ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.46K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Опреснительный завод морской воды Кендерли вышел на производственную мощность

🏭Сегодня предприятие способно производить до 50 000 кубометров воды в сутки. 27 октября текущего года подписан акт ввода в эксплуатацию. Строительство, монтаж и пуско-наладочные работы выполнены на 100% и завод может успешно функционировать на свою полную проектную мощность.

Напомним, что первый объем опресненной воды из Кендерли был подан на водораспределительный узел города Жанаозен в августе текущего года.

🔵В настоящее время предприятие находится в состоянии постоянной готовности для подачи воды в централизованную систему водоснабжения Жанаозена. Отметим, что на сегодняшний день водоснабжение города обеспечивается из 2-х источников: магистрального водовода «Астрахань-Мангышлак» и подземных источников Туйесу и Сауыскан, которые покрывают потребности в осенне-зимнее время.

✔️До конца 2025 года планируется безвозмездная передача предприятия в коммунальную собственность акимата Мангистауской области. В рамках мероприятий по передаче объекта проведено обучение инженерно-технического персонала и сформирована эксплуатационная служба нового завода.

✔️Опреснительный завод морской воды является крупнейшим подобным объектом в Казахстане и представляет собой комплекс инженерных решений, включающий в себя цех опреснения с установкой обратного осмоса с общей проектной мощностью 50 000 м³/сутки (4 единицы по 12 500 м³/сутки), а также цеха водоподготовки, обессоливания и минерализации.

🎺 В целом, протяженность магистрального водопровода составляет 201,4 км (2 нитки по 100,7 км), также проведены линии электропередач, волоконно-оптическая линия связи, газопровод и автодорога.

⚙️ Кроме того, возведены административно-бытовой комплекс, общежитие, ремонтный цех, пожарное депо, складские помещения. На заводе установлено современное технологическое оборудование ведущих заводов-производителей из Европы, Америки и Китая.

✔️За период строительства было задействовано более 650 человек, создано 91 постоянное рабочее место. Проект реализован национальной компанией «КазМунайГаз» в сжатые сроки с максимальным привлечением казахстанских производителей и специалистов.

📌Отметим, что крупнейший социальный проект реализован по поручению Главы государства и имеет стратегическую значимость. Завод обеспечит питьевой водой жителей Жанаозена и прилегающих населенных пунктов. Также объект снизит нагрузку на магистральный водовод «Астрахань-Мангышлак» и будет способствовать развитию промышленного потенциала региона.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍85❤3🔥2👏1
ҚазМұнайГаз бен Өзбекнефтегаз серіктестікті кеңейту жоспарларын қарастырды

Ташкент қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Өзбекнефтегаз» АҚ (ӨНГ) Басқарма төрағасы Баходиржон Сидиковпен кездесті.

🗣Тараптар геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастық жоспарларын талқылады. Қазіргі уақытта ҚМГ және ӨНГ жұмыс тобы Қазақстандағы перспективті барлау учаскелері бойынша геологиялық-техникалық деректерді зерделеп жатыр.

✔️Кездесуде мұнай-газ химиясының әлеуеті, атап айтқанда желілік алкилбензол (ЖАБ) өндірісін құру мүмкіндігі қарастырылды.

💻Сонымен қатар ҚазМұнайГаз, Өзбекнефтегаз, SOCAR және Татнефть компаниялары арасында жасалған төртжақты меморандумды орындау аясындағы өнеркәсіптік қауіпсіздік, цифрландыру және жасанды интеллект саласындағы бірлескен іс-шаралар мен тәжірибе алмасу жөнінде сөз болды.

— ҚазМұнайГаз Өзбекнефтегаз компаниясымен өзара тиімді барлық бағыт бойынша серіктестікті кеңейтуге ерекше мән береді. Өзбек әріптестермен ортақ жобаларды іске асыру өңірдің энергетика саласының дамуына, мұнай-газ кешенінде озық технологияларды енгізуге және екі елдің ұлттық экономикасын нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін, — деп атап өтті А.Хасенов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤1🔥1🤝1
КазМунайГаз и Узбекнефтегаз рассмотрели планы расширения партнерства

В г.Ташкент состоялась встреча председателя Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхата Хасенова с председателем Правления АО «Узбекнефтегаз» (УНГ) Баходиржоном Сидиковым.

