ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.45K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Асхат Хасенов Рожков кен орнын жайластыру мен игеру жұмыстарының барысын тексерді

📍«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Батыс Қазақстан облысына жұмыс сапары кезінде Рожков газ конденсатты кен орнын жайластыру жобасын іске асыру барысымен танысты.

🏭ҚМГ басшысы «Урал Ойл энд Газ» ЖШС (УОГ) өндірістік нысандарын, атап айтқанда, ұңғыма алаңдарын, газ жинау және тарату станцияларын аралап көрді. Қазіргі уақытта қолданыстағы барлық ұңғымада, сондай-ақ кран тораптары, газ жинау және тарату станциялары бар негізгі құбырдың 17,8 шақырымында жалпы құрылыс және монтаждау жұмыстары аяқталды. Жобалық жабдықты іске қосу-баптау жұмыстары жүргізілуде.

🗣Сонымен қатар А.Хасенов кен орынның операторы — УОГ компаниясымен атқарған жұмыстың қазіргі нәтижелері, 2026 жылға арналған жоспарлар және 2030 жылға дейінгі стратегиялық даму мәселелеріне қатысты жиналыс өткізді. «ҚМГ Инжиниринг» ЖШС Рожков кен орнын дамытудың 2-кезеңінің жұмыс жобасын дайындауға кірісті. Бұл қолданыстағы ұңғымалар қорын және шикі газ өндіру көлемін тәулігіне 2 млн м³ дейін арттыруға жол ашады.

📊2025 жылғы 11 айда УОГ 312 мың тонна конденсат және 425,1 млн м³ шикі газ өндірді. Биылғы жоспар конденсат бойынша 351 мың тоннаны және газ бойынша 526,5 млн м³ құрап отыр. Қазіргі кезеңде УОГ ай сайын 6 мың тонна сұйытылған көмірсутек газын өндіру үшін шикізатпен қамтамасыз етеді.

📌Жиын қорытындысы бойынша ҚМГ басшысы «Урал Ойл энд Газ» ЖШС-нің алдына белгіленген өндірістік көрсеткіштерге жету, Рожков кен орнын жайластыру мен игеруге қатысты алдағы жоспарларын уақтылы әрі сапалы орындау бойынша нақты міндеттер қойды.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥4👍33❤1
Асхат Хасенов проверил ход обустройства и разработки месторождения Рожковское

📍Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов в ходе рабочей поездки в Западно-Казахстанскую область ознакомился с ходом реализации проекта по обустройству газоконденсатного месторождения Рожковское.

🏭Глава КМГ посетил производственные объекты ТОО «Урал Ойл энд Газ» (УОГ): площадки скважин, а также сборную и передаточную станции. На текущий момент завершены общестроительные и монтажные работы на всех действующих скважинах, 17,8 км основного трубопровода с крановыми узлами, сборной и передаточной станции. Ведутся пусконаладочные работы на проектном оборудовании.

🗣В тот же день А.Хасенов провел совещание с компанией-оператором месторождения — УОГ по текущим результатам деятельности, планам на 2026 год и стратегическому развитию до 2030 года. ТОО «КМГ Инжиниринг» приступило к подготовке рабочего проекта Фазы 2 развития месторождения Рожковское, что позволит увеличить фонд действующих скважин и производительность до 2 млн м³ сырого газа в сутки.

📊За 11 месяцев 2025 года УОГ добыто 312 тыс. тонн конденсата и 425,1 млн м³ сырого газа. План на текущий год составляет 351 тыс. тонн по конденсату и 526,5 млн м³ по газу. На данном этапе УОГ ежемесячно обеспечивает сырье для выработки 6 тыс. тонн сжиженного углеводородного газа.

📌По итогам заседания глава КМГ поставил перед ТОО «Урал Ойл энд Газ» задачи по достижению намеченных производственных показателей, своевременному и качественному исполнению дальнейших планов обустройства и разработки месторождения Рожковское.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8🔥44❤3⚡1
ҚМГ басшысы Ембімұнайгаздың кен орындарына барды

📍«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Атырау облысына жұмыс сапары кезінде «Ембімұнайгаз» АҚ-ның (ЕМГ) Прорва кен орындары тобына барып, мұнай-газ өндірудің тиімділігін арттыруға бағытталған жобаларды іске асыру барысымен танысты.  

🟦ҚМГ басшысы 2 млн тонна мұнай қорымен өнеркәсіптік игеруге берілген Батыс Қарасор кен орнында болды. Бұл кен орнын іске қосу ЕМГ-де өндіру көлемін, атап айтқанда 2026 жылы қосымша 70 мың тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

🟦Компания газ өндірісін арттыруға көңіл бөлуде. Батыс Прорвада жобаның бірінші кезеңі басталды, оның аясында жылына қосымша 100-150 млн м³ өндірілетін болады. Келесі кезеңде жыл сайынғы өндіріс қуаты тағы 500 млн м³ газға артады.

