ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
9.25K subscribers
10.1K photos
1.12K videos
8 files
4.44K links
Қазақстан мұнай-газ өнеркәсібінің көшбасшысы — ҚазМұнайГаз ұлттық компаниясының ресми арнасы

Официальный канал КазМунайГаза — лидера нефтегазовой промышленности Казахстана

Official Telegram Channel of KMG — the leading oil and gas company in Kazakhstan
Download Telegram
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇬🇪Ашхабадтағы халықаралық форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия Премьер-министрі Ираклий Кобахидземен кездесті

✔️Президент Грузия Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы сенімді серіктесі болып қала беретінін айтты.

✔️Сондай-ақ қос халық арасындағы берік достыққа, тарихи тамырластыққа негізделген ұзақ жылғы ынтымақтастықты оң бағалайтынын атап өтті.

✔️Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ираклий Кобахидзе саяси диалог, экономикалық және гуманитарлық байланыстар дәйекті түрде дамып келе жатқанын растады.

✔️Әңгімелесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең көлемді мәселелері қарастырылды.

✔️Осы орайда Мемлекет басшысы Грузиямен көлік-логистика, сауда-экономика салаларындағы қарым-қатынасты арттырудың әлеуеті зор екеніне тоқталды.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2👍2🔥2
Forwarded from Aqorda 🇰🇿
🇰🇿🇬🇪На полях международного форума в Ашхабаде Президент Касым-Жомарт Токаев встретился с Премьер-министром Грузии Ираклием Кобахидзе

✔️Глава государства подчеркнул, что Грузия остается надежным партнером Казахстана на Южном Кавказе.

✔️Он отметил ценность многолетнего сотрудничества, основанного на крепких узах дружбы и исторической близости двух народов.

✔️Касым-Жомарт Токаев и Ираклий Кобахидзе подтвердили поступательное развитие политического диалога, экономических и гуманитарных связей.

✔️Собеседники рассмотрели широкий круг вопросов двустороннего сотрудничества.

✔️В этом контексте Глава государства подчеркнул значительный потенциал для наращивания контактов с Грузией в транспортно-логистической и торгово-экономической сферах.

t.me/aqorda_resmi
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3❤2👍1
⚡️Өткен аптаның басты оқиғалары — #KMGapta топтамасында

➡️ KMG Facts: Павлодар мұнай-химия зауыты 142,6 млрд теңге салық төледі;

➡️ Силлено жас мамандарды іріктеудің алғашқы кезеңін бастады;

➡️ Тарихи күн: үш жыл бұрын ҚМГ акцияларының қайталама нарықтағы сауда-саттығы басталды;

➡️ ҚМГ мен Каспий құбыр желісі консорциумы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады;

➡️ Қаражанбас кен орнында өндірістік-тұрмыстық нысандар жаңартылып жатыр;

➡️ «Шығыс Жетібай» кен орнында модульді компрессорлық станция пайдалануға берілді;

➡️ Еңбек адамы: Қанат Орынбай - Шымкент мұнай өңдеу зауытында сумен өрт сөндіру және өнеркәсіптік кәріздер учаскесінің басшысы;

➡️ ҚМГ еншілес кәсіпорындарының жобалары үздік деп танылды;

➡️ Маратбек Таженов, «Ембімұнайгаз» АҚ-ның ұңғымаларды жерасты жөндеу цехының бастығы өзінің жобасы туралы баяндайды;

➡️ Жарқын болашақ: Өнер жолындағы армандар мен мақсаттар.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1❤1
⚡️Ключевые события недели — в подборке #KMGapta

➡️ KMG Facts: 142,6 млрд тенге налогов выплатил Павлодарский НХЗ;

➡️ Стартовал первый этап отбора молодых специалистов для Силлено;

➡️ Историческая дата: три года назад стартовали вторичные торги акциями КМГ;

➡️ КМГ и КТК обсудили актуальные вопросы сотрудничества;

