ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.45K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
ҚазТрансОйл өзінің өндірістік нысандарында энергия үнемдеуді оңтайландырды

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жариялаған энергия тиімділігі жылы аясында «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылға арналған энергия үнемдеу және энергия тиімділігі бағдарламасында көзделген іс-шаралардың барлық кешенін орындады.

⚡️Маңғыстау мұнай құбыры басқармасының «Қаламқас» бас мұнай айдау станциясында бұрынғы НМ 1250/260 агрегаты орнына өнімділігі 500 м³/сағ болатын жаңа сорғы агрегаты орнатылды. Бұл «Қаламқас – Қаражанбас – Ақтау» магистралды мұнай құбырындағы «Қаламқас – Қаражанбас» учаскесінде мұнай тасымалдауға жұмсалатын электр энергиясының үлестік шығынын 18%-ға қысқартуға мүмкіндік берді.

🟦Атырау мұнай құбыры басқармасына қарасты Т.Қасымов атындағы мұнай айдау станциясында НМ 3600/230 магистралды сорғы агрегаты қуаты 1250 м³/сағ агрегатқа ауыстырылды. Бұл жобаны іске асыру нәтижесінде жылдық электр энергиясы шамамен 1,5 млн кВт•сағ үнемделеді деп күтілуде.

⚙️Жезқазған мұнай құбыры басқармасына қарасты МАС-2 және Б.Жұмағалиев атындағы БМАС-та екі СТДП-1250 синхронды электр қозғалтқышы заманауи асинхронды электр қозғалтқыштарына ауыстырылды. Электр энергиясын тұтынуды қысқарту бойынша күтілетін жылдық нәтиже — 300 мың кВт•сағ.

🎺 Сонымен қатар «Өзен – Атырау – Самара» магистралды мұнай құбырының «Атырау – Самара» учаскесінде температуралық режимді оңтайландыру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде «ыстық» мұнай құбырының осы учаскесінде жолай мұнайды қыздыруға пайдаланылатын газ көлемі жылына шамамен 9 млн м³ қысқарды.

📌Іске асырылған жобалар энергия ресурстарын айтарлықтай үнемдеуге қол жеткізуге мүмкіндік берді және энергия тұтынуды басқарудың жүйелі тәсілінің тиімділігін растады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤3⚡2🥰1
КазТрансОйл оптимизировал энергопотребление на своих производственных объектах

🗣АО «КазТрансОйл» в рамках Года энергоэффективности, объявленного АО НК «КазМунайГаз», выполнило полный комплекс мероприятий, предусмотренных программой энергосбережения и энергоэффективности на 2025 год.

⚡️На ГНПС «Каламкас» Мангистауского нефтепроводного управления установлен новый насосный агрегат производительностью 500 м³/ч вместо устаревшего НМ 1250/260. Это позволило сократить удельный расход электроэнергии на транспортировку нефти по участку «Каламкас – Каражанбас» магистрального нефтепровода «Каламкас – Каражанбас – Актау» на 18%.

🟦На НПС им. Т. Касымова Атырауского нефтепроводного управления завершена замена магистрального насосного агрегата НМ 3600/230 на агрегат производительностью 1250 м³/ч. Ожидаемая годовая экономия электроэнергии составляет порядка 1,5 млн кВт•ч.

⚙️На НПС-2 и ГНПС им. Б. Джумагалиева Жезказганского нефтепроводного управления выполнена замена двух синхронных электродвигателей СТДП-1250 на современные асинхронные электродвигатели. Ожидаемый эффект по сокращению потребления электроэнергии — на 300 тыс. кВт•ч в год.

🎺 Кроме того, проведены работы по оптимизации температурного режима магистрального нефтепровода «Узень – Атырау – Самара» на участке «Атырау – Самара». В результате экономия газа для путевого подогрева нефти на этом участке «горячего» нефтепровода составила около 9 млн м³ в год.