🟦Сонымен қатар Асхат Хасенов Исатай ауданындағы Оңтүстік-Шығыс Новобогат кен орнында газды кешенді дайындау қондырғысының құрылысына қатысты есеп тыңдады. Қондырғыны келесі жылы іске қосу ішкі нарыққа тауарлық және сұйытылған көмірсутек газының жыл сайын қосымша көлемін қамтамасыз ете отырып, кен орнында мұнай өндіруді жылына 20 мың тоннадан 110 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

🟦Бұдан бөлек, ЕМГ өндірілетін қордың жартысынан көбін құрайтын тұтқырлығы жоғары және өткізгіштігі төмен кеніштерден өндірілуі қиын қорларды белсенді игере бастады. Атқарылып жатқан геологиялық-техникалық іс-шаралардың нәтижесінде өндірілуі қиын қорлардан мұнай өндіру көлемі биыл 750 мың тоннаға жетті, бұл жылдық өндірудің 26% құрайды.

🔎Ресурстық базаны толықтыру және мұнай өндіру деңгейін сақтап тұру мақсатында қолданыстағы кен орындарда қосымша барлау іс-шаралары жүріп жатыр. Нәтижесінде 2025 жылы өндірілетін қордың өсімі 2,7 млн тоннаны құрады. Сонымен қатар жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында болашақ перспективасын бағалау үшін бірқатар учаске қарастырылуда.

↗️Рентабельдігі төмен кен орындардың экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін ағымдағы шығындарды оңтайландыру және операциялық тиімділікті арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

📊2025 жылдың 11 айында ЕМГ 2 млн 601 мың тонна мұнай өндіріп, жоспарды 32 мың тоннаға артық орындады.

◾️Жалпы, қабылданып жатқан шаралар алдағы 5 жылда мұнай өндіруді 200 мың тоннаға, ал тауарлық газды өткізуді жыл сайын 700 млн м³ ұлғайтуға мүмкіндік береді.

📌А.Хасенов Ембімұнайгаз басшылығына қолға алынған инвестициялық жобаларды сапалы іске асыру, өндірістік көрсеткіштерді арттыру, шығындарды қысқарту, сондай-ақ қызметкерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бағытындағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
 
📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍53🔥1👏1
Глава КМГ посетил месторождения АО «Эмбамунайгаз»

📍Председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» Асхат Хасенов посетил Прорвинскую группу месторождений АО «Эмбамунайгаз» (ЭМГ) в Атырауской области, где ознакомился с ходом реализации проектов по повышению эффективности добычи нефти и газа.  

🟦Глава КМГ побывал на месторождении Карасор Западный, где начата промышленная разработка с утвержденными извлекаемыми запасами в 2 млн тонн нефти. Запуск этого месторождения позволит увеличить добычу ЭМГ, в частности в 2026 году на дополнительные 70 тыс. тонн.

🟦Компания сосредоточена на увеличении добычи газа. На Западной Прорве стартовал первый этап проекта, в рамках которого будет добываться дополнительно 100-150 млн м³ в год. На следующем этапе, ежегодная производственная мощность увеличится еще на 500 млн м³ газа.

🟦Также Асхат Хасенов заслушал отчет о строительстве установки комплексной подготовки газа на месторождении Юго-Восточное Новобогатинское в Исатайском районе. Ввод установки в следующем году не только обеспечит ежегодные поставки дополнительных объемов товарного и сжиженного углеводородного газа на внутренний рынок, но и позволит увеличить добычу нефти на месторождении с 20 тыс. тонн до 110 тыс. тонн в год.

🟦Кроме того, ЭМГ активно вовлекает в разработку трудноизвлекаемые запасы (ТРИЗ) из высоковязких и низкопроницаемых залежей, которые составляют более половины извлекаемых запасов. В результате выполняемых геолого-технических мероприятий добыча нефти из ТРИЗ в текущем году достигла 750 тыс. тонн, что составляет 26% от годовой добычи.

🔎 В целях восполнения ресурсной базы и сохранения уровня добычи нефти выполняется доразведка действующих месторождений. Так, в результате выполненных мероприятий, прирост извлекаемых запасов в 2025 году составил 2,7 млн тонн. Также рассматриваются ряд участков для оценки перспективности в рамках геологического изучения недр.

↗️Для улучшения экономических показателей на низкорентабельных месторождениях ведется работа по оптимизации текущих затрат и повышению операционной эффективности.

📊За 11 месяцев 2025 года ЭМГ добыто 2 млн 601 тыс. тонн нефти с превышением плана на 32 тыс. тонн.  

◾️В целом, согласно утвержденному плану принимаемые меры позволят увеличить добычу нефти в ближайшие 5 лет на 200 тыс. тонн, а реализацию товарного газа — на 700 млн м³ ежегодно.

📌Глава КМГ поручил руководству Эмбамунайгаза обеспечить качественную реализацию текущих инвестиционных проектов, увеличение производственных показателей, сокращение затрат, а также продолжить улучшение социально-бытовых условий работников.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍8❤52🔥1