➡️ На месторождении Каражанбас модернизируются производственно-бытовые объекты;

➡️ На месторождении «Восточный Жетыбай» введена в эксплуатацию модульная-компрессорная станция;

➡️ Разработки дочерних предприятий КМГ признаны одними из лучших;

➡️ Заместитель генерального директора КБМ Көлдей Мейрімбек рассказал о разработке компании;

➡️ «Мы должны привезти эти знания домой». Как казахстанские инженеры обучаются в Мадриде.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1
Сәлім Нағым «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ аппаратының басшысы қызметіне тағайындалды

🟦Нағым Сәлім Жаңабайұлы Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сонымен қатар магистратураны Cass Business School, City University of London «Энергетика, сауда және қаржы» мамандығы бойынша бітірген.

➤ Еңбек жолын 2005 жылы Agip North Caspian Company N.V. зауытының операторы болып бастаған. Әр жылдары «ҚазРосГаз», «ҚазТрансГаз», «Өріктау Оперейтинг», «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай-газ компанияларында, сондай-ақ ҚР Энергетика министрлігінің газ және мұнай-газ химиясы департаментінің директоры болып жұмыс істеді.

➤ Бұл тағайындауға дейін «QazaqGaz Aimaq» АҚ бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып келді.

➤ Президенттік жастар кадр резервінің мүшесі.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥3👍2❤1
Сәлім Нағым назначен руководителем аппарата АО НК «КазМунайГаз»

🟦Нағым Сәлім Жаңабайұлы окончил Казахский национальный технический университет им. К.И.Сатпаева по специальности «Разработка нефтяных и газовых месторождений», магистратуру в Cass Business School, City University of London по специальности «Энергетика, торговля и финансы».

➤ Трудовую деятельность начал в 2005 году оператором завода Agip North Caspian Company N.V. В разные годы работал в нефтегазовых компаниях «КазРосГаз», «КазТрансГаз», «Урихтау Оперейтинг», АО НК «КазМунайГаз», директором департамента газа и нефтегазохимии Министерства энергетики РК.

➤ До назначения занимал должность заместителя генерального директора по производству АО «QazaqGaz Aimaq».

➤ Является членом Президентского молодежного кадрового резерва.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5🔥2❤1
ҚазТрансОйл Қырғызстанға мұнай жеткізу көлемін арттырып, Өзбекстан бағыты бойынша транзитті қайта бастады

↗️«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның еншілес компаниясы — «ҚазТрансОйл» АҚ 2025 жылғы желтоқсанда Қырғыз Республикасына тасымалданатын мұнай көлемінің артқанын, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы бағытына қарай мұнай транзитінің қайта басталғанын хабарлайды.

📊Қырғыз Республикасына мұнай жеткізу биыл қараша айында қайта жанданған болатын. Бұған дейін бұл бағытқа мұнай 2017 жылы тасымалданды. 2025 жылдың соңына дейін ҚазТрансОйл Қырғызстанға 30 мың тоннаға дейін мұнай жөнелтуді жоспарлап отыр.

🟦Өзбекстан бағыты бойынша мұнай транзиті биылғы желтоқсан айында 35 мың тоннаға дейінгі көлемде жүзеге асырылады деп күтілуде.

🎺 Барлық бағыт бойынша мұнай тасымалдау магистралды мұнай құбырлары жүйесі арқылы «Шағыр» мұнай құю пунктіне дейін жүзеге асырылады. Аталған пунктте мұнай теміржол цистерналарына құйылады.

✔️Мұнай тасымалы көлемінің оң серпіні халықаралық серіктестермен тиімді әрі өзара пайдалы ынтымақтастықтың нәтижесінде қамтамасыз етіліп отыр.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍5❤2🔥2
КазТрансОйл увеличивает поставки нефти в Кыргызстан и возобновляет транзит в Узбекистан

↗️Дочерняя компания АО НК «КазМунайГаз» — АО «КазТрансОйл» информирует о росте объемов транспортировки нефти в Кыргызскую Республику, а также о возобновлении транзита в направлении Республики Узбекистан в декабре 2025 года.

