ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.26K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.45K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
312 единиц спецтехники передано работникам АО «Каражанбасмунай» за последние три года

🗣Дочерняя компания КМГ завершает программу обновления автопарка, которая стартовала в конце 2022 года. Данные меры направлены на повышение эффективности производства и улучшение условий труда работников.

🚛 На первом этапе компания приобрела 10 единиц спецтехники. В 2023 году сотрудникам было вручено 140 новых автомобилей. В прошлом году поступило ещё 123 единицы техники. С начала текущего года на линию выехали 39 новых машин. Сейчас ведётся работа по поставке ещё 52 единиц спецтехники, по которым заключён договор. Кроме того, в плане закупки остаются ещё 4 машины.

✅Замена старой техники на новую положительно влияет на качество работы и обеспечивает непрерывность производственных процессов. В целом, закуп спецтехники будет продолжен в соответствии с потребностями и планами производства.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥5👍42👏1🤝1
Атырауда болашақ полиэтилен зауытына арналған ірі габаритті бағаналардың дайындығы қарқынды жүріп жатыр

АтырауМұнайМаш отандық машина жасау үшін ауқымы мен техникалық күрделілігі жоғары екі ірі габаритті бағана өндіріп жатыр:

🟦Этиленді бөлу бағанасы (Ethylene Fractionator) — салмағы — 1 470 тонна, биіктігі — 101 метр, 78%-ға дайын.

🟦Суыту бағанасы (Quench Tower) — салмағы — 700 тонна, биіктігі — 51 метр, дайындық деңгейі — 55%.

⚡️Бұл бағаналар пиролиз қондырғысының құрамына кіреді. Дәл осы қондырғыда этан полиэтилен өндірісінің негізгі өнімі — этиленге айналады. Қондырғыларды монтаждау 2026 жылға жоспарланған.

➤ Сонымен қатар атыраулық кәсіпорын су дайындау жүйесінде еріген газдарды жоюға арналған тағы бір маңызды элемент — деаэратор жабдығын жасайды.

✔️ Силлено компаниясының АтырауМұнайМашпен ынтымақтастығы отандық өндірушілердің Қазақстандағы ірі мұнай-газ химиясы жобаларының бірін іске асыруға қатысуын және жергілікті қамту үлесін арттыруға ықпал етеді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍7❤3🔥31
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Изготовление крупногабаритных колонн для будущего полиэтиленового завода идет полным ходом в Атырау

АтырауНефтеМаш производит две крупнотоннажные колонны, отличающиеся масштабом и технической сложностью для отечественного машиностроения:

🟦Колонна фракционирования этилена (Ethylene Fractionator) массой 1 470 тонн и высотой 101 метр готова на 78%.

🟦Закалочная колонна (Quench Tower), вес которой составляет 700 тонн при высоте 51 метр, изготовлена на 55%.

⚡️Колонны станут частью установки пиролиза, на которой этан преобразуется в этилен, основной продукт для последующего производства полиэтилена. Их монтаж запланирован на 2026 год.

➤ Дополнительно атырауское предприятие изготавливает еще один важный элемент — деаэратор, предназначенный для удаления растворенных газов в системе водоподготовки.

✔️ Сотрудничество Силлено с АтырауНефтеМаш усиливает участие отечественных производителей в реализации одного из крупнейших нефтегазохимических проектов Казахстана и способствует росту доли местного содержания.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥9👍7❤4
Media is too big
VIEW IN TELEGRAM
Жарқын болашақ: техник-механик мамандар елге қызмет етуді армандайды

📚ҚазМұнайГаздың «Жарқын болашақ» бағдарламасының грант иегерлері — жаңаөзендік егіздер Көкшетау қаласындағы Жоғары техникалық колледжінде оқып жатыр. Еркебұлан мен Жасұлан Оразымбаевтар «Машина жасау технологиясы» мамандығы бойынша білім алуда.

🗣Жасөспірімдердің пікірінше, бұл саланың болашағы зор.

— Машина жасау технологиясы мамандығы бойынша еңбек етіп, елімізде өндірісті дамытуға үлесімізді қосқымыз келеді, — дейді болашақ техник-механиктер.


▶️Еркебұлан мен Жасұлан білім алып, қандай тәжірибеден өтіп жатқандығы туралы бейнематериалдан көре аласыздар.

🎓«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Жарқын болашақ» бағдарламасы Маңғыстау өңірінің жастарына сапалы білім алып, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтарды игеруге жол ашуда.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1❤6👍3👏3
Асхат Хасенов Рожков кен орнын жайластыру мен игеру жұмыстарының барысын тексерді

📍«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Рожков газ конденсатты кен орнын жайластыру жобасын іске асыру барысымен танысты.

🏭ҚМГ басшысы «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) өндірістік нысандарын, атап айтқанда, ұңғыма алаңдарын, газ жинау және тарату станцияларын аралап көрді. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық ұңғымада, сондай-ақ кран тораптары, газ жинау және тарату станциялары бар негізгі құбырдың 17,8 шақырымында жалпы құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталды. Жобалық жабдықты іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.

🗣Сонымен қатар А.Хасенов кен орынның операторы — УОГ компаниясымен атқарған жұмыстың қазіргі нәтижелері, 2026 жылға арналған жоспарлар және 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму мәселелеріне қатысты жиналыс өткізді. «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Рожков кен орнын дамытудың 2-кезеңінің жұмыс жобасын дайындауға кірісті. Бұл қолданыстағы ұңғымалар қорын және шикі газ өндіру көлемін тәулігіне 2 млн м³ дейін арттыруға жол ашады.

