ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.45K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Қаражанбасмұнай биылғы 10 айда 1,7 млн тонна мұнай өндірді

🗣«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына жұмыс сапары барысында «Қаражанбасмұнай» АҚ (ҚБМ) қызметінің мәселелеріне қатысты өндірістік жиын өткізді.

◾️Биылғы 10 айда мұнай өндіру көлемі 1 млн 760 мың тоннаны құрады. Қаражанбас кен орны мұнайының тұтқырлығы жоғары әрі шайырлы, құрамында күкіртті қосылыстардың көп болуымен ерекшеленеді. Өндірудің тұрақты деңгейін ұстап тұру үшін ҚБМ бу-жылу арқылы әсер ету әдістерін қолданады. Қазіргі уақытта бу мен суды айдау процесі оңтайландырылуда, сондай-ақ бу генераторларының тиімділік коэффициентін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

🔎Стратегиялық басымдық — ресурстық қорды толықтыру. Кен орынның жағалаудағы аймағында сейсмикалық барлау жұмыстары аяқталды. Жаңа қорды растауға және кен орынды пайдалану циклін ұзартуға мүмкіндік беретін бағалау ұңғымаларын бұрғылау жоспарлануда.

📌ҚМГ басшысы мұнай өндіру деңгейін қатаң бақылауда ұстау, өндірістік процестерге заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді жеделдету және қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсартуды қамтамасыз ету жөнінде тапсырмалар берді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2🔥2
Каражанбасмунай добыл 1,7 млн тонн нефти за 10 месяцев текущего года

🗣Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов в ходе рабочей поездки в Мангистаускую область провел производственное совещание по вопросам деятельности АО «Каражанбасмунай» (КБМ).

◾️За 10 месяцев текущего года добыча нефти составила 1 млн 760 тысяч тонн. Месторождение Каражанбас характеризуется сложными геологическими условиями: высоковязкой, смолистой нефтью с высоким содержанием серы. Для поддержания стабильного уровня добычи КБМ применяет методы паротеплового воздействия. В настоящее время оптимизируется процесс закачки пара и воды, а также ведутся работы по увеличению коэффициента полезного действия парогенераторов.

🔎Стратегическим приоритетом остается восполнение ресурсной базы. В Прибрежной зоне месторождения завершены сейсморазведочные работы. Планируется оценочное бурение, которое позволит подтвердить новые запасы и продлить жизненный цикл месторождения.

📌Главой КМГ поручено держать на строгом контроле уровень добычи нефти, ускорить внедрение современных цифровых решений в производственные процессы и обеспечить улучшение социально-бытовых условий работников.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥6❤5👍5
Ақтауда ҚМГ-ның мұнай сервистік компаниялары қызметіне қатысты жиын өтті

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов ҚМГ-ның еншілес мұнай сервистік ұйымдарымен жиналыс өткізіп, онда 2025 жылы атқарған жұмыс нәтижелері және 2030 жылға дейінгі даму жоспарлары қаралды.

🗣«Oil Services Company», «Oil Construction Company», «Ойл Транспорт Корпорейшэн», «Өзенмұнайсервис», «Кен-Құрылыс-Сервис», «Маңғыстауэнергомұнай», «Су өндіру және тасымалдау басқармасы», «Мұнайтелеком» және «KMG EP-Catering» мекемелерінің есептері тыңдалды.

📊2025 жылдың 10 айында мұнай сервистік компаниялар Маңғыстау облысында мұнай өндіру деңгейін ұстап тұру үшін «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) мен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да (ММГ) іс-шаралар кешенін жүзеге асырды. Атап айтқанда, ММГ компаниясында 76 ұңғыма бұрғыланып, 4311 ұңғымада жерасты жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күрделі жөндеу ӨМГ-ның 591 ұңғымасында және ММГ-ның 528 ұңғымасында атқарылды. Ұңғымаларды жайластыру іс-шаралары ММГ-ның 120 нысанында және ӨМГ-ның 74 нысанында жүргізілді.

Сонымен қатар мұнай сервистік кәсіпорындар ММГ құбырларының 109 шақырымын күрделі жөндеуден өткізіп, ӨМГ компаниясына қарасты 67 км мұнай құбыры мен 19 км газ құбырларын реконструкциялады.