📊Поставки нефти в Кыргызстан возобновились в ноябре этого года, ранее транспортировка осуществлялась в 2017 году. До конца 2025 года КазТрансОйл направит в Кыргызстан до 30 тыс. тонн нефти.

🟦Транзит нефти в Узбекистан запланирован в декабре текущего года в объеме до 35 тыс. тонн.

🎺 Транспортировка нефти по всем направлениям осуществляется по системе магистральных нефтепроводов до нефтеналивного пункта «Шагыр», где производится налив нефти в железнодорожные цистерны.

✔️Положительная динамика транспортировки нефти достигнута благодаря эффективному и взаимовыгодному сотрудничеству с международными партнерами.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
2👍5❤3🔥3
ҚМГ мен Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігі геологиялық барлау саласындағы ынтымақтастықты күшейтуде

Астана қаласында «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ (ҚМГ) Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Хорватияның көмірсутек мәселелері жөніндегі агенттігінің (CHA, Croatian Hydrocarbon Agency) басшысы Мариян Крпанмен кездесті.

🗣Тараптар Ақтөбе облысында орналасқан «Шығыс» геологиялық барлау жобасына қатысты ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

📍Бұдан бұрын ҚМГ жаһандық роуд-шоу аясында Хорватия тарапына жер қойнауын пайдаланудың перспективті жобаларын ұсынған болатын. CHA мамандары геологиялық деректермен танысып, жер қойнауының тиісті учаскелерінің мүмкіндіктеріне өздері талдау жүргізді. Бұл жұмыстың қорытындысы бойынша «Шығыс» жобасына қызығушылық білдірді.

✔️Стратегиялық серіктесті іздеу аясында CHA-ның 100% еншілес ұйымы — Geoenergija Razvoj d.o.o өтініш берді. Қазіргі уақытта компаниялар негізгі құжаттарды, соның ішінде бірлескен қызмет туралы және қаржыландыру туралы келісімдерді дайындау іс-шараларын аяқтап қалды.

🔎 ҚМГ стратегиялық серіктесті анықтау рәсімдерімен қатар жер қойнауын геологиялық зерттеу аясында «Шығыс» жобасы бойынша 2D сейсмикалық барлаудың тарихи деректерін қайта өңдеу жұмыстарын жүргізуде.

✔️Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан мен Хорватияның көмірсутек ресурстарын барлау мен игеру саласындағы ынтымақтастығын нығайту үшін өзара іс-қимылды дамытуға дайын екенін растады.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤2🔥2👍11
КМГ и Хорватское агентство по углеводородам усиливают сотрудничество в геологоразведке

В Астане председатель Правления АО НК «КазМунайГаз» (КМГ) Асхат Хасенов провел встречу с главой Хорватского агентства по углеводородам (CHA, Croatian Hydrocarbon Agency) Марияном Крпаном.

🗣Стороны обсудили вопросы сотрудничества по геологоразведочному проекту «Шыгыс», расположенному в Актюбинской области.

📍Ранее в рамках глобального роуд-шоу КМГ представил хорватской стороне перспективные проекты недропользования. Специалисты CHA ознакомились с геологическими данными и провели собственный анализ потенциала соответствующих участков недр, по итогам которого проявили заинтересованность в проекте «Шыгыс».

✔️В рамках поиска стратегического партнера была подана заявка со стороны Geoenergija Razvoj d.o.o — 100% дочерней организации CHA. В настоящее время компании завершают подготовку основной документации, в том числе соглашений о совместной деятельности и о финансировании.

🔎 Параллельно с процедурой определения стратегического партнера КМГ проводит работы по переобработке исторических данных сейсморазведки 2D по проекту «Шыгыс» в рамках геологического изучения недр.