📌Реализованные проекты позволили добиться значительной экономии энергоресурсов и подтвердили эффективность системного подхода к управлению энергопотреблением.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5⚡2❤2👍1🥰1🤩1
ҚМГ басшысы Жаңаөзендегі жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс барысын тексерді

🏗️«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында Жаңаөзенде салынып жатқан жаңа газ өңдеу зауытының құрылыс алаңына барды. ҚМГ басшысына жобаның іске асырылуы және құрылыс жұмыстарының жай-күйі туралы ақпарат берілді.

🏭Айта кетсек, зауыт құрылысының жобасы процесті тиімді ұйымдастыру және жұмыстардың уақтылы аяқталуын қамтамасыз ету үшін 2 іске қосу кешеніне бөлінген.

🟦Бірінші іске қосу кешені бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жалғасуда. Жабдықтар жасалып, оларға зауыттық сынақтар өткізілді. Олар құрылыс алаңына биылғы желтоқсан айында жеткізіледі деп күтілуде.

🟦Екінші іске қосу кешені бойынша инфрақұрылым нысандарында (өрт сөндіру бекеті, зертхана, қойма, әкімшілік-тұрмыстық кешен, операторларға арналған бөлме, өртке қарсы резервуарлар және химиялық заттар қоймасы) жалпы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр.

✔️Негізгі технологиялық жабдықтың 177 позициясы жасалуда, атап айтқанда сыйымдылықтар, резервуарлар, бағаналар, жылу алмастырғыштар, газ турбиналары, компрессорлар және сорғылар. Жабдықтардың бір бөлігі дайын, соның ішінде сыйымдылықтар, сүзгілер, ауамен салқындату аппараттары, жылу алмастырғыштар және резервуарлар.

✔️Қазіргі кезде құрылыс алаңына 100-ге жуық адам жұмылдырылған.

📌Айта кетейік, газ өңдеу зауытының құрылысы Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен жүзеге асырылуда. Жоба жылына 900 млн текше метрге дейін табиғи және ілеспе газды өңдеу қуатына ие заманауи өндірістік кешен құруды көздейді. Зауыт тауарлық құрғақ газ, сұйытылған көмірсутек газын, пентан-гексан фракциясын және тауарлық күкірт шығаратын болады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤4🔥4
Глава КМГ проверил ход строительства нового ГПЗ в Жанаозене
 
🏗️В ходе рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил строительную площадку нового газоперерабатывающего завода (ГПЗ) в Жанаозене. Главе КМГ была представлена информация о реализации проекта и статусе строительных работ.

🏭Отметим, проект строительства завода разделен на 2 пусковых комплекса для эффективной организации процесса и обеспечения своевременного завершения работ.

🟦По Первому пусковому комплексу продолжаются строительно-монтажные работы, изготовлены оборудования, которые прошли заводские испытания с ожидаемой поставкой на строительную площадку в декабре текущего года.

🟦По Второму пусковому комплексу ведутся общестроительные работы по объектам инфраструктуры (пожарный пост, лаборатория, склад, административно-бытовой комплекс, операторная, противопожарные резервуары и склад химреагентов).

✔️В производстве находится 177 позиций основного технологического оборудования, включая емкости, резервуары, колонны, теплообменники, фильтры, газовые турбины, компрессоры, насосы и т.д. Часть оборудования изготовлена, в частности емкости, фильтры, аппараты воздушного охлаждения, теплообменники и резервуары.

✔️На текущий период на строительной площадке задействовано около 100 работников.

📌Отметим, что строительство ГПЗ осуществляется по прямому поручению Главы государства. Проект предусматривает создание современного производственного комплекса с мощностью переработки природного и попутного газа до 900 миллионов кубических метров в год. Завод будет выпускать товарный газ, сжиженный углеводородный газ, пентан-гексановую фракцию и товарную серу.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥103👍2❤1🕊1
ҚМГ басшысы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Жетібай кен орнына барды

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ММГ-да өндірістік және әлеуметтік мәселелерге қатысты жиналыс өткізді.

📊Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша компания 5 млн 124 мың тонна мұнай өндірді. Осы жылға арналған жоспар — 6 млн 165 мың тонна.