🗣Обсуждены планы сотрудничества в геологоразведке. В настоящее время рабочая группа КМГ и УНГ изучает геолого-технические данные по перспективным разведочным участкам в Казахстане.

✔️На встрече рассмотрен потенциал в нефтегазохимии, в частности, по возможности создания производства линейного алкилбензола (ЛАБ).

💻Также речь шла о совместных мероприятиях и обмене опытом в области промышленной безопасности, цифровизации и искусственного интеллекта в рамках исполнения четырехстороннего меморандума между компаниями КазМунайГаз, Узбекнефтегаз, SOCAR и Татнефть.

— КазМунайГаз придаёт особое значение расширению партнёрства с Узбекнефтегазом по всем взаимовыгодным направлениям. Убежден, что реализация совместных проектов с узбекскими коллегами будет способствовать энергетическому развитию региона, внедрению передовых технологий в нефтегазовом комплексе и укреплению национальных экономик двух стран, — подчеркнул А.Хасенов.


📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤6👍4🔥1🤝1
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍86🔥3🥰1🎉1
Ұңғыма басындағы өмір — адал еңбектің бейнесі

🗣2023 жылдан бері қарашаның үшінші сенбісі — Бұрғышылар күні кәсіби мереке ретінде аталып өтуде. ҚазМұнайГаз-дың бұрғышылары мұнай-газ саласының дамуына ерекше үлес қосуда. Солардың бірі «Oil Service Сompany» ЖШС-ның 6-дәрежелі бұрғышысы Асылбек Ісенбай.

⬇️ 20 жылға жуық бұрғышы болып еңбек етіп келе жатқан Асылбек Ақылбекұлына 2019 жылы ең жоғарғы 6-дәрежелі біліктілігі берілді. Ол жыл сайын шамамен 12 ұңғыма қазуға атсалысады, ал бір ұңғыманы қазу жұмысы 25–30 күнге созылады.

— Бұрғышының жұмысы қиын әрі күрделі. Құбырларды орнату және көтеру, балғамен соғу, химиялық ерітінділерді дайындау — бәрі білектің күшін қажет етеді. Бұған қоса білім мен үнемі ізденіс керек. Бұл жерде нақты есеппен жүріп, дұрыс шешімдер қабылдау маңызды. Әрине, нәтижеге жету үшін геологтардың нұсқауымен жүреміз, — дейді ол.


🗣Оның айтуынша, бұрғылау ашық далада, күндіз-түні жүргізілетіндіктен, бригада мүшелері бір-біріне туыс адамдар сияқты болып кетеді.

— Бригадамызда 30 адам еңбек етеді. Мен жылдың жартысын осы ұжымдағы адамдармен бірге өткіземін. Ауа райына немесе басқа да жағдайларға байланысты күтпеген оқиғалар болып қалады. Сол кезде бригаданың бір-бірін қолдауы, түсінуі және олардың кәсібилігі аса маңызды, — деп толықтырды А.Ісенбай.


✅Асылбек бұрғылау саласының әрбір тетігін жақсы білетін тәжірибелі мамандардың бірі ғана емес, 5 бала тәрбиелеп отырған ардақты әке.

Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

#ЖұмысшыМамандықтарЖылы

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍3👏3❤1
💫Қара алтын өндірісі бұрғылау алаңынан басталады
 
Бұрғылау — мұнай өндіру ісінің ең маңызды әрі бастапқы кезеңі. Онсыз жаңа кен орнын ашу, бар қорды толық пайдалану, өндіріс тұрақтылығын сақтау мүмкін емес.

🗣Бұрғышылар күніне орай ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорны — «Қаражанбасмұнай» АҚ Бұрғылау және ұңғымаларды жерасты күрделі жөндеу департаментіне қарасты бұрғылау бригадасының ұжымын таныстырамыз.

👷‍♂️ Бұл бригада құрамында 12 адам бар. Олар жылына тереңдігі 500 метрге дейінгі 40-тан астам жаңа ұңғыма қазады. Геологтар зерттеуінің нәтижесінде белгіленген орында бұрғышылар тік, еңіс және зерттеу ұңғымаларын қазу жұмысын 5-7 күн ішінде орындайды.

⬇️ Бұрғылау — күндіз-түні үздіксіз жүретін процесс. Сондықтан мамандар қыстың аязы мен жаздың аптабына қарамастан еңбек етеді. Бір вахтада екі бригада күндізгі және түнгі ауысыммен жұмыс істейді. Олардың әрқайсысы қажырлы, шыдамды, жауапты, бастысы қауіпсіздік техникасын мұқият сақтап, өз қызметін адал атқарып келе жатқан жұмысшылар.