✔️По итогам встречи стороны подтвердили готовность развивать взаимодействие для укрепления сотрудничества Казахстана и Хорватии в области разведки и освоения углеводородных ресурсов.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🔥7❤3👍1🤝11
Тәуелсіздік күні құтты болсын!🇰🇿

С Днем Независимости!
🇰🇿

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
🎉7❤53⚡2👍2🔥1
This media is not supported in your browser
VIEW IN TELEGRAM
«Полиэтилен» жобасы үшін жас мамандарды іріктеу жалғасуда

🎓Полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының операторы — Силлено компаниясы кезекті пилоттық тестілеу өткізді. Бұл жолы сынақ С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің 4-курс студенттері арасында өтті.

📇Тестілеуге «Мұнай және газды өңдеу технологиясы» және «Көліктер мен жабдықтарды пайдалану және техникалық қызмет көрсету» мамандықтары бойынша білім алып жатқан 34 студент қатысты.

🟦Білім деңгейін бағалау екі негізгі «Технология» және «Механика» бағыттары бойынша жүргізілді. Тестілеудің мақсаты — болашақ полиэтилен зауытының операциялық блогында жұмыс істеуге студенттердің кәсіби дайындық деңгейін анықтау.

🗣Іріктеуден сәтті өткен қатысушылар келесі кезеңге — «Силлено» ЖШС байқау комиссиясымен әңгімелесуге шақырылады.

✔️Іс-шара жергілікті оқу орындарымен жасалған ынтымақтастық туралы меморандум аясында және болашақ полиэтилен зауыты үшін жас мамандар пулын жасақтауға бағытталған жүйелі жұмыс аясында өткізіліп жатыр.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
❤4👍2🔥1
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз
«Полиэтилен» жобасы үшін жас мамандарды іріктеу жалғасуда 🎓Полиэтилен өндіретін зауыт құрылысының операторы — Силлено компаниясы кезекті пилоттық тестілеу өткізді. Бұл жолы сынақ С.Мұқашев атындағы Атырау политехникалық жоғары колледжінің 4-курс студенттері…
Отбор молодых специалистов для проекта «Полиэтилен» продолжается

🎓Компания Силлено — оператор строительства завода по производству полиэтилена, провела очередное пилотное тестирование для студентов 4-го курса Атырауского высшего политехнического колледжа имени С. Мукашева.

📇В тестировании приняли участие 34 студента, обучающихся по специальностям «Технология переработки нефти и газа» и «Эксплуатация и техническое обслуживание машин и оборудования».

🟦Проверка знаний велась по двум основным блокам – «Технология» и «Механика» – и была направлена на оценку уровня профессиональной подготовки и готовности студентов к работе в операционном блоке будущего полиэтиленового завода.

🗣Участники, успешно прошедшие отбор, будут приглашены на следующий этап — собеседование с конкурсной комиссией ТОО «Силлено».

✔️Мероприятие проводится в рамках меморандума о сотрудничестве с местными учебными заведениями и системной работы по формированию пула молодых специалистов для будущего предприятия.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍6🤝2❤1
CDP ҚазМұнайГаздың тұрақты климаттық позициясын растады

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2024 жылдың қорытындысы бойынша Carbon Disclosure Project (CDP) климаттық рейтингін «B» деңгейінде сақтап қалды.

🌿CDP бағалауды парник газдар шығарындылары, көміртек ізін азайту шаралары, климаттың өзгеруіне бейімделу және климаттық тәуекелдер мен мүмкіндіктерді басқару деректері негізінде жүргізеді.

🧪ҚМГ көміртегі ізінің көрсеткіштері және жүргізіліп жатқан декарбонизация шараларының нәтижелерін қоса алғанда, өзінің барлық активі бойынша ақпаратты ерікті түрде ұсынады. Айта кетейік, компания 2060 жылға дейінгі Төмен көміртекті даму бағдарламасын іске асыруда.