↗️Компания өндірістегі энергия қауіпсіздігін арттыру мақсатында қазіргі уақытта Қаламқас (10 МВт) және Жетібай (25 МВт) кен орындарында электр энергиясын өндіру үшін газ өңдеу жобасын іске асыруда. 2026 — 2030 жылдар аралығындағы экономикалық тиімділік 14,8 млрд теңге болмақ.

▪️Сонымен қатар Маңғыстаумұнайгаз Жетібай тобына қарасты спутниктік кен орындарының тиімділігін арттыруға бағытталған бағдарламаны әзірлеуді жоспарлап отыр. Оның аясында қабат қысымын ұстап тұру жүйелерінің қолданысын бағалау, қабатты сумен жарудың тың технологиялары мен мұнай өндіруді қарқындатудың өзге де әдістерін пайдалану және басқа да шаралар көзделген.

✔️Кәсіпорын қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуға ерекше назар аударуда. Жол картасы аясында жатақханаларға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында үш жатақханада жөндеу жұмыстары толық аяқталды, жыл соңына дейін төртінші жатақханада құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, пайдалануға қабылданады деп күтілуде. Сонымен қатар Қаламқас кен орнында 2027 жылға дейін тағы 4 жатақхана салу жоспарда.

✔️Биыл Жетібай кен орнының түрлі өндірістік нысанында слесарьларға арналған жеті үй-жай, сондай-ақ операторлар үшін модульдік ғимарат салынып, пайдалануға берілді.

📌ҚМГ басшысы жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсартуға, шығындарды оңтайландыруға, жаңа ұңғымаларды енгізуге және жөндеуаралық кезеңді ұлғайтуға қатысты бірқатар тапсырма берді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥8❤4⚡1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
ҚМГ басшысы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Жетібай кен орнына барды 🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында ММГ-да өндірістік және әлеуметтік мәселелерге қатысты жиналыс өткізді. 📊Биылғы 10 айдың қорытындысы…
Глава КМГ посетил месторождение Жетыбай АО «Мангистаумунайгаз»

🗣В ходе рабочей поездки в Мангистаускую область председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов провел в ММГ совещание по производственным и социальным вопросам.

📊По итогам 10 месяцев текущего года компания добыла 5 млн 124 тыс. тонн нефти. План на текущий год — 6 млн 165 тыс. тонн нефти.

↗️В целях повышения энергобезопасности производства компания в настоящее время реализует проект по переработке газа для выработки электроэнергии на месторождениях Каламкас (10 МВт) и Жетыбай (25 МВт). Экономический эффект за период 2026 — 2030гг. составит 14,8 млрд тенге.

▪️Кроме того, Мангистаумунайгаз планирует разработку Программы по повышению эффективности спутниковых месторождений Жетыбайской группы, в рамках которой предусмотрена оценка применения систем поддержания пластового давления, использование новых технологий гидроразрыва пласта и иных методов интенсификации добычи и другое.

✔️Предприятием особо уделяется внимание улучшению социально-бытовых условий работников. Проводится ремонт общежитий в рамках Дорожной карты. В производственном управлении «Каламкасмунайгаз» ремонт полностью завершен в трех общежитиях, до конца года ожидается завершение и приемка строительно-монтажных работ в четвертом общежитии. Также на месторождении Каламкас до 2027 года планируется строительство еще 4-х общежитий.

✔️В текущем году на месторождении Жетыбай на различных производственных объектах построены и введены в эксплуатацию семь слесарных помещений, а также модульное здание для операторов.

📌Глава КМГ дал ряд поручений, касающихся улучшения условий труда рабочих, оптимизации затрат, ввода новых скважин и увеличения межремонтного периода.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7👍4⚡2🤝2❤1
Асхат Хасенов Өзенмұнайгазда өндірістік жиын өткізді

🗣Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 4 млн 237 мың тоннаны құрады. ӨМГ басшылығы шығындарды қысқарту және ұңғымалардың тоқтап қалу жағдайларын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Геологиялық-техникалық жұмыстар, геофизикалық зерттеулер, сондай-ақ қордың техникалық жай-күйіне жүргізілетін мониторингті жақсартуға бағытталған іс-шаралар жүргізілуде.