📊2025 жылғы 11 айда УОГ 312 мың тонна конденсат және 425,1 млн м³ шикі газ өндірді. Биылғы жоспар конденсат бойынша 351 мың тоннаны және газ бойынша 526,5 млн м³ құрап отыр. Қазіргі кезеңде УОГ ай сайын 6 мың тонна сұйытылған көмірсутек газын өндіру үшін шикізатпен қамтамасыз етеді.

📌Жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің алдына белгіленген өндірістік көрсеткіштерге жету, Рожков кен орнын жайластыру мен игеруге қатысты алдағы жоспарларын уақтылы әрі сапалы орындау бойынша нақты міндеттер қойды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍33❤1
Асхат Хасенов проверил ход обустройства и разработки месторождения Рожковское

📍Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов в ходе рабочей поездки в Западно-Казахстанскую область ознакомился с ходом реализации проекта по обустройству газоконденсатного месторождения Рожковское.

🏭Глава КМГ посетил производственные объекты ТОО «Урал Ойл энд Газ» (УОГ): площадки скважин, а также сборную и передаточную станции. На текущий момент завершены общестроительные и монтажные работы на всех действующих скважинах, 17,8 км основного трубопровода с крановыми узлами, сборной и передаточной станции. Ведутся пусконаладочные работы на проектном оборудовании.

🗣В тот же день А.Хасенов провел совещание с компанией-оператором месторождения — УОГ по текущим результатам деятельности, планам на 2026 год и стратегическому развитию до 2030 года. ТОО «КМГ Инжиниринг» приступило к подготовке рабочего проекта Фазы 2 развития месторождения Рожковское, что позволит увеличить фонд действующих скважин и производительность до 2 млн м³ сырого газа в сутки.

📊За 11 месяцев 2025 года УОГ добыто 312 тыс. тонн конденсата и 425,1 млн м³ сырого газа. План на текущий год составляет 351 тыс. тонн по конденсату и 526,5 млн м³ по газу. На данном этапе УОГ ежемесячно обеспечивает сырье для выработки 6 тыс. тонн сжиженного углеводородного газа.

📌По итогам заседания глава КМГ поставил перед ТОО «Урал Ойл энд Газ» задачи по достижению намеченных производственных показателей, своевременному и качественному исполнению дальнейших планов обустройства и разработки месторождения Рожковское.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥44❤3⚡1
ҚМГ басшысы Ембімұнайгаздың кен орындарына барды

📍«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары кезінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (ЕМГ) Прорва кен орындары тобына барып, мұнай-газ өндірудің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру барысымен танысты.  

🟦ҚМГ басшысы 2 млн тонна мұнай қорымен өнеркәсіптік игеруге берілген Батыс Қарасор кен орнында болды. Бұл кен орнын іске қосу ЕМГ-де өндіру көлемін, атап айтқанда 2026 жылы қосымша 70 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

🟦Компания газ өндірісін арттыруға көңіл бөлуде. Батыс Прорвада жобаның бірінші кезеңі басталды, оның аясында жылына қосымша 100-150 млн м³ өндірілетін болады. Келесі кезеңде жыл сайынғы өндіріс қуаты тағы 500 млн м³ газға артады.

🟦Сонымен қатар Асхат Хасенов Исатай ауданындағы Оңтүстік-Шығыс Новобогат кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысының құрылысына қатысты есеп тыңдады. Қондырғыны келесі жылы іске қосу ішкі нарыққа тауарлық және сұйытылған көмірсутек газының жыл сайын қосымша көлемін қамтамасыз ете отырып, кен орнында мұнай өндіруді жылына 20 мың тоннадан 110 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

🟦Бұдан бөлек, ЕМГ өндірілетін қордың жартысынан көбін құрайтын тұтқырлығы жоғары және өткізгіштігі төмен кеніштерден өндірілуі қиын қорларды белсенді игере бастады. Атқарылып жатқан геологиялық-техникалық іс-шаралардың нәтижесінде өндірілуі қиын қорлардан мұнай өндіру көлемі биыл 750 мың тоннаға жетті, бұл жылдық өндірудің 26% құрайды.

🔎Ресурстық базаны толықтыру және мұнай өндіру деңгейін сақтап тұру мақсатында қолданыстағы кен орындарда қосымша барлау іс-шаралары жүріп жатыр. Нәтижесінде 2025 жылы өндірілетін қордың өсімі 2,7 млн тоннаны құрады. Сонымен қатар жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында болашақ перспективасын бағалау үшін бірқатар учаске қарастырылуда.

↗️Рентабельдігі төмен кен орындардың экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін ағымдағы шығындарды оңтайландыру және операциялық тиімділікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

📊2025 жылдың 11 айында ЕМГ 2 млн 601 мың тонна мұнай өндіріп, жоспарды 32 мың тоннаға артық орындады.

◾️Жалпы, қабылданып жатқан шаралар алдағы 5 жылда мұнай өндіруді 200 мың тоннаға, ал тауарлық газды өткізуді жыл сайын 700 млн м³ ұлғайтуға мүмкіндік береді.

📌А.Хасенов Ембімұнайгаз басшылығына қолға алынған инвестициялық жобаларды сапалы іске асыру, өндірістік көрсеткіштерді арттыру, шығындарды қысқарту, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
 
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍53🔥1👏1