✔️Carbon Disclosure Project экологияға тиетін кері әсерді азайту бағытында компаниялар мен мемлекеттік органдарды төрт деңгей бойынша бағалайды: ақпаратты жария ету (D), саналы болу (C), менеджмент (B), көшбасшылық (A).

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥3❤1👍1
CDP подтвердил устойчивую климатическую позицию КазМунайГаза

АО НК «КазМунайГаз» сохранило климатический рейтинг Carbon Disclosure Project (CDP) на уровне «B» по итогам 2024 года.

🌿Оценка CDP проводится на основе данных о выбросах парниковых газов, мерах по снижению углеродного следа, адаптации к изменению климата и управлении климатическими рисками и возможностями.

🧪КМГ добровольно предоставляет информацию по всем своим активам, включая показатели углеродного следа и результаты проводимых мер по декарбонизации. Отметим, что компания реализует Программу низкоуглеродного развития до 2060 года.

✔️Carbon Disclosure Project оценивает компании и государственные органы в области снижения негативного воздействия на экологию по четырём уровням: разглашение (D), осознанность (C), менеджмент (B), лидерство (A).

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥5❤2👍1
Газ сепарациялық кешенге арналған пропан буллиттері қазақстандық кәсіпорында дайындалатын болады

🏭Газ сепарациялық кешен (ГСК) жобасының EPC-мердігері Tecnimont S.p.А. компаниясы отандық «Атыраунефтемаш» кәсіпорнымен көміртекті болаттан үш пропан буллитін дайындауға келісімшарт жасасты.

Болашақ жабдықтың параметрлері:
▪️ұзындығы — 42 750 мм
▪️диаметрі — 7 500 мм
▪️қабырғаның қалыңдығы — 2 мм
▪️көлемі — 1 808 текше метр

💻Табиғи газды төмен температурада айдау арқылы алынатын соңғы өнімдердің бірі — буллиттер тазартылған пропанды сақтауға арналған. Бұл ыдыстар пропанның қауіпсіз сақталуын және одан әрі тасымалдауға дайындалуын қамтамасыз етеді.

▪️ГСК жобасын «KMG PetroChem» ЖШС (ҚМГ-ның еншілес ұйымы) жүзеге асыруда.

↗️Айта кетсек, қазақстандық қамту үлесін арттыруға бағытталған белсенді жұмыс ҚазМұнайГаз компаниялар тобының барлық ірі жобалары бойынша жүргізілуде.

***

Пропановые буллиты для ГСК будут изготовлены на казахстанском предприятии

🏭EPC-подрядчик проекта Газосепарационного комплекса (ГСК) компания Tecnimont S.p.A. заключила контракт с отечественным предприятием «Атыраунефтемаш» на изготовление трёх пропановых буллитов из углеродистой стали.

Параметры будущего оборудования:
▪️длина — 42 750 мм
▪️диаметр — 7 500 мм
▪️толщина стенки — 62 мм
▪️объём — 1 808 куб.м.

💻Буллиты предназначены для хранения очищенного пропана — одного из конечных продуктов низкотемпературной дистилляции природного газа. Эти ёмкости обеспечат безопасное хранение и подготовку пропана к дальнейшей транспортировке.

▪️Проект ГСК реализуется ТОО «KMG PetroChem» (дочерняя организация КМГ).

↗️Отметим, активная работа по увеличению доли казахстанского содержания ведется по всем крупным проектам группы компаний КазМунайГаз.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
1🔥6👍3❤1👨‍💻1
ҚМГ Жұмысшы мамандықтар жылын қорытындылады

Бүгін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да «Жұмысшы мамандықтар жылының» салтанатты жабылу рәсімі өтті. Іс-шара барысында еншілес компаниялардың 58 үздік қызметкері марапатталды.

🗣ҚМГ басшысы Асхат Хасенов өзінің құттықтау сөзінде ұлттық компания жұмысшы мамандықтарына ерекше назар аудара отырып, кадрларды даярлау мен олардың біліктілігін арттыру жүйесін белсенді дамытып жатқанын атап өтті.