⬇️ Шағын диаметрлі ұңғымаларды бұрғылау бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүріп жатыр (Slimhole). 2026 жылы осындай 122 ұңғыма бұрғыланады деп жоспарланып отыр. Полимерлі суландыру технологиялары енгізілуде, жөндеуаралық кезеңді ұлғайту, инфрақұрылымды жаңарту және өндірістік процестерді автоматтандыру жөніндегі іс-шаралар атқарылуда.

📍Өзен кен орнында мұнай өндіру коэффициентін арттыру үшін заманауи технологиялар кешені іске асырылуда. Өзен-Шығыс учаскесінде полимерлі суландыру бойынша тәжірибелік-өнеркәсіптік жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар мұнай өндіру коэффициентін арттырудың тиімді әдістері ретінде төмен қысымды учаскелерде қабатты көбік-азотты сумен жарудың жетілдірілген технологиялары, сондай-ақ сулы көкжиектерді жарып өту жағдайларын алдын алу үшін синтетикалық жарылғыш сұйықтықты қолдану сәтті енгізілді.

📌ӨМГ-да өткен жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын одан әрі жақсартуға, жоспарлы көрсеткіштерді орындауға және мұнай өндіру деңгейін тұрақты ұстап тұруға бағытталған нақты тапсырмалар берді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤5👍3🔥3
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
Асхат Хасенов Өзенмұнайгазда өндірістік жиын өткізді 🗣Биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі 4 млн 237 мың тоннаны құрады. ӨМГ басшылығы шығындарды қысқарту және ұңғымалардың тоқтап қалу жағдайларын азайту бойынша қабылданып жатқан шаралар…
Асхат Хасенов провел производственное совещание в Озенмунайгазе

🗣По итогам 10 месяцев текущего года объем добычи нефти составил 4 млн 237 тысяч тонн. Руководство ОМГ доложило о мерах, принимаемых для сокращения потерь и снижения простоев скважин. Проводятся геологи-технические работы, геофизические исследования, а также мероприятия по улучшению мониторинга технического состояния фонда.

⬇️ Ведутся опытно-промышленные испытания по бурению скважин малого диаметра (Slimhole). В 2026 году планируется бурение 122-х таких скважин. Внедряются технологии полимерного заводнения, реализуются мероприятия по увеличению межремонтного периода, обновлению инфраструктуры и автоматизации производственных процессов.

📍Для повышения коэффициента извлечения нефти на месторождении Узень реализуется комплекс современных технологий. На участке Узень-Восток проводятся опытно-промышленные работы по полимерному заводнению. Кроме того, в качестве эффективных методов повышения КИН успешно внедрены усовершенствованные технологии гидроразрыва пласта — пенно-азотное ГРП на участках с низким пластовым давлением, а также применение синтетических жидкостей разрыва для предотвращения прорывов в водоносные горизонты.

📌По итогам прошедшего в ОМГ совещания главой КМГ даны конкретные поручения, направленные на дальнейшее улучшение социально-бытовых условий персонала, достижение плановых показателей и устойчивого поддержания уровня добычи нефти.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥4❤2
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Кендірлі су тұщыту зауыты толық іске қосылды

🏭Маңғыстауда «Кендірлі» су тұщыту зауытын іске қосу жұмыстары толық аяқталды. Кәсіпорын тәулігіне 50 мың текше метрге дейін су тұщытуға қауқарлы. Жобаны — Мемлекет басшысының тапсырмасымен, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы жүзеге асырды. Жаңа кәсіпорын Жаңаөзен қаласы мен оған іргелес жатқан елді мекендердің тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз етеді.

▪️Бүгінде кәсіпорында тұрақты 91 адам жұмыс істейді.

▪️Жыл соңына дейін облыс әкімдігінің коммуналдық меншігіне беру жоспарланған.

🖥Толығырақ Qazaqstan ұлттық арнасы дайындаған бейнематериалдан көре аласыз.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍4❤3