▪️Солардың бірі Ғалымжан Көптілеуов — бұрғылау ісіне өмірінің 23 жылын арнаған маман. Өндірісте мол тәжірибе жинаған жұмысшы соңғы 5 жыл көлемінде бригада шебері қызметін атқарып келеді.

▪️Бұрғылауға 33 жыл бұрын бет бұрған Андрей Бобровский соңғы 23 жыл көлемінде Қаражанбаста табан аудармай жұмыс істеп келеді. Келер жылы зейнет демалысына шығатын бұрғышы мәртебелі мамандығын — мақтаныш санайды.

▪️Бұрғылау барысында барлық операцияға қатысатын бұрғышының бірінші көмекшісі — Амандық Ермағанбетов жұмыстың сапалы, уақытылы жүруін бақылайды.

▪️Әлімжан Көбесеитов пен Қайрат Тәңірбергенов еңбек жолын ұңғымаларды күрделі жөндеуден бастаған. Қазір олар бұрғылау бригадасы құрамында 5-дәрежелі көмекші қызметін атқарады.

▪️Аға буынның ақылын тыңдап, шыңдалып келе жатқандар қатарында 4-дәрежелі бұрғышының көмекшілері Асылбек Бақытжанов пен Асылбек Сатыбалдиев, 3-дәрежелі көмекшілер Алаш Павиз бен Азамат Тілешов бар. Олар жаңа ұңғыма қазу кезінде механикалық жұмыстарды атқарады.

▪️Бригадада аталған мамандардан бөлек, маңызды қызмет атқаратын басқа жұмысшылар бар. Олар — машинист, дәнекерлеуші, слесарь-жөндеушілер.

☝Өндірісті өрге өрлетуге сүбелі үлес қосып жүрген ұжым туралы толығырақ ҚМГ сайтынан оқи аласыздар.
 
 📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉3🔥2👏2💯2👍1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Қазақстан мен Өзбекстан президенттері бірлескен жобаларды іске қосу рәсіміне қатысты

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев видео байланыс арқылы Қазақстан мен Өзбекстанның бірлескен жобаларын іске қосу рәсіміне қатысты.

✔️Тараптар өнеркәсіп, құрылыс, мұнай-газ химиясы, қаржы, логистика және туризм салаларында жалпы құны 1,2 миллиард доллар болатын 7 жоба әзірлеген.

✔️Мемлекеттер басшылары символикалық түймені басып, бірнеше жобаны бастап берді.

✔️Атап айтқанда, Сырдария және Түркістан облыстарында «Орталық Азия» Халықаралық өнеркәсіп кооперациясы орталығы, Ташкентте «Tenge Bank» бас кеңсесі қызметіне кірісті. Сондай-ақ Ташкент облысында көпбейінді логистика орталығының, Жаңа Ташкентте «Астана» тұрғын үй орамының, Қашқадария облысында алкилбензол өндіретін мұнай-газ химиясы кешенінің, Жаңа Ташкентте «Астана» қонақ үйінің, ал елордамызда «Ташкент» қонақ үйінің құрылысы басталды.


t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇺🇿Президенты Казахстана и Узбекистана приняли участие в церемонии запуска совместных проектов

✔️Президент Касым-Жомарт Токаев и Президент Шавкат Мирзиёев в режиме видеоконференцсвязи приняли участие в церемонии запуска совместных проектов Казахстана и Узбекистана.

✔️К запуску было подготовлено 7 проектов на общую сумму 1,2 млрд долларов в сферах промышленности, строительства, нефтегазохимии, финансов, логистики и туризма.

✔️Нажав символическую кнопку, главы государств дали старт деятельности Международного центра промышленной кооперации «Центральная Азия» в Сырдарьинской и Туркестанской областях, головного офиса «Tenge Bank» в Ташкенте, началу строительства многопрофильного центра логистики в Ташкентской области, жилого квартала «Астана» в Новом Ташкенте, нефтегазохимического комплекса по производству линейного алкилбензола в Кашкадарьинской области, гостиничного комплекса «Астана» в Новом Ташкенте, а также гостиничного комплекса «Ташкент» в столице Казахстана.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2❤1
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍3🔥3❤1