📌Жиын қорытындысы бойынша А.Хасенов операциялық тиімділікті арттыру, шығын көлемін оңтайландыру, жабдықтар мен арнайы техниканы жаңарту, цифрлық технологиялар мен автоматтандыруды енгізу, қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту жөніндегі жұмысты жалғастыруды тапсырды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤7👍2👏2
В Актау прошло совещание по деятельности нефтесервисных компаний КМГ

Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов провел совещание с дочерними нефтесервисными организациями КМГ по результатам деятельности в 2025 году и планам развития до 2030 года.

🗣Заслушаны отчеты ТОО «Oil Services Company», «Oil Construction Company», «Ойл Транспорт Корпорейшэн», «Озенмунайсервис», «Кен-Курылыс-Сервис», «Мангистауэнергомунай», «Управление по добыче и транспортировке воды», «Мунайтелеком» и «KMG EP-Catering».

📊За 10 месяцев 2025 года нефтесервисные компании осуществили комплекс мероприятий в целях поддержки нефтедобычи в Мангистауской области для АО «Озенмунайгаз» (ОМГ) и АО «Мангистаумунайгаз» (ММГ). В частности, проведены бурение 76 скважин и подземный ремонт на 4311 скважинах ММГ. Капитальный ремонт охватил 591 скважину ОМГ и 528 скважин ММГ. Работы по обустройству скважин проведены на 120 объектах ММГ и 74 объектах ОМГ.

Кроме того, предприятия нефтесервиса капитально отремонтировали 109 км трубопроводов ММГ, реконструировали 67 км нефтепроводов и 19 км газопроводов ОМГ.

📌По итогам совещания А. Хасенов поручил продолжить работу по повышению операционной эффективности, оптимизации затрат, обновлению оборудования и спецтехники, внедрению цифровых технологий и автоматизации, улучшению социально-бытовых условий работников.
 
 📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6❤3🔥3⚡1🤝1
ҚМГ еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы шараларды күшейтуде

Ақтауда еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне арналған жыл сайынғы HSE-2025 форумы өтті. Іс-шараға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басшылығы, ҚМГ еншілес компанияларының, Теңізшевройл, Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В, Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В. өкілдері және сарапшылар қатысты.

🗣Форумға қатысушылар өндірістік жарақаттануды азайту, қауіпсіздік мәдениетін жақсарту мәселелерін талқылап, цифрлық шешімдерді енгізу бойынша өзара тәжірибе алмасты.

📌ҚМГ басшысы Асхат Хасенов ұлттық компания еңбекті қорғау мен өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп келіп жатқанын атап өтті. ҚМГ компаниялары тобында тәуекелдерді төмендетуге және «жарақаттану деңгейін нөлге жеткізуге» бағытталған шаралар кешені іске асырылып, жасанды интеллект негізінде цифрлық жобалар енгізілді.

💻Атап айтқанда, ҚМГ еншілес кәсіпорындарында ұңғымаларды жерасты және күрделі жөндеу, қауіпті технологиялық операцияларды жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін «TUMAR» автоматтандырылған интеллектуалды жүйесі енгізілуде.

🟦Сонымен қатар электронды нарядтар жүйесі қауіптілігі жоғары жұмыстарды бақылауға мүмкіндік берді.

— Еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік мәселелері — ҚМГ үшін негізгі басымдық. Ұлттық компания тәуекелдерді азайтуға, оқиғалардың алдын алуға және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға мүмкіндік беретін интеллектуалды жүйелерді белсенді түрде енгізуде. Біз қызметкерлердің құзыретін дамыту және өндірістік алаңдарымызда цифрлық жобаларды іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастырамыз, — деді А.Хасенов.


✔️Форум қорытындысы бойынша келесі жылға арналған негізгі міндеттер айқындалып, «жарақаттану деңгейін нөлге жеткізу» және қауіпсіздік мәдениетін нығайту бойынша ҚМГ-ның және серіктестердің бірлескен жоспарлары анықталды. Басымдықтардың қатарында — бірыңғай талаптарды қамтамасыз ететін және өндірістік процестердің барлық қатысушыларының жауапкершілігін арттыратын мердігерлік ұйымдармен жұмыс жөніндегі жаңартылған корпоративтік стандартты енгізу бар.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5❤3👍3🤝1