— Мемлекет басшысы жариялаған «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында ҚМГ қызметкерлердің кәсіби әлеуетін арттыру үшін жаңа мүмкіндіктер ұсынуға бағытталған ауқымды бағдарламаларды іске қосты. Сонымен қатар жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту бойынша жан-жақты жұмыс атқарылып жатыр. ҚМГ-ның еншілес және тәуелді ұйымдарында 250-ден астам әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылысы мен жаңғырту жұмыстары жүзеге асырылуда, — деді А.Хасенов.


✔️ҚМГ компаниялар тобында кадрлардың әлеуетін арттыруға бағытталған жүйелі әрі маңызды жұмыстар жыл бойы жүргізілді. «ҚМГ Кәсіп» бағдарламасы арқылы 12 жұмысшы мамандық бойынша 270 адам оқып, білімін жетілдірді.

📇Тәжірибе алмасу мақсатында Татнефть, Өзбекнефтегаз, SOCAR, Қарашығанақ және Теңізшевройл серіктес компанияларға 99 маман жіберілді. 250-ден астам студент ҚМГ-ға қарасты кәсіпорындарда дуалды оқудан, сондай-ақ 800-ге жуық студент өндірістік практикадан өтті. Мұнай-газ саласында еңбек ететін жұмысшы әйелдерді дамыту мен қолдауға бағытталған JanAru білім беру бағдарламасына тәуелді және еншілес ұйымдарынан 47 адам қатысты.

▪️ «АЛЫП» жобасы аясында 63 жас маман өндірістік процестердің тиімділігін арттыру бойынша түрлі бастамалар ұсынды.Нәтижесінде жүзеге асыру үшін 24 жоба іріктелді, олардың жалпы экономикалық тиімділігі 900 млн теңгені құрайды.

▪️100-ге жуық адам қатысқан KMG Skills кәсіби шеберлік байқауы өзара тәжірибе алмасудың және үздік практикалардың алаңына айналды.

📍ҚМГ-ның қолдауымен Атырау қаласында С.Өтебаев атындағы мұнай-газ университеті жанынан болашақ мамандардың даярлайтын оқу-өндірістік полигоны ашылды. Бұл мұнай газ саласының нақты жағдайына барынша жақын жасалған кешен. Оқу алаңында көмірсутектерді геологиялық барлау мен өндіруден бастап, сервистік қызметтер мен мұнай газ химиясы бағыттарға дейінгі негізгі өндірістік әрі технологиялық процестер қамтылған. Жаңа полигонда 3 мыңнан астам студент дайындықтан өтетін болады.

✔️Кешен заманауи зертханамен, кәсіби дағдыларды жетілдіруге арналған оқу-өндірістік аймақтармен және қондырғылармен, инновациялық шешімдерді тестілеу алаңдарымен жабдықталған. Жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізуді үйрету үшін екі ұңғыма бұрғыланды. Болашақ мамандар практикалық тапсырмаларды орындауы үшін 15 оқу алаңы салынды.

↗️Бұдан бөлек биыл ҚМГ Жастар форумын ұйымдастырып, онда 214 маман өндірістік процестерді басқарудың озық әдістемелерін нақты мысалдар арқылы игеруге, сондай-ақ көшбасшылық және командалық дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік алды.

🏃‍♂️‍➡️Сонымен қатар «Munaily Marathon–2025» қайырымдылық спорттық іс-шара өткізілді. Барлық жиналған қаражат Жаңаөзен қаласындағы «Балақай» балаларды оңалту орталығына аударылды.

📌Сөз соңында Асхат Хасенов мұнай газ секторындағы барлық мамандық иелерінің саланың дамуына қосқан зор үлесі мен өз ісіне адалдығын ерекше атап өтіп, қызметкерлерге қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді.

📱 ҚазМұнайГаз
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
Please open Telegram to view this post
VIEW IN TELEGRAM
👍4🔥3❤21