. Строительство, монтаж и пуско-наладочные работы выполнены на 100% и завод может успешно функционировать на свою полную проектную мощность.

Напомним, что первый объем опресненной воды из Кендерли был подан на водораспределительный узел города Жанаозен в августе текущего года.

🔵В настоящее время предприятие находится в состоянии постоянной готовности для подачи воды в централизованную систему водоснабжения Жанаозена. Отметим, что на сегодняшний день водоснабжение города обеспечивается из 2-х источников: магистрального водовода «Астрахань-Мангышлак» и подземных источников Туйесу и Сауыскан, которые покрывают потребности в осенне-зимнее время.

✔️До конца 2025 года планируется безвозмездная передача предприятия в коммунальную собственность акимата Мангистауской области. В рамках мероприятий по передаче объекта проведено обучение инженерно-технического персонала и сформирована эксплуатационная служба нового завода.

✔️Опреснительный завод морской воды является крупнейшим подобным объектом в Казахстане и представляет собой комплекс инженерных решений, включающий в себя цех опреснения с установкой обратного осмоса с общей проектной мощностью 50 000 м³/сутки (4 единицы по 12 500 м³/сутки), а также цеха водоподготовки, обессоливания и минерализации.

🎺 В целом, протяженность магистрального водопровода составляет 201,4 км (2 нитки по 100,7 км), также проведены линии электропередач, волоконно-оптическая линия связи, газопровод и автодорога.

⚙️ Кроме того, возведены административно-бытовой комплекс, общежитие, ремонтный цех, пожарное депо, складские помещения. На заводе установлено современное технологическое оборудование ведущих заводов-производителей из Европы, Америки и Китая.

✔️За период строительства было задействовано более 650 человек, создано 91 постоянное рабочее место. Проект реализован национальной компанией «КазМунайГаз» в сжатые сроки с максимальным привлечением казахстанских производителей и специалистов.

📌Отметим, что крупнейший социальный проект реализован по поручению Главы государства и имеет стратегическую значимость. Завод обеспечит питьевой водой жителей Жанаозена и прилегающих населенных пунктов. Также объект снизит нагрузку на магистральный водовод «Астрахань-Мангышлак» и будет способствовать развитию промышленного потенциала региона.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍85❤3🔥2👏1
ҚазМұнайГаз бен Өзбекнефтегаз серіктестікті кеңейту жоспарларын қарастырды

Ташкент қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиковпен кездесті.

🗣Тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Қазіргі уақытта ҚМГ және ӨНГ жұмыс тобы Қазақстандағы перспективті барлау учаскелері бойынша геологиялық-техникалық деректерді зерделеп жатыр.

✔️Кездесуде мұнай-газ химиясының әлеуеті, атап айтқанда желілік алкилбензол (ЖАБ) өндірісін құру мүмкіндігі қарастырылды.

💻Сонымен қатар ҚазМұнайГаз, Өзбекнефтегаз, SOCAR және Татнефть компаниялары арасында жасалған төртжақты меморандумды орындау аясындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы бірлескен іс-шаралар мен тәжірибе алмасу жөнінде сөз болды.

— ҚазМұнайГаз Өзбекнефтегаз компаниясымен өзара тиімді барлық бағыт бойынша серіктестікті кеңейтуге ерекше мән береді. Өзбек әріптестермен ортақ жобаларды іске асыру өңірдің энергетика саласының дамуына, мұнай-газ кешенінде озық технологияларды енгізуге және екі елдің ұлттық экономикасын нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, — деп атап өтті А.Хасенов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1🔥1🤝1
КазМунайГаз и Узбекнефтегаз рассмотрели планы расширения партнерства

В г.Ташкент состоялась встреча председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхата Хасенова с председателем Правления АО «Узбекнефтегаз» (УНГ) Баходиржоном Сидиковым.

🗣Обсуждены планы сотрудничества в геологоразведке. В настоящее время рабочая группа КМГ и УНГ изучает геолого-технические данные по перспективным разведочным участкам в Казахстане.

✔️На встрече рассмотрен потенциал в нефтегазохимии, в частности, по возможности создания производства линейного алкилбензола (ЛАБ).

💻Также речь шла о совместных мероприятиях и обмене опытом в области промышленной безопасности, цифровизации и искусственного интеллекта в рамках исполнения четырехстороннего меморандума между компаниями КазМунайГаз, Узбекнефтегаз, SOCAR и Татнефть.

— КазМунайГаз придаёт особое значение расширению партнёрства с Узбекнефтегазом по всем взаимовыгодным направлениям. Убежден, что реализация совместных проектов с узбекскими коллегами будет способствовать энергетическому развитию региона, внедрению передовых технологий в нефтегазовом комплексе и укреплению национальных экономик двух стран, — подчеркнул А.Хасенов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4🔥1🤝1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍86🔥3🥰1🎉1
Ұңғыма басындағы өмір — адал еңбектің бейнесі

🗣2023 жылдан бері қарашаның үшінші сенбісі — Бұрғышылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтуде. ҚазМұнайГаз-дың бұрғышылары мұнай-газ саласының дамуына ерекше үлес қосуда. Солардың бірі «Oil Service Сompany» ЖШС-ның 6-дәрежелі бұрғышысы Асылбек Ісенбай.

⬇️ 20 жылға жуық бұрғышы болып еңбек етіп келе жатқан Асылбек Ақылбекұлына 2019 жылы ең жоғарғы 6-дәрежелі біліктілігі берілді. Ол жыл сайын шамамен 12 ұңғыма қазуға атсалысады, ал бір ұңғыманы қазу жұмысы 25–30 күнге созылады.

— Бұрғышының жұмысы қиын әрі күрделі. Құбырларды орнату және көтеру, балғамен соғу, химиялық ерітінділерді дайындау — бәрі білектің күшін қажет етеді. Бұған қоса білім мен үнемі ізденіс керек. Бұл жерде нақты есеппен жүріп, дұрыс шешімдер қабылдау маңызды. Әрине, нәтижеге жету үшін геологтардың нұсқауымен жүреміз, — дейді ол.


🗣Оның айтуынша, бұрғылау ашық далада, күндіз-түні жүргізілетіндіктен, бригада мүшелері бір-біріне туыс адамдар сияқты болып кетеді.

— Бригадамызда 30 адам еңбек етеді. Мен жылдың жартысын осы ұжымдағы адамдармен бірге өткіземін. Ауа райына немесе басқа да жағдайларға байланысты күтпеген оқиғалар болып қалады. Сол кезде бригаданың бір-бірін қолдауы, түсінуі және олардың кәсібилігі аса маңызды, — деп толықтырды А.Ісенбай.


✅Асылбек бұрғылау саласының әрбір тетігін жақсы білетін тәжірибелі мамандардың бірі ғана емес, 5 бала тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍3👏3❤1